
- •«Операциялық жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •5B060200 – «Информатика»мандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Дәрістер
- •Дәрістер
- •2.Базалық программалық қамтама
- •Ож тарихы
- •Windows-тың тарихы мен дамуы.
- •Әмбебап ож туралы түсінік
- •Ож жіктелуі
- •Ож құрудың модульдік құрылымы
- •1.Енгізуді - шығару аппаратуралар принципі
- •2.Құрылғылар контроллері
- •Файлдар
- •Каталогтар
- •2. Зертханалық сабақтар
- •Контекстін меню
- •Жүйелік меню
- •Көлденеңдік меню
- •Зертханалық жұмыс 5
- •Ярлыкты қолдану
- •2. Зертханалық жұмысқа тапсырма
- •3. Зертханалық жұмысқа әдістемелік көрсетулер
- •Мынаған көңіл бөліңіз:
- •3.1.Байланыстар тізімі.
- •Мысалы:
- •3.2. Марштурттық кестенің байланысы.
- •Мысалы:
- •3.3. Желілі интерфейстер статистикасы.
- •Нормалы жұмыс істеушіторларда конфликт (rx-ovr, tx-ovr ) пакеттердің санынан 3% шамадан асыруs тиіс , ал басқа қателер 0,5% пакеттердің санынан аспау керек .
- •3. Студенттердің өздік жұмысы
Ож тарихы
Windows-тың тарихы мен дамуы.
Операциялық жүйе дегеніміз - компьютерді басқару мен информация сақтайтын, барлық компьютерге қосылған құрылғылардың жұмысын басқаратын компьютерге қажетті компоненттер болып табылады. Қазіргі таңдағы Windows дербес компьютерге арналған ең кең тараған перациялық жүйе. Windows-ты танымал қыллған оның артықшылықтары ретінде мыналарды айтуға болады:
Ыңғайлы және қарапайым графикалық интерфейс (интерфейс – адам мен компьютер арассындағы қарым-қатынас);
Көптеген программалардың параллелль жұмыс жасауы;
Жаңа құрылғылардың автоматты түрде бапталуы:
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау, т.б. Яғни, ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіде сақталып қойылады. Сондықтан ОЖ-ны дискілік операциялық жүйе деп те атайды (DOS). Процессордың типіне қарай, DOS-тың көптеген нұсқасы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған. 16 не одан жоғары разрядты IBM PC –ге үйлесімді компьютерлерде пайдаланылатын операциялық жүйе – MS DOS (MicroSoft Disk Operating System).
Алғашқыда оның да бірнеше нұсқалары жарыққа шықты. Одан соң шыққан кәсіби компьютерлер командалар жүйесі кеңейтілген MS DOS 6.0 және т.б. нұсқаларын, ал қазіргі кездегі ЭЕМ-дер мен ДК-лер MS DOS-тан жүздеген есе күшті, параллельді бірнеше есепті шеше алатын MS Windows 95, 98, 2000, UNIX және т.б. операциялық жүйелерін пайдаланады. МS DОS-пен жұмыс істейтін компьютер іске қосылған кезде монитор экранының төменгі жағында операциялық жуйенің шақыруы деп аталатын С:\> не осы сияқты белгілеме көрінеді. Әдетте шақыру шыққан жол командалық жол делінеді. Пайдаланушы компьютерге беретін командасын шақыру белгісінен соң комаңдалық жолда теріп алып, Енг (енгізу) пернесін басуы тиіс.1985 жылы МісгоSoft фирмасы алғашқы рет МS DОS'қа қосымша пайдаланатын Windows 1.0 атаулы жүйелік программаны, ал соңғы жылдары оның кеңейтілген түрлі нүсқарын дайындап шықты. Одан соңғы жылдары мүмкіндіктері МS DОS -тан жүздеген есе артық 3.0, 3.1, 3.11 және т.б. нүсқалары жарыққа шықты. Мүндай жүмысын жеңілдететін Norton Commander сияқты қабықша программа (ол жөнінде 7қысқаша келесі дәрісте баяндалған), бірақ оған қарағанда мүмкіндігі мол және пайдаланудың басқа принципіне негізделген.
Windows-тың тарихы мен дамуы.
Windows-тың тарихы 1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1.0 шыққаннан басталады. Оның құрамында операциялық жүйенің жұмысын көп ыңғайлы жасаған программалар болды. Сол кезде қолданылып жүрген MS-DOS операциялық жүйесіне қарағанда Windows-та графикалық интерфейс қолданылды. (MS-DOS-та командалық интерфейс болды) Сонымен бірге Windows-та информация түгелдей экранға емес, терезе деп аталатын экранның ішкі аймағына шығарылды. Сол кездегі 8086 процессоры бар компьютерлерде операциялық жүйе жөнді жұмыс жасаған жоқ.
Екі жылдан соң 1987 жылы қараша айында Windows 2.0 версиясы пайда болды. Ал шамамен бір жарым жылдан соң Windows 2.10 версиясы шықты. Бірақ бұл версиялар ондай аса танымал бола қойған жоқ.
1990 жылы Windows 3.0 жаңа версиясы шығып, ол көптеген дербес компьютерлерде қолданыла бастады.
Windows-қа арналған программа жазудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы, Windows-тың басқаруымен жасайтын программалардың көптеп жазылуына әкелді. Ақырында, жүйені танымал қылған оның әртүрлі компьютерлік құрылғылармен жұмысының жақсы ұйымдастырылуы болды.
Келесі Windows 3.1 және Windows 3.11 версиялары жұмыстың сенімділігін арттыруға бағытталды. Мұнда жадымен жұмыс жақсартылды, жоғары дәрежеде масштабталатын True Type шрифтілерін қолданды, белгілерді экран бетінде маус көмегімен жылжыту мүкіндіктері пайда болды, сонымен бірге параллель жасайтын программалардың арасында информация алмасудың жаңа механизмі қолданылды. Windows 3.11-дің тағы бір артықшылығы компьютерлік желіде жақсы жұмыс жасады.
1988 жылы Microsoft компаниясы Windows жүйесімен бірге параллель түрде Windows NT операциялық жүйесін жасауды қолға алды. Жаңа операциялық жүйе желілік жұмыстармен қуатты әрі сенімді жұмыс жасауға арналған операциялық жүйе жазу мақсатында жазылды. Сонымен бірге жүйенің интерфейсі Windows 3.0 жүйесімен бірдей болуы тиіс болды. Бір айта кететін нәрсе Windows NT жүйесінің де ең танымал болған версиясы үшінші, яғни Windows NT 3.0 версиясы болды. Ол 1992 жылы жылы пайда болды, ал 1994 жылы Windows NT 3.5 жазылды.
Операциялық жүйелерді дамыту ісі бір орында тұрмады. 1995 жылы Windows тарихында жаңа кезең болып табылған операциялық жүйе пайда болды. Жаңа жүйені жасау кезінде оның аты туралы көп әңгіме болды. Басында Windows 4.0 деп, кейіннен Windows Chicago деп, ал ақыр соңында Windows 95 деп аталды. Windows 3.1 –ге қарағанда интерфейс көп өзгеріске ұшырады, әрі программаның жұмыс жасау жылдамдығы да артты.
Windows 95-тің жаңалығының бірі компьютердің қосымша құрылғыларының бір-бірімен конфликтісіз жұмыс жасауы үшін оларды автоматты түрде баптау мүмкіндігі пайда болды. Бұл технология Plug end Play деп аталды. Жүйенің тағы бір ерекшелігі Интернетпен ешқандай қосымша программаларсыз жұмыс жасау мүмкіндігі болды. Windows 95 – тің интерфейсі Windows типті жүйлердің бәрінің негізі боды. 1996 жылы өзгертілген Windows NT 4.0 версиясы шықты. Мұның интерфейсі Windows 95 жүйесінің интерфейсіне ұқсас болды.
Windows 95 – тің дамуының жалғасы болып, 1998 жылы Windows 98 шықты. Мұнда Интернетпен жұмысқа көп көңіл бөлінді.
Windows дамуының келесі кезеңі Windows 2000 және Windows Me (Millennium Edition – редактор тысячелетия) шығуы болды. Windows 2000 жүйесі Windows NT жүйесінің негізінде жазылды. Ал Windows Me Windows 98 жүйесінің жалғасы болды, бірақ көптеген жаңа мүмкіндіктерді қамтыды. Соның ішінде мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу жақсы дамытылды. Windows Me көмегімен кез-келген қолданушы үш-төрт компьютер негізінде файлдарды, папкаларды принтерді ортақ пайдалану үшін жергілікті желі жасай алады. Ең жаңа компонент жүйенің видеофильмдер редакторы болды. Бұл программа көмегімен фильмдерді монтаж жасауға болады. Цифрлық фотокамералар мен сканерлермен жұмыс жасау жеңілдеді. Мұнда фотоларды компьютер жадына енгізу үшін қосымша программалар қажет емес. Кең танымал МР 3 форматты дыбыстық файлдарды қолданушы өзі құра алатын болды. Жүйенің қауіпсіздігі мен қорғанысы да жақсартылды. Plug end Play технологиясының жақсартылуы компьютерге әртүрлі тұрмыстық приборларды жеңіл қосуға мүмкіндік берді.
Біртіндеп Windows жүйелерінің арасындағы айырмашылық жойылып, 2001 жылы Windows XP пайда болды. Ол Windows NT мен Windows 2000-ның қауіпсіздік жүйесі мен сенімділігін Windows Me-нің қолайлылығын біріктірді. Сондықтан да бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті, сонымен бірге ол үйренуге қарапайым болды, әрі жеке үйдегі қолданушыларға арналған көптеген құралдар пайда болды.
Әртүрлі салада, бағытта қолдануға арналып, Windows XP жүйесінің көптеген варианттары шықты.
Microsoft Windows XP Home Edition үйдегі жұмыс жасайтын жеке қолданушыларға арналған.
Microsoft Windows XP Professional, аты айтып тұрғандай профессионалдарға арналған жүйе. Бұл версия мекемелерде көп қолданылады.
Компьютерлік жүйедегі көп қолданушылардың жұмысын ұйымдастыру үшін, қуатты компьютерлерге арналып Microsoft фирмасы Windows Server 2003 операциялық жүйесін жазды.
Қазіргі таңдағы Windows XP-дің мүмкіндіктері жоғары. Басқа версиялардың бәрі де уақыт өте келе ескірді. Сондықтан жұмыс жасауға тиімдісі әрі ыңғайлысы Windows XP жүйесі болып табылады.
Ал Windows XP жүйесімен жұмыс жасау үшін компьютерге қойылатын талаптар мынадай:
Компьютердің оперативті жады 128 Mb-тан кем болмауы керек. Жүйе жылдам жұмыс жасауы үшін 256 болғаны дұрыс.
Кез-келген процессор жарайды, бірақ тым ескі болмағаны дұрыс. Егер тактілік жиілігі 300 Мгц тен жоғары болса жарайды, бірақ 1 Ггц-тен жоғары болғаны дұрыс.
Қатқыл дискте операциялық жүйенің файлдары мен уақытша файлдар орналасуы керек әрі бос орын қалуы керек. Қазіргі уақытта кішкентай көлемді дисктер сатуда жоқ болғандықтан ол жөнінде қиындық болмайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Windows-тың даму тарихы қашаннан басталды?
Windows 2.0 версиясы қашан пайда болды?
Windows 3.0 версиясы қашан пайда болды?
Windows NT версиясы қашан пайда болды және ол қандай мақсатқа арналды?
Дәріс 4 «MS-DOS операциялық жүйесі. Қабықша-программалар: FAR manager, NortCom, TotalCom, т.б.»
DOS дискілік операциялық жүйе дегенді білдіреді. Операциялық жүйе компьютердің барлық кұрылғыларынын, жұмысын және программалық жасауды басқару ушін қажет. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты камтамасыз етеді, бұл дегеніміз — операциялық жүйе компьютерді icкe қосқан кезде жуктелетін және оның барлық кұрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Компьютерде өнделетін информация магниттік дискілерде сақталады.
Магниттік дискідегі, не басқа информация сактауға арналған компьютерліқ жабдықтағы информация сақталатын атауы бар орынды файл деп атайды. Сонымен, барлық программаларды файл деп санауға болады.
Файлдын толық атауы файл атынан және кеңейтілуінен тұрады. Файл аты 8 таңбадан, кеңейтілуі 3 таңбадан аспауы керек. Файлдың аты жэне кеңейтілуі арасына нүкте белгісі қойылады. Стандартты файл кеңейтілулерінің қалыптасқан атаулары бар - .txt, .bak, .sys, .exe, .com т.с.с.
Операциялық жүйелерде бірнеше дискілермен жұмыс icтeyre болады. Дискілер атауы латын әріптерімен (A:,B:,C:,D: т.б.) белгіленеді.
Файлды дискіде іздеуді жеңілдету үшін арнайы тіркеген ыңғайлы. Ол үшін каталог ұғымы қолданылады.
Каталог дегеніміз файл аты, файл өлшемі, соңғы өзгертуінің уақыты мен мepзiмi, файл атрибуттары (сипаттамаларі) т.б. файл туралы мәліметтер жазылатын диcкiдeгi арнайы орын.
Егер каталогта файл аты жазылса, файл сол каталогта орналасқан деп атайды. Эр каталогга көп файл жазыла береді. Каталогтар әдетте латын әріптерімен және цифрлармен белгіленеді Такырыптас файлдар тобын жазуға арнап, ол каталогтан iшкi каталогтар кұрұға болады. Сонымен дискіде тармақталған каталогтар пайда болады. Каталог синонимі директория , деп аталады. Ең сыртқы каталоггы тy6ipлі каталог деп атайды.
Дискі мен файл орналасқан каталогтар тiзiмi файл жолы деп аталады. Файл жолы файл атымен қосылып файлдың толық атын құрайды.
Мысалы, С - дискісінде WORK каталогінің TEXT iшкi каталогінд орналасқан файлының толық аты: C:WORK\TEXT\ hat.txt. Әдетте дискі және каталог аттары латын алфавітінің бас әріптерімен, файл атаулары кіші әріптерімен белгіленеді.
Жұмыс icтen жатқан дискі атауы, каталог аты, файл аты ағымдық деп аталады.
Орындалып жатқан программа, icтen тұрған программа режимдеріндегі каталогты екпінді дейді.
MS - DOS операциялық жүйесінің кұрылымы .
MS DOS операциялык жүйесі дискетің немесе С: дискісінің түпкі каталогында файлдар түрінде орналасады да, мынадай бөліктерден тұрады:
-BIOS модулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметті енгізу-шығарудың неізгі жуйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте кұрылғылардың жұмыс істейтінін немесе істемейтінін тексереді
-Операциялық жүйенің жүктеуіші – бұл кішкентай ғана программа операциялық жуйенің компьютердің жедел жадында тұрақты сақталатын қалған модульдерін файлдардан (IO.SYS, MSDOS.SYS) оқуды қамтамасыз етеді:
-IO.SYS файлы сыртқы кұрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық түрін атқарады;
-MSDOS.SYS файлы жалпы файлдар ашу iciн жэне де ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі болады;
-COMMAND.COM командалық процессоры әp6ip адамға қажет түрлі ic-әрекеттерді орындайды, ол ЭЕМ icкe қосылған кезден бастап ОС-тың барлық резидентті немесе ішкi командаларын орындау iciн жургізеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалык файлды тауып, оны оқып бірден орындауға кipiceдi. Команданы атқарып болған сон, оны жадтан өшipin, экранга әpi қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін, шақыру мәліметін шығарады.
-DOS-тың сыртқы немесе кipмe (транзитті) командалары — операциялық жүйемен 6ipre бөлек-бөлек файлдар түрінде бepiлeтiн программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді. Олар транзитті командалар ретінде әртурлі қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т.с.с.
- Құрылғылар драйвері— DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шeткepi кұрылғьшарды басқару iciн орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен 6ipre оқылады да, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы файлда жазылып тұрады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық файл CONFIG. SYS оқылып кұрылғылар
драйверлері де жедел жадта орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND.COM файлы оқылып, ол icіне кipiceдi. Бұл командалык процессор тағы 6ip командалық AUTOEXEC.BAT файлын icкe қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.
ОЖ жұмыс істегенде оның негізгі жұмыс кұралы - команда. Ол компьютерге белгілі 6ip әрекетті орындататын арнаулы программаларды шақыру ушін қолданылады.
Команда формат деп аталатын, арнаулы құрылымнан (структурадан) тұрады. Формат команданың атынан жэне параметрінен құралады.
MS-DOS барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (iшкi, 6ipre құрылған) командалар қызмет ететін COMMAND.COM файлының құрама боліп болып табылады. Олар - тез орындалатын жиі олданылатын қарапайым командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL. TYPE, COPY жэне т.б. командалар жатады.
Транзитті (сыртқы, шақырылып icкe қосылатын) кірме командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды icқe қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY жэне т.б.
Каталогтармен жұмыс істейтін командалар
1. DIR командасы - каталоггардың және файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын қарапайым параметрсіз қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.
1шкі каталогтың мазмұның карау ушін DIR командасын және iшкi каталогтьң атын жазсақ жеткілікті.
Параметр деп түпкі каталогы немесе кез келген деңгейдегі iшкi каталогты көрсететін маршрутты айтады. Каталог мазмунының тiзiмi үлкен болған жағдайда -информацияны парақтап экранға шығару үшін қосымша /Р параметрі қолданылады. Бұл жағдайда экран беті информацияға толған сон информацияны экранға беру тоқтайды, жалғастыру ушін кез келген пернені басу керек.
Информацияны экранға жинақты (6ip жолға бірнеше файл жазу) түрінде шығару ушін /W параметрі қолданылады. Бұл жағдайда файлдардың аттары мен түрлері ғана экранға шығады, мысалы,
2. MD (Make Directory - каталог жасау) - ағымдағы кез келген каталог ішінен жана каталог ашу командасы.
3. RD (Remouve Directory — каталогты жою) - iшінде файлдары жоқ бос каталогтар мен iшкi каталогтарды жою командасы.
4. CD (Change Directory - каталог ауыстыру) - 6ip каталогтан екінші каталогқа көшу командасы. Жоғары дәрежедегі каталогтарға көшу мына параметрлер "..", "/" арқылы icкe асады.
Файлдармен жумыс істейтін командалар
1. COPY - файлдарды көшіру командасы. Файлдарды көшіргеде файлдың бұрынғы атын сақтап (егер олар басқа каталогқа көшірелетін болса) немесе атын өзгертіп көшіруге болады. Параметр ретінде қандай файл, қайдан, қайда және қандай атпен көшірілетіні көрсетіледі. Жалпы түрде команда форматын былай көрсетуге болады:
Сору_<қайдан, нені>_<қайда>
Файл атауларында оларды топтап белгілеуге мумкіндік беретін нұсқа (* және ?) таңбаларды пайдалануға рұқсат етілген.
2. REN (RENAME) - файлдардың аттарын өзгерту командасы, параметрлері файлдардың ескі және жаңа аттары.
3. DEL (DELETE) - ағымдағы немесе көрсетілген каталогтағы файлды немесе файлдар тобын өшipy командасы. Бip немесе бірнеше файлдарды, яғни файлдар тобын жоюға команда бергенде операциялык жүйе төмендегі керсетілгендей ескертеді:
Are you sure? Y/N?
Y әpniн таңдау арқылы файлдар тобын жойғымыз келетінің,
N әpniн таңдау арқылы, жою операциясынан бас тартқанымызды білдіреміз.
4. TYPE командасы - текстен тұратын файлдың iшкi текстін экранға шығару.
5. DATE командасы - үстіміздегі ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту.
6. TIME командасы ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдыңғыға date командасына үқсас.
7. PATH (жол) командасы керекті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын ала көрсетуге арналған. MS DOS жүйесі қажет болған файлды ағымдағы каталогтан таба алмаса, осы команда параметрлері ретінде келтірілген каталогтардан іздейді. Бұл команда көбінесе компьютер icкe қосылғанда бірден автоматты түрде орындалуға тиіс autoexec.bat файлында болады, ол жиі қолданылатын қызмет жасау файлдары орналасқан каталогтарды көрсетеді.
8. CLS (Clear Screen — экран тазарту) экранды тазартып операциялық жүйенің жұмысқа шақыру қатарын сол жақ жоғарғы бұрышқа орналастырады. Бұл команда сls түрінде параметрсіз теріліп, соңынан Enter nepнeci басылады.
Norton Commander қабықшасымен жұмыстар
F7 – каталог (директория) құру. Панельде шығарлыған каталогты тағы да бір жаңа каталогшаны құру үшін F7 пернесін басу керек. Norton Commander экранға каталогшаға ат беру сауалын шығарады. Оған ат беріп, оны енгізіп Enter пернесін басу керек.
Файл топтарын таңдау
Файлды таңдау: Жекелеген файл немесе каталогты таңдау (яғни оны топқа енгізу) Insert пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Insert пернесі екі рет басу файл немесе каталог таңдауын жояды.
Тышқанның (қол тетігі) көмегімен файл немесе каталогты таңдау, сондай-ақ таңдауды алып тастау файл немесе каталогтың атын тышқанның оң жақ кнопкасын шерту арқылы жүзеге асады.
Таңдалған файлдармен жүзеге асыратын әрекеттер: Функционалдық пернелердің көмегімен файлдар немесе каталогтардың таңдалған тобымен келесі әрекеттерді жүзеге асыруға болады:
Перне |
Қызметі |
F5 |
Басқа каталогқа көшірмесін алу |
F6 |
Басқа каталогқа ауыстыру немесе атын өзгерту |
F7 |
Жаңа каталог құру |
F8 |
Алып тастау |
Ctrl+F10 |
Таңдалған файлдарды файлға біріктіру |
F10 |
NC-дан шығу |
F3 пернесін басқанда NC кусормен белгіленген файлды қарап шығуға мүмкіндік береді. Текстің файлдарды, құжаттарды, әртүрлі текст редакторларының көмегімен жасалған, графикалық файлдарды, архивтік файлдарды, мәліметтер базасын көріп шығуға болады. Қарап шығып жатқан файлда ауысу үшін Page Up, Page Down пернелерін қолдануға болады. Home және End пернелері файлдың басы мен аяғын ауыстырады. Құжаттарды, мәліметтер базасын және кестелік процессордың кестелерін қарау кезінде сіз сондай-ақ F7 пернесін символдар жолын іздеу үшін қолдана аласыз.
Текстік файлдар мен құжаттарды қарау. Бұл файлдарды қарау кезінде қосымша келесі мүкіндіктер бар:
F2 – құжаттың ұзын жолдарын келесі жолға көшіру әлде көшірмеу
F4 - текстік түрде (көшіру) шығару
F8 – құжаттарды қараудың режимін таңдау
F9 – файлдарды қағазға шығару (принтер арқылы)
NC – де файлдарды редакциялау
F4 – редакциялау. Курсормен белгіленген файлды редакциялау үшін F4 –ті басу керек. Nc-ға кіріктілген (ішкі редактор) қолданыла алады.
Егер Shift пернесімен F4 пернесін бірге басқаннан кейін (-) файлдың атын енгізсе (дискте жоқ), онда жаңа файл құрылады.
Курсор (экран бетіндегі жыпындаған белгі) текістегі өтіп жатқан бағытты (қалыпты) нұсқайды. Тексте болатын барлық өзгерістер курсор көрсетіп тұрған позицияда өтеді. Курсордың тексте ауысып отыруы. Курсорды қажетті позицияға тышқанды шерту арқылы немесе пернелерінің көмегімен үстіге, астыға, оңға, солға ауыстырып отыруға болады. сонымен қоса, курсорды тексте пернелер арқылы ауыстырып отыруға болады.
Page Up, Page Down - басқа бетке (экран көлемі) үстіге және астыға.
Ctrl және Ctrl басқа оңға және солға.
Home және End жолдың басына және аяғына.
Ctrl+Homе Ctrl+End – редакцияланып отырған файлдың басына және аяғына.
Alt+F8 - белгілі номері бар жолға (номер сұралады).
Символдармен жолдарды жою. Символдар мен жолдарды жою үшін келесі пернелерді қолдануға болады:
Delete – курсордың үстіндегі символдарды жою.
Backspace – курсордың сол жағындағы символдарды жою.
Файлдармен өтетін операциялар. Редакторда файлдармен өтетін опреациялар келесі пернелердің көмегімен жүзеге асады.
F2 - редакцияланған файлды сақтау
Shift+F2 - редакцияланған файлды басқа атпен сақтау (жаңа ат сұралады).
F9 – файлды принтерге шығару (қағазға)
Alt+F5 – редакцияланушы құжатқа басқа файл мәліметтерін қою (енгізу).
F10 – немесе Esc - редакциялау режимін шығару.
Shift+F10 – редакцияланған файлды сақтау және редакциялау режимінен шығу.
NC –дің көмегімен файлдарды көшіру үшін керекті файлды бөліп алып не файлдар тобын таңдап F5–ті басу керек. Файлдарды көшіруді сұрау. F5-ті басқанда файлдарды немесе каталогтарды тышқанмен ауыстырғанда экранның ортасында файлды немесе каталогтарды қайда көшіру керектігі туралы және көшірудің өлшемдері туралы сұрау қойылады.
Қайда көшіру. Сұраулық текстік жолға Copy (көшіру) жазуының астына енгізу керек.
- не көшіру керек болған каталогтың атын;
- не жаңа файл немесе каталогтың атын енгізу.
Көшіруді орындау. Көшіру сауалдарына байланысты барлық өлшемдерді белгіленнен кейін зауал кнопкасы Copy (көшіру) басу керек. Егер өлшемдер дұрыс берілсе, онда программа әрбір файлдың көшіру процесін файлдың көшірілген бөлігін қарайтып, жолақты диаграма ретінде көрсетіп, файлды көшіре бастайды. Егер көшіру кезінде құру керек болатын файлдың атын көшірілу жүргізіліп жатқан каталогта болса, экранда мынандай хабарлау болады: “The file… already exit? Do you wish to write over target file?” (Файл … бар, көшіру кезінде файлдарды ауыстырайқ па?). Сіз жауаптардың біреуін таңдай аласыз.
Or erwrite (ауыстыру) – көшіруді бітіру, жол атта болған файл жойылады.
All (бәрі) – осы және басқа да келесі файлдардың көшіруін сауалдарсыз аяқтау (бір аттағы файлдар жойылады).
Ship (өткізу) – файлдың көшіруіне рұқсат бермеу және көшіру процесін тоқтату.
Cancel (алып тастау) – файлдың көшіруіне рұқсат бермеу.
Атын өзгеру. Файл, каталог немесе файлдар тобын немесе каталогтар тобының атын өзгерту үшін, аты өзгертілуші файл немесе каталогты, файл мен каталогтар тобын курсормен көрсетіп, F6-ны басамыз. NC сұрауына жауап ретінде файл немесе каталогтың жаңа атын енгізіп, сұрау кнопкасыы Rename-ні басу керек.
Жөнелту. NC басқа каталогқа файлды, каталогшаны немесе файл мен каталогшалар тобын жөнелтуге рұқсат етеді. Жөнелтудің көшіруден айырмашылығы сәтті жөнелтуден кейін бастапқы файлдар жабылады. NC-де жөнелту көшіру сияқты өтеді, бірақ төмендегідей айырмашылықтары бар:
- жөнелтуді пернелік тақта көмегімен бастау үшін F5 пернесін емес, F6 басу керек;
- жөнелтуді тышқанның көмегімен бастау үшін, орын ауыстыру кезінде Alt пернесін басып отыру керек. Орын ауыстыру кезінде тышқанның орын ауыстыру көшіру (Copy) емес (-) шығады;
- файлдардың орын ауыстыру режимінің сауалының файлдарының атын өзгерту деген тақырыбы бар, ал ауысудың басын сауалдық бұйрықтың нүктесі программалардың ағылшын тілінде Rehame (Hore деп аталады, орыс тілінде Выполнить).
Файлды немесе каталогтарды немесе файлдар тобын белгілеп, F8-ді басу керек.
- егер панельде қандай да бір файлдар немесе каталогтар таңдалған болса, онда таңдалған файлдар немесе каталогтардың таңдаған тобы жойылады.
- әйтпесе ағымдағы файл немесе каталог жойылады.
- егер панельде қандай да болмасын файлдар және каталогтар таңдалса, онда таңдап алынғакн файлдар және каталогтар тобы жойылып тасталады.
- курсормен белгіленген файл және каталог жойылады.
Сіз белгілеген әрбір файлға программа жоюға рұқсат сұрайды. Сіз кез-келген жауаптың бәрін таңдап ала алмайсыз.
Delete (жою) – файлды жойып, әрбір жойылған файлға сұрау жүргізе отырып, жұмысты жалғастыру.
Ship (өткізу) – осы файлды жоймай, жұмысты жалғастыру.
Cancel (алып тастау) – осы файлды жоймай, жою процесін тоқтату. Осы жағдайды Esc пернесінде таңдауға болады.
Каталогтарды жою режимі қосылып тұрған жағдайда каталогтарды жою барысында программа әрбір жойылатын каталогқа сұрау жүргізіледі. Сіз келесі көрсетілген жауаптардың бірін таңдап ала аласыз:
- Delete (жою) – файлды жойып, әрбір жойылған файлға сұрау жүргізе отырып, жұмысты жалғастыру.
- All (барлығы) – осы және басқа да каталогтарды жою.
- Ship (өткізу) – осы файлды жоймай, жұмысты жалғастыру.
- Cancel (алып тастау) – осы файлды жоймай, жою процесін тоқтату.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.ОЖ даму тарихы
2. ОЖ түрлері MS DOS операциялық жүйесі туралы түсінік
3.ОЖ даму сатысын ата
Дәріс -5 «WINDOWS жүйесінде жұмыс істеу негіздері»
Дәріс жоспары
1.Windows қолданушы интерфейсі
2. Жұмыс столының негізгі объекттері
3. Терезенің жүйелік менюі (Системное меню окон)
4. Windows объектілерімен операциялар
Біздің Windows –пен «қатынасымызды» іске асыратын қалданушы интерфейсі объектті-бағытты түрде негізделген. Бұл қолданушының алдымен программаларға емес, құжаттар мен объекттерге көңіл бөлетінін білдіреді. (Қолданбалы программалар көмегімен өңделінген кез-келген файл құжат деп аталады.) Мысалы, егер біз суретпен жұмыс істесек, оны ашсақ, графикалық редактор автоматты түрде жүктеледі. өмірдегі кез-келген объекттің өз қасиеттері бар. әр заттың өлшемі, салмағы т.б. бар. Windows объекттерінің де, сол сияқты, өз қасиеттері бар, мысалы, файлдардың өз өлшемдері, атрибуттары және т.б. бар.
Жұмыс столы. Windows операциялық жүйесі жүктелген соң экранда Жұмыс столы (desktop) кескінделеді, онда әртүрлі графикалық объекттер орналасады. Кәдімгі жұмыс столындағы қағаздары бар папкалар тәрізді, экранда қолданушыға ыңғайлы түрде көп қолданылатын программаларды білдіретін белгілерді, құжаттарды орналастыруға болады.
Жұмыс столын күйге келтіру (настройка) – столда жиі қолданатын қосымшалар, құжаттар және принтерлерді орналастыру, және де столдың фонын, тоқтағандағы (заставка) суреттер және басқа да істерді жасау. Қосымшаны іске қосу тышқан сілтемесін сол ярлыкқа апарып, сол жақ батырмасын екі рет сырт еткізу.
Есептер тақтасы. (Панель задач) Жұмыс столының төмен (немесе жоғарғы, сол және оң) жағында Есептер тақтасы орналасқан. Онда Пуск батырмасы орнласқан, ол Негзгі менюді ашу үшін арналған (сол жақ батырманы бір рет сырт еткізу немесе Ctrl+Esc бір мезетте басу). Негізгі менюде негізгі командалар мен программалар тізімі бар. Пуск батырмасындағы міндетті командалар Настройка, Справка, Найти, Выполнить, Программы, Завершение работы.
Есептер тақтасында қосымша түрде орналасады:
Тез жүктеу батырмалары
Ашық және бүктеулі терезелерді кескіндеу панелі
Шрифт индикаторы, Жүйелі уақыт белгісі, Дыбыс қаттылығы регуляторы.
Менің компьютерім. (Мой компьютер)
Менің компьютерім (Мой компьютер) компьютердің мазмұнын көрсететін жұмыс столындағы жүйелі папка. Оны ашу үшін Мой компьютер белгісін екі рет басу керек.
Портфель (Мои документы)
Бұл жерде қолданбалы программалармен құрылған құжаттар сақталады.
Себет (Корзина)
Корзина – бұл өшірілген файлдар орналасатын арнайы жүйелі папка. Кез-келген файлды өшірілмей тұрған кездегі өз орнына қайта қалпына келтіруге болады. Егер себеттен (корзинадан) өшірілсе, онда файлды қайтара алмаймыз. Очистить корзину командасымен себеттен барлық файлдарды өшіре аламыз.
Бумалар (Папки).
Құжаттар мен программалар папкаларда сақталады, құрылысын Мой компьютер немесе Проводник программасы арқылы көре аламыз. Бірінің ішіне бірі енген папкалар саны шексіз.
Файлдар
Файлдарда мәтіндік, графика, сандық мәліметтер, программалық модульдер (қосымшалар) сақталуы мүмкін. Windows –та файлдар аты мына ереже арқылы құрылады:
Файл аты 256 таңбаға (латын және орыс әріптері) дейін болуы мүмкін;
Нүкте арқылы ажыратылған аттарды пайдалануға болады, мысалы, Факультет.Курс.Группа.Фамилия.Тхt;
Аттарда бос орын таңбасы болуы мүмкін, бірақ ? \ * “ < > таңбалары болмауы керек;
Windows файлдар аттары төменгі немесе жоғарғы регистрде жазылғанын еске сақтайды, бірақ файл аттарын салыстырғанда регистрді есепке алмайды, мысалы, Асанов. tхt және АСАНОВ. tхt файлдары бір файл болып есептеледі;
Файлдар тобын іздегенде немесе файлдар тізімін қарағанда * және ? таңбаларын қолдануға болады.
Жанама меню (Контекстное меню (меню объектов))
Тышқанның оң батырмасын басу тышқан көрсеткіші тұрған объекттің жанама менюін кескіндейді. Бұл меню объектпен жұмыс жасау үшін керекті негізгі командалар тізімін береді. Мысалы, кез-келген файл үшін бұл менюде ашу, көшіру, өшіру сияқты командалар орналасқан.
Терезелік меню терезенің өлшемін өзгерту, оның экранда орналасу ретін көрсетуге, құжатты немесе программаны жабуға мүмкіндік береді.
Терезелік меню батырмасы терезенің сол жақ бұрышында орналасқан. Терезелік менюді белсенді еткенде командалар тізімі пайда болады.
Восстановить (Қалпына келтіру) – терезенің өлшемін осыған дейінгі қалпына келтіреді. Бұл команда терезе экранды толық алып тұрған жағдайда жұмыс істейді.
Переместить (Орнын ауыстыру) – терезенің орнын пернелік арқылы өзгерту мүмкіндігін береді. Бұл команданы таңдағаннан кейін курсор төртбағытты стрелкаға айналады. Терезені жылжыту бағыттауыштар арқылы іске асады. Орнын ауыстырып болған соң, <Enter> пернесін басу керек.
Размер – терезе өлшемін бағыттауыштар арқылы өзгерту мүмкіндігін береді.
Свернуть (бүктеу, орау) – терезені батырма өлшемінде есептер тақтасына орайды.
Развернуть (айқара ашу) – терезе өлшемін ең үлкен өлшемге дейін (бүкіл экранға) үлкейтеді.
Закрыть (жабу) - терезені жауып, программамен жұмысты аяқтайды.
Жүйелік меню батырмалары (Кнопки системного меню)
Жүйелік меню батырмалары терезенің оң жағында орналасады Олар үшеу: 02r
0 батырмасы бүктеу (свернуть) деп аталады. Оның қызметі жүйелік менюдің «бүктеу» командасымен бірдей.
2 батырмасы "максималдау/минималдау" деп аталады. Бұл батырмаға басу терезенің өлшемін экрандай немесе қолданушының қойған өлшеміндей етеді.
r батырмасы жабу деп аталады. Бұның жұмысы жүйелік менюдің «жабу» командасына пара-пар.
Windows объектілерімен мынадай операциялар жасауға болады
Құру
Көшірмесін алу
Атын өзгерту
Қасиетін қарау
Қасиетін өзгерту
Файлдар және бумалар жиынымен мынадай операциялар жасауға болады
Көшіру
Таңдалған шарт бойынша реттеу
Қолданбалы программалар арқылы мазмұнын қарап және өзгартуға болады
Іздеу
Белгілер, жарлықтар (Значки, ярлыки)
Белгі (Значок) – бұл программалық элементке меншіктелетін кішкене таңба. Қолданушы сурет бойынша файлдың қандай программалық қосымшада жасалғанын анықтай алады.
Жарлық (Ярлык) – бұл программалық элементке немесе файлға жасалған сілтеме. Ол бұл программалық элементтің толық адресінен тұратын командадан тұрады. Белгіден жарлықтың айырмашылығы оның ақ стрелкасы бар, жарлықтың орнын өзгерту немесе оны өшіру программа жұмысына еш кедергісін келтірмейді. Файлдың немесе папканың белгісін өшіру файлдың немесе папаканың өзін өшіреді.
Жиі қолданылатын файлдарға жарлықтар құру
1 әдіс:
1. Объектті белгілеу (файл, программа, папка және т.б.)
2. Ерекшеленген объектте тышқанның оң батырмасын басу. Создать ярлык
2 әдіс
1. Объектті белгілеу (файл, программа, папка және т.б.)
2. Ерекшеленген объектте тышқанның оң батырмасын басу. Отправить-Рабочий стол командасын орындау.
Жарлықтың параметрлерін өзгерту үшін тышқанның оң батырмасымен жанама менюін таңдап, Свойства командасын таңдау керек.
Жаңа папка құру
1 әдіс
1. "Мой компьютер" папкасында немесе Проводник терезесінде жаңа папка құратын папканы ашу.
2. Менюден Файл - Создать, содан соң Папка пунктін таңдау. Терезеде аты келісім бойынша аталған папка пайда болады. Жаңа атты енгізіп, <Enter>-ді басу.
2 әдіс
1. "Мой компьютер" папкасында немесе Проводник терезесінде жаңа папка құратын папканы ашу.
2. Бос орында тышқанның оң батырмасын басу. Жанама менюден Создать – Папку командасын таңдау. Терезеде аты келісім бойынша аталған папка пайда болады. Жаңа атты енгізіп, <Enter>-ді басу.
Файлдың немесе папканың атын өзгерту
1. "Мой компьютер" папкасында немесе Проводник терезесінде файлды немесе папканы ерекшелеу. (Ашып керегі жоқ)
2. Еерекшелінген объектке тышқанның оң жағына басып, Переименовать командасын таңдау
3. Жаңа атты енгізіп, <Enter>-ді басу.
Файлды немесе папканы өшіру
1 әдіс
Керекті объектті ерекшелеу. Delete пернесін басу.
2 әдіс
Керекті объектті ерекшелеп тышқанның оң батырмасын басу. Удалить командасын орындау.
3 әдіс
Керекті объектті ерекшелеп тышқанның сол батырмасымен Корзинаға сүйретіп апару. Объектті Корзинаға салмай өшіру – Shift+Delete
Өшірілген объекттерді қалпына келтіру
1. Жұмыс столындағы Корзинаны ашу.
2. Қалпына келтірілетін файлды белгілеу
3. Файл менюіндегі Восстановить командасын таңдау (немесе ерекшеленген файлға тышқанның оң жағына басып, Восстановить командасын таңдау)
Орнын ауыстыру (Көшіру)
1. "Мой компьютер" папкасында немесе Проводник терезесінде керекті файл немесе папканы ерекшелеу.
2. Правка менюіндегі Вырезать(Копировать) командасын таңдау
3. Объектті апаратын папканы ашу керек
4. Правка менюінен Вставить командасын таңдау
Бұл операцияны объекттің жанама менюі арқылы орындауға болады. Жанама менюден Вырезать(Копировать) командасын таңдау. Копировать , Вырезать және Вставить командаларын мынадай пернелер комбинациясын қолдана отырып орындауға болады:
Көшіру –Ctrl+C
Қиып алу – Сtrl+X
Қою - Ctrl+V
Файлды іздеу
Файлды былай тауып алуға болады:
1. Жұмыс столынан немесе Проводник терезесінен «Мои документы» папкасын ашып қарауға болады (егер келісім бойынша құжат осы папкада сақталса)
2. Пуск-Документы (егер құжат жақында сақталса)
3. Пуск – Найти (Поиск)-Файлы и папки. Ізделінді объекттің атын енгізіп, Найти батырмасын басу
Дискетке сақтау
1 әдіс
Керекті файлды немесе папканы тауып, тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден
Отправить – Диск А: командасын орындау
2 әдіс
Проводник программасын ашу. Одан керекті файлды (папканы) тауып, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей, Диск А: тұрған терезешеге ауыстыру
3 әдіс
1. Керекті файлды немесе папканы тауып, тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден Копировать (немесе Правка - Копировать) командасын орындау
2. А: дискісін ашып, бос орынға тышқанның оң жақ батырмасын басып, жанама менюден Вставить (немесе Правка -Вставить) командасын орындау
ДӘРІС- 6 Әмбебап операциялық жүйелер және операциялық жүйелердің арнайы
міндеттері. ОЖ классификациясы. ОЖ құрудың модульдік құрылымы.
Дәріс жоспары: