
- •Мазмұны:
- •I ислам діні және мәдениет
- •1.1 Исламның өнерге көзқарасы.
- •1.2 Мұсылмандық бейнелеу өнері, сәулет өнері және поэзиясы
- •II қазақстандағы ислам мәдениетінің алатын орны
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы ислам мәдениеті мен мешіттердің монументальды – сәндік безендірілуі
- •2.2 Ислам және Қазақстан мәдениеті.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны:
КІРІСПЕ 2
I ИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ 5
1.1 Исламның өнерге көзқарасы. 5
1.2 Мұсылмандық бейнелеу өнері, сәулет өнері және поэзиясы 25
II ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ 40
2.1 Қазақстан Республикасындағы ислам мәдениеті мен мешіттердің монументальды – сәндік безендірілуі 40
2.2 Ислам және Қазақстан мәдениеті. 54
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Ұлт тәрбиесінің басты құралы - өнер. Жас ұрпақ ислам дінінің негізінде қалыптасқан тәрбиенің құнды қасиеттерін бойына сіңіріп, бүгінгі өмір талабына керекті жақтарын іздестіреді. Ислам дінінің берік орын алып күш қуатының дамуына, оның жас ұрпақ тәрбиесіне деген ізденістердің тәжірибелік ғылыми көзқарастың жақындасуына әсерін тигізетін тіке жол, ол - өнер, яғни музыка арқылы ислам дінінің негізінде көптеген табыстарға жетуге болады. Ислам дінінің «түпкі сырының өзі адамгершілікті, шыншылдықты, қамқорлықты, аяушылықты, жанашарлықты, біліктілікті, еңбекқорлықты, өнерпаздықтарды қалаған. Ал қатыгездік пен зұлымдықтардан арылудың жолын уағыздаумен келді. Адамзаттың құндылығын сақтайтын қасиеттерді іздестірген ислам діні тудырған құран сүрелерінің бәрі дерлік ауызекі әуеннің негізінде жатталып айтылды. Құран сүрелері саф тазалығымен ауыздан - ауызға әуен негізінде жетіп, халық арасына кең тарады. Құран оқылған кезде жігерлі дауысқа салып, жоғары диапазондағы регистрмен әрбір әріптің нақты естілуін салақты қадағалаған. Жатталған сүрелер тыңдаушылардың құлағына тез жетіп сіңімді болу үшін әуеннің атқарған ролі өте жоғары болды.
«Аңыздарға қарағанда, Әбу Бәкір Құранды жылап отырып, әндетіп оқығанда, естушілер еріксіз денелері балқып, көздеріне жас алатын болыпты.» Құран сүрелерін әуен негізінде вокалды қойылым арқылы жүзеге асырса, дауыс ерекшелігі тұрақталып оның тез жатталуына мүмкіндік беріп отыратын көмекші құрал бола алады. «Бірде мерекелік намаздан кейін біздің әулие пайғамбарымыз өзінің жақын досы Әбу Бәкірмен бірге отырады. Осы уақытта Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жұбайы Айша қурайда сол кездегі ұлттық әуенді ойнайды. Әбу Бәкір: «ойнауды тоқтат, пайғамбардан ұялсаңшы» деп оған ашуланады. Сонда пайғамбар: «әр тайпаның өз қуанышты күні бар, ал бізде осындай үлкен, қуанышты мереке» деген екен. /1/
Бұл айтылған сөз музыкалық құралды пайдалануға болатындығын анық дәлелдей алатын шығар. Егер бұл күнә болса, оны пайғамбар ойнауға рұқсат бермеген болар еді. Діни әдет - ғұрыптарды белгілі бір музыкалық мақаммен орындау ежелден келе жатқан діни - мәдени құбылыс екенін өз мәдениетімізден де көруге болады. Музыка мен өлеңнің яғни сөздің тығыз байланыста болғандығын әнші ақындар өнерінен байқауға болады. Ақындықпен қатар әнші, бата оқу, жыр, терме, күйші, сазгер, би өнерлерін дамытып, құран сүрелерін қоса жаттап біліп отырған. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыруда музыканың атқарар қызметі үлкен. Ол ислам дінінің жалпы заңдылықтарына сүйене отырып, ұлттық мәдениетке табан тірейді. Бұл тұрғыда қазақ музыка өнерінің синкретті сипаты аса қолайлылық туғызды, әсіресе музыканың Құранмен байланысын синтезді әдіспен қолдану ізгілік мұраттарды шешуде тиімді жол болып табылады. Жас ұрпаққа ислам дінінің негізінде тәрбие беру құралы ретінде музыка тек өнердің басқа түрлерімен, соның ішінде Құранмен тығыз байланыста екенін көреміз.
Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеті.
Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты - ислам дінінің сөз өнері, поэзиясы, көркем әдебиеті, сәулет өнерінің ерекшеліктерін көрсету. Мұсылман сөз өнері, мұсылман поэзиясы ретінде дүние жүзілік мәдениеттің қорына теңдесі жоқ үлес қосқанын, жаратқан Алланы мадақтап, әділетсіздік пен зұлымдықты құр бос уақыт өткізумен, жалқаулықты қатты сынға алып адамды шынайы, рухани өсіруге, олардың жүрегінде имандылығын жабуға, өз өлеңдерімен мұсылман ақындары өз үлестерін қосқанын баса ашып көрсету.
Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысымның алдына мынадай міндеттер қойылды:
өнерге исламның көзқарасы қандай?
ислам өркениеті, әдет – ғұрпы және бүгінгі ислам;
исламның діни – мәдени салт – дәстүрлері;
мұсылман бейнелеу өнерін, сәулет өнерін, мұсылман поэзиясы негізгі құндылық ретінде талдау;
қазақтарда ислам өнерінің алатын орнын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысымның жаңалығы.
Зерттеген бітіру жұмыстың ғылыми жаңалығы – ислам өнерінің түгелдей халық тағдыры мен тығыз байланыстығын көрсету. Мұсылмандық көркем өнер бір келкі арабтық пен аяқталмай, мұсылмандық арасында парсылық, зороастрлық стилдің бар болуында.
Бітіру жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.