- •Орындаған Муканова ф., 4 курсстуденті күндізгі оқу формасы
- •1 Әдебиетке шолу
- •1.1 Герефорд малының эволюциясының негізгі кезеңдері
- •1.1.1 Тұқымның Қазақстанда өсірілуі
- •1.1.2 Герефорд тұқымының ерекшеліктері
- •1.2 Ремонттық ұрғашы баспақтарды өсіру технологиясы
- •1.2.1 Ремонттық ұрғашы баспақтарды азықтандыру рационы
- •1.2.2 Ремонттық ұрғашы баспақтарды күтіп-бағу
- •1.2.3 Ұрғашы баспақтарды жайылымда ұстау
- •1.2.4 Ремонттыққ аналық баспақтарды өсіру бағдарламалары
- •1.2.5 Өнеркәсіптік негізде ремонттыққ тайыншаларды өсіру ерекшеліктері
- •2 Тәжірибелік бөлім
1.1.1 Тұқымның Қазақстанда өсірілуі
Герефорд өндіруші-бұқаларының қазақ даласындағы өмір тарихы А. А. Бальмоттың редакциясымен шығарылған «Қазақстанда шығарылған ауыл шаруашылық малдарының тұқымдары» (Алма-Ата қ. 1960 ж.) кітабынан белгілі.
Жерігілікті малдарды герефордтармен шағылыстыру үшін КСРО-ның ірі қара мал басының 25% есептелген үлкен аумақ бөлінген. Ол бүкіл Қазақстан – шығыстан батысқа, Тарбағатай тауларынан Приволжских далалары арқылы өтті. Бұл үлкен аймақ әр түрлі климаттық және азықтық шарттармен сипатталды. Әкелінген бұқашықтар келесі ретпен таратылған: Ақтобе мен Қостанай кеңшарларына малдың 36%, Ақмола, Қарағанды және Көкшетау - 30%, Батыс Қазақстан - 18% және Шығыс Қазақстан - 16%. Бұқашықтар салыстырмалы кішкентай жастарында әкелінген – 12 және 18 ай. Жануарлар қалыпты дамып, 4 және одан жоғары жасында жоғары өнімділік қабілеттілікті көрсетті, тірілей салмақтары орташа 740 кг (524-935 кг) болды. Өндіруші-бұқалар кеңшарларда қыста жайылымдарда ұсталды. Шаруашылықтарда бұқалар 12 жас, ал кейбіреулерінде 16 жасқа дейін де өсірілді [23].
1.1.2 Герефорд тұқымының ерекшеліктері
Өндірістің тиімділігі мен өтемділігі көбіне таңдалған тұқым мен оны пайдалануға тәуелді. Жануарлардың тұқымын дұрыс анықтау дегеніміз - табиғи, азықтық және басқа да қорларды толық пайдалану мүмкіндікті қамтамасыз ету, жануарларға олардың асыл тұқымды және өнімділік қасиеттерінің генетикалық потенциалдың пайда болуына септігін тигізетін дұрыс күтіп-бағу, азықтандыру мен күтім шарттарын құру. Сондықтан ірі қара шаруашылығы жоғары дамыған әлемнің барлық елдерінде сиыр еті өндірісінде арнайы мамандырылған етті тұқымдар пайдаланылады. Ондай тұқымдардан мамандырылудың жоғары деңгейінде төлді өсіру кезінде тірілей салмақтың 1000-1300 г орташа өсімін алуға болады [24].
Өнімділік бойынша тұқымды таңдау кезінде негізгі талаптар:
- ұзақ кезең кезінде төл өсімінің жоғары интенсивтілігі, үлкен соңғы тірілей салмағы, ұшаның жоғары сапасы, азықтардың жақсы өтемділігі;
- жыл сайын әр сиырдан тіршілікке қабілетті бұзауды алуды қамтамасыз ететін аналықтардың жақсы туу көрсеткіштері;
- сиырлардың жоғары сүттілігі, оларды ұзақ пайдалану қабілетті;
- жануарлардың бейімделгіштікке қабілетті [34].
Бүгіңгі таңда герефорд тұқымы әлемнің ең көп әрі танымал етті тұқымы болып табылады. Оның саны 200 млн бастан асады. Дүниежүзілік қауымдастыққа бұл тұқым бойынша жер шарының әр түрлі аймақтарында 23 мемлекет кіреді.
Бұл тұқымның жануарлары әсіресе АҚШ, Канада, Мексика, Оңтүстік Америка, Австралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка елдерінде кең таралған.
Герефорд малдарының түсі әр реңді қызыл: бас, әуке, құрсақтың төменгі бөлігі және аяқтары, сонымен қоса құйрықтың ұшы ақ. Мұрын айнасы ақшыл қызылғылт түсті. Герефордтардың түсі басқа тұқымдармен шағылыстыру кезінде едәуір тұрақты тұқым қуалайды. Дене бітімінің түрі бойынша герефордтар мамандырылған етті малдарға тән классикалық пішінге (тікбұрыш) ие [3]. Басы кішігірім, кең, әукесі жақсы дамыған, аздап алға шығынқы, тұлғасының алдыңғы және артқы бөлімдері жақсы дамыған, кеудесі терең әрі кең, арқасы мен белі кең [23].
Герефорд малдарының экстерьері қазіргі уақытта кейбір тұқымдық ерекшеліктермен жоғары ет өнімді жануарларға әбден тән. Бұл ерекшеліктер ең біріншіден иықтарының тамаша қойылуында және оның үлкен бұлшық етпен қамтылуында, сонымен қатар жоғарыға аз таралатын жауырындарда жатыр. Осы ерекшелігінің арқасында герефорд малдары басқа етті тұқымдардың арасында бірінші орынға ие [1].
Жануарлардың конституциясы жиі дөрекілік жағына ауытқуымен мықты. Жануарлардың басы қысқа, ауқымды; мойны толық, қысқа; мұрын айнасы ақшыл қызғылт түсті; мүйіздері жоғары және аздап алдыңғы жақтарына бағытталған, олардың реңі қошқыл ұштарымен ақшыл (ақ); қысқа, мықты, кең қойылған аяқтарда тұлғасы терең, әрі ұзын; шоқтығы, арқасы, белі және құйымшағы түзу, кең және жақсы бұлшық етті; кеудесі домаланған, жақсы дамыған әукесімен кең; бұлшық еті бүкіл денесі бойынша біркелкі дамыған; терісі үлкен шел қабатымен қалың; сүтті белгілері әлсіз дамыған [2].
Темперамент. Қызбалығы бойынша герефорд бұқа-өндірушілері өте сабырлы және тілалғыш, тіпті алдеқайда ересек жасында олар ешқашан үлкен қиындықтарды туындатпайды. Герефорд тұқымының сиырларының мінез-құлқы да сабырлы, оларда әсіресе аналық түйсік жақсы дамыған [7].
Тірілей салмағы және еттілік қасиеттері. Қазіргі уақытта тазақанды ағылшын герефорд өндірушілердің салмағы едәуір жоғары және 1000 кг, ал кей кезде одан да көпке жиі жетеді. Герефорд малдарының тарихында бірнеше рет жануарлардың салмағы 1000 кг-нан айтарлықтай көп болған жағдайлар тіркелген. Мысалы, Веллингтон бұқасының салмағы 1815 ж. 1165 кг, ал одан кешірек Дженерал (1251) бұқасының салмағы 1584 кг жеткен, ал Котмор (376) – 1780. Екі жасты бұқаларының салмағы көбінесе 800-850 кг жетеді, ал біржылдықтар – 500-600 кг. Ересек сиырлардың салмағы орташа 600 кг, ал көрмелік денеде - 700-750 кг. Герефорд малдарының жоғары еттілік қасиеттері әрқашан барлық мал зауытшыларының назарында болды.
Бірақ герефордтардың ең басты артықшылығы олардың тез жетілгіштігі болып табылады. Бұл жағынан олардың бәсекелестері жоқ деуге болады. 40-50 жж. «бэби-биф» типтес жас жоғары сапалы ет өндірісі АҚШ, Англия, Канада және басқа да көптеген елдерде басты назарда болды. «Бэби-биф»-ке жарамды жануарлар әлдеқайда тез жетілгіш, себебі оларға 15-18 айлығында сапасы ең үздік еттің үлкен мөлшерін беру талабы қойылды. Көптеген жылдар бойы герефордтарға басқа етті тұқымдардың арасында тең келетіндер болған жоқ және тек соңғы жылдардың ішінде абердин-ангус тұқымының жануарлары бірінші орынға шыға бастады [2].
Жануарлардың ет өнімділігін келесі көрсеткіштер бойынша бағалайды: сойыс алдындағы тірілей салмағы, ұша шығымы, сойыс массасы және сойыс шығымы, субөнімдерінің массасы, қордағы майдың морфологиялық құрамы мен сипаттамасы, органолептикалық және қоректілік құндылығы, ең құнды және құндылығы төмен ұша бөлімдерінің арақатынасы [25].
Жақсы бордақыланған герефорд малдарының сойыс шығымы 65 % жиі жетеді, бұл кезде ет өте майлы болып шығады, оның құрамында 30-35 % дейін май болады. Сондықтан етті сатқан кезде ондай ұшалардан жабын майдың 40-50 кг-на дейін алынып тасталады, содан кейін қалған етті ең жоғары бағамен сатады [2].
Еттің сапасы көп жағдайда жартылай ұшадағы оның жұмсақ бөлігіне қатысты сүйектер, буындар мен сіңірлердің салыстырмалы салмақ арақатынасымен анықталады [36].
Англияда әдетте сиырлар 600-700 кг, бұқалар - 800-1000 кг, максималды 1500 кг тартады. Туылған кезде бұзаулардың тірілей салмағы 28-37 кг. Жақсы азықтандыру жағдайында герефордтарда жоғары тез жетілгіштігі байқалады: 12-14 айлық жасында олар орташа қондылықтан жоғары болып салмақтары тайыншаларда - 297 кг, бұқашықтарда 320 кг жетеді; 18 айлық жасында олардың салмақтары орташа 396 және 430 кг.
Герефордтардың денесі етті маймен бірқалыпты жабылған, жіңішке талшықты және жоғары калориялы. Сойыс шығымы орташа 65%, бордақыланған ересек жануарларда 70%-ға жетеді [2]. Герефорд малдарының етті өте нәрлі және дәмді, бірақ нәзіктігі мен мәрмәрлігі бойынша шортгорндардың етіне жетпейді. Тез жетілгіштігі бойынша бұл тұқым шортгорндарға аздап жетпейді, бірақ соңғыларынан мықтырақ конституциясымен және құрғақталған климаттық аймақтарға тиімді бейімделгіштігімен ерекшелінеді [26].
Мал шаруашылығын қарқыландыру ет өндірісінің өсуін ғана емес, сонымен қатар жануарлар өнімділігін бағалауды жетілдіруді да болжайды. Ірі қара малдардың өніміділігінің салыстырмалы бағасы әр түрлі өнімділік бағыттағы жануарлардың оптималды қалаулы дене бітімі типін анықтау үшін қажет.
Тәжірибе үш топ жануарларға жүргізілген. I (п=20) топқа ықшамды, II (п=20) топқа - орташа, III (п=20) топқа - жоғары өсімді дене бітімді бұқашықтар сұрыпталды. Ет өнімділігінің сандық және сапалық көрсеткіштері жалпы қабылданған нұсқаулар бойынша зерттелді. Ұшаны бағалау кезінде еттілік коэффициентін (К1) (толық еттілік индексі) Груднев Д. И. және Смирницкий Н. Е. ұсынған (1965) жамбастың орындалуын (К2) есепке алды:
К1= (ұша салмағы, кг / ұша ұзындығы, см) х 100%;
К2= (жамбас көлемі, см / жамбас ұзындығы, см) х 100%. Бұқашықтар 15 және 18 айлық жасында сойылды.
Барлық алынған ұшалар бірінші топқа жатқызылды, бірақ олар дамуы мен бұлшық еттенуі бойынша ажыратылды. Экстерьері ықшамды типтегі бұқашықтардың ұрпақтарының ұшалары сойыс кезінде 15 айлық жасында ықшамдылық пен еттілікпен сипатталған. Бел және арқа бөлімдері толық әрі бұлшық етті, жамбас – ірі және жұмырланған, ал мойын мен сирақтары қысқа. Жоғары өсімді типтегі бұқашықтардың ұшалары үлкен ұзындықпен ерекшеленді. Осылай, 15 айлық жасында олар бұл көрсеткіш бойынша өздерінің басқа топтардағы сол жастағы бұқашықтарды 11,0-20,5 см (4,7-9,2%; Р< 0,95), ал 18 айында 17-27 см (7,1-11,8%) асып түсті. Ең кіші ұша ұзындығы ықшамды типтегі жануарларда байқалды. Бірақ бұл бұқашықтарда ұшаның толық еттілігінің максималды коэффициенті 15 айлық жасында байқалды, бұл шамасы, олардың жоғары өсімталдығымен түсіндіріледі. Дене массасының ең интенсивті өсімі ең кеш мерзімде ұшаның толық еттілік коэффициентінің едәуір ұлғаюына ықпал етті. Осылай, 18 айлық жаста оның ең үлкен көрсеткіші дене бітімі жоғары өсімді типтегі жануарларда болды. Ықшамды типтегі бұқашықтардың ұшаларында 15 пен 18 айларында жамбастың ең жақсы орындалуы болды. Бұл бұқашықтардың ұшаларында құйрық түбінде, жамбастың жоғарғы бөлігінің ішкі бетінде, кеуде бөлімінде, арқа және бел бөліктерінде жабын майлары көп болды. Жабын майларды 5 балдық шкала бойынша көзбен бағалау кезінде бұл топ бұқашықтарының ұшалары балдардың жоғарғы санын алды (20), ал II және III топта - сәйкесінше 18 және 17 балл. Яғни, ірі дене бітімді бұқашықтарда тері асты май көлемі аз болды [4].
Көптеген сүтті және сүтті-етті тұқымдармен шағылыстыру кезінде ұрпақтардың еттілік қасиетті жақсара түседі. Көптеген ғалымдармен өткізілген зерттеу жұмыстары бойынша, шағылыстырудың ең орынды түрі симментал х герефорд және лимузин х герефорд болып табылады. Бұл тұқымдар бір-бірін өзара толықтырады, шағылыстырудың ондай түсі кезінде енесінен айырған кезде бұзаулардың шығуы 8-10, ал енесінен ажыратылған төлдердің тірілей салмағы 5% жоғары. Будандардан алынған еттің сапасы жоғары, жұмсақ, нәрлі, бастапқа тұқымдармен салыстырғанда еттің шығуы 15-20% көбірек [9].
Тез жетілгіштік, конституция мықтылығы, әр түрлі климаттық жағдайларда жайылымдық күтіп-бағуға жануарлардың жақсы бейімделгіштігі, жоғары ет өнімділігі сияқты негізгі қасиеттерінің арқасында герефорд малдары көптеген елдердің малшыларының назарында. Қазіргі уақытта герефордтардың үлкен көлемі Америка Құрама Штаттарында, Ұлыбританияда, Австралияды, Жаңа Зеландияда шоғырланған.
Жануарлар айырықша климаттық және азықтық жағдайларға жақсы бейімделеді, сонымен қатар жақсы шыдамдылықпен ерекшелінеді [1].
Ет бағытындағы жануарлар әр түрлі табиғи-климаттық шарттарда көбеюге жоғары жерсіну қабілеттерімен сипатталатыны белгілі. Герефорд пен қазақтың ақбас сиыры тұқымының көбею қабілетінің көрсеткіштерін салыстыру мен талдау үшін Твер облысы шарттарында ООО «Алтай» базасында зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақтың ақбас тұқымының ұрғашыларында бірінші төлдеудің жасы герефорд тұқымы жануарларымен салыстырғанда 7,1% жоғары. Бұл мынамен түсіндіріледі, герефорд тұқымының тайыншалары ұрықтандыру үшін оптималды тірілей салмаққа 15-15,5 айлық жасында жетті, ал қазақтың ақбас тұқымының тайыншалары тек қана 17 айлық жасында ұрықтандырылды. Бұл герефорд тұқымының тайыншаларын әлдеқайда тез жетілгіш етіп сипаттайды [27].
Герефордтарды Канада мен Ұлыбританиядан Ресейге 1930 жылдан бастап әкеле бастады. Сондықтан тұқымда таза тұқымды жануарлардың екі фенотипі белгілі – бұл ағылшын және канадалық герефордтар. Ағылшын түрі жоғары өсімталдығымен және ұзындығымен ерекшелініп, жақсы дамыған етті дене бітімге ие. Тұлғасы қалың және жібектей жұмсақ жүнмен қапталған. Сиырлары жақсы сүт өнімділігімен ерекшелінеді.
Канадалық және америкалық түрлері ағылшын түрінен кішірек, өндіруші-бұқалардың тірілей салмақтары 200-300 кг, ал сиырлардың 50-100 кг төмен, сүттілігі де төменірек. Канадалық жануарлар әлдеқайда ықшамды, аяқтары қысқа. Жүн жабындысы дөрекілеу [9].
Сүт өнімділігі. Сиырлардың сүт өнімділігі өзінің бұзауларын емізу үшін әбден жеткілікті. Бұл кезде сиырлар өздерінің жақсы қондылығын сақтап қалады [1].
Бүгінгі күні Қазақстанның 13 облысында герефорд тұқымының саны 22 мың басқа жетеді. Ең үлкен популяция Алматы, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан және Қостанай облыстарында шоғырланған. Негізінен берілген жануарлар Канада, АҚШ, Австралия, Германия, Чехия, Дания, Ирландия, Ресей және басқа да жақын және алыс шет елдерден импортталған. Әр түрлі табиғи-климаттық жағдайларға жоғары бейімделгіштігі, жайылымдарда ұзақ күтіп-бағуға шыдамдылығы мен тұрақтылығы, ұзақ көшімдерге жақсы төзімділігі бұл тұқымның Қазақстанның шегі жоқ даласында келешекте дамуына күдік қалдырмайды.
Қазақ малдарынан жаңа тұқым жануарларына конституция мықтылығы, ал герефордтардан жет жетілгіштік пен еттің жоғары шығуы тұқым қуалаған [28].
Герефордтың таза тұқымдары етті мал өсіретін шаруашылықтарда өнеркәсіптік және сіңіре шағылыстыру үшін пайдаланылады. Бұл тұқымның ең жақсы табындары Орал облысының шаруашылықтарында, Семей облысының «Шалабай» асыл тұқымды шаруашылықтарында шоғырланған [38].
