- •Орындаған Муканова ф., 4 курсстуденті күндізгі оқу формасы
- •1 Әдебиетке шолу
- •1.1 Герефорд малының эволюциясының негізгі кезеңдері
- •1.1.1 Тұқымның Қазақстанда өсірілуі
- •1.1.2 Герефорд тұқымының ерекшеліктері
- •1.2 Ремонттық ұрғашы баспақтарды өсіру технологиясы
- •1.2.1 Ремонттық ұрғашы баспақтарды азықтандыру рационы
- •1.2.2 Ремонттық ұрғашы баспақтарды күтіп-бағу
- •1.2.3 Ұрғашы баспақтарды жайылымда ұстау
- •1.2.4 Ремонттыққ аналық баспақтарды өсіру бағдарламалары
- •1.2.5 Өнеркәсіптік негізде ремонттыққ тайыншаларды өсіру ерекшеліктері
- •2 Тәжірибелік бөлім
1.2.2 Ремонттық ұрғашы баспақтарды күтіп-бағу
Ремонттық төлдерді байлаусыз ұстау жүйесінде ғана өсіру керек [5]. Байлаусыз ұстау дамуы мен физиологиялық күйі бойынша бірдей төлдердің ірі топтарын күтуге негізделген [8]. Қашарларды терең немесе шымтезек пен сабан ара қатынасы 1:1 болатын мерзімді ауысытырылып тұратын шымтезек-сабан төсенішінде бокстарда ұстайды. Төсеніштің сапасына күту жағдайлардың ыңғайлығы, қорадағы ауаның құрамы, тері және түк жабынның тазалығы тәуелді [5].
Терең төсеніште ұстау тиімсіз болып табылады, себебі бұл кезде бір басқа 4-5 кг сабанды шығындау қажет [14].
Байлаусыз ұстау шарттарында жануарлар үшін жылы, құрғақ жататын орынды жасау маңызды. Әрбір жастық топтың тайыншаларын терең төсеніші бар қораларда бөлек секцияларда ұстайды [8].
Әр түрлі төсеніштерде ылғал сіңіру қабілетті бірдей емес. Мысалы, сабан ылғалдылықты 3-4, ағаш үгінділері 5-6, ал шымтезек құрамына байланысты өз салмағынан 6-12 есе көп сақтайды. Несеп пен нәжіс байланыстырғанда қораға аммиак пен күкіртсутегі айтарлықтай аз келіп түседі. Қысқы мерзімде 7 см тереңдікте төсеніш температурасы 16-18° С құрайды [5]. Терең төсеніште ұрғашы баспақтар көбірек жатып, аз қозғалады. Суық және ылғал төсеніште тұмау және инфекциялық аурулардың мөлшері артады [16].
Ұрғашы баспақтарды күтіп-бағу үшін төсенішсіз өтпелерді едені тордан болып келетін бокстық жүйе ең ыңғайлы болып келеді.
Төсенішпен блоктарда ұстау тәсілі төсеніштердің мөлшері салыстырмалы аз болуымен, шамамен күніне бір басқа 1,5 кг сабан қажеттілігімен ыңғайлы.
Төсеншіте күтіп-бағуды екі әдіспен ұйымдастыруға болады:
Алаңды стационарлы немесе мобильді азықтандыру линиясы бар және өтпелі автокардан азықтарды жіберілуімен ортақ астаулы азықтандырғышпен жабдықтайды. Қораның кеңдігі 15 м болу керек.
Алаң азықтық өтпе жолы бар мобильді линиямен қамтылған, қора кеңдігі 15 м кем емес. Тайыншалардың демалуына арналған орын азықтандырғыш бағытына 4,5-5° еңкіспен және азықтандыру алаңынан шамамен 20 см жоғары болуы керек.
Азықтандыру аймағында төсенішті қолданбайды, нәжісті күнделікті тазартып отырады. Жасы 6-21 ай қашардан күніне шамамен 22 кг нәжіс алынады [14].
Топтарды жинақтауда қашарлардың жасы, тірілей салмағы және денсаулығы негізгі көрсеткіштер болып табылады. Осылай, 6 мен 9 ай аралығындағы мерзімде топтағы қашарлардың тірілей салмақтарында айырмашылық 15 кг, 9 бен 15 ай – 20, 15 пен 20 ай – 30, 20 мен 24 – 40 кг. Секцияларға түсу кезінде құрылған жас төлдер топтары өздерінің құрамдары бойынша өсірудің соңына дейін өзгермейді.
6 ай-дан бастап 12 айлық жастағы технологиялық топтағы тайыншалардың оптималды саны – 10 бас, 12 мен айлық жас аралығында – 20 бас. Топтағы жануарлардың санын арттырғанда, тірілей салмақтың орташа тәуліктік өсімдері төмендейді. 6 айдан бастап 9 айға дейінгі бір жануарға арналған азықтандыру орны 0,50 м, 9 бен 15 ай – 0,60, 15 пен 20 ай – 0,70 және 20 мен 24 ай – 0,80 м болуы керек. 6-12 айлық жастағы тайыншалар үшін торлы едендерде бір басқа еден алаңнын нормасы – 1,8 м2, жасы 12 ай және одан жоғары – 2 м2, терең төсеніште сәйкесінше 2,5 және 3 м2. Орналасу тығыздығы үлкен болса, тайыншалар суды аз ішіп, азықтануы нашарлап, демалу мен ұйқы уақыты қысқарып, жарақаттануы артады [5].
