Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жандос Ахметжанов КСМ проект.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
263.5 Кб
Скачать

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәнінен кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша курстық зерттеу жұмыс

Бағыты: Қазақстан әлеуметі

Тақырыбы: Жастар арасындағы топтық бұзақылықтардың өршу мәселесі

(2838 сөз)

Орындаған: Ахметжанов Жандос Ахметжанұлы, 12 «Е»

Жетекші: Шаянбаева Салима Босқынбаевна

2014-2015 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе 3

Теориялық бөлім 4

1.1. Қылмыс 4

1.2. Жазаны тағайындау және іске асыру 4

1.3. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың себептерін анықтау 4

1.4. Жастар арасындағы қылмыстың өршуіне әсер ететін факторлар 5

Зерттеу бөлімі 6

2.1. Жергілікті тұрғындар арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы 6

2.2. Жергілікті мектеп психологтарымен жүргізілген сұхбат нәтижесі 11

2.3. ІІБ қызметкерімен жүргізілген сұхбат нәтижесі 13

Қорытынды 14

3.1. Мәселенің себептерін анықтау және шешу жолдары 14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

Қазіргі таңда, психологиялары толық қалыптаспаған жеткіншектердің арасында қылмыстың өршуі байқалады. Бұл менің осы тақырыпты алып, зерттеуіме түрткі болды. Кәмелет жасына толмаған балалардың қылмысқа баруы көбіне отбасындағы тәрбие, ата-ананың балаға деген назарының жетіспеушілігінен туындайды. Дегенменде, баланың өскен ортасы да аса үлкен рөл атқарады. Қоғамда жасөспірімдердің қолымен жасалған үлкен- кіші қылмыстарға көп назар аудармай, арнайы құқық қорғау органдарына хабарланбай жатуын жиі байқаймыз. Жеткіншектік кезек, ақылдары толмаған, психологиялары толық қалыптаспаған, өтпелі кезеңде деп есептейді. Жастардың қылмысқа баруына мына факторлар әсер етеді: отбасындағы жағдай, оқу орнына бармау немесе қашып кетіп, бос жүру, экономикалық жетіспеушіліктер және өз құқықтары жайлы ақпараттанбағандығы. Статистикаға сүйенсек, соңғы 3 жылда жеткіншектердің қолымен жасалған қылмыстар саны артқан. Олардың ішінде жйі кездесетіндері: кісі өлтіру, алаяқтық, ұрлық және топтасып төбелесу[1].Зерттеу жұмысында негізінен академиялық ақпарат көздері қолданылатын болады. Мәселенің себептері соларға сәйкес анықталады. Сонымен қатар жұмыста жергілікті тұрғындар арасында жиналған ақпарат та қолданылатын болады. Олар: жасөспірімдер арасында жүргізілген сауалнамалар, жергілікті мектеп психологіменжүргізілетін сұхбат. Жиналған ақпараттарды талдай отырып, салыстыру барысында мәселенің себептерін анықтаймын. Соған сәйкес шешу және алдын алу жолдары ұсынылады.

Мақсаты:

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс санының арту себептерін, оған әсер етуші экономикалық және әлеуметтік факторларды анықтау. Мәселенің алдын алу және шешу жолдарын ұсыну.

Өзектілігі:

Соңғы жылдары елімізде қылмыс жасау белең алуда. ІІМ берген мәліметке сүйенсек, биылғы жылы жастардың қолымен жасалған қылмыс былтырғымен салыстырғанда 11,8%-ға төмендеген. Дей тұрғанмен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ұсынған ақпараттары көңіл көншітпейді. Статистика бойынша 2011 жылы кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектердің 5000-ға жуық қылмыс тіркелсе, 2012 жылы 6070–ті, 2013 жылы 6362-ні құраған[2]. Осы себепті, бұл қазіргі күндері көкейкесті мәселе болып тұр.

Негізгі бөлім

Теориялық бөлім

Жасөспірім кезеңі- балалық шақтан жастық шаққа өтетін адам өміріндегі кезең. Бұл уақытта адамның психологиясы, өмірге көзқрасы, мінез-құлқы өзгеріске ұшырайды. Бала ересек өмірге бір қадам жақындайды. Тез ашуланшақ, қателіктерге бейім болып келеді. Адам бойында баланың шалалығы да, ересектік те байқала бастайды. Сонымен қатар, физикалық тұрғыдан да айтарлықтай өзгереді.Әдетте, бұл 12-18 жас аралығында байқалады.

Қылмыс- құқық бұзушылықтың бір түрі болып табылады. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Жаза- сот үкімі бойынша қылмыс жасаған азаматқақылмыстық кодексте көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазалаудың негізгі мақсаты әділеттік орнату, заң бұзған азматтарды жазалап, қалпына келтіру және алдағы қылмыстардың алдын алу болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде істелген іс- әрекетің, яғни қылмыстың сипаты мен қоғамға төндірген қатері, айыпталушының жеке басы, мінез–құлқы, жазаны жеңілдету және ауырлату мән-жайлары ескеріледі[3].