- •3 Курс студенттеріне арналған
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Модуль-1
- •Тақырып: «Қауіпсіздік техникасына оқыту және нұсқау беру»
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырып: «Тыныс алудың дербес қорғаныс құралдарын талдау»
- •Қорытынды мазмұны
- •Жалпы мағлұмат
- •Тыныс алу органдарын қорғайтын жеке құралдардың конструкциялары
- •Тәжірибелік бөлім
- •Бақылау сұрақтары
- •Модуль-1
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 1-Еңбекті қорғаудын құқық теориялык негіздері.
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •1. Адамға электр тогының әсері
- •2. Электр тогының қауіптілігін анықтайтын факторлары
- •4. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмелердің ауа ортасын зерттеу».
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жұмыс орнының жарықталғандарын зерттеу Табиғи жарықтануды есептеу.
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмедегі ауаның шаңдылығын зерттеу»
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Жарақаттануды талдау»
- •Жарақаттанудың экономикалық зардаптары
Тәжірибелік бөлім
1. ЖЕКЕ қорғаныс құралдарын оқып үйрену.
2. У-2К респираторынан тұқым қоймасында жұмыс жасау үшін қажетт санын есептеп шығарындар. Ауа шандылығы - 40, 45, 30, 20 мг/м3, жұмысшылар саны 3, 5, 6, 8 жұмыс уақыты- 30, 60, 70, 80 сағ.
3. Жөндеу шеберханасыдағы ауа шаңдылығы - 25, 40, 45 мг/м3, жөндеу уақыты 200 сағ, 4, 6, 10, 12 жұмысшы үшін Ф-62 респираторының қажетті санын есептеп шығарыңдар.
4. Жұмыс аймағында ауа шаңдылығын 60 мг/мэ, жұмыс уақыты - 36 сағ, 2, З, 5, 10 жұмысшы үшін астра-2 респираторының қажетті санын есептеп шығарыңдар .
5. Компрессор цехының жұмыс аймағында ауа шаңдылығы - 150 мг/м3, жұмыс уақыты-8 сағ, РП-К респираторының 8, 10 жұмысшы үшін қажетті санын анықтаңдар.
Бақылау сұрақтары
1. Тыныс алу органдарын қорғайтын құралдар қандай негізгі кластарға бөлінеді?
2. Противогаздардың сүзгіш қораптарының қандай маркаларын білесіңдер?
3. Респираторларда ауаны шаңнан тазалау негізіне қаңнай принцип алынған?
4. Арнаулы киім және аяқ киім қандай зиянды факторлардан қорғануға арналған?
5. Тыныс алу органдарын қоргайтын құралдардың қажетті саны қандай факторларға
байланысты есептеледі.
6. Өнеркәсіптік противогаздар қандай жағдайларды зиянды газдардан қорғануға
пайдаланады?
7. Респиратор, противогаз өлшемдерін қалай тандайды?
Модуль-1
3 - тәжірибелік жұмыс
Тақырып: «Өрт сөндірудің техникалық құралдарын оқып үйрену».
Жұмыстың мақсаты: өрт сөндіру құралдарының жұмыс істеу принциптерін, оларды қандай жардайларда қолдануға арналғанын білуге дағдыландыру.
Өз бетімен жұмысқа тапсырма: Ауыл шаруашылығы негізгі жұмыстарындағы өрт қауіпінен сақтану жұмыстарын, өрт сөндіргіш заттармен олардың қасиеттерін, өрт сөндіруді сумен қамтамасыз ету тэртібін, өрт сөндіргіштерді оқып үйрену.
Жалпы мағлұмат
Өрттен қорғау үшін объект сөндіру құралдары мен ерт сөндіруге сэйкес өрт сендіру техникасымен, отқа төзімділігі мен оттың таралу, шектері есептелінген құрылыс конструкциясымен, объект конструкциялары антирирендерді сіңіріп, беттерін оттан қорғайтын бояулармен, өрт таралуын шектейтін кұрылғылармен, өрттен сақтанудың жеке жэне коллективтік құралдарымен, түтінге қарсы қорғанудың жүйелерімен қамтамасыз болуы керек.
Объектінің өрттен қауіпсіздігі 12.1.004-85 мемлекеттік стандартпен, кұрылыс нормалары жэне ережелерімен, салааралық жэне салалық ережелер жэне стандарттармен жэне объектілердің ерт қауіпсіздігі нормалары жэне нұсқауларымен тэртіптеледі. Өрт қауіпсіздігі өрттен сақтану жэне өртті болдырмау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Барлық өндіріс орындары өрт сөндірудің бастапқы кұралдары, автоматты түрде өрт сөндіру үй иесінің жэне өрт дабылын беретін жүйемен қамтамасыз болуы керек.
Ауыл шаруашылығы бөлімдерінде өрт қаупінен сақтануды қамтамасыз ету бөлім басшылары немесе олардың міндетін атқарушылардың жауапкершілігінде болады.
Өрт сөндіру үшін қолданылатын арнайы қондырғылар, құралдар тұрақты,
жартылай тұрақты жэне жылжымалы болып бөлінеді.
Бастапқы құралдарға қол жэне көшпелі өрт сөндіргіштер, су пульттері, шелектер, сүймен, қармақ, күректер жатады. Бұл құралдар өрттің алғашқы кезеңіңде өрт сөндіруші бөлімшелер келгенше қолданылады.
Өрт сөндіргіштер өрт сөндіретін заттарына қарай ауа - көбікті, химиялық көбікті, сұйық көмірқышқылды, бүркіп шашатын жэне ұнтақ - болып бөлінеді.
ОХП-10. Ол көлеміндегі аузы тиекті қондырғымен қамтамасыз етілген бұрандалы қақпақпен жабылатын ыдыспен /сауыттан/ жасалған. Өрт сөндіргіштің қышқылмен зарядталған бөлігі - өрт сөндіргіштің ішінде тұратын полиэтилен стакан пружиналы, ре зеңкелі клапаны бар сабақпен жабылып, оларды тиекті қондырғы ұстап тұрады. Ыдыстың аузында тесікті жауып туратын саптама болады. Мембрана тесікті жаба отырып өрт сөндіргіштен, қышқылдың ағып кетуіне жол бермейді. 0.08-0,14 КПа мембрана жарылады /ашылады/.
Өрт сөндіргіштің корпусында зарядтың сілті бөлігі - натрий бикарбонатының к өбік құрайтын сұйық ерітіндісі болады. Қышқыл бөлігі күкірт қышқылының темір жэне алюминий сульфаттарымен қоспасы. Өртсөндіргішті іске қосу үшін тиекті қондырғының кұлағын І80°-қа бұрып өртсөндіргіштің түбін жоғары қаратып жану ошағына көбікті бүркеді. Құлақты бұрағанда қышқыл құйған стакан ашылып, қышқыл мен сілті бөліктер араласып реакция нэтижесінде көмірқышқыл газы кұралып, суықтарды қарқынды араластырып, нэтижесіңде көбік кұрайды. Өрт сөндіргішті қолданар алдында көбік бүркетін тесікті түйреуішпен тазалау керек. Өртсөндіргіштің жұмыс қысымы 0,5 МПа, эрекет ету уақыты 50-60 сек, шапшып ағу ұзындығы 6-8 м, көбік мөлшері 40-55 м , еселігі 6-дан кем емес жэне тұрақтылығы 40 мин.
Ескерту: Өрт сөндіргішті 2 МПа қысыммен I мин ішіңде сынақтан өткізеді, қолданылатын өртсөндіргіштердің I жылдан кейін 25%-і, 2 жылдан кейін 50%-і,-3 жылдан кейін 100 %-і сынақтан өткізіледі.
4-сурет, ОХП-ІО өртсөндіргішінің схемасы.
1 - тұрық, 2-тұтқа; 3-стакан; 4-клапан; 5-шығатын тесік; 6-іске қосатын сап; 7-шток; 8-бүріккіш; 9-тиекті мембрана.
Өрт сөндіргіштерді тексеріп қарағаңда /ең болмағанда айына I рет/ пломбасының бар-жоғын, бүрку тесігін тазалап, корпусын сүртеді. Тексеру нэтижесін журналға жазады. Ал жақсы жағдайында сілті бөлігіне Зл. этилен-гликол , 5л су қосып араластырады.
Көмірқышқылды өрт сөндіргіштер - /ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8, ОУ-25, ОУ-80/ жану ошақтарын газ не қатты /қар сияқты/ түрдегі көміртегі диоксидімен сөндіруге арналған. Бұл өртсөндіргіштер эртүрлі заттарды /ауасыз жана алатын заттардан басқасын/, 10 кв кернеудегі электр қондырғыларды сөндіруге арналған. Көміртегі диоксиді 6 МПа /қод/ жэне 15 МПа /жылжымалы/ өртсөндіргіштердің баллондарында сұйық күйінде болады. Қатты көміртегі диоксидін алу үшін өртсөндіргіштер арнайы ауызбен жабдықталады. Өртсөндіргіштерді іске қосу үшін оның аузын жану ошағына бағыттап рычагты басады немесе вентильдің маховигін сағат тіліне қарсы тоқтап қалғанша бұрайды. Өртсөндіргіштерді арнайы станцияларда толтырып, вентильдің маховигін пломбалап қояды. Көміртегі диоксидінің бар-жоқтығын 3 айға бір рет салмағын өлшеу арқылы тексереді. Егер толтырылған өртсөндіргіштің салмағы мөлшерінен 250г, кем болса, оны толықтыруға жібереді.
Сырттай тексергенде вентилі мен арнайы ауыздың дұрыстығын тексереді.
Өртсөндіргішті дымқыл барудан сақтаусыз жэне жылыту приборлары қасына қоюға болмайды, 5 жылға бір рет өртсөндіргіштер техникалық куэлеңдіруден өткізіледі. Ұнтақты өртсөндіргіштердің ОП-І, "Спутник", "Турист", "Момент", 0П-2л. ОПС-6, ІШС-ІО, т.б.-қол, ОП-10, ОП-250, СИ-І20 Т.Б. жылжымалы түрлері шығарылады.
¥нтақты өрт сөндіргіштерді женіл жанғыш жэне қызулы сұйықтарды, автотрактор двигательдерін, кернеу астындағы электр қондырғыларды, сілтілі металдарды сөндіруге қолданылады.
ОП-І "Момент" өртсөндіргіші пластмасса қорапта көмірқышқылы бар, баллоны бар стакан мен тиекті - соғу механизмінен тұрады. Ал корпусты ПСВ-2 немесе П-ІА ұнтағымен зарядтайды. Тиекті - соғу механизмі іске қосылғаннан кейін ұнтақ газдың қысымымен корпустан шығады, соның нэтижесінде ұнтақта. бұлт пайда болып отты сөндіреді, өрт сендіргішті 1-2м қашықтықтан пайдалану керек. Жұмыс жэне сақтану температурасы +30°,-20°С, ОП-І өрт сөндіргіштері корпустағы сиымдылығы жэне іске қосу қондырғылары әртүрлі болады. ОП-І "Спутник" корпусы сиымдылығы -І,2л. Ұнтақты шашу үшін корпустың алқымына тозаңдатқыштың қойылып ол қақпақпен жабылған. Өрт сөндіргіш тозаңдатқыштың қақпағын бұрап алып қалады, қатты сіліккенде іске қосылады. Ұнтақтаң ағып бітуі /20-50 сек/ сілкудің жиілігіне байланысты.
ОП-І "Турист" өрт сөндіргіш інін сиымдылығы - 1,8л„ ұнтақ зарядының салмағы-21,1,4 кг. Баллондағы қысым 0,5-0,4 МПа автомобиль насосымен ұру арқылы жасалып манометрмен тексеріліп отырылады. Өртсөндіргішті іске қосу үшін оны төңкеріп, мұрындығын суырып алып қалпағын қысып тұрып өрт ошағына ұнтақ ағысын бағыттау керек. Ұнтақтың ағып біту уақыты 15 сек, ағыс ұзындығы 3-4м.
Өрт сөндірудің алғашқы құралы ретінде құм, киіз, асбест жабындарын пайдалануға болады. Ауылдық жерлерде өртті сумен сөндіру үшін АЦ-30, АЦ-40 автомашиналары, МП-800, ВМП-1600 моторлы насостар жиі пайдаланады. МП-800 моторлы помпа екі ретті екі цилиндрлік 22 ат
күші бар бензин двигателі, 800 л/мин су сора алатын бір - баспалы газ ағынды вакуум аппараты бар центрден тепкіш насоспен қамтамасыз етілген. Мотопомпаны бойлай тазалықта ұстап, майлауы, жанар майы кұюлы жағдайда ұстау керек. Күнбе-күн жанар май бағындағы қоспаны араластырып бірнеше рет двигательдің валын айналдырып, эрбір үш кеннен кейін двигательді алдырып қою керек.
Жұмысты орындау тәртібі:
Өрт сөндірудің техникалық кұралдарын оқып үйрену.
Әр турлі объектілердегі өрт сөндірудің табельдік құралданынын нормаларымен танысу.
З.Өндіріс орнына қажетті өрт сөндіру құралдарының қажеті санын есептеу /оқытушының тапсырмасы бойынша./
4.Есепте өрт сөндіргіштердің эскизі, олардың техникалық сипаттамалары мен өрт сөндіруге қажетті құралдарды іске эдістері болуы керек.
