
Қаржылық есеп -2
Студенттерге үлестіріп берілетін материал ӨЖ №1
Тапсырма №1 Сатылған тауарлы-материалдық қорлардың (ТМҚ) өзіндік құнын тауып, таза пайданы анықтаңыз.
Есепті жылда сауда компаниясы туралы мынандай деректер бар:
ТМҚ-дың жыл басындағы қалдығы – 10 000 теңге
Есеп жыл бойы сатып алынған - 500 000 теңге
Есепті жыл бойы сатылғаны – 800 000 теңге
ТМҚ есепті жыл аяғындағы қалдығы – 20 000 теңге
Тапсырма№2
Компания 150 000 теңгеге шикізат материалдарын сатып алды. Компания қосымша құн салығының (ҚҚС) қандай мөлшерін есепке ала алады? ҚҚС ставка мөлшері 12%.Шоттар корреспонденциясын құрыңыз.
Тапсырма №3
Келесі шаруашылық операцияларына сәйкес шоттар корреспонденциясын жазу, сомасы теңгемен.
№ |
Шаруашылық операциялар мазмұны |
Сомасы |
1. |
Есеп айырысу сомалары есебінен материалдар мен басқа да қорлар алынды |
5 000 |
2. |
Жеке тұлғалардан материалдар мен қорлар алынды |
1 450 |
3. |
Мердігерлерден материалдар мен қорлар алынды |
105 000 |
4. |
Қорлар тегін алынды:
|
24 000 150 000 |
5. |
Әкімшілік шығындарға материалдар мен басқа да қорларды есептен шығаруды жатқызу |
60 000 |
6. |
Материалдар мен басқа да қорларды жеткізумен тікелей байланысты шығындарды тану |
6 270 |
7. |
Материалдар мен басқа да қорларды тегін жеткізу |
15 000 |
8. |
Өндіріске шикізаттар мен материалдарды есептен шығару |
216 000 |
9. |
Өткізілген өнімнің өзіндік құнын есептен шығару |
275 000 |
10. |
Дайын өнім кірістелді |
450 000 |
11. |
Кінәлі тұлғалар есебінен дайын өнімнің жетіспеушілігін жабу |
5 000 |
12. |
Қоймадағы дайын өнімдерді қалыпты залал мөлшерінде есептен шығару |
1 500 |
13. |
Жабдықтаушылардан тауарларды сатып алу |
287 000 |
14. |
Өткізілген тауарлардың өзіндік құнын есептен щығару |
320 000 |
15. |
Тауарлар құнының төмендетілуі |
5 500 |
16. |
Қорларды есептен шығару бойынша резерв құру |
18 900 |
17. |
Қорлардың құнсыздануына байланысты құнын есептен шығару |
6 200 |
18. |
Материалдар қалдығы кірістелді |
200 |
19. |
Жабдықтаушыға сапасыз тауарларды олардың құнын төлемес бұрын қайтару |
6328 |
20 |
Дәл сол,тек төлегеннен кейін |
6328 |
Тапсырма №4
Серіктестіктен бір қатысушының шығып кеткеннен кейінгі бухгалтерлік теңгерімін құрау қажет.
2007 жылдың 31 желтоқсанына «Үлбір» ЖШС-нің теңгерімі төмендегідей:
-
Теңгерім баптары
сомасы
сомасы
Кассадағы ақша қаражаттары
800,0
Дебиторлық қарыз
250,0
Тауарлы-материалдық құндылықтар
200,0
Негізгі құралдар
300,0
Жиыны
1550,0
Жарғылық капитал
900,0
Кредиторлық қарыз
400,0
Бөлінбеген табыс
250,0
Жиыны
1550,0
«Үлбір» ЖШС-нің құрылған кездегі жарғылық капиталы мынадай қатысушылардың капиталынан құрылған:
Азамат- 280 000 тг.
Нұрлан- 320 000 тг
Мәрия-300 000 тг.
Ескерту: Клісімшарт бойынша әрбір қатысушының табыстағы үлесі серіктестіктің құрылған күніндегі капиталға пайыздық қатынасы ретінде бөлінеді.
Қатысушының үлесі мен капиталы жылдық қаржылық есептілікті жасағаннан кейін төленеді.
2008 жылдың 31 қарашасы күні Азамат серіктестіктен басқа қатысушылардың келісімімен шығып кетті де өзінің капиталын ала кетуге ұцғарды. Қалған қатысушылар оның серіктетіктен шығып, өзінің капиталына тең сомасын және серіктестіктің бөлінбейтін табысынан үлесін алып кетуіне қарсы емес.
Үлестіріп берілетін материал ӨЖ №2
Тапсырма №1 Қаржылық инвестициялардың есебі мен алынуын ағымдағы құнымен көрсетіңіз.
Компания 1 қазанда 5 000 теңгеге акция сатып алды. 1 желтоқсанда биржадағы акцияның құны төмендегідей болды:
А) 5 400 теңге
Б) 4 800 теңге
Тапсырма №2 Қаржылық инвестициялардың есебі мен алынуы өзіндік құнының төменгі бағасымен және нарықтағы құнымен көрсету:
А) Инвестиция қоржынының біріктірілген негізінде;
В) Инвестиция қоржынының біріктірілген негізінде инвестиция түрлеріне қарай;
Б) Инвестицияның бөлек алынған негізінде.
№ |
Инвестиция түрі |
Өзіндік құны, тг |
Нарықтық құны, тг |
Теңгерімдік құны, тг |
1 |
«Алма» компаниясының облигациялары |
17000 |
19000 |
|
2 |
«Әлем » АҚ облигациялары |
38000 |
33000 |
|
|
Барлық облигациялар |
55000 |
52000 |
|
3 |
«Күн» АҚ акциясы |
200000 |
200500 |
|
4 |
«Түн» Ақ облигациялары |
120000 |
150000 |
|
5 |
«Ай » АҚ акциялары |
210000 |
190000 |
|
|
Барлық акциялар |
|
|
|
|
Инвестициялар жиыны |
|
|
|
Тапсырма №3 Қаржылық инвестиялардың есебі мен алынуын өзіндің құнының төменгі бағасымен және нарықтағы құнымен көрсету:
А) Инвестиция қоржынының біріктірілген негізінде;
Б) Инвестиция қоржынының біріктірілген негізінде инвестиция түрлеріне қарай;
В) Инвестицияның бөлек алынған негізінде.
-
№
Инвестициялық түрі
Өзіндік құны, теңгемен
Нарықтық құны, теңгемен
Теңгерімдік құны, теңгемен
1
«А» компаниясының акциялары
30 000
32 000
?
2
«В» АҚ акциялады
24 000
23 000
?
Барлық акциялар
?
?
?
3
«С» АҚ облигациялары
12 000
15 500
?
4
«Е» АҚ обигациялары
18 000
7 000
?
Барлық облигациялар
?
?
?
Инвестициялар жиыны
?
?
?
Тапсырма №4 Қаржылық инвестиялардың есебі мен алынуын өзіндің құнының төменгі бағасымен және нарықтағы құнымен көрсету:
А) Инвестиция қоржынының біріктірілген негізінде;
Б) Инвестиция қоржынының біріктірілген негізінде инвестиция түрлеріне қарай;
В) Инвестицияның бөлек алынған негізінде.
Үлестіріп берілетін материал ӨЖ №3
Жұмыстың мақсаты: Функционалдық валютаны ауыстыруды, функционалды валютадан бөлек есептіліктегі валютаны қолдануды, сыйақының амортизациясын үйрену.
Бақылау нысаны: Тапсырма бойынша шығарған есептерді тексертіп, шаруашылық операцияларына сәйкес шоттар корреспонденциясын жазу және тақырыпқа сәйкес бухгалтерлік құжаттарды толтырып, қорғау.
Ескерту: Тақырып бойынша ӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес қосымша құжаттардың үлгісін өздеріңіз толтыруларыңыз қажет, себебі тапсырмалардағы орындай отырып сіз жаңадан бухгалтерлік құжаттардың реквизиттерімен танысып, үйренесіз.
Тапсырма №1 Сатылған тауарларға бухгалтерлік жазулар жазу керек.
а) вексель берушіде;
б) вексель алушыда;
2008 жылдың 1 желтоқсанында «А» компаниясы 180х180 қайың тақтайларын 1 560 200 теңгеге (ҚҚС ішінде) «В» ЖШС-не біржылдық пайыздық вексельге жылдық 8% сыйақы мөлшерлемесімен сатты. Сатылатын тақтайлардың келісім бойынша құны- 1 120 000 теңге.
Тапсырма №2
1.ЖШС-нің қатысушыларының арасында таза табысты бөліп беру.
2. Серіктестіктің қатысушыларына табысты есептеу және төлеуді бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету.
«Жамал» ЖШС-нің 2011 жылдың 1 қаңтарына жарғылық капиталының жарнасы үш қатысушының мына төмендегі ақша қаражаттары салымдарынан құралған:
Арман – 120 000 теңге.
Әлия – 150 000 теңге.
Серік – 130 000 теңге.
Әрбір қатысушының жарғылық капиталдағы үлесі: 30%, 37,5%, 32,5%
ЖШС-нің есепті кезеңдегі таза табысы 600 000 теңге болады. Бұл сома қатысушылардың арасында үлестері бойынша бөлінді.
Серіктестік әрбір қатысушының үлесін жарғылық капиталға қосымша жарна ретінде қабылдауға шешім қабылдады.
Тапсырма №3
Корпорациялық салық бойынша жылдық декларацияны толтырған кезде мүлік салығы қандай мөлшерде есептелетінін анықтаңыз.
2007 жылы «Жер-су и К» фирмасы 500 000 тенге мүлік салығын есептеп, оның 350 000 теңгесін төледі. 2008 жылы мүлік салығы 550 000 теңгеге есептелінді. 2008 жыл аралығында 750 000 мың мүлік салығы төленді.
Тапсырма №4
Жыл ішінде әрбір қатысушының үлесі өзгереді деп есептеп, таза табысты үлестеріне қарай бөлу қажет(алдыңғы № 96 есепті пайдалану керек).
2008 жылдың 1 аурызында Арман айналымнан 20000 теңгені , Әлия 2008 жылдың 1 маусымында айналымнан 30000 теңгені алды да ,1 қыркүйекте 20000 теңгені қайта салды, есепті кезеңдегі таза табыс 600000 теңгені құрады.
Әдістемелік нұсқаулар :
Есептеу үшін анықтау керек:
-капиталдың орта мөлшерін ;
-капиталдың орташа үлесінің көлемін:
- серіктестіктің таза табысындағы қатысушыларының үлесін.
Капиталдың орташа үлесінің көлемін мынадай кестеде есептеңіз:
Қатысушылар |
Кезең |
Капитал |
Айлар саны |
Жиыны |
Орташа капитал |
Арман |
|
|
|
|
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
Әлия |
|
|
|
|
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
Серік |
|
|
|
|
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
Тапсырма №5 Сатылған тауарларға бухгалтерлік жазулар жазу керек.
а) вексель берушіде;
б) вексель алушыда;
2008 жылдың 1 желтоқсанында «А» компаниясы 180х180 қайың тақтайларын 1 560 200 теңгеге (ҚҚС ішінде) «В» ЖШС-не біржылдық пайыздық вексельге жылдық 8% сыйақы мөлшерлемесімен сатты. Сатылатын тақтайлардың келісім бойынша құны- 1 120 000 теңге.
Үлестіріп берілетін материал ӨЖ №4
Жұмыстың мақсаты: Бірігіп бақыланатын ұйымдар, пропорцоналды шоғырландыру, байланысты тараптармен қарым-қатынастар және операцияларды үйрену.
Бақылау нысаны: Тапсырма бойынша шығарған есептерді тексертіп, шаруашылық операцияларына сәйкес шоттар корреспонденциясын жазу және тақырыпқа сәйкес бухгалтерлік құжаттарды толтырып, қорғау.
Тапсырма №1
Акционерлік компания акционерлік қоғам болып табылады. Барлық шығындарды есептегеннен кейінгі компанияның табысы есептік кезең үшін 540 000 мың теңгені құрады. Компания акционерлерге 60 000 мың теңге сомасындағы дивиденттер төледі. Есептік кезең үшін салық салынатын табыс қанша болмақ?
a) 540 000 мың теңге;
b) 60 000 мың теңге;
c) 480 000 мың теңге;
d) 0.
Тапсырма №2
1. Капитализацияға жататын 2009 жылдың 1 –кварталындағы бас корпустың құрылысына кеткен пайыздар бойынша шығындар соамысн есептеу.
2. 2009 жылдың 1-кварталында шығыстар ретінде танылған шығындар сомасын анықтау.
3. 2009 жылдың 1- кварталында жасалған капиталды салымдарға бухгалтерлік жазбалар келтіру.
Құрылыс компаниясы 4 бөліктен- бас корпус пен үш қосымша цехтан тұратын объектінің құрылысын жүргізеді.
Объектінің жалпы сметалық құны 180 000 000 теңгені құрайды. Аяқталған бас корпустың сметалық құны объектінің жалпы сметалық құнының 80% құрайды, ал үш цех бастапқы құрылыста болғандықтан, олардың сметалық құны 20% құрайды.
2007 жылдың 1 қаңтарында компания 96 000 000 теңге сомасындағы несиені 18% жылдық ставкамен алды.
Бас корпус 2007 жылдың 31 наурызында аяқталды.
Тапсырма №3
Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс жасау.
«А» компаниясы 100% «Б» компаниясының иеленушісі болып табылады.
«А» компаниясының бухгалтерлік балансы:
(млн.теңге)
Активтер |
Сома |
Пассивтер |
Сома |
Ақша қаражаттары |
1 500,0 |
Төлеуге шоттар |
2 000,0 |
«Б» компаниясынан алынатын шоттар |
100,0 |
Өзге де ағымдағы міндеттемелер |
4 000,0 |
Өзге де ағымдағы активтер |
12 200,0 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
12 000,0 |
«Б» компаниясына инвестициялар |
1 400,0 |
Барлығы міндеттемелер |
18 000,0 |
Өзге де ұзақ мерзімді активтер |
7 000,0 |
Капитал |
4 200,0 |
БАРЛЫҒЫ активтер (баланс) |
|
БАРЛЫҒЫ міндеттемелер (баланс) |
22 200,0 |
«Б» компаниясының бухгалтерлік балансы:
(млн.теңге)
Активтер |
Сома |
Пассивтер |
Сома |
Ақша қаражаттары |
500,0 |
Төлеуге шоттар |
200,0 |
Өзге де ағымдағы активтер |
1 500,0 |
«А» компаниясына төлеуге шоттар |
100,0 |
Ұзақ мерзімді активтер |
2 200,0 |
Өзге де ағымдағы міндеттемелер |
500,0 |
|
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
2 000,0 |
|
|
Барлығы міндеттемелер |
2 800,0 |
|
|
Капитал |
1 400,0 |
БАРЛЫҒЫ активтер (баланс) |
4 200,0 |
БАРЛЫҒЫ міндеттемелер (баланс) |
4 200,0 |
Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс жасау.
Тапсырма №4
1. Жыл соңына жабылатын проводкаларды келтіру.
2. 31 жыл аяқталатын есептік жылға бухгалтерлік баланс дайындау.
«А» компаниясының 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін байқау балансы төмендегі мәліметтермен келтірілген. (Байқау балансы деп кіріс қалдығы мен шығыс қалдығын қосатын балансты айтады (кезең соңына дейін))
№ |
Шоттың атауы |
Дебет |
Кредит |
1. |
Ақша қаражаттары |
170 000 |
|
2. |
Алуға шоттар |
158 000 |
|
3. |
Тауарлар |
234 000 |
|
4. |
Кеңсе құрал-жабдығы |
230 000 |
|
5. |
Жиынтық тозу- кеңсе құрал-жабдығы |
|
64 000 |
6. |
Төлеуге шоттар |
|
160 000 |
7. |
Төлеуге еңбекақы |
|
20 000 |
8. |
Жай акциялар |
|
115 000 |
9. |
Өткен жылдардың бөлінбеген пайласы |
|
58 000 |
10. |
Өткізу көлемі |
|
1 893 000 |
11. |
Сатылған тауарлардың қайтарылуы |
170 000 |
|
12. |
Өткізілген тауарлардың өзіндік құны |
990 000 |
|
13. |
Жарнама шығындары |
78 000 |
|
14. |
Сатушылардың еңбекақы шығындары |
170 000 |
|
15. |
Кеңсе қызметкерлерінің еңбекақы шығындары |
240 000 |
|
16. |
Тозу шығындары- кеңсе құрал-жабдығы |
23 000 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
2 310 000 |
2 310 000 |
1. Жыл соңына жабылатын проводкаларды келтіру.
2. 31 жыл аяқталатын есептік жылға бухгалтерлік баланс дайындау.
Тапсырма №5 Тауарлар қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету қажет.
Шаруашылық операциялары бойынша сомаларды анықтау керек.
Тамыз айында «Тұлпар » фирмасы бойынша мынадай операциялар жүргізілген:
№ |
Мазмұны |
Дт |
Кт |
Сомасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Келіп түскен және толығымен кіріске алынған тауарлар үшін жабдықтаушы шоты акцептелінді |
|
|
300 000 |
2 |
Келіп түскен тауарлар бойынша ҚҚС есебі |
|
|
? |
3 |
Жабдықтаушы шоты төленді |
|
|
? |
4 |
Тұтынушыға тауар босатылды:
|
|
|
300000 350 000 |
5 |
Өткізілген тауарлар бойынша ҚҚС есепке алынды |
|
|
? |
6 |
Сатып алушы тауарлар үшін төлем жүргізілді |
|
|
? |
7 |
ҚҚС есепке алынды |
|
|
? |
8 |
ҚҚС бюджетке аударылды |
|
|
? |