- •Дайындаманы шығыршықта шөктіру кезінде оның пішінінің өзгеруін зерттеу және деформациялау күшін анықтау
- •№ 2 Зертханалық жұмыс Жалпақ тоқпақтармен созуда дайындамалардың пішінін өзгеруі
- •Қолданған әдебиет:
- •№ 3 Зертханалық жұмыс Ашық тесу үрдісін зерттеу
- •Қолданылған әдебиет:
- •№ 4 Зертханалық жұмыс Қалып қуысының толуы кезінде соғылманың құрама пішінінің түйдек мөлшеріне әсері
- •Қолданылған әдебиет:
- •№ 5 Зертханалық жұмыс Қалыптық еңістің қалып қуысын толтыру және соғылманы қалыптан итеріп шығару күштеріне әсерін зерттеу
- •Жергілікті шөктіру ережелерін тексеру
- •Созу кезіңде жаншу санына беріліс мөлшерінің әсері
- •Пайдалынған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Қолданылған әдебиет:
[1] б. 177-179, 182-183, 245.
[2] б. 265-267, 272-276, 379 - 380
№ 5 Зертханалық жұмыс Қалыптық еңістің қалып қуысын толтыру және соғылманы қалыптан итеріп шығару күштеріне әсерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты - қалып еңісінің мөлшерінің қалыптанған соғылманы итеріп шығару күшіне және қалып қуысының толуына әсер етуін эксперимент жүзінде тексеру.
5.1 Қалып еңістері туралы негізгі мәліметтер
Қалыптанған соғылманы қуыстан шығаруды жеңілдету үшін қалыптың қуысына қалыптық еңіс жасалады. Бірақ, бұл еңістік үлкейген сайын, металды қалып жалғасының тар қуыстарына сығу кезінде қиындық түседі.
Қалып қуысына металды сығып толтыру кезінде әсер ететін күштердің сұлбасын қарастырайық (5.1 – сурет). Q-серпімді деформация болуы себепті қалыптан соғылмаға әсер ететін тең әсерлі күш; Т-үйкелістің тең әсерлі күші.
5.1 – сурет. Қалып қуысын толтыру кезіңде әсер ететін күштердің сұлбасы
Осы күштердің вертикаль оське түсірілген кескіндерін анықтаймыз:
мұнда
- қалыптық еңіс.
Сұлбада көрсетілгендей металдың қалып қуысына ағуына үйкеліс күшімен қатар тағыда бір күш кедергі жасайды. Ол қалып қабырғасының соғылмаға әсер ететін нормалдық қысымының вертикальды құрастырушы.
Қалыптың еңісі үлкейген сайын Qв-дың деңгейі өседі. Яғни қалыптың еңісі үлкейген сайын қалып қуысын металмен толтыруға қажетті күш те көбейеді. Қалыптанған соғылманы жылғадан итеріп шығарғанда пайда болатын күштер сұлбасын қарастырайық (5.2 – сурет). Қалыпты 1800 төңкеріп қою керек. Қалыптың астына тіреу қойып соғылмаға итеру күшін Рвыт түсіреміз.
Барлық күштерді вертикальды оське түсіріп кескіндейміз:
=
0
немесе
5.2- сурет. Қалыптанған соғылманы итеріп шығарғанда әсер ететін күштер сұлбасы
Яғни, серпімді деформациялану себепті қалыптың тең әсерлі күшінің вертикальды құрастырушысы қалып еңісі үлкейген сайын Рвыт күшін азайта береді.
Егер қалыптық еңістер болмаса, шығарылатын соғылма бүкіл итеріп шығару жолының бойында үйкеліс күшінің әсеріне қарсыласуы керек. Ал қалыптық еңіс бар кезде соғылма салыстырмалы аз жылжудан кейін қалып қабырғаларынан бөлініп түседі (5.3 – сурет).
5.3 – сурет. Қалып қабырғаларыңда үйкеліс күщін қалыптастыратын микро кедір-бұдырлықтары
Деформацияланатын
металл қысымы қалып бетінің кедір-
бұдырлықтарының арасына таралады. Бұл
үйкеліс күшінің пайда болуының
себебі. Қалып қабырғалары мен соғылманың
арасында саңылау
пайда болады.
Егер
(қалып қабырғасының кедір бұдырлығымен
анықталады) тұрақты болатын болса,
өскен сайын һ кішірейеді:
Егер
(қалыптау еңісі жоқ болса) микро
кедір-бұдырлықтар түйісуден шықпайды
және үйкеліс күші соғылманың қалыптан
толық итеріп шығарғанғдейін әсер ете
береді.
5.2 Жабдықтар , аспаптар, материалдар
5.2.1 Сынақ машинасы МУП-200
5.2.2
Тесігіндегі еңістері
астарлық
шығыршықтар, тіреуіш шығыршық.
5.2.3 Қорғасын дайындамалар диаметрі 40 және биіктігі 40 мм.
5.2.3 Штангенциркуль.
5.3 Жұмысты өткізу тәртібі
5.3.1 Жұмыстың мазмұнымен танысу. Бастапқы өлшемдерді 5.1-кестеге жазу керек.
5.3.2 Дайындамаларды қалыпқа орналастырып деформациялау, деформация соңында Рзат күшті анықтау.
5.3.3 Қалыпты төңкеріп (1800) тіреуіш шығыршыққа орналастыру және соғылмалы итеріп шығару, итеру күшін анықтау.
5.3.4 Металдың ағып кіру тереңдігін анықтау Hзат.
5.3.5 Нәтижелерді 5.1 және 5.2-кестеге жазу керек.
5.3.6 Рзат =f (γ) и Рвыт. = φ(γ) тәуелділік графиктерін құрастыру.
5.3.7 Жұмыс бойынша қорытынды жазу.
5.1-кесте. Соғылмаларды қалыптау кезіңдегі мәліметтер
Тәжі-рибе номе-рі |
Қалып-тау еңісі, γ0 |
Үлгі өлшемдері |
Ернемек қалың-дығы h, мм |
Жаншуы Н=Н0-Н1 мм |
Ағу тереңдігі Нзат., мм |
Соң-ғы күші Рзат., Н |
Ескер-ту |
|
D0 мм |
Н0 мм |
|||||||
1 |
0 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
5 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
10 |
|
|
|
|
|
|
|
5.2 – кесте. Соғылманы алып тастаған кездегі мәліметтері
Тәжірибе номері |
Қалыптау еңісінің мөлшері, γ0 |
Итеріп шығару күші, Рвыт., Н |
Ескерту |
1 |
0 |
|
|
2 |
5 |
|
|
3 |
10 |
|
|
5.4 Жұмысты өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
5.4.1 Жұмысты өткізу алдында МҚӨ теориясының негіздерін, үйкеліс күшінің ролін еске түсіру керек.
5.4.2 Қалыптау кезінде, әртүрлі γ мәні үшін барлық тәжірибелерде Рзат әртүрлі мәндеріңде тоқтау керек, Hзат бірдей болуы үшін. Бұл соғылманы итеріп шығарудың салыстырмалы шарттарын туғызады. Бұл мақсатта қалыптарды ацетонмен майлайды.
5.4.3 Ең алдымен үш дайындаманы бірінен соң бірін қатар қалыптау керек. Соңынан үшеуін итеріп шығару керек. Бұл тәжірибе сайын сынақ машинасын қайта – қайта икемдеуді болдырмау үшін.
5.5 Бақылау сұрақтары
5.5.1 Майлау қалып еңісіне қалай әсер етеді?
5.5.2 Қалып еңісін қалай кішірейтуге болады?
5.5.3 Соғылмадағы қалыптық еңіс: әдіп пе әлде салпыншақ?
5.5.4 Қалыптық еңіс мөлшері МЕСТ 7505-89 пен бақылана ма?
5.5.5 Сыртқы еңіс немесе ішкі еңіс үлкен бе? Неге?
Қолданылған әдебиет:
[I] б. 169-170, 246.
[2] б. 263-264, 327-328.
№ 6 Зертханалық жұмыс
