Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГН КАЗ самыыыыый последний вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
29.21 Mб
Скачать

«Гломерулалық аурулар» тақырыбы бойынша тесттік сұрақтар

  1. Стероид-резистентті нефротикалық синдром кезінде қандай морфологиялық варианттар жиі анықталады

а) мембраналық-пролиферативті гломерулонефрит

б) фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

в) мембраноздық нефропатия

г) минимальды өзгерістер

д) IgA-нефропатия

Жауап нұсқалары: 1) абв 2) авг 3) агд 4) вгд 5) бгд

  1. Төменде көрсетілген критерийлер (сандар) қандай ауруларға (әріптер) сәйкес келеді

а) люпус-нефрит

б) IgA-нефропатия

в) стрептококктан кейінгі жедел гломерулонефрит

г) мардымсыз өзгерістермен нефротикалық синдром

д) экстракапиллярлық гломерулонефрит

1. синфарингитті макрогематурия

2. анти-дс-ДНК антиденелерінің анықталуы

3. қандағы С3-комплементінің өтпелі төмендеуі

4. 80%-да глюкокортикостероидтармен емге сезімтал

5. бүйректің терминалды жеткіліксіздігінің тез дамуы

Жауап нұсқалары: 1) а3 б2 в1 г5 д4 2) а2 б1 в3 г4 д5 3) а4 б3 в5 г1 д2

4) а1 б5 в2 г2 д3 5) а5 б4 в4 г3 д1

  1. 32 жасар науқас әйел. Стандартты емге көнбейтін кенеттен дамыған кереңдікке, ішкі отитке, астыңғы жақтың артритіне байланысты тексерілгенде анықталған жайттар: қанда – ЭТЖ 48 мм/сағ., креатинин 218 мкмоль/л, мочевина 10,5 ммоль/л. Зәр – салыстырмалы тығыздық 1030, рН 5, белок 1,5 г/л, эритроциттер көп мөлшерде. Ісіну жоқ, АҚ 120/70 мм с.б. Мейілінше ықтимал морфологиялық өзгерістер

1. ФСГС IgA-нефропатия

2. экстракапиллярлық ГН

3. мембраноздық нефропатия

4. мезангиопролиферативті ГН

5. мардымсыз өзгерістер ауруы

  1. Мембраноздық нефропатия жөнінде қате ұғым

а) жиі ересектер ауырады

б) жиі балаларда кездеседі

в) анти-PLAR болуымен байланысты

г) иммуносупрессивті ем көрсетілген

д) нефротикалық синдроммен көрінеді

  1. Фокальды-сегментарлы гломерулосклерозбен жүретін идиопатиялық стероид-резистентті нефротикалық синдромды емдеудегі ең тиімді препарат

а) преднизолон

б) азатиоприн

в) А циклоспорині

г) циклофосфамид

д) мофетил микофенолат

  1. Өзгерген эритроциттер анықталатын персистирлеуші гематурия кезінде мына зерттеуді жүргізу қажет

а) бүйректің УДЗ

б) цистография

в) аудиограмма

г) эхокардиография

д) гастрофиброскопия

  1. Шенлейн-Генох нефриті кезінде бүйрек зақымдалуының морфологиялық негізі

а) IgA-нефропатия

б) мардымсыз өзгерістер

в) мембрана-пролиферативті ГН

г) фокалді-сегментарлы гломерулосклероз

д) мезангиопролиферативті ГН IgM депозиттерімен

  1. Егер 7 жасар ұл балада стрептококктық инфекциядан кейін 2 апта өткен соң макрогематурия пайда болса қандай ауру туралы ойлауға болады

а) эндокапиллярлық пролиферативті ГН

б) мембраноздық нефропатия

в) минимальды өзгерістер

г) IgA-нефропатия

д) цистит

  1. 11 жасар баланың анамнезінде: 6 жасынан бастап зәр анализінде оқтын-оқтын микрогематурия анықталып отырған, ал IgА мен кальциурия деңгейі қалыпты болған. 9 жасынан бастап гематурия тұрақты түрде болып, ол макрогематурияға дейін артты, протеинурия 1,2 г/тәул. Қазіргі кезде протеинурия нефротикалық деңгейде, қандағы креатинин 150 мкмоль/л. Жанұяның басқа ағзаларында – бүйрек жеткіліксіздігінің дамуымен жүретін үдеуші нефропатия және жанұялық «лентиконус» миопиясы. Сіздің диагноз

а) Берже ауруы

б) Альпорт синдромы

в) жұқа базалды мембраналар ауруы

г) интерстициалды аллергиялық нефрит

д) аутосомды-доминантты поликистоздық ауру

  1. Морфология: сәулелі микроскопияда – күмістегенде капилляр қабырғаларының бойында субэпителиалды «тікенектер» көрінеді; иммунофлюоресценцияда – IgG + С3 түйіршікті жарқырауы; электронды микроскопияда – жүйелі субэпителиалды иммунды-кешенді депозиттер. Сіздің қорытындыңыз

а) фокалды-сегментарлы гломерулосклероз

б) мембраналық-пролиферативті ГН

в) мембраноздық нефропатия

г) минимальды өзгерістер

д) экстракапиллярлық ГН

  1. Морфология: сәулелі микроскопияда – кейбір шумақтардың капилляр ілмектерінде склерозбен сегментарлық коллапс; иммунофлюоресценцияда – шумақтардың склерозға ұшыраған аймақтарында IgМ + С3 депозиттері; электронды микроскопияда – подоцит аяқшаларының фокалді тегістелуі, кей жерлерде подоциттер мүлдем жоқ, ГБМ жалаңаштанған. Сіздің қорытындыңыз

а) мезангиопролиферативті гломерулонефрит

б) фокалды-сегментарлы гломерулосклероз

в) мембраноздық нефропатия

г) минимальды өзгерістер

д) экстракапиллярлық ГН

  1. 5 жасар ұл балада анасаркаға дейін айқын ісінулер, АҚҚ 90/55 мм с.б., қанда креатинин 65 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 19,3 ммоль/л, зәр талдауында: протеинурия 4 г/тәул., эритроцит 2 к/а. Қандай морфологиялық өзгерістер мейілінше ықтимал

а) минимальды өзгерістер

б) мембраноздық нефропатия

в) фокалды-сегментарлы гломерулосклероз

г) мезангиопролиферативті гломерулонефрит

д) мембраналық-пролиферативті гломерулонефрит

  1. Нефротикалық синдром мынадай жағдайда преднизолонмен емге жақсы жауап береді

а) экстракапиллярлық ГН-те

б) минимальды өзгерістер

в) мембраноздық нефропатияда

г) фокалды-сегментарлы гломерулосклерозда

д) мезангиопролиферативті гломерулонефритте

  1. 6 жасар қыз бала, нефротикалық синдроммен осыдан 3 жыл бұрын ауырған, аурудың дебюті – стероид-сезімтал, толық клиникалық-лабораторлық ремиссия, бірақ преднизолонды алып тастағаннан кейін 2 апта өткен соң – рецидив. 3 жыл бойы преднизолонды үздіксіз қабылдайды, экзогенді гиперкортицизм, катаракта түрінде стероидты улылықтың белгілері бар. Рецидивтер жарты жылда 2 рет болып тұрады. Қазіргі кезде рецидив орын алып отыр. Балада нефротикалық синдромның қай түрі

а) сирек рецидивтеуші

б) жиі рецидивтеуші

в) стероид-резистентті

г) стероид-тәуелді

д) ешқайсысы да емес

  1. Люпус-нефрит жөнінде қате ұғым

а) жиі кездеседі және диффузды пролиферация түрінде ауыр өтеді

б) сәулелі микроскопияда – капилляр қабырғаларының сым темір ілмектері тәрізді қалыңдауы, субэндотелиалді депозиттер

в) балаларда кейде ЖҚЖ-ң жалғыз ғана көрінісі болуы мүмкін

г) нефриттің ауыр ағымы болғанда преднизолонмен және циклофосфамидпен емделіп, азатиопринмен сүйемелдеуші ем жалғастырылады

д) С3 пен С4 деңгейлері үнемі қалыпты

  1. Ig A нефропатия (Берже ауруы)

а) ешқашан тБСЖ-не дейін үдемейді

б) нефротикалық синдром тән

в) гипокомплементемиямен жүреді

г) мезангийдегі IgA депозиттерімен сипатталады

д) сарысулық IgA-ң жоғарылауымен жүреді

  1. Фокалды-сегментарлы гломерулосклероз

а) склероз аймақтарында IgА мен С3 депозиттері

б) стероид-резистентті НС кезінде жиі анықталады

в) 80%-да глюкокортикостероидтармен емге сезімтал

г) сирек тБСЖ-не дейін үдейді

д) кереңдікпен жүреді

  1. Мембраноздық нефропатия балаларда жиі бірігеді

а) В вирусты гепатитімен

б) эхинококкозбен

в) мерезбен

г) ЖҚЖ-мен

д) АИТВ-инфекциямен (ВИЧ)

  1. Ұл балада персистирлеуші С3-гипокомплементемияның анықталуы қандай ауруға тән

а) мембраналық-пролиферативті гломерулонефрит

б) идиопатиялық нефротикалық синдром

в) стрептококктан кейінгі жедел гломерулонефрит

г) Шенлейн-Генох нефриті

д) Альпорт синдромы

  1. Балалардағы нефротикалық синдромда бүйрек биопсиясы қашан қажет

а) асцит болғанда

б) микрогематурия болғанда

в) 1 жастан асқан балаларға

г) стероид-резистенттілікте

д) транзиторлы гипертензияда

  1. Ересектердегі нефротикалық синдромда бүйрек биопсиясы қашан қажет

а) асцит болғанда

б) микрогематурия болғанда

в) НС анықталғанда бірден

г) стероид-резистенттілікте

д) транзиторлы гипертензияда

  1. Мына нефропатиялардың қайсысы НС-мен өте сирек бірігеді

а) ФСГС

б) IgA-нефропатия

в) минимальды өзгерістер

г) мембраноздық нефропатия

д) ВИЧ-бірлескен нефропатия

  1. Бүйрек биопсиясы

а) бүйрек трансплантатына жүргізуге болмайды

б) емдеу хаттамасын таңдауға мүмкіндік береді

в) ересектерге НС кезінде қарсы көрсетілген

г) НС бар балалардың барлығына дерлік көрсетілген

д) асқыну қаупі жоқ

  1. НС-ның белсенді фазасы жүріп жатқан ұл баланың белі ауырып, сол жақты варикоцеле, гематурия пайда болды, протеинурия артты және бүйрек қызметі тез бұзылды. Не жайында ойлауға болады

а) ГУС

б) ТҮГН

в) ТШҚҰ-синдром

г) бүйрек көктамырларының тромбозы

д) несеп жолдарының обструкциясы

  1. Гломерулалық гематурияны білдіреді

а) несеп тұнбасындағы дисморфты эритроциттер >40%

б) ауру басталғаннан гематурия

в) микцияның барлық кезеңіндегі гематурия

г) микцияның соңындағы гематурия

д) микция кезінде ауыру сезімі жоқ

  1. ҚНР-де (ПМР) қандай гломерулопатияның даму қаупі жоғары

а) IgA-нефропатия

б) мембраноздық нефропатия

в) мембраналық-пролиферативті ГН

г) минимальды өзгерістер

д) фокалды-сегментарлы гломерулосклероз

  1. 25 жасар ер адамда ісіну 20 күннің ішінде анасаркаға дейін артты. Гипоальбуминемия және гиперлипидемия, креатинин 65 мкмоль/л. Протеинурия 6 г/тәул., микрогематурия 5-7 к/а. Қандай морфологиялық өзгерістер мейілінше ықтимал

1) минимальды өзгерістер бүйрек жеткіліксіздігімен

2) фокалды-сегментарлы гломерулосклероз

3) мембраноздық нефропатия

4) минимальды өзгерістер

5) стрептококктан кейінгі жедел ГН

  1. ТҮГН-ке тән морфология

а) экстракапиллярлық пролиферация

б) эндокапиллярлық пролиферация

в) мембраналық-пролиферативті ГН

г) мезангиалды пролиферация

д) амилоидоз

  1. 18 жасар бойжеткен етеккір циклының бұзылысына байланысты ановуляторлар қабылдайды. Соңғы айда ісіну, артериалды гипертензия 140/95 мм с.б., протеинурия 4,5 г/тәул., микрогематурия 25 к/а, гиалинді-түйіршікті цилиндрлер пайда болды. С3 56 мг/дл, С4 <5 мг/дл, антинуклеарлы АД титрі 1:1250. 8 апта бойына жүргізілген стероидты ем протеинурияны 1,3 г/тәул. дейін төмендетті, бірақ гипокомплементемия сақталып тұр, қандағы креатинин мен несеп нәрінің деңгейі артып жатыр. Ықтимал морфология

а) IgА-нефропатия

б) люпус-нефриттің III немесе IV класы

в) идиопатиялық мембраноздық нефропатия

г) минимальды өзгерістермен нефротикалық синдром

д) ановуляторлармен емдеу барысында дамыған бүйрек веналарының тромбозы

  1. Бүйректің қандай ауруында ГБМ бойында IgG-ң сызықтық депозиттері табылады

а) Гудпасчер синдромы

б) біріншілік амилоидоз

в) Шенлейн-Генох ауруы

г) полиангиитпен грануломатоз (бұрынғы атауы – Вегенер)

д) полиангиитпен эозинофилді грануломатоз (бұрынғы атауы – Чардж-Штросс)

  1. Шумақтардағы пролиферативтік өзгерістер мына ауруға тән

а) тұқым қуалайтын нефрит

б) стрептококктан кейінгі жедел ГН

в) мембраноздық нефропатия

г) минимальды өзгерістер ауруы

д) фокалды-сегментарлы гломерулосклероз

  1. Нефротикалық синдром кезінде ремиссияның индукциясы преднизолонның мына мөлшерімен жүргізіледі

а) 1 мг/кг/ тәул.

б) 60 мг/м2/тәул.

в) 0,5 мг/кг/ тәул.

г) 3-5 мг/кг/ тәул.

д) 150 мг/м2/ тәул.

  1. Балаларда пероралді преднизолонның емдік (индукциялық) мөлшері қанша мерзімге тағайындалады

а) 2 аптаға

б) 4 аптаға

в) 6 аптаға

г) 10 аптаға

д) 12 аптаға

  1. Нефротикалық синдромның дебютіндегі преднизолонның емдік мөлшерінің максималді ұзақтығы:

а) 2 апта

б) 4 апта

в) 6 апта

г) 8 апта

д) 15 апта

  1. Финдік типтегі туа біткен нефротикалық синдром тұқым қуалайды

а) аутосомды-рецессивті

б) аутосомды-доминантты

в) Х-хромосомамен тіркесіп

г) аутосомды-рецессивті, толық емес пенетрациямен

д) Х-хромосомамен тіркесіп, толық емес пенетрациямен

  1. Туа біткен нефротикалық синдромды мына аурудан ажыратады

а) стероид-сезімтал нефротикалық синдромнан

б) стероид-резистентті нефротикалық синдромнан

в) жедел нефриттік синдромнан

г) бүйрек веналарының тромбозынан

д) Альпорт синдромынан

  1. Финдік типтегі нефротикалық синдромда мына гендер мутацияға ұшырайды

а) альфа-актинин-4 ACT4

б) подоцин NPHS2

в) нефрин NPHS1

г) синаптоподин

д) денсин

  1. Қандай ауру бүйректің екіншілік амилоидозына әкелмейді

а) ЖҚЖ

б) туберкулез

в) остеомиелит

г) миеломды ауру

д) ревматоидты артрит

  1. Екіншілік амилоидоз мына ауруларда дамиды

а) ЖҚЖ

б) склеродермия

в) Педжет ауруы

г) ревматоидты артрит

д) Шенлейн-Генох ауруы

  1. Бүйрек амилоидозын мына аурудан ажыратады

а) бүйректің туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларынан

б) бүйректің инфекциялық-қабынулық зақымдалуларынан

в) екіншілік нефропатиялардан

г) коллагеноздардан

д) гломерулонефриттерден

  1. 18 жасар жігіт әскерге комиссия өту барысында кездейсоқ анықталған микрогематурияға байланысты терапевтің қабылдауына келді. Анамнезінде бүйрек ауруларының жоқ екендігі белгілі болды. АҚ 120/80 мм с.б. Фазалық-контрастық микроскопияда 15-20 эритроциттер табылды, олардың 50%-ы – дисморфты. Бірінші кезекте не істеу керек

    1. компьютерлік томография жасау

    2. жанұялық гематурияны жоққа шығару

    3. бүйрек туберкулезін жоққа шығару

    4. бүйрек ісігін жоққа шығару

    5. ҚНР-ін жоққа шығару

  1. Ходжкин лимфомасымен 20 жасар науқаста анасаркаға дейін айқын ісінулер пайда болды, АҚҚ 90/55 мм с.б., қанда креатинин 65 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 19,3 ммоль/л, зәр талдауында: протеинурия 12 г/тәул., эритроцит 2 к/а. Сәулелі микроскопияда еш өзгеріс жоқ. Мейілінше ықтимал диагноз

а) минимальды өзгерістер

б) инфекциядан кейінгі жедел ГН

в) мембраноздық нефропатия

г) фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

д) мембраналық-пролиферативті гломерулонефрит

  1. 23 жыл бойы ревматоидты артритпен ауыратын және соған байланысты преднизолон мен СЕҚҚП алатын 62 жасар науқас әйелдің аяқтарында ісіну пайда болды. Тексергенде: ЭТЖ – 50 мм/сағ., гипоальбуминемия, протеинурия 6 г/тәул., креатинин 0,14 ммоль/л. Қандай диагноз мейілінше ықтимал және осы ауруды емдеу тактикасы

  1. СЕҚҚП салдарынан дамыған нефропатия, СЕҚҚП алып тастау

  2. жедел тубулонекроз, диализ

  3. ревматоидты васкулит, циклофосфамид тағайындау

  4. мембраноздық нефропатия, циклоспорин тағайындау

  5. екіншілік амилоидоз, бүйрек биопсиясы

  1. 33 жасар науқас әйел ауқымды ісінулерге шағымданып келді. Лабораторлы: протеинурия 6,0 г/тәул., гипопротеинемия 42 г/л, гиперхолестеринемия 7,5 ммоль/л, АҚ 80/60 мм с.б. Бүйрек биопсиясын жүргізу ұйғарылды. Қандай аурулардың арасында ажырату диагнозын жүргізу керек

а) гломерулонефрит пен амилоидоздың

б) несеп-тас ауруы мен амилоидоздың

в) бүйректің тұқым қуалайтын аурулары мен амилоидоздың

г) НШЖИ мен гломерулонефриттің

д) бүйректің туа біткен ақаулары мен гломерулонефриттің

  1. Отиттің созылыңқы ағымы мен субфебрилитеті бар 37 жасар науқаста протеинурия 0,33 г/л, микрогематурия анықталды. Қанның жалпы талдауы өзгеріссіз. Қосымша қандай зерттеу жүргізу керек

а) АНЦА титрі

б) IgA, IgG, IgM деңгейлері

в) иммунограмма – CD4, CD8

г) ЖҚЖ-ге, инфекцияларға тексеру

д) айналымдағы иммундық кешендер

  1. 26 жасар науқаста – нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен сәтсіз ем. Морфология: сәулелі микроскопияда – күмістегенде капилляр қабырғаларының бойында субэпителиалды «тікенектер» көрінеді; иммунофлюоресценцияда – IgG + С3 түйіршікті жарқырауы; электронды микроскопияда – жүйелі субэпителиалды иммунды-кешенді депозиттер. Екіншілік нефотикалық синдром жоққа шығарылды. Сіздің диагноз және мейілінше тиімді емнің нұсқасы

а) мембраноздық нефропатия, симптоматикалық ем

б) фокальды-сегментарлы гломерулосклероз, преднизолон

в) мембраналық-пролиферативті ГН, преднизолонмен альтернирлеуші курс

г) мембраноздық нефропатия, А циклоспорині

д) экстракапиллярлы ГН, метилпреднизолонмен пульс-ем

  1. 22 жасар науқас ісінуге шағымданып келді, несепте – протеинурия 3 г/тәул., гематурия. Морфология: сәулелі микроскопияда ошақты мезангиалды депозиттер және ГБМ-ның контурының қосарланғаны көрінеді (күмістегенде). Иммунофлюоресценция: мезангий мен капиллярлардың субэндотелийінде IgG мен С3 түйіршектеніп шөгіп қалған. Электронды микроскопия: мезангиалды пролиферация иммундық депозиттермен, мезангийдің ГБМ мен эндотелий арасына интерпозициясы, жаңа түзілген базалды мембранамен қоршалған субэндотелиалды электронды-тығыз депозиттер. Сіздің қорытындыңыз

а) экстракапиллярлық ГН

б) минимальды өзгерістер

в) мембраноздық нефропатия

г) мембраналық-пролиферативті ГН-ң 1 типі

д) фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

  1. Науқастың өкпесінен қанды қақырық бөлініп, анти-ГБМ-антиденелерімен тез үдейтін гломерулонефрит дамыды. Басты ем

а) преднизолон peros ұзақ

б) циклоспорин + плазмаферез

в) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

г) аминохинолин қатарының препараттары

д) кортикостероидтар мен цитостатиктерді плазмаферезбен біріктіре отырып пульстік әдіспен

  1. Нефрология бөлімшесіне ісінумен 25 жасар науқас әйел түсті, АҚ 150/100 мм с.б. Несепте белок 3,3 г/л, эритроциттер көру аймағын тұтастай алып жатыр. Тез артып жатқан гиперкреатининемия анықталып, бүйрек биопсиясы жүргізілді. Мейілінше күтілетін өзгерістер

а) диффузды мезангиопролиферативті гломерулонефрит

б) фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

в) экстракапиллярлық гломерулонефрит

г) эндокапиллярлық гломерулонефрит

д) минимальды өзгерістер

  1. Қандай ауруда бүйрек биопсиясын жүргізбей-ақ IgA-нефропатияны анықтауға болады

  1. ЖҚЖ-де

  2. Гудпасчер синдромында

  3. Шенлейн-Генох ауруында

  4. тромботикалық микроангиопатияда

  5. минимальды өзгерістер ауруында

  1. Егер респираторлық инфекциядан кейін 21 жастағы жас жігітте рецидивирлеуші макрогематурия (гломерулалық эритроциттер) анықталса, нені болжауға болады

а) минимальды өзгерістер ауруын

б) Ig-A нефропатияны

в) мембраноздық ГН-ті

г) мембраналық-пролиферативті ГН-ті

д) эндокапиллярлы-пролиферативті ГН-ті

  1. 32 жасар ер адамды тексергенде: протеинурия, рецидивирлеуші макрогематурия. Морфологияда: мезангий жасушаларының диффузды пролиферациясы мен мезангийдегі IgA депозиттері. Бұл ауруға қандай ағым тән

  1. жедел циклді

  2. әрқашан қолайлы

  3. еркектерде қолайлы

  4. тез үдейтін

д) созылмалы, бүйректің біртіндеп бүрісуімен

  1. Амбулаторлық тексергенде 25 жастағы жас жігітте БСЖ белгілері, естуінің төмендегені анықталды, зәрінде протеинурия, гематурия бар, атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, 12 жасар қарындасында микрогематурия табылды. Сіздің диагноз

а) жұқа базалды мембраналар ауруы

б) Фанкони нефронофтизі

в) жанұялық гематурия

г) Альпорт синдромы

д) Берже ауруы

  1. 58 жасар науқас ауруханаға жедел нефриттік синдроммен және БЖЖ-мен түсті. Анамнезінде: 30 жылдан астам бронх демікпесімен ауырады. Лабораторлы: гиперэозинофилия, п-АНЦА +, зәрінде – эритроцитарлы цилиндрлер. Сіздің болжам диагноз

а) ГУС

б) өкпелік жүрек

в) Гудпасчер синдромы

г) түйінді полиангиит

д) полиангиитпен эозинофилді грануломатоз (бұрынғы атауы – Чардж-Штросс)

  1. Науқаста 2 күннен бері диарея байқалды, олигурия пайда болды, несепте: эритроциттер, қанда Нв 45 г/л-ге дейін төмендеген, Тр 100х109, фрагментирленген бос эритроциттер анықталды, креатинин – 180мкмоль/л. Аталғандардың ішінде ЕҢ мүмкін болатын диагнозыңыз:

  1. IgA-нефропатия

  2. Аутоиммундық анемия

  3. Жедел инвазивті диарея

  4. Жедел гломерулонефрит

  5. Гемолитикалық-уремиялық синдром

  1. Атипті ГУС-қа тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ

  1. Диареядан басталуы

  2. H факторының мутациясы

  3. I факторының мутациясы

  4. Диареяның болмауы

  5. MCP мутациясы

  1. Гемодиализ бөлімшесіне дене қызуының жоғарылауымен, катаральды белгілермен 18 жасар пациент түсті. ЖБЖ, қанда фрагменттелген эритроциттері бар гемолитикалық анемия, тромбоцитопения анықталды. Диагноз

  1. АФС-синдром

  2. Верльгоф ауруы

  3. Аутоиммунды анемия

  4. Жедел диффузды ГН

  5. Гемолитикалық-уремиялық синдром

  1. 20 жастағы науқас. Бетіндегі, іштің алдыңғы қабырғасындағы, аяқтарындағы ісінулерге, олигурияға шағымданады. Қараған кезде: анасаркаға дейін ісінулер. АҚҚ 85/40 мм с.б. Қан анализдерінде: жалпы белок 40 г/л, альбумин 16 г/л, холестерин 9,8 ммоль/л. ЖЗА-салыст. тығызд. - 1030, белок 4,5 г/л, Лейк. және Эр - 0-1 к/а, қандағы креатинин 120 мкмоль/л. Болжам диагнозын қойыңыз және бүйрек қызметін бағалаңыз

  1. Нефротикалық синдром, БЖЗ, преренальді

  2. Гломерулонефрит. БЖЗ, ренальді

  3. Нефритикалық синром, БЖЗ, ренальді

  4. Нефротикалық синдром, БЖЗ, ренальді

  5. Созылмалы гломерулонефрит, БСА, 2 сатысы.

  1. Жедел постстрептококкты гломерулонефрит дамуындағы азотемияның себебін көрсетіңіз

    1. Өзекшелер дистрофиясы

    2. Протеинурия салдарынан

    3. Висцералді эпителийдің зақымдалуы

    4. Париеталді эпителийдің зақымдалуы

    5. Шумақтағы қабынулық өзгерістер

  1. Жүкті әйел 30 жаста, жүктілік 26 апта. Бас ауруына, жүрек айнуына, құсуға, көруінің нашарлауына, оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағым жасады. Тексеру кезінде сана-сезімі нашар, аяқтарында шамалы ісінулер бар, ішінде қан геморрагиялар, АҚ 170/110 мм с.б., оң қабырға астында ауру-сезімі, бауыры +1,5 см қабырға доғасы жиегінен. ЖҚА-де - Нв 70 г/л, Тр 90 мын, қан жағындысында шистоциттер. Қанның биохимиялық анализінде ж. белок 60 г/л, АЛТ 2,25, АСТ 1,1 ммоль/л. ЖЗА-де белок 1,65 г/л, Ле 5-7 к/а, Эр 2-3 к/а.

Аталғандардан ЕҢ мүмкін болатын болжам диагноз қайсы

  1. HELLP-синдромы

  2. Созылмалы гепатит

  3. Апластикалық анемия

  4. Тромбоцитопениялық пурпура

  5. Іркілісті жүрек жетіспеушілігі

Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары:

Нұсқа

Нұсқа

1

Б

2

Б

2

В

Б

Г

В

А

В

А

А

В

А

А

Б

Г

В

Д

Б

Б

А

А

Б

Д

Б

А

Д

А

Г

Г

Б

Г

Г

Д

А

В

Г

В

В

Б

Б

Д

Б

Г

Г

Д

А

Д

Д

А

3

Д

А

А

Б

Д

А

А

106