
- •Белгілер мен қысқартулар
- •Әдебиетке шолу
- •1.1.1 Шаруашылықта некробактериоздың пайда болу этиологиясы
- •1.1.2 Некробактериоз кезінде қолданылатын жаңа әдістер мен препараттар
- •1.1.3 Некробактериозды алдын алу шаралары
- •1.2 Өндірістік нысанның қысқаша сипаттамасы
- •1.3 Зерттеу материалдары мен әдістері
- •1.3.1 Зерттеу материалдары
- •1.3.2 Зерттеу әдістері
- •1.4 Зерттеу нәтижелері
- •1.4.1 Шаруашылықтың ветеринариялық-санитариялық жағдайының сипаттамасы
- •1.4.2 «Родина» аф індеттік жағдайы
- •1.4.3 Бактериологиялық зерттеулер
- •1.4.4 Алдын алу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру
- •2 Экономикалық бөлім
- •3 Қоршаған ортаны қорғау
- •4 Еңбекті қорғау
- •Қорытынды және ұсыныстар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ
«РОДИНА» АФ ЖАҒДАЙЫНДА НЕКРОБАКТЕРИОЗБЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ОРЫНДАҒАН: Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті, 051201 - ветеринариялық медицина мамандығының |
|
5 курс студенті |
Ахметбеков Медет Сергейұлы |
|
|
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: Ветеринария ғылымдарының кандидаты, ассистент |
Мұханбетқалиев Ерсін Ерғазыұлы |
КЕҢЕСШІЛЕР: |
|
Экономикалық бөлім бойынша |
Айнаканова Б.А. |
Қоршаған ортаны қорғау бойынша |
Акмамбаева Б.Е. |
Еңбекті қорғау бойынша |
Масенов К. |
Нормабақылау бойынша |
Мұханбетқалиев Е.Е. |
Дипломдық жұмыс қорғауға жіберілді
« 25 » мамыр 2011 ж. № 19 хаттама
Кафедра меңгерушісі:_______________________
АСТАНА, 2011
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыс 63 бетте жазылған, 8 кесте, 8 сурет және 46 әдеби көзі келтірілген
ТҮЙІНДІ СӨЗДЕР: ІНДЕТТІК ЖАҒДАЙ, ІНДЕТТІК ПРОЦЕСС, ІНДЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ, НЕКРОБАКТЕРИОЗ, ІРІ ҚАРА МАЛ, ЭФИКУР, НИТОКС, ЕМДЕУ, БАЛАУ, АЛДЫН АЛУ, САУЫҚТЫРУ, ДЕЗИНФЕКЦИЯ, БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР.
Зерттеу нысаны болып Целиноград ауданы «Родина» агрофирмасы, шаруашылықтағы некробактериоз бойынша індеттік жағдай, некробактериозбен ауырған малдарды емдеу тәсілдері, індетті алдын алу және індетке қарсы шараларының ұйымдастырылып іске асырылуы, есеп беру және тіркеу құжаттары.
Жұмыстың мақсаты – Ақмола облысы Целиноград ауданы «Родина» АФ жағдайында ірі қара малдың некробактериозымен күресу шараларының ұйымдастырылуын зерттеу.
Зерттеу әдістері. Індеттанулық тексеру, салыстырмалы-тарихи сипаттама, салыстырмалы-географиялық сипаттама, клиникалық зерттеу, бактериологиялық зерттеу, микроскопиялау, емдік шаралар, математикалық және статистикалық талдау.
Алынған нәтижелері мен жаңалығы. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша Целиноград ауданы «Родина» агрофирмасында 2010 жылы, барлығы 2851 бас ірі қара мал тіркеліп, олардың 284 басы ауруға шалдыққан, бұл жалпы мал басының 10%-ын құрайды. Ауру сиырлардың 76 жағдайында (26,8%) некробактериоз деп диагноз қойылған. Ал ең жиі байқалатын ауру болып тұяқ пен тұяқшалар пішінінің өзгеруі табылды, 98 оқиға немесе 34,5%. Сонымен қатар ірі қара малдың арасында байқалатын аяқ ауруларының ішінен пододерматиттерді (54 оқиға), тәж флегмонасын (27 оқиға), тәж, тұяқаралық саңылау аумағының дерматиттерін (21 оқиға) атап кетуге болады. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес шаруашылықта некробактериоздың пайда болуына көптеген факторлар ықпал ететіндігі анықталған. Оның ішінде, едендердің конструкцияларнда жіберілген кемшіліктер, беті тегіс емес бетонды және темір едендер, күнделікті моционның болмауы, малдарды ылғалды ғимараттарда ұстау, тұяқтарды дұрыс күтпеу немесе ондай шаралады мүлдем жүргізбеу және т.б.
Шаруашылықта індетке қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың және некробактериозды емдеуге қолданылып жатқан препараттардың тиімділігін анықтау мақсатында, әр қайсысы 5 бас малдан тұратын, екі топ ауру сиырларға емдеу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 1 топтағы малдардың 3 толық сауығып 2 малда инфекциялық процесс толық аяқталмаған. Емдеу мерзімі 15 күннен 21 күнге дейін созылып орта есеппен 19,8 күнді құрады. Екінші топтағы малдардың 80%-да яғни 4 баста ауру толық сауығумен аяқталып тек 1 толық сауыққан жоқ. Емдеу мерзімі 15 күннен 21 күнге дейін созылып, орташа емедеу мерзімі 17,2 күнді құрады.
Енгізілу дәрежесі. Ғылыми зерттеу нәтижелері жергілікті ветеринариялық мамандардың кәсіби тәжірибесінде қолданылады. Сонымен қатар алынған мәлметтерді, аймақта індеттанулық мониторинглеу жүргізуде, шаруашылықтарда инфекциялық ауруларды алдын алу және сауықтыру шараларын жоспарлап ұймадастыруда пайдалануға болады.
Қолданылу аймағы. Ветеринария.
РЕФЕРАТ
Дипломная работа состоит из 63 страниц, приведены 8 таблиц, 8 рисунков, а также использованы 46 источника литературы
КЛЮЧЕВЫЕ СЛОВА: ЭПИЗООТИЧЕСКАЯ СИТУАЦИЯ, ЭПИЗООТИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС, ЭПИЗООТОЛОГИЧЕСКОЕ ОБСЛЕДОВАНИЕ, НЕКРОБАКТЕРИОЗ, КРУПНЫЙ РОГАТЫЙ СКОТ, ЭФИКУР, НИТОКС, ДИАГНОСТИКА, ПРОФИЛАКТИКА, ОЗДОРОВЛЕНИЕ, ДЕЗИНФЕКЦИЯ, СЕРОЛОГИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ.
Объектом исследовании являются Агрофирма «Родина» Целиноградского района, эпизоотическая ситуация в исследуемых хозяйствах по некробактериозу, способы лечения животных больных некробактериозом, организация и проведение профилактики инфекционных болезней и противоэпизоотических мероприятии проводимые в хозяйстве, учетная и отчетная документация.
Цель работы – изучить организацию мероприятий по ликвидации некробактериоза крупного рогатого скота в условия АФ «Родина» целиноградского района Акмолинской области.
Методы исследования. Эпизоотологическое обследование, сравнительно-историческое описание, сравнительно-географическое описание, клинические исследования, бактериологические исследования, микроскопия, лечебные мероприятия, математический и статистический анализ.
Полученные результаты и новизна. В результате исследовании было установлено, что в агрофирме «Родина» Целиноградского района, за 2010 год у имеющихся 2851 голов крупного рогатого скота, были зарегистрированы 284 случаев болезней конечности, что состовляет 10% от общего поголовья. От общего числа больных животных в 76 случаях (26,8%) был подтвержден диагноз на некробактериоз. При этом, у больных животных наиболее часто регистрировалась деформация копыт и копытец, в 98 случаях, что составило 34,5%. Кроме того, среди часто встречаемых болезней конечности можно отметиь пододерматиты (54 случаев), флегмона венчика (27 случаев), а также дерматиты венчика и межкопытной щели (21 случаи). По результатам проведенных исследований были выявлены множество факторов приволящих к возникновению некробактериоза у крупного рогатого скота. Среди них можно выделить: недостатки допущенные при конструировании полов, бетонные и металические полы с неровной поверхностью, отсутствие ежедневного моциона, содержание жиотных в помещениях с повышенной влажностью, неправильный уход за копытами или их полное отсутствие и др.
В ходе изучения противоэпизоотических мероприятий проводимых в хозяйстве, а также с целью определения эффективности лечебных препаратов применяемых при некробактериозе, были проведеные лечебные мероприятия в двух группах больных некробактериозом корв, состоящих из 5 голов. В результате в 1 группе у 3 голов было отмечено полное выздоровление, а у 2 голов инфекционный процесс полностью не завершен. Срок лечения длился от 15 до 21 дня и в среденм составил 19,8 дней. Во 2 группе у 4 голов (80%) наступило полное выздоровление, в то время как у 1 головы процесс заживления затянулся. Срок лечения длился от 15 до 21 дня и в среденм составил 17,2 дня.
Степень внедрения. Результаты исследовании могут применяться в профессиональной практике местных ветеринарных специалистов. Кроме того полученные материалы могут использоваться при проведении эпизоотологического мониторинга региона, а также при планировании и проведении профилактических и противоэпизоотических мероприятии.
Область применения. Ветеринария.
ABSTRACT
Diploma thesis consists of 63 pages are 8 tables, 8 figures, and used 46 sources of literature
KEY WORDS: EPIZOOTIC SITUATION, EPIZOOTIC PROCESS, EPIZOOTOLOGICAL SURVEY, NECROBACTERIOSIS, CATTLE, EFIKUR, NITOKS, DIAGNOSIS, PREVENTION, REHABILITATION, DISINFECTION, SEROLOGICAL STUDIES.
The object of the study are Agrofirma Rodina Tselinograd district epizootic situation in the experimental farms of necrobacteriosis, methods for treating animal patients necrobacteriosis, organization of prevention of infectious diseases and anti-epizootic measures undertaken in the premises, records and reports.
The purpose of the work - to study the organization of measures to eliminate necrobacteriosis cattle in terms of AF Rodina Tselinograd district Akmola region.
Research methods. Epizootological survey, comparative-historical description, comparative geographical description, clinical research, bacteriological research, microscopy, medical events, mathematical and statistical analysis.
The results obtained and novelty. As a result, the study found that in agrofirma Rodina Tselinograd area for 2010 at the existing 2,851 head of cattle were reported 284 cases of diseases of limbs, that is 10% of the total population. The total number of sick animals in 76 cases (26,8%) has been confirmed diagnosis necrobacteriosis. In this case, the diseased animals most frequently detected strain of hoofs and hooves, in 98 cases, which amounted to 34,5%. Moreover, among the frequently occurring diseases can be noted pododermatity limb (54 cases), cellulitis of mouth (27 cases), as well as dermatitis and mouth mezhkopytnoy gap (21 cases).
The results of our studies have identified many factors privolyaschih rise to necrobacteriosis in cattle. Among them are: admitted shortcomings in the design of floors, concrete and metal floors with a rough surface, the lack of daily exercise, the content zhiotnyh in rooms with high humidity, improper care of the hooves, or their absence, etc. In examining the anti-epizootic measures undertaken in the premises, as well as to determine the effectiveness of medical products used in necrobacteriosis were treatment measures in the two groups of patients necrobacteriosis Corvo, consisting of 5 goals. As a result, a group of 3 goals, it was noted a full recovery, and in 2 goals infectious process is not fully completed. Duration of treatment lasted from 15 to 21 days in sredenm was 19.8 days. In group 2 goals in 4 (80%) came a full recovery, while in 1 head healing process was delayed. Duration of treatment lasted from 15 to 21 days in sredenm was 17.2 days.
The degree of implementation. The results of the study can be applied in professional practice of local veterinary experts Also derived materials can be used in conducting monitoring of epizootic region, as well as planning and carrying out preventive and anti-epizootic measures.
Scope. Veterinary Medicine.
МАЗМҰНЫ |
|
|
БЕТ |
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР |
8 |
КІРІСПЕ |
9 |
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ |
11 |
1.1 Әдебиетке шолу |
11 |
1.1.1 Шаруашылықта некробактериоздың пайда болу этиологиясы |
11 |
1.1.2 Некробактериоз кезінде қолданылатын жаңа әдістер мен препараттар |
19 |
1.1.3 Некробактериозды алдын алу шаралары |
22 |
1.2 Өндірістік нысанның қысқаша сипаттамасы |
25 |
1.3 Зерттеу материалдары мен әдістері |
28 |
1.3.1 Зерттеу материалдары |
28 |
1.3.2 Зерттеу әдістері |
29 |
1.4 Зерттеу нәтижелері |
31 |
1.4.1 Шаруашылықтың ветеринариялық-санитариялық жағдайының сипаттамасы |
31 |
1.4.2 «Родина» АФ індеттік жағдайы |
32 |
1.4.3 Бактериологиялық зерттеулер |
37 |
1.4.4 Алдын алу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру |
38 |
2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ |
48 |
3 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ |
50 |
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ |
53 |
ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР |
60 |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
61 |
ТІРКЕМЕЛЕР |
64 |
Белгілер мен қысқартулар
Осы дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар пайдаланылған:
АФ |
– агрофирма |
ДСҰ |
– дүниежүзілік сауда ұйымы |
АӨК |
– агроөнеркәсіп кешені |
ЖШС |
– жаупкершілігі шектеулі серіктестік |
ІҚМ |
– ірі қара мал |
ҰҚМ |
– ұсақ қара мал |
АШМ |
– Ауыл шаруашылығы Министрлігі |
АР |
– агглютинация реакциясы |
КБР |
– комплементті байланыстыру реакциясы |
КҰБР |
– комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы |
РБС |
– роз бенгал сынамасы |
СР |
– сақиналы реакция |
ДПР |
–диффузды преципитациялау реакциясы |
МАР |
–микроагглютинация реакциясы |
КІРІСПЕ
Бүгінігі күні Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан ауыл шаруашылық салаларының бірі болып ірі қара мал шаруашылығы саналады. Мал шаруашылығының дамуын жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығын, еліміздің әлемдегі дамыған 50 мемлекеттердің қатарына және ДСҰ (дүниежүзілік сауда ұйымына) ену, ал ол үшін жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру қажеттілігімен түсіндіруге болады. Мал шаруашылығы өнімдерін алудың негізгі жолдары болып мал басын көбейту, ауылшаруашылық малдардың өнімділігін арттыру және инфекциялық ауруларды дауалау және жою шараларын жетілдіру табылады.
Көпшілік жағдайда ірі қара мал шаруашылығының қарқынды дамуына және экономикалық тиімділігіне кері әсерін тигізетін факторлардың бірі болып инфекциялық аурулар жататындығы баршаға мәлім [1]. Инфекциялық аурулар - өздеріне тән қоздырушылары болуына байланысты, ауру малдан сау малға жұғу қабылетіне ие болып, жануарлардың жаппай ауруға жалдығуына және індеттің ауқымды аймаққа таралу мүмкіндігі бар аса қауіпті аурулар тобынан тұрады. Бұл топ аурулар белгілі бір жағдайларда мал шаруашылығына үлкен экономикалық шығын келтіреді, ал кейбіреуінің әлеуметтік маңызы да жоғары, себебі олар малдан адамға жұгуы мүмкін. Қазіргі кезде ғылымға белгілі жануарлардың 150 астам инфекциялық аурулары анықталған және олардың бірқатары адам денсаулығына да қауіпті [2]. Инфекциялық аурулардың ішінен ірі қара малдардың арасында жиі тіркелетін және шаруашылыққа айтарлықтай шығын келтіретін індеттердің бірі болып некробактериоз саналады.
Некробактериоз – ауылшаруашылық малдардың негізінен аяқтарының төменгі бөлімін, сирақтың бақайы, кей жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкпе, бауыр, бұлшық еттер мен басқа да мүшелер мен ағзалардың іріңдеуі және өліеттенуі арқылы ерекшеленетін инфекциялық ауру.
Ауылшаруашылық малдарының некробактериозы жануарлардың арасында жиі байқалып, мал шарушылығымен айналысатын кәсіпорындарға айтарлықтай экономикалық шығын келтіретін індеттердің бірі болып саналады. Ғылыми деректерге сәйкес некробактериозға шалдыққан әр сиырдан бір лактацияда 400 кг сүт және әр малдан тәулігіне 200 г ет алынбай қалады екен [3].
Ірі қара мал арасында некробактериоз көпшілік жағдайда аяқтардың төменгі бөлімінің зақымдануымен сипатталады. Себебі аяқтын дисталды бөлімі өзінің топографиялық ораналасуына, үнемі топрақпен жанасуына, жануар салмағының үздіксіз әсеріне, қорғаныс мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігіне байланысты жиі терең зақымдануларға ұшырап, патогенді микрофлоарының енуіне жағдайлар туындап отырады. Ұдайы мал шаруашылық өнеркәсібі жағдайында туындап отырған адинамия салдарынан, түрлі жарақаттардан және тағы да басқа себептреден ірі қара малдардың, әсіресе сүт бағытындағы сиырлардың және асылтұқымды бұқалардың арасында әр түрі аяқ ауруларының тіркелуі жиілеп отыр.
Сүт бағытындағы мал шаруашылық кешендерінде барлық механикалық зақымданулардың 60-80% аяқ аурулары құрайды және олардың ішінде негізінен саусақ және тұяқтардың зақымданулары. Сиырларда негізінен байқалатындары: түрлі пододерматиттер, табан, тәж аумақтарының соғылуы және жарақаттануы, тұяқ мүйізінің жарылуы, сыдырылуы және деформациясы, тұяқ аралық саңылаудағы ойық жаралар, жарақаттар және іріңді-некротикалық процестер, табан және тәж аумақтарының флегмоналары, артриттер және артроздар, сүйек сынулары [4]. Бұл аурулардың көпшілігі некробактериоздың пайда болуына себепкер болатын факторлар болып саналады.
Сонымен қатар некробактериоздың пайда болуына малды бағып күту жағдайы және ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындамау өз себтіктерн тигізеді. Себебі тұяқ үсті және тәж тұстарының терісі мацерацияға үшырап, тұяқ мүйізі жұмсаруы салдарынан ішкі ұлпаларға некробактериоз және басқа да аурулардың қоздырушыларының енуіне мүмкіндік туындайды.
Мал шаруашылық кешенінде некробактериоздың пайда болуына ықпалын тигізетін қосалқы факторларға: ауаның тым ылғалдылығын, аммиак концентрациясының артуын, едендердің ылғалды болуын, адинамияны, тұяқтарға тиісті күтімнің болмауын, дер кезінде емдік шараларды жүргізбеуді, сиыр организмінде зат алмасудың бұзылуын, әр түрлі аурулар салдарынан резистенттілігінің төмендеуін, нашар азықтандыру мен күтімді, реттілігімен сапалы дезинфекцияны жүргізбеуді және т.б. жатқызуға болады.
Жоғарыда айтылғанды ескере отыра, біздің зерттеу жұмыстарымыздың мақсаты болып Ақмола облысы Целиноград ауданы «Родина» АФ жағдайында ірі қара малдың некробактериозымен күресу шараларының ұйымдастырылуын зерттеу табылды.
Қойылған мақсатты орындау үшін келесі сұрақтар бекітілді:
1. «Родина» АФ ірі қара малдың некробактериозы бойынша індеттік жағдайға талдау жүргізу;
2. Шаруашылықта некробактериозбен күресу шараларының ұйымдастырылуын зерттеу.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ