Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муканова Фариза.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.56 Кб
Скачать

1.2.1 Ремонттық ұрғашы баспақтарды азықтандыру рационы

Ремонттық төлдер үшін рацион қоректік заттарға жануарлардың тұтыну мөлшерін есепке алып, олардың қай тұқымға жататынына байланысты тірілей салмақтары 500-550 немесе 600-650 кг сиырларды өсіруді қамтамасыз ететін тірілей салмақтың жоспарымен сәйкес жасалады. Азықтарға деген қажеттілікті азықтарды сақтау мен тасымалдау кезінде 10-15 %-ға дейін бола алатын қоректік заттарды жоғалту мүмкіндігін есепке алып құрастырады [3]. 6 айлық жастан үлкен ұрғашы баспақтар үшін рационды құрастыру кезінде рациондарға ай сайын түзетуді алдын ала жасайтын толық азықтық мөлшерлерді пайдалануға кеңес беріледі.

Ремонттық қашарлар азықтандыру деңгейі жақсы дамуды және ересек табынға көшірген кезде жануарлар мықты конституцияға ие болып, жақсы күйімен ерекшелену үшін тірілей салмағы бойынша жоғары класстықты қамтамасыз етуі керек [10]. Ремонттық қашарларды олардың тірілей салмақтары 15-17 айлық жасында салмақтары ересек сиырдың 75%-на жетуі үшін азықтандырады. Бұл мықты конституцияны, қалыпты денсаулықты және артық майсыз тұрақты орташа қондылықты қамтамасыз етуі керек. Бұл кезде орташа тәуліктік тірілей салмақтың өсімі тұқым мен өсіру шарттарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін [33]. Ремонттық қашарларды өсіру кезінде азықтандыру деңгейі, рациондағы азықтардың ара қатынасы, олардың өсімінің интенсивтілігі едәуір кең мөлшерде ауытқуының мүмкіндігі анықталған. Дәл сол уақытта ересек жастағы бқашарларды мол азықтандыру кезінде олардың ағзасында жиналатын май мөлшері де көбейе түсетіні және көбею қабілеті нашарлап, олар нашар ұрықтандырылатыны белгілі. Ремонттық қашарларды өсіру кезінде оларда ең бірінші кезекте ірі азықтарды жоғары әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ас қорытудың белгілі түрін қалыптастыруға ұмтылу керек [5].

Барлық шаруашылықтарда табиғи азықтық жер телімдердің жеткілікті мөлшері кезінде 18 айлық жасында ұрғашы баспақтардың денесінің салмағы 380 кг шегінде болуын қамтамасыз ететін тірілей салмақтың өсімі мен нәтижелі ұрықтандыруды жоспарлауға болады. Бұл қысқы азықтарды үнемді шығындауға және жайылымдарды жақсы пайдалануға мүмкіндік береді [10].

Рациондағы азықтардың әр түрлі үйлесуі кезінде өсірілген ұрғашы баспақтар дене бітімінің типі, көбею қабілеті, шаруашылықтық пайдаланудың ұзақтығы бойынша ерекшелінеді. Арнайы сұрыпталған азықтарды қолданып, рационның белгілі құрылымын жасау арқылы қажетті типтегі жануарларды қалыптастыруға болады. Сүтті кезеңнен кейін ұрғашы баспақтарды өсіру кезінде негізгі азықтар ретінде арзан көлемді азықтар болуы керек – ірі азықтар, шырынды азықтар, жасыл азықтар. Олар қарын-ішек жолының жақсы дамуына және жоғары сүт өнімділікті алуға себепші болады. Ұрғашы баспақтарды азықтандыру түрі ересек аналық табынның азықтандыру типіне жақын болуы керек. Құнарлы азықтар рационның жалпы энергетикалық құндылығынан 25 %-ға көп болмауы керек. Олардың рацион құрамында әлдеқайда үлкен деңгейі ұрғашы баспақтардың көбею қабілетіне және сиырлардың болашақ өнімділігіне кері әсер етеді [5].

Ремонттық ұрғашы баспақтарды біркелкі өсіру кезінде 100 кг тірілей салмақтарына 2,3-2,5 кг құрғақ зат, 2,0-2,2 ЭАӨ қажет [11].

Шаруашылықта тамыр жемістілер болғанда БелМШҒЗИ рационның келесі құрамын ұсынады. Жануарлардың рационында 1 а.ө. есебінде 3 айлық жасқа дейін қорытылатын протеин 120-130 г, 4-6 ай. – 115-120, 7-9 ай. – 105-115, 10-18 ай. – 100-105 және 19-24 ай. – 90-100 г келуі керек. 6 айлық жастан үлкен ұрғашы баспақтарға құрғақ заттың ішіндегі энергия концентрациясы 0,8-0,9 а.ө. құрайды.

Төлдерді толық құнды азықтандыру кезінде тірілей салмақтың 1 кг өсіміне шығындар 1-3 ай. – 3,4-3,8 а.ө., 4-6 ай. – 5-6, 7-9 ай. – 7-8, 10-12 ай. – 8-9, 13-18 ай. – 10-11 және 19-24 ай. – 13-15 а.ө. құрайды, 2 жылдық жасқа дейінгі тайыншаларды өсіру кезінде лактация бойынша 4500-5000 кг сүт сауымынан сиырларды алу үшін 3700-3900 а.ө. жұмсалады [5].

Ірі қара шаруашылығы дамыған аудандарда жайылымдардың шектеулі саны кезінде дала және құрғақ дала аймақтарында ең жоғарғы өсімдерді алуды жоспарлау жөнді. Бұл жағдайда қашарлардың шағылысуын 15-16 айлық жасында өткізуге болады және табын бойынша тірілей салмақтары 500-600 кг толық жасты сиырларды алуға болады. Интенсивті өсіру кезінде ұрғашы баспақтарға тірілей салмақтарының 100 кг-на 2,4-2,8 кг құрғақ зат, 2,1-2,4 ЭАӨ қажет.

1 жасқа дейінгі тайыншалар үшін құрғақ заттың ішіндегі шикі протеиннің оптималды мөлшері 11,3-12,7 %, бір жастан үлкен тайыншаларға – 10,7-11,7 %.

Тайыншалардың шикі жасұныққа қажеттілігі жасы ұлғайған сайын артады: біркелкі өсіру кезінде құрғақ заттан 27-ден 29,2-ге дейін; интенсивті өсіру кезінде – 23-тен 25 %-ға дейін.

1 кг құрғақ затқа, каротинге қажеттілігі 20-24 мг, D витаминге - 0,45-0,48 мың. Е витаминіне – 30-35 мг. Өсу интенсивтілігі 700 г тайыншалар үшін алмасу энергиясының концентрациясы 8,6-8,8 МДж, 800 г – 8,8-9,0 МДж/кг ҚЗ құрайды.

Ұрғашы баспақтарды азықтандыру типін таңдағанда жергілікті азықтық базаға негізделіп, ең бірінші кезекте, аймақта ең көп таралған және өзіндікқұны төмен азықтарды пайдалану қажет. Ірі, шырынды және құнарлы азықтармен азықтандыру мөлшері азықтарды өндіру жағдайлары мен ұрғашы баспақтарды өсіру интенсивтілігіне байланысты. Дала және құрғақ дала аймақтарында рациондарда ең үлкен үлесті сүрлем және пішендемеге, жартылай шөл аймақта және таулы аудандарда – пішен мен сабанға тиесілі.

Ұрғашы баспақтарды біркелкі өсіру кезінде пішен типті рационның құрамына пішеннің 37,0 % үлесіне 21,4 % сүрлем, 10,0 % пішендеме 28,6 % құнарлы азықтар, құнарлығы бойынша 3,0 % өзге азықтар келеді, интенсивті өсіру кезінде пішендеменің үлесін өзгертпей кұнарлы азықтардың деңгейін 35,3 және пішенді 38,8 %-ға арттырудың арқасында сүрлемнің үлесі 13,6 %-ға дейін, өзге азықтардың үлесі 2,3 %-ға дейін төмендейді.

Сүрлем типті азықтандыру рациондардың құрамы ұрғашы баспақтарды біркелкі өсіру кезінде 21,1 % пішен, 37,4 % сүрлем, 10,0 % пішендеме, 28,4 % құнарлы және 3,1 % өзге азықтардан, кұрама типті кезінде – сәйкесінше 22,6, 23,2, 22,7, 28,5 және 3,0 %-дан тұрады. Баспақтарды интенсивті өсіру кезінде сүрлемді және құрама типтегі рациондарда құнарлы азықтардың үлесі басқа азықтардың мөлшерін төмендетудің арқасында 35,5-35,7 %-ға дейін артады [11]. Азықтандырудың сүрлемді типі көмірсуларға бай тез қорытылатын азықтарды қосуды талап етеді. Қысқы азықтандыру үшін тамыр жемісті тобынан қантты және азықтық қызылша, тарна, куузика ең құнды болып табылады. Олар жануарлардың ас қорыту, өсу, даму мен күйіне қолайлы әсер етеді, қант бойынша рациондарды теңестіруге көмектеседі. Азықтандырудың сүрлемді түрі қалыпты көбею қабілеті мен жақсы асыл тұқымды қасиеттері бар жоғары өнімді сиырлардың қалыптасуына, сонымен қатар ағзаның ірі және шырынды азықтарды әлдеқайда толық қолданылуы мен зат алмасудың жоғарлауына әсер етеді [30].

Біркелкі өсіру кезінде тайыншалардың 1 кг құрғақ зат рациондарында алмасу энергияның концентрациясы 9,4-9,5 МДж, шикі протеиннің – 11,4-11,6 %, ал интенсивті өсіру кезінде – сәйкесінше 9,6-9,7; 11,6-11,8 %. Қантты протеинді қатынас рациондарда сйкесінше – 0,8 және 0,9 құрайды.

Жазғы мерзімде қашарларды табиғи және егілген жайылымдарда баққан жөн. Табиғи азықтық шабындықтарда қашарлар 15,6-17,8 кг-ға дейін әр түрлі шөптерді жинайды [11]. Жайылымдық маусымның басында және соңында оларға пішен, пішендеме және құнарлы азықтармен қосымша азықтандыру керек. Қажет болса қосымша минералды-витаминді азықтандыру ұйымдастырылады. Қосымша азықтандырудың көлемі мен мөлшері шабындықтың күйі мен оның құрамындағы қоректік заттарға байланысты анықталады [33]. Жасыл азықтар қашарлардың жазғы рациондарында құнарлығы бойынша 75,0 %-дан 100,0 %-ға дейін орын алады [11].

Жайылымдық азықта жоғары өсімді алудың негізгі шарты бағудың айдау жүйесі мен қашарларды үзіліссіз жасыл азықтармен қамтамасыз ету болып табылады. Қашаларды пайдаланудың кезектілігі мен ұзақтығы шабындықтардың сипатты мен жайылымдардың шығымдылығына байланысты бекітеді. Жайылымдарда суаттардың жақсы көздері болуы тиіс [10].

Қашарлар мен бұқашықтарды 6 айлық жасынан бастап бөлек өсіреді. Бұл жаста әрбір жануардың келешектегі арналуын анықтайды: табынның ремонтына қалдырады, асыл тұқымды табынға сату үшін, етке бордақылау үшін өсіреді. Сүттен кейінгі кезеңде азықтандыру көбею, сүт түзу мүшелерінің, сүйектің және өзекті қаңқаның, қанқа бұлшық еттерінің (әсіресе, статодинамикалық түрдегі), ас қорыту мүшелерінің және басқа да өмірлік маңызы бар дене бөліктерінің морфологиялық және физиологиялық дамуын жақсы қамтамасыз етуі керек. Бұнымен қоса тым артық жыныстық тез жетілгіштікті және кеш жетілгіштікті, көзге білінетін семіздікті алдын алу керек [12]. Сондықтан азықтандыру толық мөлшерлер бойынша ұйымдастырылуы керек. 6 айлық жасқа дейін сүттің минимальді мөлшерінде, ал сүттен кейіңгі кезеңде сүрлемнің үлкен көлемі бар рациондарда өсірілген тайыншалар өсімдіктекті азықтарды қорыту мен пайдаланудың жоғары қабілетімен ерекшелінеді [30].

Шамадан тыс жыныстық тез жетілгіштіктің салдарының кері әсері әсіресе қашарларда байқалады. Бірінші жабылуға дейін овуляцияның көп болуы салдарынан оларда аналық бездің сарысулы ісігі және басқа да жыныс қызметінің ақаулары пайда болады. Бұл қатты семіруге және лактация қызметінің бәсендеуімен жануарлардың қысырлығына әкеп соқтырады [13].

Шағылыстыру уақытында ұрғашы баспақтарды дұрыс азықтандыру мықты, дені сау және жоғары өнімді жануарлардың қалыптасуына әсер ететін басты фактор болып табылады. Бұл мерзімде азықтандыру деңгейі мен сапасына жануарлардың жалпы күйі ғана емес, сонымен қатар жаңа туған бұзаулардың сапасы мен олардың келешектегі дамуына ықпал ететін жыныс жасушаларының сапасы да тәуелді [30].

Өсіп жатқан ағзаның биологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, мөлшерлі азықтандыру тайыншалардың жақсы денсаулығына, қалыпты дамуы мен өсуіне, жоғары өнімділіктің және мықты конституцияның қалыптасуына, олардың шаруашылықтық пайдалану мерзімінің ұзаруына ықпал етеді. Мөлшерлі емес азықтандыру өсуді кідіртіп, бұлшық етті және сүйек ұлпаларының дамуын бұзады және жетілу мерзімін ұзартады. Толық құнды емес рациондарда өсірілген жануарлардың әдетте аяқтары ұзын, денелері жіңішке болады және олардан жоғары сүт пен ет өнімділікті күтуге болмайды [12].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]