
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және орындау графигі:
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •Попов е.А. Основы теории листовой штамповки. Изд. 2-е,перераб.И доп.- м. -Машиностроение, 1977.- 278с.
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •«Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясының негіздері» пәні бойынша
- •2 Модуль
- •1.9 Курстың процедурасы және политикасы
- •2 Белсінді көрнекті құралдардың мазмұны
- •2.1 Дәріс сабақтарының конспектісі
- •1 Дәріс. Қаңылтырлы қалыптау үрдістерінің және операцияларының жіктелуі
- •2 Дәріс. Соғу және қалыптау
- •– Сурет. Соғуға қолданылатын құралдар
- •3 Дәріс. Қаңылтырлы қалыптау үшін материалдар. Қаңылтырлы металдың негізгі тәжірибе әдістері
- •4 Дәріс. Бөлу операциялары. Қаңылтырлы металды параллельді пышақты қайшылармен кесу Қаңылтырлы металды көлбеу пышақты (гильотина) қайшылармен кесу. Қаңылтырлы металды дискілі қайшылармен кесу
- •5 Дәріс. Қаңылтырлы металды қалыптармен (шағу және тесу) кесу
- •7 Дәріс. Бұйымды итеру үшін күш және материалды сотаннан түсіріп алуы Қаңылтырлы материалды пішу
- •8 Дәріс. Қаңылтырлы материалды ию. Ию кезіңде дайындаманың серіппелуі
- •9 Дәріс. Ию кезіңде дайындаманың өлшемдерін анықтау
- •10 Дәріс. Қаңылтырлы материалды кермелеу үрдісі. Кермелеудің бірінші әрекетіңде дайындаманың пішінөзгеру сүлбесі
- •11 Дәріс. Кермелеу кезіңде шығындалатын жұмысты және күш мөлшерін анықтау
- •12 Дәріс. Кермелеу кезіңде дайындама пішінің және өлшемдерін анықтау
- •13 Дәріс. Кермелеу кезіңдегі операциялар саны және олардың бірізділігі. Кермелеу коэффициенті
- •14 Дәріс. Көмкеру. Жаншу. Кеңеюі.
- •15 Дәріс.Металды сымдау (волочение).Сымдау процесінің міндеті және шығарылатын бұйым сортаменті
- •2.2 Оқытушы жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы (соөж) аясында өтетін сабақтар тақырыбы
- •2.3 Студенттердің өздік жұмыстары (сөж) аясында өтетін сабақтар тақырыбы
- •Өзіндік бақылау үшін тестілік тапсырмалар
- •2.5 Пән бойынша емтихандық сұрақтар
- •Глоссарий
1.9 Курстың процедурасы және политикасы
Студенттер, сабақтардың барлық түріне қатысуға міндетті, барлық бақылау түрлерін уақытында тапсыру қажет, қатыспаған сабақты, себебіне қарамай, сабақтардан тыс уақытта өтеу (орындау) қажет. 2 кестеде тапсырмалардың орындау мерзімі және тәртібі көрсетілген, қатыспаған сабақтың өтеуі пәннің жоспарына байланысты орындалады. Аудиториялық сабақтарға студенттер алдын ала дайындалу керек. Студент барлық бақылау түрін өткізген соң ғана, қорытынды бақылауға жіберіледі.
2 Белсінді көрнекті құралдардың мазмұны
6-кесте
Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
Тақырып атауы |
Академиялық сағаттар саны |
||
Дәріс |
СОӨЖ |
СӨЖ |
|
1 Модуль |
|
|
|
1.Қаңылтырлы қалыптау операцияларын және үрдістерін жіктелуі. |
2 |
2 |
2 |
2. Соғу және қалыптау |
2 |
2 |
2 |
3. Қаңылтырлы қалыптау үшін материалдар. Қаңылтырлы металдың негізгі тәжірибе әдістері |
2 |
2 |
2 |
4. Бөлу операциялары. Қаңылтырлы металды параллельді пышақты қайшылармен кесу Қаңылтырлы металды көлбеу пышақты (гильотина) қайшылармен кесу. Қаңылтырлы металды дискілі қайшылармен кесу |
2 |
2 |
2 |
5. Қаңылтырлы металды қалыптармен (шағу және тесу) кесу |
2 |
2 |
2 |
6. Қобылау. Соғудың технологиялық үрдісін жасау |
2 |
2 |
2 |
7. Бұйымды итеру үшін күш және материалды сотаннан түсіріп алуы Қаңылтырлы материалды пішу |
2 |
2 |
2 |
2 Модуль |
|
|
|
8.Қаңылтырлы материалды ию. Ию кезіңде дайындаманың серіппелуі. |
2 |
2 |
2 |
9.Ию кезіңде дайындаманың өлшемдерін анықтау. |
2 |
2 |
2 |
10. Қаңылтырлы материалды кермелеу үрдісі. Кермелеудің бірінші әрекет кезіңде дайындаманың пішінөзгеру сүлбелері. |
2 |
2 |
2 |
11. Кермелеу кезіңде шығындалатын жұмысты және күш мөлшерін анықтау |
2 |
2 |
2 |
12. Кермелеу кезіңде дайындама пішінің және өлшемдерін анықтау. |
2 |
2 |
2 |
13.Кермелеу кезіңде операциялар саны және олардың бірізділігі. Кермелеу коэффициенті |
2 |
2 |
2 |
14.Көмкеру. Жаншу. Кеңею. |
2 |
2 |
2 |
15.Металды сымдау (волочение).Сымдау процесінің міндеті және шығарылатын бұйым сортаменті |
2 |
2 |
2 |
Барлығы (сағат) |
30 |
30 |
30 |
2.1 Дәріс сабақтарының конспектісі
1 Дәріс. Қаңылтырлы қалыптау үрдістерінің және операцияларының жіктелуі
Барлық суықтай қалыптау жұмыстары келесі негізгі топтарға бөлінуі мүмкін: бөлгіш операциялары, пішінөзгеретін операциялар, престеу операциялары, көпоерациялы және қалыпқұрастырушы операцияларына бөлінеді.
Бөлгіш (бөлу) операциясы кезіңде материалдың жабық қарамы және жабық емес қарамы бойынша бір бөлігін екіншіден бөлу арқылы іске асады. Бұл операцияларға мыналар жатады: кесіп алу, шағу (кесу), тесу, керту, қиып кесу, қию, тазарту және просечка.
Пішінөзгеру операциясы кезіңде жазық немесе іші қуыс дайындамадан керек пішінді материалдың қалыңдығы өзгермей кеңістікті тетік алынады. Бұл операцияларға мыналар жатады: ию, кермелеу, түзету, бедерлі қалыптау, көмкеру, қорамалау, жаншуы және кеңеюі, сонымен қатар материалды жіңішкеруімен кермелеу (созып тарту).
Престеу операцияласы кезіңде қаңылтырлы материалдың қалыңдығы өзгеруімен іске асады. Бұл операцияларға мыналар жатады: безеулеу, белгілеу (нүктелеу), таңба басу (таңба) және суықтай сығымдау.
Көпоперациялы қалыптау кезіңде әртүрлі бөлек бірнеше технологиялық операциялардың үйлесімділігімен іске асады. Мысалы: кесіп алу және ию , шағу және кермелеу, кермелеу және бедерлі қалыптау және басқа да технологиялық комбинациялары болуы мүмкін. Операциялардың үйлесу әдісіне байланысты көпоперациялы қалыптау: қосарластырылған, бірізділі және қосараластырған-бірізділі болып бөлінеді.
Қосарластырылған қалыптау кезіңде тетік қалыптың бір әрекет жүрісі арқылы және дайындаманың қалыпта бір рет орнатуы арқылы алынады.
Бірізділі қалыптау кезіңде дайындаманың қалып бойымен қозғалу арқылы бірнеше баспақ жүрісінің әртүрлі сотан көмегімен дайындамадан тетік алады. Сонымен қатар үрдіспен орнатылған әрбір баспақ жүрісінен кейін дайын бұйым алынады.
Ал қосараластырылған-бірізділі қалыптау кезіңде бір қалыпта бірнеше әрекет арқылы қосараластырылған және бірізділі қалыптауды үйлестіру жолымен дайын тетік алынады.
Қазіргі кезде қаңылтырлы қалыптау операциялардың бірлік терминологиясы құрастырылған. сыртқы күштердің металға әсер ету әдісіне және олардың пайда болған деформация сипатына байланысты операциялар үш бөлікке (А,Б,В) және бес топқа (I—V) бөлінген. 1 кестеде осы операциялардың жіктелуі көрсетілген.
А. Материалдың бөлінуі (бөлуі):
I. Кесіп алу.
Б. Жартылай өнімнің немесе дайындаманың пішінін өзгеруі:
II. Ию.
III. Кермелеу.
IV. Қорамалау.
V. Престеу (қаңылтырлы дайындамадан).
В. Көпоперациялы қалыптау: кесіп алу және ию, шағу (кесу) және кермелеу және т.б.Сонымен қатар әр топ бірнеше технологиялық операциялардан тұрады. Осы кестеде операция аталуына сәйкес қалып аталуы да келтірілген.
Қалыпталынатын қаңылтырлы тетіктердің өлшемдік ауқымы өте үлкен – габарит бойынша бірнеше миллиметрден 6-7м дейін; ал қалыңдығы бойынша миллиметрдің оннан бір бөлігінен бастап 100мм дейін және одан да жоғары болып келеді. Қалыпты қалыптау кезіңде тетіктерді жасау дәлдігі 4-5 класс дәлдігіне дейін жетеді, ал қосымша тазарту және мөлшерлеу кезіңде МЕСТ бойынша 3-2 класс дәлдігіне дейін жетеді.
1 – сурет. Қаңылтырлы қалыптауда қалыптар аталуы және операциялардың, үрдістердің жіктелуі
Ұсынылған әдебиет: Нег. 1[12-15] қос. 2[56-61]
Бақылау сұрақтары
1.Суықтай қалыптау операциялары қандай топтарға бөлінеді?
2.Бөлу операцияларына қандай операциялар жатады?
3.Пішінөзгерту операцияларына қандай операциялар жатады?
4.Көпоперациялы қалыптау дегеніміз не?
5.Суықтай қалыптау кезіңде тетіктерді жасау дәлдігі?