Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОКН Семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспар...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

«Машина жасау» факультетінің 5В073000– «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру», 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология», 5В072900 – «Құрылыс» мамандықтарының

3 Курс студенттеріне арналған

Еңбекті қорғау модулінің

«Еңбекті қорғау» пәні бойынша

Практикалық сабақтардың жоспары

(тандау компоненті)

Орал – 2014 ж.

Құрастырушы: аға оқытушы Сагыналиева А.З.

«Кәсіптік техникалык оқыту» кафедрасы

Политехникалық факультет, 233 аудитория

Кредит саны – 1

Практикалық сабақтар – 10сағат

«___» ____________2014 ж. кафедра отырысында талқыланды №__ хаттама

Модуль-1

1-тәжірибелік жұмыс

Тақырып: «Қауіпсіздік техникасына оқыту және нұсқау беру»

1. Жұмыстың мақсаты: Жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқытуды ұйымдастырудан мазмұны және оған қойылатын талаптарымен танысу.

2.1. Жалпы ережелер. Жұмысшыларды оқыту қүжаттарын толтыруды үйрену.

2.1.1. Жұмысшыларды қауіпсіз еңбек әдістеріне оқытуды өндіріс сипатына қауіптілік дәрежесіне байланыссыз барлық кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде 12.0.004-88 мемлекеттік стандарттарының жалпы ережелеріне сәйкес:

- жаңа жұмысшыларды даярлағанда;

- әр түрлі нұсқау түрлерін өткізгенде;

- жыл сайынғы еңбек қауіпсіадігіне курстық оқыту кезінде, мамандығын жетілдіргенде ұйымдастырады.

Оқытуды ұйымдастыру жауапкершілігі кәсіпорын әкімшілігіне жүктеледі.

2.1.2. Жаңа жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне оқыту 3 жылдан кем емес стажы бар, өндіріс бөлімшесіне жетекшілік ететін, маманданған жұмысшының басшылығымен кәсіптік-техникалык оқыту түрінде немесе жұмыс орнында жүргізіледі.

2.1.З. Жоғарғы қысымда жүмыс істейтін құбырларда, электр қондырғыларында, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерде, компрессорларда, мұнай және тез тұтанатын заттардың қоймасында, іштен жану двигательдері және газ өндіру шаруашылықтары сияқты жерлерде жұмыс істеуге келген жұмысшылырға жеке дайындалуға рұқсат етілмейді. Оларды оқытудын бағдарламасы бақылау органдары және еңбек техникалық инспекциясымен/дайыңдық дәрежееі/келісе отырып жасалады

2.1.4. Жаңа жұмысшылардың дайындық дәрежесі комиссияға емтихан тапсыру арқылы тексеріледі.

2.2. Жұмысшыларға өткізілетін инструктажды ұйымдастыру.

2.2.1. Инструктаж сипатына және өткізілу уақытына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: кіріспе, алғашқы, қайталау, жоспардан тыс және ағыдағы

2.2.2. Кіріспе инструктаж жүмысқа алынғандардын бәріне, сонымен қатар командировкаға келгендерге, өндірістік оқу немесе практикаға келген оқушылар мен студенттерге жүргізіледі. Бұл инструктажды жұмысшы келіп орналасқан саланың бас маманы жүргізеді.

2.2.3. Инструктаж бағдарлама бойынша оқытудың техникалық құралдары мен көрнекті құралдарды қолдана отырып еңбекті қорғау кабинетінде әнгіме-лекция түрінде топтық немесе жеке түрде жүргізіледі. Бағдарламаны өндіріс жетекшісі кәсіподақ комитетімен келісе отырып жасайды. Кіріспе инструктаждың үлгі бағдарламасы 1-қосымшада көрсетілген.

2.2.4. Кіріспе инструктаж өткізілместен бұрын өндіріс жетекшісінің жұмысшыны жұмысқа алу жөніндегі бұйрыққа қол қоюға хақысы жоқ. Кіріспе инструктаж журналга тіркеледі. /2-қосымшаны қара./

2.3. Жұмыс орнында жүргізілетін алғашқы инструктаж жұмысқа қайта абылданғандарға, бір бөлімшеден екіншіге ауысқандарға, командировкаға келгендерге еңбектің қауіпсіз әдістерін тәжірибелік жолмен көрсету арқылы жеке түрде жүргізіледі. Инструктаж өткізушіге өз жұмыстарын шебердін немесе бригадирдің қадағалауымен 2-3 смена /өте қауіпті жұмысқа 10-15 смена/ бойы орындағаннан кейін ғана өэ бетімен жұмыс жасауға рұқсат беріледі. Үлгі бағдарлама 3-қосымшада көрсетілген.

2.4. Қайталау инструктажы бірдей мамандықтары жұмысшыларға жеке немесе топтық түрде еңбек қауіпсіздігі ережесін сақтау дәрежесін көтеру, тексеру мақсатында жұмыс орнындары инструктаж бағдарламасы бойынша 6-ай сайын өткізіледі.

2.5. Жоспардан тыс инструктаж мынадай жағдайларда өткізіледі:

- технологиялық процесстер өзгергенше,

- еңбекті қорғау ережелері өзгергенше,

- жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соқтыратын немесе әкелген еңбек қауіпсіздігі талаптары бұзылған жағдайда.

2.6. Алғашқы, қайталау, және жоспардан тыс инструктаждарды жұмыстағы тікелей басшылар жүргізеді. Өткізілген инструктаж тіркеу журналында /4-қосымша/ немесе инструктаждың жеке карточкасында белгіленеді. Жоспардан тыс инструктажды белгілеу кезінде оны өткізу себебі көрсетіледі.

2.7. Ағымдағы инструктаж наряд-рұқсат берілетін өндірістік жұмысқа кіріспес бұрын өткізіледі.

2.8. Инструктаж өтіп, бірақ кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған жұмысшы жұмысқа жіберілмейді. Ол қайтадан инструктаж өтуге міндетті. Инструктаж өткізуші жұмысшынын білімін тексермей журналға тіркеуіне болмайды.

2.9. Мамандығы бар және 2.1.3. пунктте көрсетілген жұмысқа кіретін жұмысшылар алғашқы инструктаждан бұрын еңбектің қауіпсіздік әдістерін оқытатын арнайы бағдарламаны өтуі тиіс.

2.10. Жұмысшыларды оқытуды ұйымдастыру.

2.10.1. Өнеркәсіптегі еңбек қауіпсіздігіне жыл сайынғы курстық оқыту арнайы бағдарлама бойынша жүзеге асырылады және сабақты өткізуші, өткізу мерзімі, емтихан комиссиясы өнеркәсіп бойынша бұйрықпен белгіленеді, оқытуды өткізу үшін бірдей немесе бір-біріне жақын мамандықтағы жұмысшылар тобы құрылуы тиіс.

2.10.2. Әр мамандықтағы жұмысшылар тобы үшін өнеркәсіпте жасалған курстық оқыту бағдарламасын кәсіподақ ұйымы келісімімен өнеркесіп басшысы бекітеді.

2.10.З. Әкімшілік уәкілдері мен оқытушылардан, бас мамандар мен кәсіподақ комитетінің мүшелерінен тұратын комиссия жұмысшылардың білімін жеке түрде тексереді. Емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған жұмысшы қайтадан оқуға тиіс.

2.10.4. Емтихан қорытындысы комиссия мүшелерінің қолдары қойылған хаттамаға тіркеледі. Хаттамалар еңбекті қорғау жөніндегі инженерде сақталады.

2.10.5. Емтихан қорытындыларын комиссия төрағасы еңбек қауіпсіздігіне курстық оқытуды тіркеу журналында өз қолымен бекітеді.

2.10.6. 2.1.3. пунктінде көрсетілген жұмысшыларды мемлекеттік бақылау органдары және кәсіподақ еңбек техникалық инспекциясы бірігіп жасаған арнайы бағдарлама бойынша оқытады. Кран жүргізушілердің электромеханиктердін, кочегарлардың және т.б. білімін тексеруді құрамында госгортехнадзор инспекторы бар комиссия жүргізеді және оларға арнайы куәлік беріледі.

2.11. Жетекші, инженерлік-техникалық жұмысшыларды оқытуды ұйымдастыру.

2.11.1. Жетекші және инженерлік-техникалық жұмысшылардың білімін жетілдіру мыналар арқылы жүзеге асады:

- үнемі өз бетімен дайындалу,

- жоғары оқу орындарының мамандықты жетілдіру факультеттері мен мамандықты жетілдіру институттарында,

- Казақстан агроөнеркәсіп бірлестігінің, облыстық, өлкелік комитеттердін ұйымдастырумен жасалатын семинарларда.

2.11.2. Жетекші және инженерлік-техникалық жұмысшылардың еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

- қызметке алғашқы сайланғанда;

- мерзімді түрде /бас мамандар, инженерлер 3 жылда 1 рет, бөлімше басшылары жыл сайын/;

- жоғарғы ұйымдардың, мемлекеттік бақылау, кәсіподақ органдарының талаптарына сәйкес.

2.11.З. Білімді тексеру тиісті бақылау және кәсіподақ органдары бірігіп жасаған билет бойынша жүргізіледі.

2.11.4. Емтихан қорытындысы емтихан комиссиясының мүшелерінің қолдары қойылған хаттамаға түсіріледі.

2.11.5. Емтиханды жақсы тапсырған Жұмысшыларға еңбекті қорғау жөніндегі білімі тексерілгені туралы куәлік беріледі. /7-қосымша./

2.11.6. Канағаттанарлықсыз баға алған жұмысшылар 1-ай ішінде бағдарлама материалын өз бетімен оқып, емтиханды қайта тапсыруы қажет. Қайта тапсырған кезде қанағаттанарлықсыз баға алған жұмысшы қызметінен босатылады.