Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муканова Фариза.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.56 Кб
Скачать

1.2.4 Ремонттыққ аналық баспақтарды өсіру бағдарламалары

Азықтандыру деңгейі, азықтардың сапасы мен толық құндылығы ұрғашы баспақтардың оптималды өсуі мен дамуын, нәтижелі ұрықтандырылуын, болашақ сиырлардың жоғары сүт өнімділігін және олардың максималды шығындармен көп жылдар бойы қолданылуын қамтамасыз етулері керек. 2 –ден бастап 10 айлыққа дейнгі жаста азықтандырудың жоғары деңгейі өздерінің өнімділіктерінің генетикалық потенциалдарын әлдеқайда толық жарата алатын жануарларды қалыптастыратыны туралы пікір бар [5].

Ремонттық ұрғашы баспақтарды өсіру – жануарлардың ең жоғары генетикалық потенциалын жарыққа шығару негізінде жоғары өнімді табындарды қалыптастыру селекция жүйесінде ортақ процесс. Шаруашылықтың ішкі және сыртқы мамандырылыудың арқасында ұйымдастыруға болады:

  • 10-20 күн жасында ата-аналарының өнімділігін ескере отыра баспақтардың шығу-тегі бойынша сұрыпталуы;

  • шағылысу жасына дейінгі баспақтардың бағытталған өсірілуі;

  • өсіру науқанында өсу мен даму бойынша бақылау;

  • өсу мен дамуды есепке ала отыра қолдан ұрықтандыру үшін баспақтарды сұрыптау, оларды асыл тұқымдылығы жағынан жоғары құндылығы бар өндіруші-бұқалармен жұптау [3].

1.2.5 Өнеркәсіптік негізде ремонттыққ тайыншаларды өсіру ерекшеліктері

Әдетте тайыншаларды өсіру үдерісін мамандырылған шаруашылықтар мен кешендерде 5 кезеңге бөледі: бірінші, 20-30 күндік жасынан бастап 2 айлық жасқа дейін; еікінші – 2-6 айлық жасқа дейін; үшінші – 6-12 айлық жасқа дейін; төртінші – 12-18 айлық жасқа дейін; бесінші – шаруашылықта одан кейінгі пайдалануымен ұрықтандырылудан бастап буздықтың 5-6 айлығына дейін.

Арнайы шаруашылықтар мен кешендер үшін тұқым стандартының 1 классынан төмен емес бағаланған сиырлардан шыққан, тірілей салмақтары 40 кг аз емес 20-30 күндік жасында жақсы дамыған ұрғашы баспақтарды сұрыптайды. Бұзаулар өнеркәсіптік технологиялар шарттарында өсуге дайын болып, жоғары резистенттілікке ие болулары керек [5].

Өнеркәсіп шарттарында тайыншаларды азықтандыру үшін жабдықтар қарапайым және сенімді болу керек. Өндірісте азықтандыру технологиясының екі түрін қолданады:

  1. Мөлшерленген азықтандыру. Бұл кезде азықтар тайыншаларға азықтандырғыштарға белгіленген мөлшерде таратылады. Азықтандырудың бұл әдісі кезінде азықтандыру орындарының саны тайыншалардың санымен бірдей болу керек;

  2. Еркін азықтандыру кезінде ірі азықтар азықтандырғыштарда үнемі болады. Бір азықтандыру орнына 3-4 жануардан келуі мүмкін. Күн ұзағына азықты желіну көлемі бойынша, әлдеқайда әлсіз баспақтар сапалы азықтың жеткілікті мөлшерін пайдалану мүмкіндігіне ие болатындай етіп қосады.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда байлаусыз терең төсеніштерде, сонымен қатар бокстарда ұстауды қолданады.

Жануардың жасына қарай байланысты бокстар көлемі құрайды: ұзындығы 1,0-1,9 м, ені 0,5-0,9 м, биіктігі 0,7-1,0 м.

Оқшауланған секциялар секцияның санациясы мен жөндеу жұмыстарын пайдаланудан кейін 2-3 айдан соң жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «бәрі бос – бәрі бос емес» қағидасы бойынша пайдаланылады.

Өсу шегіне қарай жануарларды топтың құрамын өзгертпей көлемі үлкен секцияға көшіреді.

Жануарлар ірі азықтармен қамтамасыз етілген азықтандырғыштары бар серуен алаңдарына еркін шыға алады.

Қорадағы азықтарды тарату жүйесі мобильді және стационарлы, ұстау әдісіне байланысты нәжісті тазалау бульдозермен, сонымен қатар скрепкалы және скреперлі қондырғылармен, гидрошаю мен гидроағызу арқылы жүзеге асады.

Суландыру үшін автосуарғыштар қолданылады.

Қорытынды кезеңнің негізгі міндетті қашарлардың шағылысуын ұйымдастыру және буаздығын анықтау [15].

Күтіп-бағу, азықтандыру және күтім технологиясы бойынша оның ересек жастағы қашарларды технологиясынан айырмашылығы жоқ.

Қолдан ұрқтандыру үшін раскол мен жануарларды бекіту үшін фиксаторлармен жабдықтайды.

Ұрықтандырылған тайыншаларды бөлек қораға немесе артқы тиекпен жабылатын бөлек бокстарға байлап қояды [6].

Осылай, ремонттық ұрғашы баспақтарды мамандырылған шаруашылықтарда өсіру технологисының негізгі элементтері болып табылады:

  • баспақтарды топпен белгілі жаста бір қорадан екінші қораға көшіретін өндірістік үдерістердің ағынды ұйымдастырылуы;

  • бір жастағы жануарлармен шаруашылықты айналмалы топтастыру;

  • «бос – бос емес» қағидасын ұстанып, секцияларды пайдалану;

  • әрбір жастағы жануарларды қатаң түрде белгіленген уақыт мерзімінде күтіп-бағу үшін секцияларды пайдалану;

  • өсірудің барлық мерзімдерінде бірегей жүйесі (қыста – байлаусыз, жазда - жайылымдық) [15].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]