
- •Iі. Термодинамика негіздері
- •VI. Газдағы изопроцесстер және олардың графиктерi.
- •1.Дененің ішкі энергиясы. Жылу мөлшері.
- •Меншікті булану жылуы деп 1 кг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
- •2.Жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.
- •3.Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік.
- •4. Термодинамиканың бірінші заңы.
- •5. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану
- •1. Қаныққан және қанықпаған булар.
- •2.Ауаның ылғалдылығы және оны өлшеу.
- •3. Беттiк керiлу
- •4.Қыл түтiктiк құбылыстар.
- •5.Кристалдық және аморфтық денелердiң құрылысы. Анизотропия
- •6. Қатты денелер деформацияларының түрлерi. Механикалық кернеу. Гук заңы. Юнг модулi
Меншікті булану жылуы деп 1 кг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
Буға айналудың екi түрi бар: булану және қайнау.
Кез келген температурада және тек сұйық бетiнен шығып бу күйiне айналуды – булану деп атайды. Бу – буланудың әсерiнен пайда болатын газ.
Булану барысында сұйық салқындайды, өйткені булану кезінде жылу жұтылады.
Сұйықтың буға айналу құбылысы булану деп аталады.
Сұйықтың бетінде жүретін булану кебу деп аталады. Сұйықтың барлық көлемінде және тұрақты температурада өтетін булану қайнау деп аталады.
2.Жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.
Жылу мөлшері бір денеден екінші денеге өткенде сақталады.
Жылу балансының теңдеуі: Q1 + Q2 + Q3 +… = 0.
Мұндағы Q1, Q2, Q3,..- жылу алмасу процесi кезiндегi дененiң берген немесе алған жылу мөлшерлерi.
Q1 = Q2
Q1 –ыстық судың берген жылу мөлшері,
Q2 – суық судың алған жылу мөлшері.
Энергияның сақталу және айналу заңы: Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.
Е = W + U =Eк + Eп + U,
мұндағы Е – денелер жүйесінің толық энергиясы,
W – механикалық энергия,
U – ішкі энергия.
Мұз қандай жағдайда қыздырғыш бола алады?
3.Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік.
Жылу берілудің үш түрі бар: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.
Жылуөткізгіштік -
Түрлі заттардың (қатты зат, сұйық, газ) ішкі құрылысы әртүрлі. Сондықтан олардың жылуөткізгіштігі де әртүрлі болады.
Қатты заттар – ең жақсы жылуөткізгіштер
Сұйықтар – нашар жылуөткізгіштер
Газдар – өте нашар жылуөткізгіштер
Вакуум жылу өткізбейді
Конвекция.
Конвекция-
Қатты денелерде және вакуумда конвекция болмайды
1.Жаздың ыстық күнінде ауа қай бағытта қозғалады: теңізден жағаға қарай ма немесе керісінше ме?
2. Оттың үстіне қойылған қазандағы судың қызуы жылу берілудің қандай түрі арқылы жүзеге асады?
3.Қандай жағдайда ыстық су толтырылған ыдыс тезірек суиды: ыдысты мұздың үстіне қойғанда ма немесе мұзды ыдыстың қақпағының үстіне қойғанда ма?
1. Сүт ашып кетпес үшін ыдыстың сыртынан сулы шүберек орап қояды. Осыны физикалық тұрғыдан қалай түсіндірер едің?
2.Өзенге шомылып шыққан адамның өте ыстық күннің өзінде жаурайтыны неліктен?
3.Стакан мен жайпақ табаққа массалары бірдей су құйылған. Бірдей жағдайда осы екі ыдыстың қайсысындағы су тезірек буланады? Себебі?
4.Жинап қойған жуылған кірдің баяу, ал жіпке жайылған кірдің тез кебетіні неліктен?
5.Бірдей температурада бөлмедегі жайылған кір баяу, ал ашық ауадағы кірдің тез кебетіні неліктен?
6.Жаңбыр жауғанда ауаның суып кететіні неліктен?
7.Реактивті ұшақтың соңында неге ақ із қалып отырады?
8. Неліктен ыстығымыз көтерілгенде басымызға суланған орамал басамыз?
9. Температурасы 20 0С болатын 39 л суға температурасы 60 0С –қа тең 20 л суды араластырғанда шыққан қоспаның температурасы қандай?
10. -10 0С температурадағы 200 кг қарды 20 0С температурадағы суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады?
11. Массасы 0,75 кг суды 20 0С –тан 100 0С –қа дейін ысытуға және 250 г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалған?
12.Балауыз шам ғарыш кемесінде ме немесе Жерде жақсы жана ма?
13.Неге көлдердегі су түбіне дейін қатпайды?
14.Плитадағы жарты литрлік ыдыстағы судың бір литрлік ыдыстағы суға қарағанда тез қайнау себебі неде?
15.Неге темір пеш кірпіш пешке қарағанда бөлмені тез қыздырады, бірақ тез суиды?
16.Жездің меншікті жылусыйымдылығы 380 Дж/кг 0С. Бұл нені сипаттайды?
17.Табиғи газдың меншікті жану жылуы 2,7 *107 Дж/кг. Бұл нені сипаттайды?
18.Дененің жылы, ыстық, суық дәрежесін сипаттайтын шама қалай аталады?
19.Отын деп қандай затты айтады?
20.Қай жағдайда судың ішкі энергиясы өзгермейді:
а)шелекпен су әкеле жатыр
б) суды қайнағанша ысытты.
21.Диірменнен шыққан ұн да, пештен шыққан нан да ыстық. Осылардың әрқайсысында ұнның және нанның ішкі энергияларының артуы қандай процестер арқылы жүзеге асады?
22.Неліктен метеориттердің көпшілігі Жер бетіне жетпейді?
23.Жұмыс кезінде қолара неліктен қызады?
24.Егер мыс сымды темір төске қойып соққыласа немесе белгілі бір жерінен ерсілі-қарсылы тез майыстырса, ол қатты қызып кетеді. Осы құбылысты түсіндіріңдер.
25.Қазақ үйге киіздің қолданылу себебі неде?
26.Неліктен қой бағатын малшылар қыста да, жазда да тон киеді?
27.Темір-бетон үйлерге қарағанда, кірпіш үйлердің жылы болатыны неліктен?
28.Мына заттардың – су, тері, ауа ,қорғасын – қайсысының жылуөткізгіштігі нашар?
29.Неге тұрғын үйлердегі терезелер екі қабатты етіп жасалады?
30.Қыстыгүні аяғымыз етігіміз кеңдеу болғанда тез тоңа ма, әлде тар болғанда тез тоңа ма?
Берілгені:
t1 = 42 0C 1) m1 c (t0 - t1) = m2 c (t2 - t0),
m1=6 кг t0 – алғашқы қоспаның температурасы
t2 = 72 0C t0-?
m2 =4 кг 2) (m1+m2 ) c (t0 - t) = m3 c (t - t3)
t3 = 18 0C t – кейінгі қоспаның температурасы
m3=20 кг t-?
_____________
t-?
Кейбір заттардың меншікті жылусыйымдылығы, Дж / кг*0С
Су |
4200 |
Мұз – қар |
2100 |
Спирт |
2500 |
Жез |
380 |
Кейбір заттардың балқу температурасы, 0С(қалыпты атмосфералық қысымда)
Мұз |
0 |
Кейбір заттардың қайнау температурасы, 0С(қалыпты атмосфералық қысымда)
Су |
100 |
Спирт |
78 |
Сынап |
357 |
Қорғасын |
1740 |
Кейбір заттардың меншікті балқу жылуы, Дж / кг
Мұз |
3,4 *105 |
Темір |
2,7*105 |
Алюминий |
3,9*105 |
Кейбір заттардың меншікті булану жылуы, Дж / кг
Су |
2,3*106 |
Спирт |
0,9*106 |
Сынап |
0,3*106 |