Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муканова Фариза.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.56 Кб
Скачать

1.2 Ремонттық ұрғашы баспақтарды өсіру технологиясы

Ремонттық төлдерді өсірудің негізгі мақсаты тез жетілгіш, конституциясы мықты жақсы дамыған, жоғары өнімділікті қалыптастыру үшін өсімдіктекті азықтардың үлкен көлемін пайдалана алатын жануарларды алу болып табылады [32].

Асыл тұқымды шарауашылықтарда үдемелі технологиялар үшін ремонттық төлдерді бағытталған өсірудің тиімді жүйесін жетілдіру – бүгінгі уақытта зоотехния ғылымының негізгі міндеттерінің бірі. Жаңа технологиялардың талаптарына сәйкес келетін жоғары интенсивті ремонттық төлдерді бағытталған өсірудің қажетті шарттарының бірі – жануарлардың өсуі мен дамуын жоспарлау. Бұл толық жасты жануарларды қосқанда барлық жастық кезеңдер бойынша тірілей салмақтың қажетті деңгейін алуға, жануарлардың түрін бір үлгіге салуға мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған шара. Бағытталған өсіру кезінде азықтандыру түрі өсіп жатқан жануарлардың күтіп-бағудың тиімді жүйесімен сәйкес келуі керек. Бұл өз кезегінде оларды мықты дене бітімінің және жақсы денсаулығының қалыптасуына әсер етеді [37].

Осы шақта ремонттық ұрғашы баспақтарды мамандырылған шаруашылықтарда өсіру әлдеқайда кең өріс алған. Бұл кезде технологияның негізгі бөлшектері болып табылады:

  • Алдын ала бекітілген график бойынша мамандырылған шаруашылықты бірдей жасты жануарлармен айналымды топтастыру.

  • Нәтижесінде белгілі жастағы баспақтарды бір өндірістік ғимараттан басқасына көшіретін өндірісітік процесстердің ағынды ұйымдастырылуы.

  • Технологиялық жабдықтарды жөндеуге және санацияны өткізуге мүмкіндік беретін «бос - бос емес» қағидасын ұстану арқылы секцияларды пайдалану. Санация (санация жасау – латын сөзі – емдеу) – жануарлар жоқ кезде гимаратты қолайсыз микрофлорадан емдеп жазу.

  • Бекітілген мерзімді есепке ала отырып бөлек секцияларда белгілі жастағы жануарларды күтіп-ұстау циклограмамен сәйкес қатаң сақталуы.

  • Жануарларды өсірудің барлық мерзімдерінде күтіп-ұстаудың біркелкі жүйесі: жазда-жайылымдық, қыста-қора жайда, байлаусыз [3].

Ремонттық ұрғашы баспақтарды өсіру шаруашылықтың нақты шарттарын есепке ала отыра жануарлардың жасы мен физиологиялық ерекшеліктерімен сәйкес технологиялық айналымымен түсіндіріледі. Ремонттық төлдерді өсіру бойынша шаруашылықтың өлшемін бекіту кезінде бірлестікке кіретін ауданның, аймақтың осы шаруашылыққа деген қажеттілігін анықтайды. Кешендерді айрықша асыл тұқымды және жоғары өнімді ірі қара шаруашылықтары бар аймақтарда ұйымдастырады.

Баспақтарды өсіретін арнайы шаруашылықтарды жасау кезінде келесі шарттарды есепке алады: бірлестікке кіретін басқа шаруашылықтарға қарағанда олардан тым алыс болмаған жөн; жылдың барлық маусымдарында, кез келген ауа райы кезінде жануарларды, әсіресе, баспақтарды тасымалдауға мүмкіндік беретін басқа шаруашылықтармен жақсы жол байланысы; азықтық жер-сулармен, әсіресе, төлдер үшін жайылымдар мен азықтарға деген қажеттілікті қанағаттандыратын азық өндірісі деңгейімен қамтылуы; баспақтарды күтіп-ұстау үшін реконструкцияланатын мал шаруашылық ғимараттардың болуы; шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық амандығы [5].

Күзде бұзауларды енелерінен айырғаннан кейін тірілей салмақтары 1 класстан төмен емес, қажетті шығу-тегі бар және қалаулы типтегі баспақтарды сұрыптап алады. Жануарларды азықтандыру мен суландыру өтетін серуендік-азықтандыру алаңдарына еркін шығуға болатын жеңіл типтегі қораларда ұстайды. Алаң периметр бойынша ветеринарлық қорғау қақпасымен қоршалады [31].

Ремонттық ұрғашы баспақтарды өсіру бойынша кешендер бір уақытта 5-6 мың жануарларды күтіп-бағуға болатындай етіп жоспарланады.

Арнайы шаруашылықтар баспақтарды 10-15 күндік жасынан бастап, 23-24 айлық жасына дейін, яғни 7 айлық буазыдығына дейін өсіреді. Баспақтардың орташа тәуліктік өсімі 600-650 г деңгейінде болу керек. Оларда қабылданған технология көп еңбекті қажет ететін өндірістік процесстердің тиімді механизациялау тәсілдерін қолданып, олардың жастық ерекшеліктерін есепке ала отыра азықтандыру мен күтіп-бағудың оңтайлы шарттарын алдын ала ескереді.

Ремонттық ұрғашы баспақтарды өсіру технологиясы қамтамасыз етуі керек: біріншіден, интенсивті өсу мен дамудың тұқым қуалайтын кепілдеменің максималды байқалуын; екіншіден, өсіру мерзімінде, денсаулығы жақсы және үлкен топтармен өсіруге жарамды ересек жануарлардың жоғары өнімділіктің негіздерінің салынуын; үшіншіден, үнемді болып, замаңауи ұйымдастырушылық шешімдерге негізделуді.

Азықтандыру деңгейі мен қашарларды өсіру интенсивтілігі күтілетін өнімділікке сәйкес келуі керек. Қашарлардың интенсивті өсімі сиырларды өсіру мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Өсірудің бүкіл мерзімі бойынша баспақтардың 600-700 г орташа тәуліктік өсімдерін алу кезінде және олардың тірілей салмағы 360-400 кг болып, 16-18 айлық жасында ұрықтандырылған кезінде толық жасты сиырлардың 550 кг-нан артық тірілей салмаққа жететіндеріне кепілдік беріледі.

Жоғары өнімді жануарларды алу үшін ауыл шаруашылық кооперативтердің және ремонттық ұрғашы баспақтарды өсіретін кәсіпорындардың прогрессивті технологияларды ендірумен шаруашылықтық ішкі фермалар мамандырылуы қажет. Ремонттық ұрғашы баспақтардың белгілі бір шоғырлануы бар фермалардың мамандырылу қажеттілігін мынамен түсіндіруге болады, мысалы, 200 сиыр басы бар фермада жасында 15 күн айырмашылығы бар ұрғашы баспақтардың технологиялық тобы қысқы мерзімде жедел маусымдық төлдеу кезінде 10 бастан көп емес болып құрылады, ал біркелкі жылдық төлдеу кезінде 4-5 бас.

Сондықтан біртұқымды төлдердің тобын құру үшін мал басының оптималды концентрациясы қажет [5]. Топтағы бұзаулардың жасы мен салмағында айырмашылық неғұрлым аз болса, соғұрлым олар тез жетіліп, топ ішінде қашарлардың арасында антогонизм аз болады және мөлшерлі азықтандырудың қағидаларын ұстану да оңай. Бұзауларды сұрыптау кезінде жас, салмақ және денсаулық жағдайы негізгі көрстекіштер болып табылады [8].

Шаруашылықтың мамандырылуы баспақтарды өсіру технологиясын жасауға, экономикалық жағдайға оң әсер беретін өндіріс пен еңбек ұйымдастырылуын өзгертуге мүмкіндік береді [3].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]