
- •Орындаған Муканова ф., 4 курсстуденті күндізгі оқу формасы
- •1 Әдебиетке шолу
- •1.1 Герефорд малының эволюциясының негізгі кезеңдері
- •1.1.1 Тұқымның Қазақстанда өсірілуі
- •1.1.2 Герефорд тұқымының ерекшеліктері
- •1.2 Ремонттық ұрғашы баспақтарды өсіру технологиясы
- •1.2.1 Ремонттық ұрғашы баспақтарды азықтандыру рационы
- •1.2.2 Ремонттық ұрғашы баспақтарды күтіп-бағу
- •1.2.3 Ұрғашы баспақтарды жайылымда ұстау
- •1.2.4 Ремонттыққ аналық баспақтарды өсіру бағдарламалары
- •1.2.5 Өнеркәсіптік негізде ремонттыққ тайыншаларды өсіру ерекшеліктері
- •2 Тәжірибелік бөлім
1.2.3 Ұрғашы баспақтарды жайылымда ұстау
Жайылымдық мерзім басталғаннан кейін барлық 6-8 айлық жастағы ұрғашы баспақтарды жаяды. Нақты жағдайларға байланысты жасыл шөптерді шауып стационорлық және лагер қораларда баспақтарды азықтандыруға рұқсат беріледі [3]. Ұрғашы баспақтарды жасына, сонымен қатар азықтандыру шарттарына биологиялық және физиологиялық талаптарына байланысты топтарға бөледі. Топтарды құрған кезде олардың саны маңызды [14]. Тайыншалардың жасы мен тірілей салмақтарын есепке ала отыра құрастырылатын таынның оптималды көлемі – 150-200 бас. Әрбір табынға жеке жайылым бекітеді, ол өз кезегінде қашаларға бөлінеді. Бір жасқа дейінгі тайыншаларға 6-7 жайылымдық аймақ бөледі, ал бір жастан үлкен тайыншаларға – 4-6 аймақ [3].
Жайылымдық ұстау – ремонттық ұрғашы баспақтарды өсіру технологиясының міндетті бөлшегі. Қашарларды жайылымда ұстаудың арқасында олардың күйі жақсарып, өмірлік тонусы артып, тірілей салмақтың өсімінің өзіндікқұны төмендейді, жайылымдық шөптер, моцион, күн сәулесі мен таза ауа сүйек пен бұлшық ет ұлпаларының, ішкі мүшелердің дамуына жақсы әсер етеді. Жайылымда ұстаудың арқасында жануарлардың резистентілігі артып, ауруға шалдығуы 18 – 23% төмендейді. Азықтардың үлкен көлемін пайдалану себебінен тірілей салмақтың өсімі 4-6 % өседі, бірақ-та олардың 1 кг тірілей салмақтың өсіміне шығымы 6-11 % артады. Жайылымдар – баспақтар үшін арзан әрі әлдеқайда құнды жасыл азықтың көзі. Төлдерді сақа малдардан бөлектелген жеке аймақтарда бағады. Жайылымдық аймақтарды 2 км көп ара қашықтықта алыстатқан кезде тайыншаларды лагерде ұстайды [5].
Жайылымдық маусымның басында ұрғашы баспақтарды біртіндеп қысқы рационнан жазғы рационға көшіру керек, сонымен қатар таза ауада ұзақ жайылуға үйрету керек. Жайылымдық маусымға дайындықты наурыз айының соңында бастау керек. Қашарларды қашаларға жіберіп, сонымен қатар жануарларды ширату үшін қораларды желдетіп тұру керек [14].
Жайылымға қажет алаңдарды есептегенде жануарлардың жасын, азықты пайдалануын, жайылымдардың өнімділігін, жайылу ұзақтығын есепке алады. Оған қоса, бір жасқа дейінгі төлдерге тәулігіне бір басқа жасыл азықтардың 22-25 кг қажет екенін ескереді. Оларға арналған жайылымдар фермаларға жақын орналасқан. Жайылымдық уақыттың ұзақтығы орман аймағында 130-140 күн құрайды, орман-далалы аймақта – 150, далалы аймақта – 170, шөл-дала аймағында – 200 күн, ал жартылай шөлді және шөл (жері суарылатын жайылымдарда) – 250 күн. Жайылымдарда суаттарды ұйымдастырады, қажет болған жағдайда өсіріліп жатқан тайыншалардың құнарлы заттарға қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін құнарлы және жасыл азықтармен қосымша азықтандырады [3]. Жайылымдық шабындықтар тайыншалардың тірілей салмақтарының жоғары өсімдермен жануарларды ақуыздың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етеді. Бірақта жайылым мерзімінде көмірсуларға бай азықтарды беру керек, ал жас шабындықтарда баққанда құрғақ затқа бай азықтармен азықтандыру керек.
Жайылымдардың шабындықтарын дұрыс пайдалану үшін жайылымды мөлшерлеген дұрыс. Технологиялық жағынан жайылымның екі әдісін пайдалануға болады:
Жайылым кезінде шектелген түрі кезінде қашарларды күніне 2-3 сағ. 2 рет жаяды, содан кейін демалу үшін қораға кіргізеді.
Жайылым кезінде шектелмеген түрі кезінде қашарлар оларға бөлінген жайылымда күні бойы болады. Бұл кезде екі түрі болуы мүмкін: қашарлар жайылымда болады да, түнде оларды демалу үшін қораға кіргізеді; қашарлар жайылымда күні бойы болып, демалу, суландыру, азықтану орындарына өздері бара алады [14].
Республика шарттарында 6 айдан үлкен тайыншаларды мәдени жайылымдарда 150-170 күн бағуға болады. Осы мерзім аралығында олар 3500-4500 кг жайылымдық шөпті (790-880 а.ө.) жейді, өздерінің құнарлы заттарға қажеттіліктерін 100 % қанағаттандырады, ал тірілей салмақтың орташа тәулік өсімдерін құнарлы азықтарды жеп, қосымша азықтандырусыз 600-700 г жеткізеді. Электрлік дуалдар төлдерді ұстай алмайтындай, жайылымдар үшін тұрақты дуалдармен қоршалған қашаларды пайдаланады. Жануарларды әрбір қашаларға 3-5 күн бағады. Жануарлардың әрбір тобы үшін 8-10 қаша қажет. Олар сауылатын сиырларға арналған шабындықтарға қарағанда шабындықтары нашарлау фермалардан шамалы алыстатылған. Шағылысуға дайын тайыншаларды фермаларға жақынырақ орналастырады. Мәдени жайылымдарда тайыншаларды жайғанда бір табында олардың оптималды саны 130-160 бас [5].
Жайылымдар жоқ болса, қашарларды жазда белсенді серуені бар лагерлерде ұстайды. Бұл мерзімде қашарларды азықтандырғанда құнарлы рациондарды пайдалануға болады. 7-8 айлық буаздық кезінде азықтандыру деңгейі 0,6-1 а.ө. ұлғаяды. Рационға тірілей салмақтың орташа тәуліктік өсімдерін 550-650 г қамтамасыз етіп пішен, сүрлем, 70-80 % пішендеме, 20-30 % құнарлы азықтар кіру керек [3].