Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муканова Фариза.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.56 Кб
Скачать

1 Әдебиетке шолу

1.1 Герефорд малының эволюциясының негізгі кезеңдері

АҚШ, Канада, Австралия, Еуропа мен ТМД елдерінде өсірілетін көпке таралған ет тұқымдарының бірі герефорд болып табылады. Бұл малдың таралу аймағының кеңдігі оның климаттық жағдайлардың шеттерін жақсы бастан өткізуге мүмкіндік беретін тамаша бейімдеушілік қабілеттерімен түсіндіріледі. Герефорд тұқымын қалыптастыруда негізгі мақсаттар:сиыр етінің көпшығуы мен экономикалық тиімділігіболып табылады. Берілген қасиеттердің тұқымда бекітілгені соншалық, тіпті 200 жыл өткеннен кейін де оның ең басты нышаны болып табылады [23].

Бірінші кезең (XVIII жүзжылдықтың ортасы). Оңтүстік батыс Англияның қырлы аймағында орналасқан және өзінің тамаша жайылымдарымен танымал Герефорд графтығы болып табылады. Ол жерде герефордтар басқа тұқымдардан асып түседі. Оған қоса ағылшындар бұл жануарларды үлкен көлемде Шропшайр, Глочестер, Оксфорд графтықтарында және оларға жанасатын аудандарда өсіреді.

Герефордтардың шығу тегі (зерттеуші Ч. Племб көрсетуі бойынша) басқа да көптеген ағылшын тұқымдарының сияқты нақты анықталмаған, бірақ мамандардың көбісі оларды жергілікті абориген жануарлардан тарадыдеп есептейді. 1788 жылы ірі қара малдардың атақты білгіші Вильм Маршалл герефордтарды аралдың алғашқы тұқымы ретінде санауға болатыны туралы пікірін айтқан. Оған қоса өз түрлері бойынша бұл жануарлар ол уақытта қазіргі герефордтардан өте алыс болған және көбіне еттіден гөрі, жұмыс малдарына ұқсаған. Жануарлар көлемді тығыз бұлшық етке, қалың сүйек пен теріге, ауыр басқа, мықты мойынға, жақсы дамыған алды мен дөрекі конституцияға ие болған. Жануар әжептәуір кеш пісіп, еттің сапасы төмен етті беретін [1].

Тұқым жайылымда жайылған кезінде калыптасқан, себебі Англияның жұмсақ климаты оларды жыл бойы ашық аспан астында ұстауға мүмкіндік беретін. Бұның нәтижесіндегерефордтар мықты конституциясымен, жемге күйталғамаушылықпен және жайылымдарды жақсы пайдаланумен ерекшелінеді [35].

Екінші кезең (XVIII жүзжылдықтың екінші кезеңі). Герефорд тұқымын шығаруда ең танылған бастаушылар болып, үш ұрпақ бойы тұқымды жақсартуда жұмыс атқарған Томкинсон жанұясы болып табылады. 1723 жылы қайтыс болған Ричард Томкинс өзінің ұлына Бенджамин Томкинске сапасы орташадан жоғары табынды қалдырған, ол өз кезегінде онымен Англияның әр түрлі жерлерінде 65 жыл бойы жұмыс істеген. Бенджамин Томкинс қайтыс болғаннан кейін (1789 ж.) асылдандыру жұмысында айырмашылық үшін кіші деп атанған оның ұлы Бенджамин жалғастырған. Кіші Бенджаминнің (1745-1815 жж.) Англияда өз фермаларын ұстаған және асылдандыру жұмысында өзі әкелген малдарды ғана пайдаланған. Жақын туыстық өсіру әдісін қолданып, ол өз табынның жануарларын айтарлықтай жақсаруына қол жеткізген. Оның Сильвер Буль және Велингтон бұқалары ең үздік болып, тұқымды едәуір жақсартқан. Кіші Бенджамин Томкинстің арқасында герефордттардың біртіндеп денелері кеңейіп, аяқтары қысқарып, біршама тез жетіліп, сапасы жақсы етті көбірек берген. Жануарлардың сырт келбеті көркее түсті және олар жақсы дамыған арқа мен мәнерлікке ие болды.

Үшінші кезең (XIX жүзжылдықтың екінші жартысы). 1846 ж. зауытшы Эйтон герефорд малының асылтұқымды кітабын құрып, оның екі томын шығарды. Кітаптың бірінші томына 551, ал екіншісіне 901 бұқа енгізілді. 1857 ж. асыл тұқымды кітапті 1857-1878 жж. тағы да 7 томын шығарған герефорд малдарын өсіру бойынша Ауыл шаруашылық қоғамы сатып алған болатын.

1878 ж. Англияда кейін асыл тұқымды кітап тиесілі болып кеткен герефорд асыл тұқымды кітаптың қоғамы құрылды. 1886 ж. 15 том шығарылғаннан кейін асыл тұқымды кітаптың тазалығы үшін оны жабық етуге шешім қабылданған. Онда тіркелетін малдың атасы мен енесі тіркелген жағдайында ғана жануарлар тіркелетін болған. 1962 ж. № 120651 бастап 123303 дейін, яғни 2652 бұқалар мен тайыншалар тіркелген герефорд малының асыл тұқымды кітабының 92-нші томы шықты.

Төртінші кезең (XIX жүзжылдықтың екінші жартысы). Бұл кезеңде герефорд малдары Дүниежүзілік Париж көрмесіне қатысып (1856 ж.), 1857 ж. асыл тұқымды кітап Ауыл шаруашылық қоғамның басқаруына өтіп, 1876 ж. герефорд асыл тұқымды кітаптың Қоғамы (1886 ж. ол жабық типтегі кітапқа айналды) құрылды; жануарлар ет өнімділігі, тез жетілгіштігі, жайылымдық күтіп-бағуға бейімделгіштігі бойынша жетілдірілген болатын; герефордтар Канадаға экспортталып (1860 ж.), 1890 ж. оларды өсіру бойынша канадалық қауым ұйымдастырылды; 1881 ж. герефорд малының америкалық асыл тұқымды кітабы құрылды.

Бесінші кезең (XX жүзжылдықтың бірінші жартысы). Тұқы герефордтарды шығару бойынша зауытшылар АҚШ-нда жұмыс істеп, 1913 ж ондай малдардың асыл тұқымды кітабының бірінші томы шығып, олар Канадаға әкелінген. 1829 -1932 жж. герефорд малдары қазақ (қырғыз) малдарымен шағылыстырылу үшін Уругвай мен Ұлыбританиядан КСРО-ға ауқымды түрде әкелінген.

Алтыншы кезең (XX жүзжылдықтың екінші жартысы). 1955-1975 жж. грефорд малдары АҚШ, Канада мен Англиядан (1513 бұқа мен 6243 құнажын қашарлар КСРО-ға әкелінген. Олардың саны КСРО мен әлемнің басқа елдерінде (1974 ж. басында 260300 басқа дейін) өсті. Малдардың ірілігі мен денелерін кеңейту бойынша селекция жұмысы жүргізілді [35].

Қалаулы типтегі өкілдерді өсіру үшін «өз ішінде» және туыстық шағылыстырылу қолданылды. XVIII ғ. ортасы мен XIX ғ. басына қарай малдармен асыл тұқымды жұмыс әлдеқайда жемісті болып, тұқым шоғырландырылған болатын [2].

Герефордтардың түсі тұқымның даму тарихы барысында бірнеше рет ауысты. Вильм Маршаллдың айтуы бойынша бұл тұқымның басты түсі тақыр тұмсықпен қызыл болатын, кейінірек түстердің сан алуан түрлері пайда болды. 1846 ж. асыл тұқымды кітаптың бірінші томын шығарғанда, Эйтон герефордтарды төрт түске бөлген болатын: ақ бетпен қызыл, шұбар бетпен қызыл, ақшыл-сұр және қоңыр-сұр. Асыл тұқымды кітаптың бірінші және екінші кітаптарында барлық төрт түстің малдары тіркелген. Бағытталған сұрыптау мен жұптаудың арқасынд 25 жыл өткеннен кейін, өсіру кезінде жануарлардың ақ бетпен қызылдан басқа барлық түстері жойылып кетті, ал соңғысы тұқымның стандартты белгісі ретінде қабылданған. Қазір герефорд тұқымына тән түс бас, мойын, әуке, құйрық түбі, құрсақ пен аяқтың астыңғы жақтары ақ түстес қызыл болып табылады. Жануарлардың көбісінде әр түрлі өлшемдегі шоқтық пен арқасында ақ дақ кездеседі, бірақ бұл белгінің болуы міндетті емес [1].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]