- •3 Курс студенттеріне арналған
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Модуль-1
- •Тақырып: «Қауіпсіздік техникасына оқыту және нұсқау беру»
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырып: «Тыныс алудың дербес қорғаныс құралдарын талдау»
- •Қорытынды мазмұны
- •Жалпы мағлұмат
- •Тыныс алу органдарын қорғайтын жеке құралдардың конструкциялары
- •Тәжірибелік бөлім
- •Бақылау сұрақтары
- •Модуль-1
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 1-Еңбекті қорғаудын құқық теориялык негіздері.
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •1. Адамға электр тогының әсері
- •2. Электр тогының қауіптілігін анықтайтын факторлары
- •4. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмелердің ауа ортасын зерттеу».
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жұмыс орнының жарықталғандарын зерттеу Табиғи жарықтануды есептеу.
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмедегі ауаның шаңдылығын зерттеу»
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Жарақаттануды талдау»
- •Жарақаттанудың экономикалық зардаптары
4. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін
алғашқы көмек
Адамды электр тогы соққанда тоқ көзін бірден өшіруге, босатуға
болмайды. Егер кернеулігі 1000В болса құрғақ таяқ, шүберек, киім т.б.
қолданылады. Мұндай жағдайда аяғынан сүйреп, тоқ соққан жерден
жарақаттанушыны міндетті түрде алып кетеді. Бұл кезде көмектесуші адамның қолы құрғақ болу керек. Қолды изоляциялау үшін диэлектрлік не бризент қолғап немесе қолды жай шүберекпен орап алу қажет. Өзінді жерден
изоляциялау үшін резеңке галош сияқты аяқкиімдер көмек болады. Олар жоқ
болса, тақтай немесе тоқ өткізбейтін төсеніштер салынады. Алғашқы көмек
көрсету тәсілдері жарақаттанушы күйіне байланысты. Оны анықтау үшін:
1. Қатты тегіс жерге шалқасынан жатқызып, жүрек, қан-тамыр соғысын тексеру керек.
2. Көз қарашығын бақылау керек (қарашығы үлкейген болса, қан айналымның тоқтағанына байланысты, яғни адам өліп кетеді).
Барлық жағдайда да жарақаттың күйіне байланыссыз дәрігер
шарықтылуы тиіс. Егер жарақаттанушы есін жоғалтпаған болса, бірақ оған
дейін ессіз күйде болса, оның үстін жауып тыныштық күйде дәрігер келгенше жатқызып, қан жүрек тамырының соғуын үнемі бақылау керек.
Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
2а- тәжірибелік жұмыс.
Тақырып «Өндірістік бөлмелердің ауа ортасын зерттеу».
Жұмыстың мақсаты: Газ-анықтағыш УГ-2 приборының жұмыс-істеу принципін, құрылысын және өндірістік белмөдегі ауаның құрамындағы зиянды газ бен будын жиынтығын анықтау тәсілдерін оқып үйрену.
Жұмысты орындау тәртібі:
1. УГ-2 приборының құрылысы мен жұмысын оқып үйреніңдер.
2. Жұмыс орнындағы ауаның құрамындағы виянды газ бен будың жиынтығын анықтау методикасымен танысыңдар.
3. Көп таралған газ және сұйық буларының шекті мөлшерін жазып алыңдар.
4. Жұмыс орнындағы зиянды газ жиынтығын анықтап, шекті мөлшерімен салыстырыңдар. (Тәжірибені екі қайталап жасаңдар).
Тәжірибе зиянды газдармен қолданылған көру көп зиянды газ нөмірі булардың атаулары прибордың маркасы ілемі мл газдармен булармен будың ж.ш.м. Олардың мг/м3 жиынтығы тәжірибе бойынша /мг/м3.
Жалпы мағлұмат. Кейбір жұмыс орындарында зиянды газ бен булар үздіксіз бөлініп тұрады. Автомашиналардың жұмыс істеуі кезінде әсіресе цилиндрдегі жанар қоспалардың, дұрыс жанбауынан көмір қышқыл газы, мал шаруашылығы фермаларында аммиак бөлініп шығады.
Кейбір жөндеу цехтарында ауа мұнай өнімдерінің булармен қанығады, әсіресе бензинмен. Ауадағы зиянды қоспалар жұмысшылардың денсаулығына зиянды. Сондықтан жұмыс орындағы зиянды газдардан және шаңдардан арылу үшін тиісті шаралар қолданылады. Аз мөлшердегі зиянды газ организмде жойылып немесе одан тасталатын болғандықтан, адамға қатты салалын тигізбейді.
Желдеткіш-қондырғыларды жобалау және санитарлық жағдайларды жақсарту үшін жұмыс орнындағы ауадағы зиянды және қауіпті заттардың құрамын білу керек.
Ауадағы заттардың жиынтығы мг/ма өлшемімен өлшенеді.
Жұмысшы бөлмедердегі атмосфераның улануынан сақтану үшін улы заттарды анықтау, ауаның құрамын зерттеу қажеттігі туады. Ол үшін газ анықтағыш УГ-2 приборы қолданылады.
5-сурет.
Ауа ортаның газдылығын зерттеуге арналған лабораториялық қондырғы: 1-газ камерасы, 2-резеңке қолғапты бекітетін тесік, 3-жеңіл буланғыш сұйық құйылған ыдыс, 4-газ анықтағыш резеңке түтікшесі, 5-индикаторлық түтікше, 6-газ анықтағыш штоғы, 7-фиксатор, 8-УГ-2 газ анықтағышы, 9-желдеткіш.
Газ анықтағыштың жұмыс істеу принципі. Газ анықтағыштың жұмысы зиянды қоспалар мен ластанған ауаны индиаторлық түтікше арқылы өткізуге бейімделген. Индикаторлық түтікше зиянды қоспалардың әсерінен түсін өзгертетін химиялық сезгіш затпен /реактивпен/ толтырылған. Зиянды заттың көлемін индикаторлық түтікшедегі химиялық сезгіш заттың боялған ұзындығына байланысты табады (прибордың комплектісіндегі шкала бойынша).
Ауа сорғыш құрылғымен индикаторлық түтікше арқылы сорылады. Темірден жасалған жабық тұрықтың (корпустың) ішінде резеңке сильфон (ауа сорғыш) орнатылған. Ол үнемі пружинамен керіліп тұрады. Корпустың жоғарғы бетінде втулка арқылы өтетін шток қондырған. Штокты тоқтату үшін ойық жасалған. Екі ойықтың арасы шток қорғалған кезде анализге қажетті ауаның көлемін соратындай етіп алынған.
Әр түрлі газдар үшін зерттейтін газ жиынтығына байланысты бір немесе екі сору көлемі берілген. Әрбір газ көлемі үшін өзінің өлшеу шкаласы бар.
Зерттелетін ауа көлемі штокта белгіленіп жазылған. Әрбір штокта 4 түрлі ауа көлемін зерттейтін 8 ойық бар. Прибордың комплектісіне 4-шток кіреді. Олармен төмендегідей ауа көлемдерін зерттеуге болады: 30, 60, 100, 120, 150, 220, 250, 300, 325, 350, 400 мл.
Корпустың екінші бетінде бұрандалы штуцер орнатылған, ол резина түтікше арқылы сильфонға жалғанған. Штуцердің екінші жағына резина тутікше арқылы индиаторлық түтікше жалғанады. Өлшер алдында сильфоңды штокпен сығады да, фиксатормен ұстатып қояды. Фиксаторды босатқан кезде шток көтеріледі де, сильфон жазылады. Сосын фиксатор екінші ойыққа келгенше ауа сорығады. (6-сурет)
Сүзгіш патрон. Сүзгіш патрон диаметрі 10 мм, екі шеті жіңішкеріп келген, іші химиялық ұнтақпен толтырылған, шыны түтікшеден жасалған.
Ұнтақ төгілмес үшін түтікшенің екі шеті гидроскоптық мақтамен тығындалған.
Сүзгіш патрон зерттелетін газды басқа заттардан бөліп алу үшін қолданылады.
Индиаторлық түтік газ ені ендіріледі.
Индиаторлық түтіктен әзірлеу үшін ұзындығы 90-91 мм, диаметрі 2,5.
6-сурет
Ауа сорғыш құрылғысының схемасы. 1 - тұрық, 2 - сильфон, 3 - пружина, 4 - кергіш сақина, 5 - 2 ойығы бар қанау, 6 - ютск, 7 - втулка, 8 - фиксатор, 9 - плата, 10 - резеңке түтіше, 11 - штуцер, 12 - резеңке түтікше.
2,6 мм шыны, түтікше қолданылады. Түтікше қолданар алдында хром қоспасымен шаю керек. Сонан соң оны 120-130°С-да кептіреді. Егер ұнтақ пен гигроскоптық тақта арасында бос орын пайда болса, оны мақтамен нығыздау арқылы келтіру керек. Штокты басқан кезде стопор шток ойығындағы жоғарғы тесікпен дәл келуі керек. Сол кезде сильфон сығылады.
Ауа сорғыш құрылғы дайын болғаннан кейін, резеңке түтікшеге индикаторлық түтікше кигізіледі. Индикатордық түтікшенің екінші жағына резеңке түтікше арқылы сүзгіш патрон жалғанады. Сонан соң индикаторлық түтікше мен патронды зерттеу жүргізетін зонаға қояды да, фиксаторды тартып тұрып штокты босатып жібереді. Осы сәттен бастап сильфон сүзгіш патрон және индикаторлық түтікше арқылы газды сора бастайды. Шток жоғары жылжып, төменгі тесігі стопордың тұсына келгенде тоқтайды, дыбыс шығады.
Штоктың жылжыған уақытын белігілеп алу керек. (9-қосымша). Егер кестеде көрсетілген уақытта жылжып үлгірмесе, анализдің дұрыс жасалмағаны. Шток тоқтағаннан кейін де ауа сору тоқталмайды.
Ауадағы зиянды қоспаның әсерінен индикаторлық түтікшедегі ұнтақ түсі өзгереді. (анализден кейінгі кейбір ұнтақтардың түсі 10-қосымшада берілген).
Боялған ұнтақ бағанасынан биіктігі шкала бойынша газ жиынтығын көрсетеді. Анализдің соңынан сүзгіш патронды тез арада тығынмен жауып тастаңдар.
Газ анықтағышты қолданудағы негізгі ескертулер.
Біз осы прибормен дәл қорытынды алу үшін және ұзақ қолдану үшін төмендегідей ережелерді сақтау керек.
1. Индикаторлық түтікшені қолдану үшін оның қақпағын сыртқы зақымдалмауын және уақыт мерзімінің сақталуын, сонымен қатар ұнтақтың тығыздығын тексеріп тұру.
2. Индикаторлық ұнтақтың дұрыс тығыздалуын және прибор жұмысын штоктың қозғалған уақыты бойынша тексеру.
3. Ұнтақты түтікке саларда бөлме іші құрғақ, әрі ауасы таза болуы тиіс. Түтікшені химиялық ұнтақпен толтырғаннан кейін ампулдың, ауызын тығынмен жабу керек.
4. Жабылған ампулдағы химиялық ұнтақтың уақыт мерзімі шыққан күннен есептеліп сыртында көрсетілген.
5. Сильфонды штокпен ұзақ болмайды.
6. Сильфоннан ауа еркін шығуы керек.
Иңдикаторлық түтікше шток сығылғаннан кейін барып салынады.
Штокты маймен, не вазелинмен жұқалап майлау керек.
Прибордың іші сұйық не басқа заттардан таза болуы керек.
Газ анықтағышты ыстық және газы, буы бар таттанғыш жерден бөлек сақтау қажет.
Бақылау сұрақтары.
1. Ауыр жұмыс жағдайында улы заттармен улану қауіпі неліктен көп?
2. Жұмыс аймағындағы бірнеше зиянды заттар үшін олардың К.Ш.М. қалай анықталады?
3. Индикаторлық түтікше арқылы зиянды заттар газдар жиынтығын анықтау принципі неде?
4. Индикаторлық түтікше мен сүзгіш патронның айырмашылығы неде? (қызметі).
5. Зиянды заттардың адам денесіне өту жолдарын атап көрсетіңдер. Қайсысы қауіпті, неліктен?
6. УГ-2 приборының жұмыс істеу принципі және ескертпелері.
