- •3 Курс студенттеріне арналған
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Модуль-1
- •Тақырып: «Қауіпсіздік техникасына оқыту және нұсқау беру»
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырып: «Тыныс алудың дербес қорғаныс құралдарын талдау»
- •Қорытынды мазмұны
- •Жалпы мағлұмат
- •Тыныс алу органдарын қорғайтын жеке құралдардың конструкциялары
- •Тәжірибелік бөлім
- •Бақылау сұрақтары
- •Модуль-1
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 1-Еңбекті қорғаудын құқық теориялык негіздері.
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •1. Адамға электр тогының әсері
- •2. Электр тогының қауіптілігін анықтайтын факторлары
- •4. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмелердің ауа ортасын зерттеу».
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жұмыс орнының жарықталғандарын зерттеу Табиғи жарықтануды есептеу.
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмедегі ауаның шаңдылығын зерттеу»
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Жарақаттануды талдау»
- •Жарақаттанудың экономикалық зардаптары
Жарақаттанудың экономикалық зардаптары
Жұмыстың мақсаты. Өндірістік жарақаттану мен сырқаттың материалдық зардаптарын есептеу тәсілін меңгеру. Жазатайым жағдай нәтижесінде мемлекетке келетін шығынды есептеу. Жарақаттанудан, ауруға шалдығудан кәсіпорынға келетін шығынды есептеу. Уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты жәрдем ақы көлемін анықтау.
Өз бетімен жұмысқа тапсырма. Өндірістік жарақаттанудың экономикалық зардаптарын есептеу тәртібін, шығынды анықтауды және орынын толтыру тәртібін оқып үйрену.
Жалпы ереже. Жұмыс істеушілер мен жазатайым жағдайдың жалпы мемлекеттік шығыны Пж.м. төмендегі қосылғыштар қосындысымен анықталады:
Пж.м.=Пе+Пж.а+Пө
мұндағы Пе – емдеуге кеткен шығын теңге;
Пж.а. – уақытша еңбек жарамсыздыққа байланысты төленген өтемақы, теңге;
Пө – өнімнің азаюына, оның сапасының төмендеуіне, сынған жабдықтарды жөндеуге және жазатайым жағдайды тергеуге байланысты шығын, теңге.
Пе= Пстац+Па+Пск теңге
мұндағы , Пстац – стационарлық емдеу құны, теңге;
Па – амбулаториялық емдеу құны, теңге;
Пск – санаториялық – курорттық емдеу құны, теңге.
Пө=Пө.ө+Пс+Пжаб+Пм тенге
мұндағы Пө.ө - өндірілмеген өнім құны, теңге;
Пс -өнім сапасының төмендеуінен болған шығын, теңге;
Пжаб – сынған жабдықтарды, қираған үйлерді, ғимараттарды қалпына келтіруге кеткен шығын, теңге;
Пм – бүлінген материалдар мен құрал жабдықтар құны, теңге;
Пө.ө=а*Де.ж
мұндағы а – жұмыс істеушінің ауысымдық еңбек өнімділігі, теңге/күн;
Де.ж – жарақаттануға байланысты еңбекке жарамсыз күндер саны.
Пс=С1-С2·М
мұндағы С2 өнімнің сапасы төмендегеннен кейінгі өзіндік құны, теңге;
С1 - өнімнің сапасы төмендегенге дейінгі өзіндік құны, теңге;
М-сапасыз өнім саны.
Сонымен жалпы шығын:
Пж.м=Пстат+Па+Пск+Пжа+Пө.ө+ Пс+Пжаб+Пм
Жарақаттанушылыққа байланысты кәсіпорын шығыны төмендегідей қосылғыштар қосындысымен анықталады.
Пк=Пж.а+Пө.ө+Пс+Пжаб+Пм
Жарақаттанушылықтан болатын экономикалық шығындардың меншікті көрсеткіштері төмендегі формулалармен анықталады:
Пж=Пк/Т
мұндағы Пж - әрбір жазатайым жағдайға шаққандағы шығын, теңге;
Т – жазатайым жағдайлар саны.
Пе.ж.к=Пк/Дт
мұндағы Пе.ж.к - жарақаттануға байланысты әрбір еңбекке жарамсыз күнге шаққандағы шығын, теңге;
Дт- жарақаттануға байланысты еңбекке жарамсыз күндер саны.
