Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТКШП каз.лаб.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
855.04 Кб
Скачать

Жергілікті шөктіру ережелерін тексеру

Жұмыстың мақсаты: Жергілікті шөктіру ережелерімен танысу және горизонталь соққыш машиналарында (ГСМ) қалыптау ауысуларын есептеу әдістемесімен танысу.

6.1 Жергілікті шөктіру туралы негізгі мәліметтер

ГСМ – да қалыптау – айналма дене типтес соғылмаларды дайындаудың үнемді және өнімді әдісі. Бұл соғылмалар пішіні бойынша екі топқа бөлінеді:

- бір немесе бірнеше жуандатылған жерлері бар сырық типтес бір тұтас соғылмалар;

- іші бос, тесігі бар соғылмалар (стакан немесе шығыршық типтес).

Мұндай соғылмаларды бір жылғада (бір ауысу арқылы) немесе бірнеше жылғада (бірнеше ауысулар арқылы) жасауға болады. Қолданылатын операциялар: жергілікті шөктіру, терең тесу.

Жергілікті шөктіру операциясы – ГСМ-де қалыптау технологиялық үрдісінің негізі. Сырық ұзындығының бойында жергілікті шөктірудің орналасуы әртүрлі болуы мүмкін.

Жергілікті шөктіру үрдісінің сұлбасы 6.1 - суретте көрсетілгендей:

6.1 – сурет. КСМ қалыптау сұлбасы

мұнда: 1 – сотан, 2 - 3 арасында жартылай жабық ұяқалып ;

- жартылай 2 және 3 жартылай ұяқалып арасыңда – жергілікті шөктіру процесі келесі түрде болады.

Сырықты жылжымайтын ұяқалыпта (2) тірекке жеткенге дейін итеріп орналастырады (бірінші жай I).

Екінші жайда II сырықты қысқан кезде бүйірлік күштер N пайда болады. Бұл күштер жергілікті шөктіру кезінде сырықты ұстап тұратындай үйкеліс күштерін Т тудырады (Т = Р).

Үшінші жайда III Р күші өзінің ең жоғарғы мәніне жетеді. Бірақ бұл Т күшін жоғарылатуды қажет етпейды, себебі шыбықтың соңында пайда болған жуандық жылғаның артқы қабырғасына тіреледі. Жергілікті шөктіру операциясы ақырғы операция (бір ауысу) немесе бастапқы операция (көп ауысу) болуы мүмкін.

Жергілікті шөктірудің шектелмеген және шектелген диаметрге дейін шөктіру түрлері бар.

ГСМ - нің сырғымасының бір жүрісінің өзінде сырықты үлкен диаметрге дейін жергілікті шөктіруге болады. Ол үшін шөктірлетін бөліктің ұзындығының Lв шыбықтың бастапқы диаметріне dо қатынасы белгілі бір мөлшерден (К) аспауы керек.

«К» мөлшерінің шегі, жергілікті шөктіру операциясын өткізу шарттары - сотанның жылжу жылдамдығында, сырық материалының сапасына байланысты. Егер сотанда жергілікті шөктіру шөктіру мен қуысты бірдей өткізізілетін болса, онда «К» шекті мөлшері азаяды.

Жергілікті шөктіруде ауысу санын анықтау үшін белгіленген ереже болуы керек.

Жергілікті шөктірудің бірінші ережесі

а) Егер lв/d0 = K ≤ 3 болса, lв сырықты кез - келген диаметрге бір ғана ауысу арқылы шөктіруге болады. Бұл үшін сырықтың жуандылатын бөлігінің қиылымы осіне перпендикуляр болуы керек.

б) Егер сырықтың lв ≤ 2,5 аспайтын болса және сырық осіне перпендикуляр болмаса, кез - келген диаметрге бір ғана ауысу арқылы шөктіру үшін К=2,5 болуы керек.

Егерде сырықтың бөлегін «К», мөлшері жоғарыда көрсетілгенен көп болатындай етіп жергілікті шөктіру керек болса, онда алдын - ала шектелген диаметрге шөктіріп алу керек. Бұл операцияны жинақ деп атайды. Оны диаметрді үлкейтумен қатар шөктіретін бөлектің ұзындығын қысқарту керек болғанда пайдалынады. Яғни, жинақ операциясынан кейін «К» мөлшерін азайтып, әрі қарай шексіз диаметірге дейін жергілікті шөктіруге мүмкіндік туады.

ГСМ қалыптарында металды сотанда жинауға, ұяқалыпта жинауға және сотанмен ұяқалыпта қосып жинауға болады (6.2 – сурет).

6.2 – сурет. Шыбықтың шығыңқы ұзыңдығын шектеу

Егер lB, D0 мәні өте үлкен болса, жинақ операциясын бір ауысудың ішінде жасау қиын. Мұндайда бірінші ауысудағы d1 үлкейтуге (оған қосып lB1 азайтуды) болмайды, себебі қалып қуысы қабырғаларының иілуге қарсыласу әсері аздығынан, бүрме сияқты ақау пайда болады.

Жергілікті шөктірудің екінші ережесі

Егерде сырық бөлігінің lB, мөлшері жоғарыда көрсетілгенен үлкен және жергілікті шөктіру керек болса, онда алдын - ала шектелмеген диаметрге d1 ≤ 1,25, егер К > 10, d = 1,5D0 К кіші мәндеріңде (үлкен, келтірілген шекті К мәнінен бос шөктіру жасау үшін). Бұл операцияны жинақ деп атайды. Металды сотанда жинау кезінде шөктірілген дайындаманы қайта шығаруды жеңілдету үшін қалып қуысында қалыптық еңіс жасайды, егер dм =(1,02…1,05)D0 және dб =1,5D0 (немесе dб =1,25D0 ) (6.3-сурет).

6.3 - сурет. Жинақ сотанды қалыптық еңістерімен

«К» есептеу үшін және d1 мөлшерін анықтау үшін:

Егер ары қарай металды жинау керек болса, оны есептеудің методикасы жоғарыда көрсетілгендей болады.

6.2 Жабдықтар, аспаптар, материалдар

6.2.1 Сынақ машинасы ПСУ-1250.

6.2.2 Үш алмастырмалы, итергіші бар сотандар мен үш ұяқалыптары бар арнайы қалып.

6.2.3 Штангенциркуль.

6.2.4 d0=15 мм болатын қорғасын дайындамалар.

6.3 Жұмыстың өткізу тәртібі

6.3.1 Соғылманың сызбасы 6.4 – сурет бойынша, анықталады:

6.4 – сурет. Соғылма сызбасы

- жергілікті шөктірілетін бөлектің көлемі;

- жергілікті шөктірілетін бөлектің бөлектің ұзындығы;

- дайындаманың толық ұзындығы;

- жергілікті шөктірілетін бірінші және екінші ережесі бойынша ауысу санын анықтау.

Шөктірілетін бөлектің көлемі:

Бұл жерде V1, V2,V3 - геометриялық денелерге бөлінген бөлшектердің көлемі.

Кесілген конустың көлемін мына формуламен анықтауға болады

Шөктірілетін бөлектік ұзындығы

,

мұнда d0 - бастапқы дайындаманың көлемі.

Дайындаманың толық ұзындығы 6.5 – сурет:

6.5 –сурет. Дайындама өлшемдерін анықтау сұлбасы

Әрекет санын анықтау:

Тексеру ? Ақырғы шөктірудің мүмкіндігі туралы қорытынды және т.б.

6.3.2 Жинағыш сотандардың эскизін жасау керек және олардың өлшемдері жергілікті шөктіруді 1 және 2 ережесіне сай келуін тексеру керек.

6.3.3 Қорғасын шыбықтан d0 = 15 мм есептелуі ұзындықпен дайындамалар кесіп алынады.

6.3.4 Дайындаманың бірін арнайы қалыпта есептелуі технологиямен қалыптайды: жинаушы екі операция және ақырғы пішіндегіш операция.

6.3.5 Екінші және үшінші дайындаманы екі вариант бойынша қалыптайды:

- бірінші жинау және ақырғы пішіндеу (екінші жинауымыз);

- екінші жинау (бірінші жинаусыз және ақырғы пішіндеу.

6.3.6 Қалыптанған соғылмалардың сапасын тексеру. Ақауы бар соғылмалардың ақауының себебін анықтау. Жергілікті шөктірудің қай ережесі орындалмаған анықтау.

6.3.7 Соғылмалардың эскизін орындау, ақауларды көрсету.

6.3.8 Жалпы қорытынды жасау.

6.4 Жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы

6.4.1 Дайындама іші қуыс цилиндрдің ішіне орналасады. Бұл цилиндр бағыттағыш төлкенің ішіне орналасады. Бұл цилиндір ГСМ-де қалыптаудағы ұяқалыптың ролін атқарады.

6.4.2 Дайындама орналастырған цилиндр бағыттағыш төлкенің ішіне орналасады. Төлкенің бүйірінде бақылауға арналған саңылау бар. Дайындаманың шығыңқы жағы жоғарғыға бағытталады.

6.4.3 Бағыттағыш төлкенің үстінен сотанды кіргізеді.

6.4.4 Жоғарыда көрсетілгендей етіп жиналған аспап сынақ машинасының жұмыс кеңеістігіне орналастырады.

6.4.5 Сотан мен машинасының жұмыс органы бір – біріне тигенще сынақ машинасы жұмысқа қосылады.

6.4.6 Тәжірибе орындаушылардың көңіл аспапқа шоғырланғанда, сынақ машинасы жұмысқа қосылады. Сотан ұяқалыпқа тигенде машина жұмысы тоқталады. Оны төлкенің бүйір саңылаулауынан бақылауға алады.

6.4.7 Сынақ машинасы тоқталған соң, аспапты қайта шашып ішінен деформацияланған дайындама алынады.

6.5 Бақылау сұрақтары

6.5.1 Жинақ жылғасы дайындық немесе ақырғы есептеудің қайсысына жатады?

6.5.2 ГСМ қалыптарында қалыптық еңісінің қажеті бар ма?

6.5.3 Дайындама кесегі перпендикуляр және перпедикуляр емес кездерінде неге «К» мөлшері әр түрлі болады?

6.5.4 К › 5 болса, дайындаманы жергілікті шөктіруге бола ма?

Қолданылған әдебиет:

[I] б. 279-280, 282-285, 288-289.

[2] б. 409-417.

7 Зертханалық жұмыс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]