- •3 Курс студенттеріне арналған
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Модуль-1
- •Тақырып: «Қауіпсіздік техникасына оқыту және нұсқау беру»
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырып: «Тыныс алудың дербес қорғаныс құралдарын талдау»
- •Қорытынды мазмұны
- •Жалпы мағлұмат
- •Тыныс алу органдарын қорғайтын жеке құралдардың конструкциялары
- •Тәжірибелік бөлім
- •Бақылау сұрақтары
- •Модуль-1
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 1-Еңбекті қорғаудын құқық теориялык негіздері.
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •1. Адамға электр тогының әсері
- •2. Электр тогының қауіптілігін анықтайтын факторлары
- •4. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмелердің ауа ортасын зерттеу».
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жұмыс орнының жарықталғандарын зерттеу Табиғи жарықтануды есептеу.
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмедегі ауаның шаңдылығын зерттеу»
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Жарақаттануды талдау»
- •Жарақаттанудың экономикалық зардаптары
Тыныс алу органдарын қорғайтын жеке құралдардың конструкциялары
1. Шаңсүзгіш респираторлар.
А. ШБ-1 "Лепесток" клапансыз шансүзгіш респираторы.
Ол ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындаған кезде тыныс алу органдарын зиянды аэрозольмен, бөлмедегі трактор және комбайн кабиналарындағы, ауадағы шаннан қорғайтын жарты маска тәріздес құрал.
Сүзгіш бөлігі ППС материалынан жасалған. Ол екі /сыртқы және ішкі/ дәке қабатының арасында орналасқан. Сыртқы дәке қабаты органикалық әйнек ерітіндісімен сіндірілген.
200.40.5. цифрлары маркасын сипаттайды, респираторды ауа шаңдылығы шан жиынтығының шекті мөлшерінен 10 еседен жоғары болғанда, 10 есеге және 1,0 есе болғанда пайдаланылатынын көрсетеді.
ШБ-1 "Лепесток" респираторы тыныс алуға кедергісі төмендігі арқасында әр түрлі ауырлықтағы жұмыстарды орындағанда қолдануға болады. Мысалы: ізбес, цемент, көмір және тағы басқа тиеу, түсіру, қаптау жұмыстарында.
Респиратор теріс температураларда және жоғары ауа ылғалдығында қолдануға ұсынылмайды, өйткені маска астында пайда болған дымқыл респиратор тиімділігін төмендетеді, тыныс алуға кедергісін өсіреді.
Респираторлар ауызы жабылған /желімденген/ қағаз немесе полиэтилен пакеттерде сақталынады және пакетте респиратор маркасы, сүзгіш материал түрі жазылып көрсетіледі. "Лепесток" респираторы бір рет қолдануға арналған.
Респиратор салынған пакеттерді таза, органикалық еріткіш булары жоқ температурасы +50°С аспайтын бөлмелерде сақтау керек. "Лепесток" респираторы зиянды бу және газдардан алмайды.
Б. У-2К респираторы.
У-2К респираторы жеңіл жұмыстарды орындағанда және шаң Ж.Ш.М.15 еседен аспаған жағдайларда қолдануға ұсынылады. Ол сыртқы ұсақ саңылауы пеноплиуретан және ішкі-ППС сүзгіш қабатынан тұратын жарты маска тәріздес респиратор. Салмағы 55 грамм. Жарты маска іш жағынан ауа өткізбейтін пленкамен қапталған, оған екі дем кіретін клапан орнатылған. Жарты масканың орта бөлігінде дем шығаратын клапаны бар.
У-2К респираторы 3 өлшемде шығарылады. Өлшемін тандап алғаннан кейін, лас ауа өткізбейтіндігін тексеру керек. Ол үшін дем шығаратын клапанды алақанмен басып тұрып, шығару керек. Егерде респиратордың бетпен беттесіп тұрған жерінен ауа шықпаса, респиратордың дұрыс таңдалып алынғаны.
Респиратордың лас ауа өткізбейтіндігі мезгіл-мезгіл тексеріліп тұрады.
Жұмыс соңынан сыртқы шаңды сілкіп тазалайды, ал ішкі жағындағы мұрын тұсындағы кеңістік дымқыл шүберекпен сүртіледі. Соңан кейін пакетке салып қояда.
Респираторды механикалық зақымдалудан, дымқылдан, органикалық еріткіш және май әсерлерінен сақтау керек. У-2К респираторы толық ластанғаннан кейін қайта жөнделеді. В. Ф-62Ш және Ф-62ШМ респираторлары.
Ф-62Ш респираторы тыныс алу органдарын цемент, ізбес, көмір және тағы басқа шаңдарынан, сонымен қатар шан болып бұрқырайтын минерал тынайтқыштардан және дустіден қорғануға арналған, Ф-62Ш - жарты маска тәріздес, екі дем кіретін және шығатын клапаны бар респиратор. Сүзгіш бөлігі ППС материалынан оралып жасалған. Оны шаңнан сілкіп тазартады, толық ластанғаннан кейін ауыстыруға болады. Үш өлшемде шығарылады, өлшемі жарты масканың іш жағында көрсетіледі.
Ф-62Ш респираторының кейбір көрсеткіштері Астра 2 респираторына қарағанда төменірек. Бірақ сүзгіштін тез ауыстыруға болатындықтан тиеу-түсіру жұмыстарында қолдануға болады.
Ф-62ШМ респираторы, Ф-62 респираторы сияқты жасалған. Айырмашылығы сүзгіш бір қабат ППС материалынан істелген. Бұл тыныс алуға бастапқы кедергісін төмендетеді, бірақ қызмет мерзімін едәуір қысқартады. Запас бөлшектері полиэтилен пакеттерде сақталады.
Г. Астра-2 респираторы.
Астра-2 респираторы шаңнан қорғауға арналған өте тиімді құрал. "Тыныс алуға бастапқы кедергісі 30 ПА. Сондықтан шаң жиынтығы жоғары, әр түрлі ауырлықтардағы жұмыстарды жасағанда қолданылады.
ШБ-1 «Лепесток» Снежок-П У-2К Ф-62Ш
Астра-2 РПГ-67 РУ-60М
Астра-2 жарты маска тәріздес, дем кіретін және шығатын клапандары, екі потроны бар респиратор. Патронға ППС материалынан жасалған сүзгіш салынады /ластанған кезде ауыстыруға болады/.
Респиратор және запас бөлшектері полиэтилен пакеттерде сақталынады.
2. РУ-60, РУ-60М универсал, респираторы.
РУ-60, РУ-60М респираторлары тыныс алу органдарын зиянды газдар мен булардан, сонымен қатар бір мезгілде газ, бу, шаң және аэрозоль жиынтықтарынан қорғауға арналған.
РУ-60 комплектісіне А, В, Г, КД маркалы 4 сүзгіш патрондар мен қорғаныш көзілдірігі кіреді. Сүзгіш патрондар бір бірінен химиялық құрамымен айырылады.
Патрон маркасы |
Қандай зиянды заттардан қорғайды |
А В КД Г |
Органикалық заттар: көмірсутегі, спирт, эфир аэрозоль. Қышқыл газдар: хлор, хлорлы сутегі, күкірт сутегі, аэрозольдер. Аммиак, күкірт сутегі, олардың қоспалары мен аэрозольдері. Сынап булары, сынаптың органикалық қоспалары. |
Респиратор, патрон каркілері патрон тұрығьның сыртында жазып көрсетіледі.
РУ-60М респираторының РУ-60 респираторынан өзгешелігі – патроны маскаға тікелей бекітіледі.
Ескерту: РУ-60 респираторын өте улы заттардан қорғануға, қолдануға болмайды.
3. РПГ-67 газ сүзгіш респираторы.
РПГ-67 респираторы тыныс алу органдарын тек қана газ және бу күйіндегі зиянды химиялық қоспалардан қорғануға арналып жасалған. /патрондары шаң сүзгішпен жабдықталмаған/.
Универсал респираторлар сияқты РПГ-67 респираторы комплектісінде де А, В, Г, КД патрондары бар. Піатрон түрлеріне байланысты респиратор мынадай маркаларға бөлінеді: РПГ-67А; РПГ-67В және РПГ-67КД. Г патроны екі данадан тек қана полиэтилен пакеттерде сақталады. Респиратордың сақталу мерзімі-3 жыл, Г патроны үшін - 1 жыл, А, В, КД патрондары үшін-1,5 жыл.
Ескерту. РПГ-67 респираторын зиянды қоспалар Ж.Ш.М. 10 еседен артық болған жағдайларда қолдануға болмайды.
4. Өнеркәсіптік противогаздар.
Өнеркәсіптік противогаздар тыныс алу органдарын және көзді будың, шаңның, тұманның зиянды әсерлерінен қорғауға арналған.
Ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайларында противогазды қоймаларда, жұмыс істегенде, пестицидтерді қолданғанда заттар салынған жәшіктерді ашқанда, машиналарды аммиакпен толтырғанда, бөлмелерді, тұқымды уланған кезде /ауыл шаруашлығы зиянкестері мен ауруларға қарсы уланғанда/ пайдаланады.
Өнеркәсіптік противогаз резеңке шлем-маскадан, көзілдіріктен, клапандардан, кеңірдек сияқты қылып жасалған гофрирленген шлангіден, сүзгіш қораптан және сүмкеден тұрады. Противогаз А, В, Г, Е, К, КД, С, С0, М қораптарымен қолданылады. Олар бір-бірінен химиялық сіңіргіш заттарға арнайы аэрозольсүзгіштің бар болуына, формасына қарап ажыратылады. Арнайы аэрозольсүзгіштің бар болуы қораптың ұзына бойына жүргізілген ақ жолақпен белгіленеді. Противогаз қорабының маркасын көрсететін әріптер қораптың қапталында, ал кейбір қораптарда қораптың ауа кіретін тесігі жанында жазып көрсетіледі.
5. Бөлектегіш приборлар.
1. ПШ-1, ПШ-2 Шлангілі противогаздары.
ПШ-1, ПШ-2 шлангілі противогаздары тыныс алу органдарын кез келген мөлшердегі бу, газ, түтін, тұман, және шаң жиынтықтарынан қорғануға арналған.
ПШ-1 противогаз шлем-маскадан, ұзындығы 10 м, екі тіркеліп жалғанған гофрирленген шлангіден,белгі беретін арқаннан, сүзгіш қораптан тұрады. Сүзгіш қорап ауасы таза аймақта шлангіге жалғанады. Керек жағдайда қосымша шланг болады. Дем алуға кедергісі едәуір жоғары болатындықтан 20 м-ден ұзын шланг пайдалануға ұсынылмайды. /10 м-78,4, 20 м-19бПа/.
ПШ-2 бір мезгілде екі кісіге жұмыс жасауға арналған. Шланг ұзыңдығы - 20 м. Таза ауа, ауа үргіш арқылы берілуі мүмкін. Ауа үргішті жағдайға байланысты қолмен бұрау немесе электр двигателі арқылы іске қосуға болады. Бір шлангіні ажыратып, тығынмен бітеген соң бір кісіге жұмыс істеуге де болады.
Шлангіні противогаз оттегі құрамы аз, зиянды заттар жиынтығы деп болған жағдайларда /құдықтарда жұмыс істегенде, аммиак мұнай өнімдері құрылған ыдыстарды жөндегенде, канализацияларда, мал шаруашылығы фермаларындағы кен төгілген құдықтарда жұмыс істегенде /пайдаланады/.
Ескерту: ПШ-1, ПШ-2 противогаздарын пайдаланар алдында шаңнан үріп тазарту керек.
2. Бөлектенген оттекті приборлар. БОП.
БОП тыныс алу органдарын және .көзді кез келген мөлшердегі зиянды қоспалардан қорғауға және де 5 м тереңдікке дейінгі су асты жұмыстарын орындауға арналған және пестицид сақталатын қоймаларда өрт болған кезде жұмыс істеуге болады.
БОП - регенативті прибор. Шығарылған дем кемір қышқылынан тазартылып оттекпен қанықтарылады да қайтадан пайдаланады.
Бөлектенген оттекті респираторлар тыныс алу органдарын кез келген мөлшердегі зиянды қоспалардан қорғауға арналған. Запастағы оттегі аз мөлшерде болғандықтан қызмет уақыты қысқарақ.
6. Респиротор мен противогаз шлем-маскаларының өлшемдерін таңдау.
а/ респиратор өлшемін тандау. У-2К, Астра-2, РП-К, Ф-62ШМ, РУ-60, РПГ-67 респираторлары үш өлшемде шығарылады. Респиратор өлшемі иектен кеңсірікке дейінгі қашықтықпен В өлшемімен анықталады.
Шектен кеңсірекке дейінгі қашықтық |
Респиратор өлшемі |
109 мм 109-118 мм 119 |
1 2 3 |
б/ противогаз шлем-маскасы өлшемін тандау. Өндірістік противогаз шлем-маскалары 5 өлшемде шығарылады. Шлем-маска өлшемін таңдау А, Б өлшемдеріне байланысты жүргізіледі. А өлшемі-иек бет және басты ең жоғарғы нүктесі арқылы өтетін дөңгелек сызықтық ұзындығы. Б өлшемі-қас үстімен өлшенген оң жақ құлақ тесігінен сол жақ құлақ тесігіне дейінгі жарты шеңбер ұзындығы.
А+В см. = 93 см. – 0 өлшем
А+Б см. = 93 - 95 см. – 1 өлшем
А+Б см. = 95 - 99 см. – 2 өлшем
А+Б см. = 99 - 103 см. – 3 өлшем
А+Б см. = 103 - … см. – 4 өлшем
1-сурет Респираторды, противогазды таңдау оның ауа өткізбейтіндігі арқылы тексеріледі. Бұл үшін шлем-масканы кигеннен соң дем шығатын тесікті алақанмен жауып, 3-4 рет терең дем алады, сол тез - дем алу мүмкін болмаса, шлем-маска дұрыс тандалғаны.
Ескерту: Жаншылған, тесілген противогаздарды қолдануға болмайды. Ауаның құрамында оттегі 16 %-тен болғанда және зиянды заттар жиынтығы жоғары болғанда өнеркәсіптік противогаздарды қолданып жұмыс жасауға тиым салынады.
7. Респираторлар және противогаздармен_жабдықтау тәртібі. Ауыл шаруашылық кәсіпорыны қажетті респиратор маркаларын сұраныс /заявка/ арқылы облыстық базадан алады. Сұраныста қажетті респиратор маркасы, және де қажетті патрон маркілері жазылып көрсетілуі тиіс.
Сұраныс белгіленген уақытта жіберіледі. 8-қосымшада жұмыс аймағындағы зиянды заттар түріне, жиынтына байланысты қолданылатын респиратор маркілері берілген және респиратор маркілері және респираторлардың қызмет мерзімі көрсетілген.
