
- •«Операциялық жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •5B060200 – «Информатика»мандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Дәрістер
- •Дәрістер
- •2.Базалық программалық қамтама
- •Ож тарихы
- •Windows-тың тарихы мен дамуы.
- •Әмбебап ож туралы түсінік
- •Ож жіктелуі
- •Ож құрудың модульдік құрылымы
- •1.Енгізуді - шығару аппаратуралар принципі
- •2.Құрылғылар контроллері
- •Файлдар
- •Каталогтар
- •2. Зертханалық сабақтар
- •Контекстін меню
- •Жүйелік меню
- •Көлденеңдік меню
- •Зертханалық жұмыс 5
- •Ярлыкты қолдану
- •2. Зертханалық жұмысқа тапсырма
- •3. Зертханалық жұмысқа әдістемелік көрсетулер
- •Мынаған көңіл бөліңіз:
- •3.1.Байланыстар тізімі.
- •Мысалы:
- •3.2. Марштурттық кестенің байланысы.
- •Мысалы:
- •3.3. Желілі интерфейстер статистикасы.
- •Нормалы жұмыс істеушіторларда конфликт (rx-ovr, tx-ovr ) пакеттердің санынан 3% шамадан асыруs тиіс , ал басқа қателер 0,5% пакеттердің санынан аспау керек .
- •3. Студенттердің өздік жұмысы
2.Базалық программалық қамтама
Процессорда орыдалатын барлық жасақтаманы бағдарламалық жасақтама деп те атайды.
Олар:
- жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау жұмыстарын басқаратын;
- қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;
- бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
Жүйелік бағдарламалардың ішінде Опреациялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады. Себебі:
ОЖ компьютердің барлық мәліметтерін өңдеу жұмысын ұйымдастырады;
Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады.
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырады.
ОЖ түрлері көп. Бірақ біз Windows типті Ож-ді қарастырамыз. Бұл ОЖ-ні әзірлеген американың Microsoft компаниясы.
Компьютерде жұмыс жасау негізінен оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады. Сондықтан компьютермен жұмыс жасаудың жеңіл, қиындығы оның ОЖ-нің адаммен қандай қарым-қатынас ұйымдастыруына байланысты. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі – интерфейс деп аталады. Интерфейстің екі түрі бар. Олар:командалық және терезелік.
Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ-нің командалары арқылы қатынасады. Командалар көп және жазылу дұрыстығы сақталу қажет болғандықтан мұндай тәсіл жұмыс жасауға қиын. Командалық интерфейсі бар ОЖ – MS-Dos. Ол Windows-қа дейін қолданылды.
Терезелік интерфейс Windows типті ОЖ-де қолданылады. Мұнда компьютермен қатынас маус арқылы жүзеге асады. Команда жазып қажеті жоқ, тек керек әрекетті маус арқылы таңдап, жұмыс атқарылады.
Сонымен бірге Windows-тың MS-Dos-қа қарағандағы артықшылығы, бір мезгілде бәрнеше мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні.
Жүйелік бағдарламалық жасақтамаға драйверлер де кіреді. Бұл компьютерге қосымша құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалары. ОЖ қосымша құрылғылармен олардың драйверлері арқыллы қатынасады.
Қолданбалы программалық жасақтама арнайы және әмбебап болып екіге бөлінеді.
Арнайы бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады. Мысалы: бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын программалар.
Әмбебеп бағдарламаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, т.б. адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады.
Бағдарламалау жүйелерінң құрамына бағдарламалау тілдері және анайы бағдарламалар кіреді, олар көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады. Бағдарламалау жүйелерін көбінесе прораммистер қолданады.
Ақпаратты компьютерде сақтау.
Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады.
Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істейді. Оны көп жағдайда оперативті (жедел) жады деп атайды. Компьюттер өшкенде жедел жады тазарады.
Мәліметтер мен бағдарламалар ішкі жадтың ұяшығына байт немесе байттар тобы түрінде орналасады. Олармен ұяшықтың адресі бойынша қатынасады.
Компьютердің сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауға арналған. Ол қатқыл дискіде, иілгіш дискіде, лазерлік дискілерде, магнитті таспаларда орналасады.
Ал сыртқы жадқа ақпарат белгілі бір үлестер (порциялар) түрінде жазылады. Мұндай үлестер файлдар деп, құрылым файлдық деп аталады. Басқаша айтқанда файл – бір типті байттар тізбегі.
Файл деген ағылшын тілінен аударғанда қапшық дегенді білдіреді. Нені файл деуге болады. Файл дегеніміз – бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері. Файл атауы өзара екі нүктемен бөлінген бөліктерден тұрады. Бірінші бөлігі өз аты, екінші бөллігі кеңейтілуі.
Файлдарды біртұтас обьект ретінде жазуға, көшіруге, жоюға, даярлауға, жылжытуға, қайта атауға болады.
Яғни сыртқы тасуыштағының бәрі де файл ретінде сақталады.
ДӘРІС 2 Операциялық жүйенің мақсаты
ОЖ жіктеу
WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады. Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер: ■ Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын; ■ Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын; Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірге) көп терезелі интерфейсі болуы мүмкін. Анығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір програманы іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін. Бір міндетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде жұмыс істеу қолайлығы жағынан көп міндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады. Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNІХ, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады. Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімінен және т.с.с. таңдалады.
Бірінші типіне Місгosoft компаниясының ұқсас екі жүйесі Windows 95 пен Windows NТ жатады. Windows 95 және Windows NТ операциялық жүйелер көпміндетті және олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар. Өз тарихында Місгоsoft компаниясы алдымен Windows NТ жүйесін жасады. Бірақ сол кездегі дербес компьютердің қуаты бұл жүйені тиімді қолдануға жеткіліксіз больш шықты. Компьютердің қуатына лайықты шектелген жүйенің қарапайымдау нұсқасы Windows 95 деген атпен шығарылды да, бірден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ пайдаланушыларының алдыңғы интерфейстерімен салыстырғанда, айтарлықтай тиімді болып табылады, Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі мыналар: 1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады. Бұл - операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows -тан шықпай-ақ орындауға болады деген сөз. Қолданбалы программаны іске қосу, дискеттерді пішімдеу, мәтіндерді басуға шығару - мұның барлыған Windows-тан шақырып алуға және операция аяқталғаннан кейін Windows-қа кері қайтаруға болады. Windows ортасында терезе және таңбашалар пайдаланушы интерфейсінің негізгі түсініктері болып табылады. Windows-та орындалатынның барлығы не таңбашасы (пиктограммасы) бар операция, не терезесі бар (немесе терезедегі) операция болып табылады. Барлық сервистік және қолданбалы программалар үшін терезелер құрылымы және оларды басқару элементтері, операциялар жиыны мен сервистік программаларға арналған менюдің қүрылымы, сондай-ақ маустың көмегімен орындалатын операциялар стандартталған, яғни белгілі стандарт бойынша орындалған. 2. Windows графикалық жүйе болып табылады. Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялар жүйелер бәсекелесе алады. UNIX - бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын ОЖ. Ол бұдан 20 жылдан астам уақыт бүрын жоғары сенімділікті талап ететін міндеттерді шешетін, сол кездің ең қуатты компьютерлері үшін арналған. Windows пен UNIX типті жүйелермен барлық операциялық жүйелердін көп түрлілігі тамамдалмайды. Көпшілікке арналған алғашқы дербес компьютерді американдық Аррlе компаниясы шығарған. Қазір барлық жерде қолданып жүрген Rапк Хеrох компаниясының жаңалығы графикалық көптерезелі интерфейсті алғашқы рет іске асырғандығында.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.ОЖ түрлері
2. ОЖ жіктелуі
3.ОЖ даму сатысын ата
Дәріс 3 ОЖ түрлері
Дәріс жоспары: