
Үлестіріп берілетін материал өж №2
Тапсырма №1
ТМҚ бойынша қаржылық есептілікке қажетті мәліметтерді ашып көрсету, егер:
ТМҚ құнын анықтау үшін компания ФИФО әдісін және үздіксіз есептеу жүйесін қолданады. Есептік жылдың 31 желтоқсанына ТМҚ қалдығы құрады:
ағаш 14 400 000 теңге сомасына;
әйнек 28 800 000 теңге сомасына;
бояу 8 760 000 теңге сомасына;
шегелер 150 000 теңге сомасына;
дайын терезелер 1 140 дана, әр терезенің өзіндік құны- 27 000 теңге.
Есептік кезең ішінде әр тоқсан сайын түгендеу өткізіліп тұрды, оның қорытындысы бойынша келесі түзетулер енгізіледі:
31 наурыз ТМҚ қалдығы 67 200 теңге сомасына азайды;
30 маусым – 84 000 теңге сомасына;
31 қыркүйек – 54 000 теңге сомасына.
Компания басшылығы қызметкерлердің біреуі ұрлықпен айналысқандықтан, осындай жетіспеушіліктер пайда болуына күдіктеніп отыр.
Есептік кезең ішінде өткізудің таза құнына дейін қалдықтарды азайтуға қажеттілік туындамады.
31 желтоқсан күні бойынша ТМҚ бірде-бір атауы қайсыбір міндеттемелер үшін кепілдікте тұрған жоқ.
Тапсырма №2
«Болашақ» компаниясы 2008 жылы мынандай компакт-дискілерді сатып алды.
Уақыты
|
Сатып алынған дискілер саны
|
1 дананың бағасы
|
Жалпы сомасы (тенге)
|
4 қаңтар |
800 |
700 |
|
10 наурыз |
2 200 |
750 |
|
23 маусым |
4 000 |
725 |
|
15 қыркүйек |
3 000 |
740 |
|
Барлығы |
10 000 |
|
|
Егер жылдың аяғына ТМҚ-ның нақты қалдығы 1000 дана болса:
1. FIFО әдістемесін қолданғанда бухгалтерлік баланста қандай қалдық сомасы көрсетілед?
2. FIFО әдістемесін қолданғанда сатылған өнімнің өзіндік құны қандай болады?
Тапсырма №3
Мекеме ағымдағы айда 2 700 000 теңгеге алынған жаңа автокөлікті нақты құны 3 840 000 теңге болатын өзінің негізгі өндірісіне қажет станокқа айырбастады. Автокөліктің нақты құны шынайы бағалануы мүмкін емес.
Тапсырма №4
Мекеме жер учаскесін цехтың құрылысына сатып алды. Жер учаскесінде құны 18 000 000 теңге болатын ғимарат бар жерді сатып алу-сату келісім-шартында сату бағасы 116 800 000 теңгеге тең деп көрсетілген.
Аталған учаскені табу үшін брокерлер жұмылдырылды, олардың қызметіне 72 000 теңге төленді. Жерді сатып алу-сату құжаттарын рәсімдеу үшін адвокаттық қызметке кеткен шығындар 120 000 теңгені құрады. Ескі ғимаратты бұзуға 800 000 теңге жұмсалды. Ескі ғимаратты бұзу кезінде алынған құрылыс материалдары 107 500 теңгеге сатылды.
Тапсырма №5
1.Станокты алғашқы 2 жылда пайдалану барысында амортизация сомасын есептеу, егер де 1-ші жыл ішінде станокпен 9000 дайын өнім бірлігі, ал 2-ші жылда 13000 дайын өнім бірлігі өндірілгені белгілі болса.
2. Амортизацияны есептеуге бухгалтерлік прводкалар келтіру.
Үлестіріп берілетін материал өж № 3
Тапсырма №1
Ай ішінде келесі шаруашылық операциялары тіркелді:
№ |
Операция мазмұны |
Сома |
1. |
Ұйым есеп-шотына тапсырыс берушіден сатып алынатын тауар үшін алдын-ала төлем түсті. |
666 700 |
2. |
Тауар жабдықтаушысынан шот-фактура, сонымен қатар ҚҚС та алынды. |
339 000 |
3. |
Есеп айырысу шоттан тауар жабдықтаушысына төленді |
339 000 |
4. |
«А» мекемесінен- тауар жабдықтаушысы- көрсетілген қызмет үшін шот-фактура, сонымен қатар ҚҚС та алынды. |
60 455 |
5. |
Қызмет көрсетушіге есеп айырысу шоттан төленді |
60 455 |
6. |
Жабдықтаушымен алдын-ала төленген тауардың жартысы тиелді, сонымен қатар ҚҚС та. |
339 000 |
Тапсырма № 2
2009 жылға кезеңдік демалыс кестесі бойынша келмей қалу күндер сомасы 310 адам/күнді құрады, оның ішінде 50 адам/күн- өткен жылдың қолданылмаған кезеңдік демалысы. 2008 жылға тұрақты негізге ие жұмыс істеген уақыт және сыйақылар үшін жалақы есептеліп, 8 976 540 теңгені құрады. Еңбек бойынша статистикалық есеп мәліметтері- 2008 жыл үшін 2139 адам/күн атқарылды.
Тапсырма №3
1. Займның қанша сомасы 2005 жылдың 31 желтоқсаны үшін бухгалтерлік баланста ағымдағы міндеттеме ретінде көрінуі тиіс?
2. Займның қанша сомасы 2005 жылдың 31 желтоқсаны үшін бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді міндеттеме ретінде көрінуі тиіс?
А) бөлімі. Компания өзінің өндірісін кеңейту үшін құрал-жабдықты сатып алуға 12 000 000 теңге сомасында банктен займ алды. Банк займ үшін кепілдікке сатып алынған құрал-жабдықты және ТМҚ ұстап қалу құқығына ие. Займды жабу мерзімі 5 жыл 20% жылдық ставкасымен. Әр жыл сайын компания негізгі сомадан 2 400 000 теңге,оған қоса жылдық пайызды төлеуі тиіс. Банкпен келісім-шартта компанияның ағымдағы өтімділік деңгейі 2% төмен болған жағдайда несиені дереу қайтаруы тиіс деген шарт бар.
Банкпен келісім-шарт жасау барысында компанияның иелігінде 250 000 000 теңге сомасындағы активтер, ұзақ мерзімді және өзге де активтер- 150 000 000 теңге сомасына, ағымдағы міндеттемелер- 120 000 000 теңге сомасына, ұзақ мерзімді және өзге де міндеттемлер- 180 000 000 теңге сомасына.
Тапсырма №4
1. Бас бухгалтер қаржылық көрсеткіштерге талдау жасағаннан кейін проводка жасауы тиіс пе?
2. Тиіс болса, онда қандай?
Б) бөлімі. Компания кірісті және иелігінде көп ақша қаражаттары болғандықтан, компания басшылығы ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға ауқымды инвестицияны құю арқылы өзінің кірісін ұлғайтуды шешті.
2006 жылдың маусымында компанияның бас бухгалтері аталған инвестиция нәтижесінде ағымдағы активтердің- 200 000 000 теңге сомасына, ұзақ мерзімді және өзге де активтер- 240 000 000 теңге сомасына, ағымдағы міндеттемелер- 128 000 000 теңге сомасына, ұзақ мерзімді және өзге де міндеттемелердің- 210 000 000 теңге сомасына өзгергенін анықтады.
Тапсырма №5
1. Компания оңай өткізілетін бағалы қағаздарды 800 000 теңгеге өткізді. Олардың баланстық құны 620 000 теңгені құрады. Ақша компанияның есеп-шотына түсті. Пайда мен залал және ақша қаражаттары қозғалыс есебінде қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
a) Жалпы табыс 180 000 теңге, ақшаың түсуі 800 000 теңге.
b) Жалпы табыс 800 000 теңге, ақшаның түсуі 620 000 теңге.
c) Жалпы табыс 800 000 теңге, ақшаның түсуі 800 000 теңге.
d) Жалпы табыс 180 000 теңге, ақшаның түсуі 620 000 теңге.