- •3 Курс студенттеріне арналған
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Модуль-1
- •Тақырып: «Қауіпсіздік техникасына оқыту және нұсқау беру»
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырып: «Тыныс алудың дербес қорғаныс құралдарын талдау»
- •Қорытынды мазмұны
- •Жалпы мағлұмат
- •Тыныс алу органдарын қорғайтын жеке құралдардың конструкциялары
- •Тәжірибелік бөлім
- •Бақылау сұрақтары
- •Модуль-1
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 1-Еңбекті қорғаудын құқық теориялык негіздері.
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •1. Адамға электр тогының әсері
- •2. Электр тогының қауіптілігін анықтайтын факторлары
- •4. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмелердің ауа ортасын зерттеу».
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жұмыс орнының жарықталғандарын зерттеу Табиғи жарықтануды есептеу.
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмедегі ауаның шаңдылығын зерттеу»
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Жарақаттануды талдау»
- •Жарақаттанудың экономикалық зардаптары
Бақылау сұрақтары
1. Еңбектің қауіпсіз әдісін оқытудың түрлерін атаңдар?
2. Кіріспе инструктажды кім жүргізеді?
З. Жұмыс орнындағы алғашқы инструктажды кім жүргізеді?
4. Ағымдағы инструктажды кім жүргізеді?
5. Жоспардан тыс инструктаж қандай жағдайларда жүргізеді?
6. Курстық оқытуды кім ұйымдастырады және жүргізеді?
7. Кіріспе және жұмыс орныдағы инструктаждың мазмұны қандай?
Модуль-1
2- тәжірибелік жұмыс
Тақырып: «Тыныс алудың дербес қорғаныс құралдарын талдау»
Жұмыстын мақсаты: Тыныс алу органдарын қорғайтын құралдардын қызметін, құрылысын, түрлерін, қолданылатын жерлерін, пайдалану ережелерін оқып үйрену.
Құрал жабдықтар, материалдар, инструменттер.
1. ШБ-І. У-2К, Ф-62Ш, Астра-2, РУ-60, РПГ-67 респираторлары.
2. Өндірістік противогаз /әр түрлі маркадағы қораптарымен./
З. Бөлектенген оттекті противогаз /КИП-5, КИП-7, КИП-8./
4. ПШ-І, ПШ-2 шлангілі противогаздары.
5. Сантиметрлік лента.
Қорытынды мазмұны
1. Тыныс алу органдарын қорғайтын құралдарды пайдалану ережелері туралы мәлімет.
2. Респиратор, противогаз өлшемдерін талдайтын кесте.
З. Басты, бетті өлшеу схемалары, өлшеу нәтижелері.
4. Таңдап алынған респиратор нөмірі.
Жалпы мағлұмат
Жер өңдеу, түрлі өнімдерді қайта өңдеу, минералды тыңайтқыштарды, пестицидтарды және басқа да химиялық материалды қолдану сияқты ауыл шаруашылық жұмыстары кезінде ауа едәуір көлемдегі шаң, газ, аэрозоль түріндегі зиянды заттармен ластанады.
Табиғатына, физикалық-химиялық қасиеттеріне, ауадағы жиынтығына жұмыс жағдайына байланысты кейбір өндірістік заттар адам денсаулығына өте қауіпті әсер етеді.
Зиянды заттардың адам организміне тыныс алу органдары арқылы өтуі ен қауіпті болып саналады. Сондықтан жұмыс орнындағы зиянды заттардың көлемі жиынтығынын шекті мөлшерінен артық болған жағдайда тыныс алу органдары сенімді қорғлуы керек.
Қазіргі
кезде тыныс алу органдарын қорғайтын
құралдарын көптеген түрлері шығарылады.
Осы құралдарды дұрыс, тиімді пайдалана
білу үшін ауыл шаруашылық маманы ауыл
шаруашылығының өнімдерін өңдеудің
технологиялық процестері ерекшеліктерімен
қатар жеке тыныс алу органдарын қорғайтын
құралдарды өндірістік зиянды заттардың
агрегаттық күйіне, физикалық-химиялық
қасиеттеріне байланысты пайдалану
ережелерін, таңдау әдісін, сонымен қатар
олардын құрылысын, қызметін білуі қажет.
Ауыл шаруашылығыңда өте көп тараған қоспалардын бірі - шаң, ол - қатты денелердің ұсақталуы нәтижесінде пайда болады. Аэрэзоль деп ауада қалқып тұра алатын шаңды айтады.
Шаң ұсақ бөлшектерінің шығу тегіне қарай топырақ, тұқым, ұн, шекер, темекі, ізбес, цемент шаңдары болып белінеді. Ал әсер ету ерекшеліктеріне қарай 2 топқа бөлуге болады:
1 топқа адамға қауіпті улы заттардан шыққан шаңдарды /дуст, гранозан, меркурин және т.б./
2 топқа тыныс алу органдарына зиянды әсер ететін шандарды /топырақ, ұн, ізбес шандары/ жатқызады.
Шаңның ұсақ бөлшектерінің өлшемі 10 микронға дейінгі үлкендікте болалы. Тыныс алу органдары шаңнан тиімді қорғауға қорғаныс құралының сүзгішімен шанды ұзақ ұстау арқылы жетуге болады. Бүл сузгіштің тесіктерінін өте кішкентай өлшемде болуын талап етеді. Бірақ тесіктерінін өте кішкентай болуы тыныс алуды қиындатуға әкеліп соқтырады. Бұл жағдай ұзақ уақыт бойы адамның тыныс алу органдарын шаңнан қорғау жөніндегі үлкен мәселе болып келді. Мәселе іс жүзінде Карпов атындагы физикалық-химиялық институттың сүзгіш талшықты материалды – ППС-ті ойлап шығаруы нәтижесінде шешілді. /ППС - Петряновтын перхлорвинильді сүзгіші. /. Шаң сүзгіш өте ұсақ шаң бөлшектерін 99,9% ұстап қалады. Бұл демалу процесі кезінде ауаның сүзгіш материалына үйкелісі әсерінен пайда болған үлкен электростатикалық өрістің шаң бөлшектерін өзіне тартуы арқылы түсіндіріледі.
ППС материалы ылғал тартпайтын болғандықтан, оның сүзгіштік қасиетіне ауаның ылғалдығы ешқандай әсер етпейді.
Минералды тынайтқыштарды және химиялық дәрі-дәрмектерді қолданған кезде өндірістік зиянды заттар тек шаң түрінде ғана кездеспейді, Мысалы: тұқымды сынапты препараттармен дәрілеген кезде, дәрі шаңынан басқа ауаға едәуір көлемдегі сынап қоспасы буы бөлініп шығады. Дәріленген тұқымды сепкен кезде тұқым себушінің дем алу аймағында топырақ шанымен бірге улы заттардын буы болады.
Өсімдіктерді хлорофос, фосфад және басқа да пестицидтермен бүріккен кезде қоршаған ауада улы булардан басқа едәуір көлемдегі аэрозоль түріндегі зиянды ұсақ бөлшектер болуы мүмкін.
Аммиак суын енгізе отырып жер жыртқанда қоршаған ауада топырақ шанымен бірге аммиак буы болады.
Машиналарды немесе басқа да объектілерлі бүріккішпен бояғанда ауа бояу аэрозольдерімен және еріткіш буларымен ластанады.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда тыныс алу органдарын қорғайтын құрал жабдықтар Химиялық өнеркәсіп министрлігі кәсіпорындарымен жасалып, қазіргі уақытта істеліп шығарылады.
