Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мұсылман құқығының қалыптасуы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Кейс

Тақырыбы:

Мұсылман құқығының қалыптасуы.Орыс мемлекетінің құрылуы.

Шымкент 2015ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1.Анализ үшін қажетті материалдар

1.1 Аллаһ құқықтары құрамына кіретін үкімдері

1.2 Мұсылман қауымының мәні және ерекшеліктері

1.3 Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы

1.4 Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дәуірі

1.5 Сахаба дәуірі 1.6 Омеядтар дәуірі 1.7 Мұсылман құқығының түпдеректері (дәлелдері)

2. Нақтылы жағдайға баяндама

2.1 Ресей мемлекетінің тарихы 2.2 Ресей империясының құрылуы және аймағының кеңею 2.3 Ресейдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы

3 Кейске тапсырма

3.1 Тест

3.2 Глоссарий

3.3 Бақылау сұрақтары

3.4 Ребус

3.5 Тапсырма жауаптары

Қорытынды

Қолданылған әдебиет

Кіріспе

Кеңестер Одағы кезінде мұсылман құқығы пән ретінде еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқытылмады. Сол кездегі идеологияны уағыздаушылар: Ислам діні халықты аяусыз езіп қанауға бағытталған, олай болса, құдайға сену керектігін және Аллаһ тағаланы мойындау- әдепсіздік деп көрсетуге тырысқан. Осының салдарынан біздер мұсылман діні мен мұсылман құқығы ұғымын түсіне білмедік. Жалпы, мұсылман құқығы – бұл жекеленген құқықтық жүйе, оны көптеген ғасырлар бойы әлемге кеңінен тарап өмір сүріп келе жатқан басты діндердің бірі екендігін қазіргі дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Аллаһ тағала кезең – кезеңдерде өзі жаратқан тіршілік иелеріне қалайша, қайткенде бақытты өмірге жетуге болатындығын көрсететін түрлі мекендер мен уақыттарда сан алуан қауымдарға әділдікті орнататын парақтар мен кітаптар жіберіп отырған. Құран Кәрімде көрсетілген осындай діни кітаптың жалпы саны төртеу: Тәурат, Інжіл, Зәбур, Құран. Мұсаға – Тәурат, Ғайсаға – Інжіл, Дәуітке – Зәбүр, Мұхаммедке – Құран түсірілген. Қазақстан Республикасы егемендік алуына байланысты жоғарғы оқу орындарында мұсылман құқығы пәні оқытыла бастады

1. Анализ үшін қажетті материалдар

Аллаһ құқықтары құрамына кіретін үкімдері

  1. Намаз, ораза, зекет және қажылық сияқты ғибадаттар;

  2. Пітір садақа, ұшыр және «зимми» деп аталатын мұсылман емес азаматтардан алынатын хараж сияқты салықтар;

  3. Зинақорлық, ұрлық жасау, ішімдік ішу және қарақшылық сияқты қылмыстарға берілетін жазалар;

  4. Кәффарәт (орындалмаған шариғи амалды өтеу);

  5. Олжалардың бестен бірінің мемлекеттік қазынаға салынуы.

Иемденген ерекшеліктерінің салдарынан Аллаһ құқықтықтарына немесе құл құқықтарына жатпайтын үкімдер «аралас құқықтар» тақырыбында үшінші топ ретінде қарастырылады. Мысалы, кінәсіз әйелге зинақорлыққа бой берді деп әдейі жала жабу «казиф» және қасақана кісі өлтіру әрекетіне қолданылатын «қысас» үкімі аралас құқықтың құрамына кіреді. Аллаһ құқықтары немесе құл құқықтары деп бөлу жеке тұлға сипатындағы жауапкер адамның әрекеттеріне қарай жасалғандықтан, мұнда мемлекет сияқты, т.б. заңды тұлғалардың болмауы табиғи нәрсе.

Мұсылман қауымының мәні және ерекшеліктері

Мұсылман құқығының негізін Аллаһтың сөзі - Құран мен Аллаһ Елшісі Хазіреті Мұхаммед ПайғамбарХазіреті Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі мен әрекеті - сүннет құрайды. Құран мен сүннетте үкім беретін сөздер жекеше түрде «нас», көпше түрде «нусус» деп аталады және нас дегенде Аллаһтың немесе Пайғамбарлық сөзі негізге алынады. Осыған сай мұсылман құқығының негізгі сүйенішінің бірі «нас» болып табылады. Осы настарды қойған Аллаһ пен Пайғамбар «Шари» деп аталады. Алайда Құран мен сүннетте қамтылған осы настардың түсінілуі мен қолданылуында және олардың тікелей қамтылмаған мәселелерінің үкімін беруде адамзат күшіне мұқтаждық туындайды. Бұл күш мұсылман құқығы терминологиясында «ижтихад» деп аталады. Ижтихад – қысқаша шариғи-амали, бір мәселенің үкімін білуге әрекет ету. Осы әрекетті атқаратын адам «мүжтахид» деп аталады. Осыған сай мұсылман құқығы Аллаһтың сөзі «нас» пен адамзаттың әрекеті «ижтихадтан» тұрады. «Шари» ұғымы «шариғатты қойған» түсінігіне сай келеді және тек Аллаһ пен Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) үшін қолданылады.Діни-құқық мәселелерде адамдардың сұрақтарына жауап беретін кісіні «мүфти», ал берген жауабын «пәтуа» деп атайды. Мүфтидің берген жауабы тұрақты бекітілген қағида болмағандықтан, адамдардың басқа мүфтиден де осы мәселе турасында қайта сұрауына болады. Хаким (қазы) - адамдар арасындағы түсініспеушілікті шешу үшін тағайындалған факих. Оның беретін үкімі тұрақты, яғни адамдар осы шешімге бойсұнуға міндетті. Осыған көңіл бөлген көптеген жазушылар мұсылман құқығын басқа құқықтық жүйелерден айыратын мына ерекшеліктерді атап көрсеткен.

1. Негізінің Аллаһтан болуы:

Мұсылман құқығының негізгі түпдерегі Аллаһ сөзі «Құран» болып табылады. Бұл жағдай - мұсылман құқығының ерекше қасиеттеріннің негізі. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құрандағы үкімдерді алғашқы рет түсіндіруші және орындаушы болуы көрсетілген ерекшеліктермен бірге ескерілуі керек. Алайда мынаған назар аудару керек, яғни негізгі түпдеректің Аллаһтың сөзі Құран болуы және алғашқы іргетасының Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар тарапынан қойылуы мұсылман құқығының толығымен Аллаһтың туындысы және илахи құқық деген мағынаға келмейтінін көрсетеді. Осы мәселені ескермеген бірқатар Батыс зерттеушілері мұсылман құқығының толығымен догматикалық, тұрақты және өзгермейтін құқық екендігін баса айтқан. Әйтсе де, мұсылман құқығының негізгі түпдерегі Құранда адамдар арасындағы қарым-қатынастар түп-негізіне дейін берілмеген, тек жалпы принциптері ғана айтылған және шиеленіскен өмір оқиғаларының шешімін Құрандағы жалпы мораль және құқық принциптерінің негізінен табу шартымен адамның сана-сезіміне жүктелген. Тіпті, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) бірқатар құқықтық реттеулерді уахи жолымен емес, Құрандағы принциптердің саясында өз ақылымен жүргізгені көрсетіледі. Факихтер (мұсылман құқығы ғалымы) Аллаһтың қалауы мен әлеуметтік шындық арасын ұштастыруға тырысқақ ұшырасқан құқықтық мәселелерді Құрандағы принңиптерді назарға ала отырып, өз ақылының, жинақталған тәжірбиесінің және алған мәліметтердің негізінде шешіп отырған. Осы тұрғыдан мұсылман құқығының негізгі түпдерегін қаншалықты Аллаһтың сөзі Құран қалыптастырса да, соңғы сараптамада мұсылман құқығының құрылуы мен бір жүйеге келтірілуі адам сапасының жемісі және нәтижесі екендігін көреміз. Сол себепті мұсылман құқығы белгілі кезеңдерде жасалған болымсыз (позитив) реттеу болып табылады. Ұлы факихтердің бірі Имам ол-Харамейн әл-Жуейни «Фикһтың оннан тоғызы адамзат сөзі» дегенде осы мәселеге назар аударған.

2. Екілік жаза жүйесіне ие болуы:

Мұсылман құқығы жаза тұрғысынан да өзге құқық жүйелерінен ерекшеленеді. Мысалы, Құранда тыйым салынған әр түрлі іс-әрекетер құқық мәселесінен бұрын дін мәселесі болып табылады. Яғни, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеген адам Аллаһтың тыйым салған нәрсесін жасағандықтан күнә іс істеген болады. Мұның азабын ақырет күнінде тартады. Бұл - істелген әрекеттің рухани-ақыреттік жаза жағы. Сондай-ақ, бұл адам Аллаһқа берген сөзінде тұрмай, Аллаһтың тыйым салған ісін істегендіктен оның арожданы да мазасызданады. Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) дәуірінде Майыс деген кісі зинақорлық жасаған. Ешкім көрмесе де арожданының мазасыздануы салдарынан Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) келіп, қылмысын айтып, өзіне тиісті жазаның қолданылуын өтінген. Құранда жаман іс деп есептелген және тыйым салынған әрбір әрекет үшін осы дүниелік жаза көрсетілмеген. Дегенмен, кісі өлтіру, зинақорлық жасау, өтірік айту, ұрлық істеу және қарақшылық жасау сияқты әрекеттерге арнайы осы дүниелік жазалар берілген. Мұсылман құқығының «екілік жаза» ерекшелігі осы мәселеде қарастырылады. Рухани-ақыреттік жазалар, әсіресе діндар адамдардың жаман әрекеттерден тыйылуында маңызды рөл ойнайды. Ал материалдық-дүниелік жаза барлық адамдар үшін тыйдырушы сипатта болады. Рухани жаза «діндарлық» сияқты субъективті жағдайға, ал материалды жаза объективті қағидаларға сүйенеді. Кейбір мүшкіл жағдайларда хакимдер «діни заңдарға байланысты үкім» мен «құқыққа байланысты үкім» арасын ажыратып көрсеткен. Мұсылман құқығының көптеген ғасырлар бойы әлемнің түкпір-түкпірінде еркін қолданылу және жетістікке жету себептерінің бірі оның осы екілік жазаға ие болу ерекшелігінен туындайды.

3. Принциптері мен мақсаттары тұрғысынан әлемдік деңгейге көтерілуі: Әділдікті қамтамасыз етуге, жеке басты, мүлікті, ар-намысты, ақылды және дінді қорғауға, жалпы алғанда адамның осы дүниеде де, арғы дүниеде де бақытқа бөленуін қамтамасыз етуге бағытталған принциптер мен мақсаттар тұрғысынан мұсылман құқығының әлемдік деңгейге дейін көтерілгені турасында сөз етуге болады. Алайда әрбір құқық жүйесі сияқты қалыптасу процесінде қоғамдық шарттар мен көзқарастардан әсерленген мұсылман құқығының тарихи тәжірибеде қалыптасып, бір жүйеге келтірілгендігі тұрғысынан әлемдік сипатқа ие болуы туралы сөз қозғау қате, әрі шынайы емес. Кейбір жазушылар мұсылман құқығының ерекшеліктері ішінде адамдар арасындағы құқықтық қарым-қатынастармен қоса, жеке адам мен Аллаһ арасындағы құлдық байланыстың да құрылғанын айтады. Алайда, Фикһ кітаптарының алғашқы бөлімдерін құрайтын ғибадат мәселелерінің барған сайын заман ағымында «Илмихал» тақырыбымен жеке кітаптарда қарастырыла бастағандығы және қазіргі кездегі басым көзқарасқа сай, ғибадаттардың құқық құрамына кірмейтіні ескерілсе, аталмыш жағдайлы мұсылман құқығы үшін жеке ерекшелік ретін де айтуға қажеттілік қалмайды.

Мұсылман құқығының тарихи дамуы мен қалыптасуы

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дәуірі. Мұсылман құқығының пайда болуы Хазірет Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар болып, оған уахидің келуімен басталады және осы кезеңде түсіріліп, аяқталуына байланысты бұл кезең мұсылман құқығының алғашқы кезеңі болып саналады. Уахи Аллаһтың Пайғамбарларға жолдама жіберуі мағынасына және жіберілген жолдама мағынасына келеді. Уахи қамтитын тақырыптарда Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Меккеден Мединеге көшкеннен кейін (хижрет) өзгерістер болғандықтан, бұл кезең Мекке және Медине кезеңі болып екіге бөлінеді:

  • Мекке кезеңі. Мекке кезеңі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-ге уахи жіберіле бастаған Милади 610 жылдан Мединеге кешкен 622 жылға дейін созылады.

Мекке кезеңінде түскен аяттар, көбіне сенімді нығайту, бір Тәңір сенімін орнықтыру және ахлақты (мораль) тәрбиелеу тақырыптарын қамтиды. Бұл кездегі дінге шақыру ісі әлемдік сипатта болды және де аяттар көбінесе: «Ей адамдар!» деп басталады. Бұл кезеңде құқық саласында ешқандай аят түспеген. Мұның себептерінің бірі - мүминдер қоғамының қоғамдық беделінің болмауы. Ал құқықтық жүзеге асырылуы қоғамдық күшті қажет етеді. Екінші бір себеп - құқық қағидаларының табысты түрде жүзеге асырылуының және күткен нәтижеге жетуінің алғышарты болған ахлақ (мораль) тұрғысынан жетілген адам түріне байланысты болуы. Бұл жағдай ахлақ пен құқық арасындағы тығыз байланыстыр тіпті құқықтық негізі ахлақ екендігінің нышаны болып саналуы мүмкін. Осылайша Медине кезеңінде түсірілетін құқықтық қатынастардың іргетасы Мекке кезеңінде қаланды.

  • Медине кезеңі. Бұл кезең Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)-нің 622 ж. Меккеден Мединеге көшуінен басталып, 632 ж. қайтыс болуына байланысты аяқталады.

Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Мединеге Пайғамбар ретінде ғана емес, сонымен бірге Мединеде сүрген үш яһуди қауымын (Құрайза, Қайнука және Надирұлдары) араларындағы әрі сол жердегі Әуіс және Хазреж деген араб қауымдары арасындағы келіспеушіліктерге қазылық ету және қоғамда сөзі өтетін көсем сипатымен барған. Қысқаша айтқанда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың Меккедегі діни «шатына дүниелік көсем сипаты да қосылды. Бұл кезеңде қоғамдық тәртіп орнату, адамдар арасындағы қатынастарды реттеу туралы үкімдер келе бастады. Ғибадаттар да осы кезеңде реттелді. Практикалық өмірге қатысты үкім аяттарын ахкәм аяттар дейді. Бұл кезеңнің ерекшеліктерінің бірі - үкімдердің бәрі бірден емес, уақытқа қарай сатылап қойылуы (Тедриж). Арабтар арасында кейінен тараған шарап ішу және пайыз алу бірден тоқтатылмай оларға үйрете келе тыйым салынған. Бұрын қойылған үкімнің кейіннен келген үкіммен күшін жоюы деген «несх» те осы кезеңнің ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Кейінгі кезеңдердің негізгі қайнары болған уахи - осы кезеңнің де негізгі қайнары. Алайда Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Құрандағы үкімдерді түсіндіргенде ақылын колданғандығы қабылданады. Сол себептен Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін немесе іс-әрекеттерінің барлығын, яғни сүннет толығымен уахи деу дұрыс емес. Алайда сүннеттің уахиден шыққанын қуаттайтын ғалымдар да бар.

Сахаба дәуірі

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) 632 ж. қайтыс болғаннан кейін басталып, сахабалардың ықпалы басым болған кезеңге дейін созылды. Бірақ, сахаба дәуірі деген кезде, көбінесе рашид халифалар деп аталған Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әлидің Һ.41/М.661 ж. созылған халифалық дәуірі түсіндіріледі. Шынында да рашид халифалар дәуірі кейінгі дәуірлерден ерекше жағдайларға ие болуы әрі Пайғамбарсыз дәуірдің алғашқы тәжірбиесі болуы жағынан маңызды. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) тірі кезінде Пайғамбар болуымен қатар, саяси беделдің, әрі құқықтық беделдің басшысы болды. Ол сонымен қатар мемлекет басшысы, қазы әрі мүфти еді. Ол қайтыс болғаннан кейін сахабалар саяси және құқықтық істердің қалай жүргізілетіні туралы мәселеге кездесті. Түрлі тартыстардан кейін сахабалар діни құқықтық және саяси салала өкілеттілікті Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын досы болған Әбу Бәкірге беруге келісті, және оған бағынуға сөз берді (бей'ат). Сахаба Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) орнына сайланған бұл адамның өкілеттілігін түсіндіру үшін, оны Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) халифасы ретінде сайлады. Халифа атауы бұдан былай мұсылман қоғамының діни және саяси көсемі деген мағынаға ие болды. Халифа болып сайланған Әбу Бәкір діни, ұлттық және саяси салада бір шешім қабылдаған кезде, алдымен Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) осыған байланысты сөзі немесе іс-әрекетінің (Сүннет) бар-жоғын зерттеген. Егер бар болса, Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзін негізге алған. Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) сүннеті болмаған жағдайларда Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) жақын достарынан сұрап, олардың көзқарасын да ескерген. Бұл кеңес сұрау ісін әдебиеттерде «тура» немесе «мешперет» деп айтады. Бірінші халифа Хазіреті Әбу Бәкір бастаған сүннеттің бар-жоқтығын зерттеу және алдыңғы қатардағы сахабалардың көзқарасын алу ісі кейінгі 3 халифа тарапынан да жүзеге асырылды. Рашид халифалар дәуірінің маңызды ерекшеліктерінің бірі «Рей ижтихадының» кеңінен тарауы болып табылады. Рей ижтихады - кездескен мәселенің Құранның негізгі қағидалары шешілуі үшін ақыл күшін жұмсау деген сөз. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде Рей ижтихадының үлгілері кездеме де қате болған жағдайда, осы ижтихадтарды Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)-ның өзі түзету мүмкіндігі бар еді. Сондықтан да Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде рей ижтихадынан туындаған пікір айырмашылықгары жоқ еді. Бірақ Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін, бұл мәселені қарастыратын жоғарғы ұйым болмағандықтан, барлық адамның жеке көзқарасы принцип ретінде бір-біріне тең болды, бірі екіншісінен жоғары болған жоқ. Сол себептен әрбір жеке көзқарастың болу құқығы бар. Бұл мұсылмандар арасында көзқарас айырмашылықтарының пайда болуының және дұрыс деп саналуының бастауы мағынасына келеді. Жоғарыда айтылғандай шешімнің тура жолымен қабылдануы келіспеушіліктердің азаюын қамтамасыз етеді. Сахабалар көзқастар турасында бір-бірін кінәламаған, бір-бірінің көзқарасына құрмет көрсеткен. Көзқарастардың бірі тура нәтижесінде қабылданғанда немесе осы көзқарастардың бірі халифаның бекітуімен іске асырылса, барлығы осыған бағынатын. Бірақ, түрлі көзқарастар айналасында топтасудың осы кезеңнен басталғанын айтуға болады.

Сахабаның ижтихад әрекеті көбінесе мына екі мәселе турасында болатын еді:

  1. Аят және хадис мәтіндерінің (нас) түсініліп анықталуы.

  2. Анық емес үкімде діннің, адамдардың

пайдасына (маслахат) шешілуі (рей ижти- хады). Бұл кезеңнің маңызды оқиғаларының бірі жорықтар арқылы Сирия, Ирак, Мысыр және Иранның алынуы және мұсылмандардың сол жерлердегі түрлі мәдениеттерімен таныса бастауы. Осы әрекеттің мұсылман құқығына ықпалы осы күнге дейін анықталған жоқ. Екінші бір маңызды оқиға - сахаба арасында саяси билік күресіне байланысты бөлінуі және бүліктің шығуы. Бастапқыда саяси түрде болған бұл бөліну ісі уақыт өте келе діни бір маңызға ие болып, сенім негіздерімен және Фикһ түсінігімен байланыстырылған, сөйтіп үш негізгі топ пайда болған. Әхли сүннет, Шиа, Харижилер.

Омеядтар дәуірі

Рашид халифалар дәуірі Муауияның 41/661 ж. саяси билік басына келуіне байланысты аяқталады, келесі жаңа кезең Омеядтар дәуірі деп аталады. Муауия халифа болғаннан кейін, дін мен құқық істерін үмметке қалдырып, саяси істерді өз қолында ұстады. Осылайша, рашид халифалар дәуірінде халифа діни-құқықтық және саяси беделге өкілдік етсе, Муауия діни-құқықтық саланы үмбетке қалдырып, дін мен мемлекетті бір-бірінен бөлген еді. Осы тұрғыдан мұсылман құқығының пайда болуы мен жүйеленуінің халық арасында жүзеге асқандығын айтуға болады. Бұл кезеңде дін мен құқық істері халыққа берілгендіктен, түрлі көзқарастар айналасына топтасу байқала бастады. Осы кезеңде пайда болған алғашқы бөлініп-топтасу Хижаз мектебі және Ирак мектебі түрінде болды. Кейіннен Хижаз мектебі «хадис әхли», ал Ирак мектебі «рей әхли» деп атала бастаған және бұл топтасу мұсылман құқығы мектептерінің пайда болуымен аяқталды. Бұл кезеңде сахабалармен бірге, табиун ғалымдардың да пікір айтқандықтары байқалады. Табиун - сахабаны көріп, олардан білім алған адамдар. Табиун араб тілінде «зерттеген, бағынған адам» мағынасын беретін «таби» сөзінің көпше түрі. Табиилер орталық Медине болған «Хижаз мектебі» және орталығы Куфа болған «Ирак мектебі» ақыл мен көзқарасқа онша мән бермейтін настардың ашық мағыналарын алдыңғы катарға қоятын, сол себептен де хадис риуаятына мән беретін көзқарасы бар. Бұл мектептің алдыңғы қатарлы өкілдері «Мединелік жеті факих» деп аталған. Олар мыналар: Саид (Мүсеййебұлы), Әбу Бәкір (Абдуррахманұлы), Урие (Зүбейрұлы), Қасым (Мұхаммедұлы), Сүлеймен (Иесарұлы), Хариже (Зейдұлы), Убейдуллах. Ал Ирак мектебі Хижаз мектебіне керісінше рей ижтихадына маңыз беретін сүннеттің алынуына қатаң талаптар қойылып, жан-жақты қарайтын көзқараста болған. Бұл мектептің алғашқы өкілдері - Алкаме, Месрук, Қазы Шурейх Саид (Жүбейрұлы), Ибрахим ән-Нахаи және Хаммад. Одан кейінгі дәуірлерде де Хижаз мектебінің мүшелері жалпы түрде «Хадис әхли», ал Ирак мектебінің мүшелері «Рей әхли» (Рейшілер) деп атала бастады.

Аббасилер дәуірі және Фикһ мектептерінің пайда болуы

Билікті өз қолдарына алып, Омеядтар сұлтандығын құлатқан Аббасилер арабтардан басқа ұлттарға жылы қарап, олардан қолдау тапты және де ғалымдарға жақындық танытып, солардың көзқарастарын ұстанған. Түріктердің сахнаға шығуы да осы кезенде жүзеге асты. Әсіресе халифа Мутасым кезеңінен (833 - 41 жж.) бастап, әскери және басқару саласында түрік халқы таныла бастады. Халифа Харун Рашид қаржылық істерін және осыған қатысты үкімдер жазуды Әбу Ханифаның досы және шәкірті Әбу Юсуфтан сұрайды. Ол атақты «Китабу'л-Харажды» жазып шықты. Халифа Мансұр Имам Малик «Муатта» атты шығармасын билеушілер мен мүфтилер бағынатын заң түріне келтіруді қалады, бірақ ол бұған ризалық білдірмеген. Омеядтар дәуірінде пайда болған Рейшілер және Хадисшілер деп топтасулар бұл дәуірле орнын жеке мектептерге қалдырды. Бұл мектептердің кейбірі қазірге дейін жалғасып келген, ал кейбірі жоғалып кеткен. Қазір сүнни мазһабтар: Ханафи мазһабы, Мәлики мазһабы, Шәфии мазһабы және Ханбели мазһабы бар. Кейіннен құрылған Шин мазһабтарының ішінде Жафери мазһабы мен Зейди мазһабы де қазіргі кезге дейін жеткен мазһабтар қатарында. Бұл мазһабтар Фикһ мектептері немесе амали (іс-әрекет) мазһабтары болып табылады. Жоғарыда аталған Итиқад (сенімдік) мектептерге (Әһли сүннет, Шиа және Харижилер) бұл дәуірде Муғтазила мектебі мен Муржиа мектебі қосылды.

Мұсылман құқығының түпдеректері (дәлелдері)

Жалпы түпдерек (дәлел) ұғымы Құран мен сүннет, жеке тұлға мен қоғам өмірін, сенім, ғибадат, ахлақ (мораль және құқық тақырыптарын (муамалат) қамтитын үкімдердің негізін құрайды. Осы екі түпдеректен өмірдің бастауыш түсіндіретін, жеке адамды бақыт пен тыныштыққа, қоғамды тәртіп пен қауіпсіздікке қауыштыратын барлық негізгі принциптерді табуға болады. Алайда Құран мен сүннет жеке адам мен қоғамға ұсталатын негізгі тәртіп ережелерін, сақтайтын негізгі құндылықтарын көрсетумен шектеледі. Осы екі түпдеректе берілген үкімдер мен көрсетілген мақсаттарды ұғыну, олардан өмірге және жеке-жеке әрбір оқиғаға қатысты нәтиже шығару ісі толығымен Құран мен Сүннетте мұсылмандарға айтылған тиісті жауапкершілік болып табылады. Сол себептен Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін Құран мен Сүннетті қалай түсіну және қандай амал мен әдістер арқылы үкім шығару мәселесі пайда болады. Тарих ағымында пайда болған түрлі Фикһ мазһабтары де осы мәселеге қатысты жұмсалған ақыл әрекеттің нәтижесі. Сондай-ақ, настардан (аят пен хадис) үкім шығару әдістемесін өз тақырыбы етіп алған ғылымның тарихта «усул-и Фикһ» (мұсылман құқығы әдістемесі) деген атпен алғаш рет мұсылмандар тарапынан шығарылуы да осы процестің нәтижесі болып табылады. Осы тұрғыдан практикалық өмірге қатысты шариғи үкімдердің негізгі түпдеректері Құран мен сүннет болумен қатар, осы екі түпдеректе қамтылған сөздер мен олардың мағына және мақсаттарын түсіндіруге бағытталған ахыли әрекеттердің де маңызы мен қызметі ерекше орын алады. Осыған орай мұсылман құқығының түпдеректерін жалпы үш бөлімге жинақтауға болады. Олар Құран, Сүннет, Ақыл. Классикалық мұсылман құқығы теориясында бұдан да көп дәлелдер келтіріледі: Ижма, қияс, истихсан, истислах, истисхаб, т.б. Осы дәлелдердің бір бөлігінің нас құрамына, ал екінші бір бөлігінің ақыл құрамына кіруі мүмкін. Дәлелдер фахихтер шариғи амал сипатындағы үкімге апаратын құралды немесе үкімнің сүйенішін дәлел деп атайды. Дәлел түпдерек тұрғысынан «ахыли дәлел» және «иақыли дәлел» болып екіге бөлінгеніндей, күштілігі тұрғысынан да «нақты дәлел» және «занни (жорамал) дәлел» болып екіге бөлінеді. Фикһ әдебиетінде кеңінен қабылданған пікірге сай шариғи дәлелдердің ішінен Құран, сүннет, ижма және қияс негізгі дәлелдер тобына, ал истихсан, истислах, истисхаб, седд-и зериа сияқты дәлелдер қосалқы дәлелдер тобына кіреді.[1]

Орыс мемлекетінің құрылуы

Ресей — сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.

Моңғолдарға дейінгі Еуразия

Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік-батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды. Келесі ғасырда Украина мен Белоруссия жерін басып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.

ХVIII ғасыр

Ресейдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы.

XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiнде Ресейге тән нәрсе: қолөнер мен мануфактура өндiрiсiнiң, сондай-ақ ауыл шаруашылығының дамуы болды. Мемлекет Батыс елдерiнен анағұрлым артта қалды. Ресейде әлi де феодалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды, капиталистiк өндiрiстiң элементтерi ендi ғана ене бастады, ал Батыста бұл кезде капитализм қанат жайып, өркендеп тұрған едi.Елдiң ауыл шаруашылығының өркендеуi өңделетiн жер көлемiн арттыру есебiнен iске асты. Ресейдiң оңтүстiк аудандарында және Украинада қой өсiрудiң дамуы ауыл шаруашылығына үлкен үлес қосты. Бұдан басқа мемлекеттiк өнеркәсiп үшiн зығыр мен сора шикiзатына көтерiңкi сұраныс пайда болды. 1715 жылы үкiмет жарлығы бойынша барлық губернияларда зығыр мен сора егiстiгi ұлғайтылды. Сондай-ақ жылқы өсiру, темекi егу iсi жолға қойылды.Ұзаққа созылған Солтүстiк соғыстың салдары басыбайлы шаруаларға ауыр тидi. Патшаның 1714 жылғы жеке мұралық туралы жарлығымен барлық жер дворяндардың меншiгiне берiлiп, жермен бiрге шаруалар да помещиктiң жекеменшiгiне айналды. Феодалдар неғұрлым көбiрек пайда табу үшiн шаруаларды қанаудың мейлiнше қатыгез түрiн таңдады.Басыбайлы шаруашылық екi қалыпта жүргiзiлдi: жерi өңдеуге қолайсыз, қара топырақты емес аудандарда феодалдар шаруалардан ақшалай алым жинаса, ал оңтүстiктегi құнарлы жерлерде айдалатын жер көлемi кеңейтiлiп, барщина көлемi ұлғайтылды.Шаруаларды жұмысқа жұмылдыру туралы, кезектi және кезексiз рекрутқа шақыру туралы көптеген жарлықтар жа рияланды. Жеке мұралық туралы жарлықтан кейiн дворяндардың топтасу процесi аяқталды. Феодалдар табы дара басқарушыдан дворяндық сословиеге бiрiгiп, нығайды. Бұл оның мемлекеттегi билеушiлiк рөлiн бекiте түстi. Алайда ендi дворяндар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте қалуға мiндеттелдi.Дворянның армияда солдат болуға, кемеде матрос болып жұмыс iстеуi де мүмкiн едi. Олар Сiбiр, Камчатка, Орта Азия сияқты алыс және ауыр экспедицияға бекiнiстер мен каналдар салуға жұмсалды. Дворяндардың кейбiреуiнде, әсiресе ақсүйектерiнде мұндай қызмет наразылық тудырды. Осындай жағдайдан дворяндық сословиенiң бiр бөлiгi I Петрдiң қайта өзгертулерiне қарсы оппозицияға шықты. XVIII ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді. 1721 жылдан бастап Орыс мемлекеті империя деп атала бастады. 1722 жылы елдің оңтүстік шекараларын нығайту мақсатында I Петр Кавказ бен Иранға жорығын бастады. Нәтижесінде Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауы Ресей құрамына енгізілді. XIX ғасырдың басында өзінің құрамына Балтық теңізінің шығыс жағалауын, Польша мен Бессарабияны, Кавказ сыртын қосу арқылы өз аумағын одан әрі кеңейте түсті. Бірақ 1853—1856 жылдары болған Қырым соғысынан соң Ресейдің геосаяси жағдайы күрт нашарлап кетті. Осы кезеңде Ресей Бессарабияның оңтүстігінен айырылып қалды және АҚШ-қа Алясканы сатуға мәжбүр болды. Ендігі жерде Ресейдің назары Орта Азияға ауды. Ресей империясының басқыншылық саясаты нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстан жері толығымен дерлік тәуелді аумақтарға айналды. Ресейдін, XX ғасырдағы жаңа тарихы 1917 жылы Қазан революциясынан бастау алды. Құлаған империя орнында пайда болған Кеңестер Одағы тарихи қалыптасқан геосаяси кеңістікті қалпына келтірумен бірге, оны көршілес аумақтар есебінен кеңейте түсті. Жаңа үлгідегі аса күшті алып мемлекет әлемдік экономика мен саясатта өзіндік орын алды. Өзінің аумақтық тұтастығын сақтаумен қатар, көршілес мемлекеттердегі саяси жүйенің өзгеруін қамтамасыз еткен бұл мемлекет одақтастары есебінен Еуразиядағы ғана емес, әлемдегі саяси күштердің арасалмағын анықтаушы факторға айналды. 1991 жылы ішкі қайшылықтар мен сыртқы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагері ретінде Ресей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелісті басынан кешірді. Біртұтастығы бұзылған кеңістікте экономикалық, байланыстар әлсіреумен қатар, Ресей мемлекетіне онша қолайлы емес геосаяси жағдай қалыптасты.[9]