- •3 Курс студенттеріне арналған
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Модуль-1
- •Тақырып: «Қауіпсіздік техникасына оқыту және нұсқау беру»
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырып: «Тыныс алудың дербес қорғаныс құралдарын талдау»
- •Қорытынды мазмұны
- •Жалпы мағлұмат
- •Тыныс алу органдарын қорғайтын жеке құралдардың конструкциялары
- •Тәжірибелік бөлім
- •Бақылау сұрақтары
- •Модуль-1
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 1-Еңбекті қорғаудын құқық теориялык негіздері.
- •Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •1. Адамға электр тогының әсері
- •2. Электр тогының қауіптілігін анықтайтын факторлары
- •4. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмелердің ауа ортасын зерттеу».
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Жұмыс орнының жарықталғандарын зерттеу Табиғи жарықтануды есептеу.
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Өндірістік бөлмедегі ауаның шаңдылығын зерттеу»
- •Жалпы мағлұмат
- •Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
- •Тақырып «Жарақаттануды талдау»
- •Жарақаттанудың экономикалық зардаптары
Модуль 2 Еңбекті қорғаудын техникалык нормативтері.
6- тәжірибелік жұмыс.
Тақырып «Жарақаттануды талдау»
1. Жұмыстың мақсаты:
1.1 Өндірістік жарақаттануды талдаудың әдістерін оқып, үйрену.
1.2 Жарақаттанудың көрсеткіштерін анықтау.
2. Жалпы мағлұмат:
Жарақаттануды азайтудың тиімді шараларын жасау үшін оның себептерін білу қажет. Жарақаттануды талдаудың төмендегідей әдістері бар.
Монографиялық әдіс - әрбір жазатайым жағдайды бөлек талдауға негізделген:
- машинаның жабдықтың, инструменттің техникалық күйін тексеру:
- өңделетін материал қасиеттерін білу:
- жұмыс орнының санитарлық-гигиеналық күйін бақылау:
Статистикалық әдіс – жарақаттану бойынша есеп беру құжаттарын статистикалық талдауға негізделген. Бұл әдіс жазатайым жағдайлардың мамандыққа, жұмыс істеушілер жасына, жынысына, еңбек стажына, зақым келтірген факторға және тағы басқа байланысты бөліну картинасын береді.
Топографиялық әдіс – кәсіпорын картасына жазатайым жағдай болған орындарды шартты белгілер арқылы белгілеп, нәтижесінде олардың шоғырланған орындарын анықтауға негізделген.
Экономикалық әдіс – еңбекті қорғауға бөлінген ақшалай қаржы мен материалдың жарақаттануға әсерін, еңбекті қорғау жұмыстарының экономикалық тиімділіктерін анықтау үшін қолданылады.
Жұмысты орындау тәртібі.
Тапсырмаға /қосымшаны қараңдар/ сәйкес жарақаттану көрсеткішін анықтаңдар.
3.1 Жарақаттанудың жиілігі:
Кж=Н/Р·1000:
мұндағы Н-өндірістегі 1 жылда алған жұмысшылар саны;
Р – жұмыс істеушілердің орташа тізімдік саны.
3.2 Жарақаттанудың ауырлығы:
Ка=Дз/Р;
мұндағы Дз - есепті жылдағы өндірістік жарақаттануға байланысты еңбекке жарамсыз күндер саны.
3.3 Еңбекке жарамсыздықтың деңгейі:
Ке.ж= Да.з/Р·100
мұндағы, Да.з – есепті жылдағы ауруға және жарақаттануға байланысты еңбекке жарамсыз күндер санының қосындысы.
3.4 Бір жұмысшыға шыққандағы еңбекті қорғау қаржысы.
Сж=СЕҚ/Р
мұндағы СЕҚ – кәсіпорында 1 жыл бойына еңбекті қорғауға іс жүзінде бөлінген қаржы.
4. Жұмыс туралы қорытынды.
4.1. 3 жылға жарақаттану көрсеткіштерін диаграммасын тұрғызыңдар, қорытынды жасаңдар.
4.2. 3 жылға еңбекті қорғау жұмыстарына жұмсалған қаржының, диаграммасын тұрғызыңдар, қорытынды жасаңдар.
Көрсеткіштер/нұсқалар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны |
600 |
620 |
640 |
660 |
680 |
700 |
720 |
740 |
760 |
Жарақат алғандар саны |
12 |
14 |
22 |
24 |
20 |
16 |
18 |
26 |
28 |
Есепті жылдағы өндірістік жарақаттануға байланысты еңбекке жарамсыз күндер саны |
300 |
380 |
340 |
350 |
400 |
420 |
450 |
460 |
480 |
Есепті жылдағы ауруға және жарақаттануға байланысты еңбекке жарамсыз күндер саны |
6100 |
6250 |
6400 |
6550 |
6700 |
6850 |
7000 |
7150 |
7300 |
Еңбекті қорғауға іс жүзінде бөлінген қаржы |
6540 |
6700 |
6860 |
7020 |
6480 |
6600 |
6720 |
6840 |
6960 |
