Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК спец главы каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.11 Mб
Скачать
  1. – Сурет. Соғуға қолданылатын құралдар

2– сурет. Соғудың кейбір операциялары

Ширату (Закручивание) — дайындама бөлігін бойлық өсінде бұрау операциясы. Бұл операцияны кейбір иінді білік типтерінің, ірі шиыршықты бұрғы соғылмаларын өндіруде қолданады.

Кесу (Отрубка) — дайындама бөлігін деформациялаушы құралды ендіру арқылы ашық контур бойымен толық бөліп алу. Егер дайындамадан металдың бір бөлігін ашық контур бойымен бөліп алсаонда оны – шабу, ал тұйық контур бойымен бөліп алса – шағ деп атайды. Шаб мен шағуды арнайы қалыптарда жүргізеді.

Соғу кезінде қарастырылған операциялардан басқа ұсталық пісіру, керу, домалату, қыспақтау және т.б. операциялар орындалады.

Ыстықтай қалыптау.Қалыптауды арнайы құрал – қалыптың көмегімен жүргізеді. Қалып екі немесе одан да көп бөліктерден тұрады. Қалып қуыстарын жылғалар деп атайды. Дайындама жылғаларда деформациялана отырып, қуысты толтырады да соғылма пішініне келтіріледі. Қалыптауда металдың ағуы құралдың беттерімен шектеліп мәжбүрлі өтеді, бұл дайындама көлемінің қайта қалыптасуына әкеп соғады.

Соғумен салыстырғанда қалыптау құралының қымбаттығына, металды деформациялауға өте үлкен қуаттың қажет ететінін ескергеннің өзінде қалыптау бір типті бөлшектерді өндіруде аса тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Қалыптау өнімділігінің жоғарылығымен бірге өлшемдердің жоғары дәлдігімен де ерекшеленеді. Сонымен қатар қалыптау әдісімен алынатын бұйым беттерінің сапасы жоғары болады, одан кейінгі кесіп өңдеуді қажет етпейтіндей болып келеді. Ыстықтай қалыптаудан кейін жүргізілетін суық күйде мөлшерлеу слғылма бетінің сапасын арттырады. Сондықтан қалыптауға кететін мол шығын мөлшері металдың үнемделуі мен соғылманы механикалық өңдеуге кететін шығынмен ақталады.

Сонымен қатар қалыптау жолымен соғу тәсілімен алуға болмайтын күрделі пішінді бұйымдарды алуға болады.

Қалыптаумен көбінесе массасы 100 кг дейінгі соғылмалар дайындалады, бірақ кейбір жағдайда соғылмалардың массасы 400...500 кг, ал кейде 2 т дейін жетіп жатады.

Ыстықтай қалыптауға бастапқы материал ретінде сортты илем, баспаланған шыбықтар, мөлшерленген металл, құйма дайындама және сұйық металл пайдаланылады.

Ыстықтай қалыптауды екі әдіспен жүргізеді: ашық қалыпта кенерікті (облойнай) (қылауларымен) және жабық қалыпта кенеріксіз (қылаусыз). Кенерікті әдістің мәні соғылма металдың артық көлемінің салдарынан қалып ажырандысы бойымен қылаулы болып қалыптасады (3-сурет).

Кенеріксіз әдісте дайындаманы қалыптың бір бөлігінде (ұяқалыпта) қалдырып, деформациялауды қалыптың екінші бөлігімен (сотанмен) жүргізеді (4-сурет).

1 — үстіңгі қалып; 2 — бұйым; 3 — кенерік; 4 – астыңғы қалып.

3– сурет.Тоқпақты қалыптағы кенерікті қалыптау

1 — үстіңгі қалып; 2 — бұйым; 3 — астыңғы қалып.

4 – сурет. Тоқпақты қалыптағы кенеріксіз қалыптау

Табақты қалыптау.Табақты қалыптау табақты, таспалы, тілкемді және басқа да материалдардан дайындаманың қалыңдығын көп өзгертпей бұйымдар алуға арналған. Пішін өзгертетін операциялар табақты немесе қуыс дайындамалардан қажетті пішін мен өлшемдегі кеңістіктік бөлшектер алуды қамтамасыз етеді. Табақты қалыптауда металды деформациялау жағдайы әртүрлі және алынатын өнім түрі мен қолданылатын операцияға байланысты болып келеді.

5 – сурет. Бөлу операциясы кезіндегі табақты пішу мысалы

Пішін өзгерту операциясына: ию, пішіндеу, кермелеу, көмкеру (отбортовка) (жайпақ дайындаманың сыртқы контуры бойынша немесе құбыр шетіне ернеу қалыптастыру), көмкермелеу (дайындамадағы тесік контуры бойымен ернеу қалыптастыру), дөңестеу (жайпақ дайындамадан қуыс бұйым қалыптастыру немесе қуыс дайындаманың пішіні мен өлшемін өзгерту), табақты бүрлеутабақты дайындамада ойыстар мен шығыңқылықтар қалыптастыру).

Ұсынылған әдебиеттер: нег. 5 [244-349], 6, қос 6.

Бақылау сұрақтары:

1. Соғу кезінде қандай құралдар қолданылады?

2. Беллетировка дегеніміз не?

3. Енде деп қандай операцияны айтады?

4. Қалыптаудағы жылғалар не үшін керек?

5. Қалыптаудың қандай ерекшеліктері бар?