
- •Орындаған Муканова ф., 4 курсстуденті күндізгі оқу формасы
- •1 Әдебиетке шолу
- •1.1 Герефорд малының эволюциясының негізгі кезеңдері
- •1.1.1 Тұқымның Қазақстанда өсірілуі
- •1.1.2 Герефорд тұқымының ерекшеліктері
- •1.2 Ремонттық ұрғашы баспақтарды өсіру технологиясы
- •1.2.1 Ремонттық ұрғашы баспақтарды азықтандыру рационы
- •1.2.2 Ремонттық ұрғашы баспақтарды күтіп-бағу
- •1.2.3 Ұрғашы баспақтарды жайылымда ұстау
- •1.2.4 Ремонттыққ аналық баспақтарды өсіру бағдарламалары
- •1.2.5 Өнеркәсіптік негізде ремонттыққ тайыншаларды өсіру ерекшеліктері
- •2 Тәжірибелік бөлім
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Муканова Ф.
«Шатило и К» ЖШС шарттарында герефорд тұқымына жататын ремонттық аналық баспақтарды өсіру тиімділігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Қ
останай,
2015
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра менгерушісі
____________Г.Шайкамал
___ ____________20___ж.
5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша
«Шатило и К» ЖШС шарттарында герефорд тұқымына жататын ремонттық аналық баспақтарды өсіру тиімділігі тақырыбына
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған Муканова ф., 4 курсстуденті күндізгі оқу формасы
Ғылыми жетекші Кубекова Б.-а.ш.ғ.,
оқытушы
Қ
останай,
2015
Мазмұны:
Кіріспе...................................................................................................................3-4
1 Әдебиетке шолу:
1.1 Герефорд малының эволюциясының негізгі кезеңдері..............................5-7
1.1.1 Тұқымның Қазақстанда өсірілуі...................................................................7
1.1.2 Герефорд тұқымының ерекшеліктері.....................................................7-12
1.2 Ремонттық ұрғашы баспақатарды өсіру технологиясы..........................12-14
1.2.1 Ремонттық ұрғашы баспақтарды азықтандыру рационы.......................14-17
1.2.2 Ремонттық ұрғашы баспақтарды күтіп-бағу........................................17-18
1.2.3Ремонттық аналық баспақтарды жайылымда ұстау............................19-20
1.2.4 Ремонттық аналық баспақтарды өсіру бағдарламалары.........................20-21
1.2.5 Өнеркәсіптік негізде ремонттық тайыншаларды өсіру ерекшеліктер..21-22
2Тәжірибелік бөлім........................................................................................... |
|
||||
2.1 |
Зерттеу материалы мен әдістемесі…………………………........... |
|
|
||
2.1.1 |
«Шатило и К» ЖШС қысқаша сипаттамасы.............................................. |
|
|||
2.2 |
Зерттеу нәтижелері ..............................………………………........ |
|
|||
2.2.1 |
|
|
|||
2.2.2 |
|
|
|||
2.2.3 |
|
|
|||
3 Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау......................................................... |
|
||||
Қорытынды……………………………………………………………............. |
|
||||
Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………….................... |
|
||||
Қосымшалар ....................................................................................................... |
|
Кіріспе
Қазіргі уақытта азық-түлік өндірісі өзекті мәселе болып табылады. Бұл мәселені шешуде мал шаруашылығы үлкен рөлге ие, себебі бұл сала әлемдік, сонымен қатар республикалық масштабтарда азық-түлік қорлардың негізгі өсімін қамтамасыз етеді. Статистика Агентігінің мәліметтері бойынша соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстандағы ірі қара мал басының саны 9,7 млн бастан 6,0 млн басқа қысқарды, ірі қара ет өндірісінің жылдық көлемі 709600 тг-ден 396090 тг-ге төмендеді. Ет импорты 3 есеге дейін артты (6 мыңнан 20 мың т.), бұл қазіргі таңда саланың текқана елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатындығын куәландырады.
Саланың мәселесі – малдың төмен ет өнімділігі, жеммен қамтамасыз етушіліктің жетіспеушілігі, орта буын мамандарының жоқтығы, ветеринарлық қызметтің жеткіліксіздігі, жануарларды азықтандыру мен күтіп-бағу технологияның бұзылуы [17].
Ет – басты азық түлік өнімі, ақуыз көзі. Ет бағытындағы ірі қара шаруашылығы өндірушіге еңбек және материалды қорларды жыл бойы қолдануға мүмкіндік береді. Ет және ет өнімдері мемлекеттің стратегиялық азық-түліктік қауіпсіздіктің ажырамас бөлшектері болып саналады. Тұрғындардың бір жанға шаққанда мал шаруашылығының өнімдерін тұтыну көрсеткіштері іс жүзінде, ұлттың денсаулығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады [34].
Бүкіл әлемде, әсіресе дамыған елдерде, ет бағытындағы ірі қара шаруашылығы осы шаруашылықтың басқа бағыттарына және мал шаруашылығының салаларына қарағанда әлдеқайда қарқынды дамып келеді. Айтарлықтай дәрежеде бұл тек ет бағытындағы шаруашылықтарда өткізілетін ірі қара малдарының кейбір ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Олардың ішінде, ең бірінші кезекте, ұша мен еттің жоғары сапасы. Етті малдардан алынатын ұшалар құрамында сүйек пен сіңірлердің аз болуы, әлдеқайда бағалы кесіктердің жоғары шығуымен, ет ақуызымен майдың жақсы арақатынасымен сипатталады [10].
Қазақстанда сиыр етін өндіру осыдан 20 жыл бұрынғы деңгейге әлі жеткен жоқ. 1990 жылы елімізде сойылған мал есебі бойынша 1,6 млн. т ет өндірілген болатын, оның ішінде сиыр етінің үлесі 45 пайызды көрсетеді. 2010 жылы бұл көрсеткіш 700 мың. тоннадан шамалы ғана асты, оның ішінде сиыр етінің мөлшері 50 пайызды құрады. Қазіргі кезде, бұрынғыдай сиыр еті өндірісін көбейту тек сүтті және сүтті-етті ірі қара мал тұқымын пайдалану негізінде шешілуде [20].
Арнайы етті ірі қара мал тұқымдарының көптеген ерекшеліктері бар. Бұл мал жоғары ет өнімділігімен және етінің аса сапалылығымен, тез жетілгіштігімен, өнімге азықты аз жұмсайтындығымен ерекшелінеді [18]. Етті малдардың технологиялық артықшылықтары дегенде, олардың табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану қабілеттілігін, күрделі жабдықтарды қажет етпейтін қарапайым қора-жайларда күтуге болатын мүмкіндіктерін атап өтуге болады [29]. Оларды сойған кезде жеуге жарамды жұмсақ еті мол, халықаралық стандарт талабына сай ауыр ұша және сапалы тері шикізаты алынады [18]. Ет бағытындағы ірі қара шаруашылығының тағы да басқа артықшылығы –бұл үлкен капитал салымдарсыз дамыту мүмкіндігі, жануарларды бағып күту жүйесін дұрыс ұйымдастырудың арқасында ет бағытындағы сиырларға қорадағы мал тұратын жердің өзіндік құны сүтті сиырларға қарағанда 8-10 есе төмен. Ал бір басқа жаздық шығындарды 4-5 есе төмендетуге мүмкін бар.
Ет бағытындағы ірі қара шаруашылығының дамуы жемдік қорды үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығында салмағы 450-500 кг бұқашықты өсіруге 2 т жемге дейін жұмсалса, ет бағытындағы шаруашылыққа 400-500 кг, яғни 4-5 есе төмен жұмсалады [10].
Жақын жылдары бұл саланы ірілендіруге, шаруашылық субъектілерін мамандыруға, шаруашылықтарды етті ірі қара малдың көпшілік бөлігін шоғырландыруға, жергілікті азық жағдайына, ұдайы өндіруді қарқынды жүргізуге, төлдерді өсіруге, жайып-семіртуге және бордақылауға, өндіріс үдерісін ықшамдауға, сиырдың маусымдық төлдеуін реттеуге байланысты жұмыстар атқарылуы тиіс.
Қазақстанда етті ірі қара малдың алты тұқымы топтастырылған. Олар: қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл тұқымы, сантра-гертруда, «Жетісу» тұқымішілік сүлесі, галловей, герефорд және қалмақ сиыры. Соңғы жылдары етті ірі қара малға баса назар аударылуда [20].
Нарықтық жүйе жағдайында етті ірі қара шаруашылығын енгізу, ірі қараның ет өнімін арттыруды қарастыратын, өз төлінен жылдамдата көбейтуді талап етеді [19].
Соңғы жылдары мал азығы қорының нығайтылуына, жемшөп сапасының көтерілуіне және малды күтіп-бағу жағдайларының жақсартылуына қарамастан еліміздің көптеген шаруашылықтарында төл шығымы әлі де төмен қалпында қалып отыр. Сондықтан да, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселе қашарларды бір мақсатқа сай өсіру, олардың жасын, салмағын, жыныс аппаратының физиологиялық күйін, ұрықтағыштығын арттыруды және төлдеу кезінде, сондай-ақ төлдеудің соңғы кезеңінде қолайлы жағдай жасауды ескере отырып табынды өз төлінен көбейту жағын ұйымдастыру шарасы болып отыр [21].
Осылай, бүгінгі күні мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің басты міндетті, тұрғындарды ет пен ет өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады. Ет, әсіресе, ірі қара малдың өндірісін ұлғайту, оның сапасын жақсарту мен өзіндікқұнын төмендету мәселесі - маңызды халық шаруашылық мәнге ие [22].