
- •Қаржы-экономикалық факультеті Есеп және аудит кафедрасы
- •Оқытушы туралы деректер
- •Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •Бағалау саясаты
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Баға қоюдын критерийлері (мысалы)
- •Дәрістік күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары - 3 кредит
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары – 4 кредит
- •«Бухгалтерлік есептегі компьютерлік технологиялар» пәні бойынша Дифференциалды сынаққа арналған реферат тақырыптары
- •Дәрістер кешені
- •Әдебиеттер
- •Бақылау өлшем құралдары
Дәрістер кешені
Бухгалтерлік есептің компьютерлік технологиялар пәніне кіріспе
Жоспар:
1.Бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша программалық өнімдердің жіктелуі: шағын бухгалтерия, интеграциялық бухгалтерлік жүйелер, бухгалтерлік конструктор, бухгалтерлік кешен, бухгалтерия кеңсесі, халыкаралық деңгейдегі есеп жүйелері.
2.Бухгалтерлік программа нарығы.
3.ТМД елдеріндегі бухгалтерлік есеп бойынша колданбалы программалардың бастапкы өндірушілері: 1С, Галактика, АйТи, ДИЦ, Интеллект - Сервис. Инфософт, Инфин, Комтех+, Парус, Компьютер - Сервис және басқалар.
Негізгі ұғымдар: автоматтандыру, колданбалы программалар, интеграциялық бухгалтерлік жүйелер
Иллюстрациялық материал: слайд, схема
Соңғы жылдары барлық қызмет түрлері аясында жаппай компьютерлендіру үрдісі белең алуда. Бұл компьютердің есептеулерді барынша тез және күрделі операцияларды автоматтандырумен байланысты түсіндіріледі. Компьютерлендіру адамның қаржы-экономикалық қызмет саласында да ене бастады. Кәсіпорын қызметінің қаржы-экономикалық талдауды және бухгалтерлік есебінің жүргізілуі жаңа компьютерлік технологияларды қолдану нәтижесінде біршама жеңілдетіледі. Компьтер көмегімен ақпаратты нақты қолданушыға қолайлы түрде ұсынуға, операцияларды енгізу мен өңдеуді тездету және жеңілдетуге, қорытынды есептердің нақтылығы мен түсініктілігін жоғарлатуға мүмкіндік бар.
Егер 10 жыл бұрын талдаушы мен бухгалтердің негізгі құралы калькулятор болса, қазіргі кезде бірде-бір кәсіпорын компьютерсіз жұмыс атқара алмайды десек артық болмас.
Компьютерлердің енгізілуімен байланысты, бухгалтерлер мен басқа да қаржы қызметкерлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын көптеген арнайы компьютерлік бағдарламалар пайда болды, компьютер менеджер мен қаржылық директордың ең басты көмекшісіне айналды.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің автоматтандырылмаған жүйесінде шаруашылық операциялар бойынша мәліметтердің өңделуі оңай бақыланады және әдетте ақпарат тасушы құжаттармен – бұйрықтар, төлем тапсырмалары, шоттар және есеп регистрларымен сипатталады. Осыған ұқсас құжаттар компьютерлік жүйеде де қолданылады, бірақ көп жағдайларда олар тек электронды нысанда болады. Бұған қоса, бухгалтерлік есептің компьютерлік жүйесінде негізгі есеп құжаттары (бухгалтерлік кітаптар және журналдар) мәліметтер файлын құрайды, яғни оларды компьютерсіз оқу немесе өзгерту мүмкін емес.
Бухгалтерлік есепті жүргізу кезіндегі шаруашылық операцияларды өңдеу әдісі фирманың ұйымдастырушылық құрылымына маңызды әсерін тигізеді, сонымен қатар ішкі бақылау әдістері мен түрлеріне де әсер етеді. Компьютерлік технология бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады, яғни оларды бақылау әдістері мен шоттарын бағалауды есепке алу қажет. Біздің елімізде бухгалтерлік бағдарламалар нарығы жеткілікті дамыған.
Қазіргі таңда кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша өте көп бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалардың барлығы техникалық белгілердің әр түрлі деңгейі және бухгалтерлік есептің дәстүрлі нысанынан компьютерлік нысанға ауыстырылуының толықтық дәрежесімен сипатталады.
Қазіргі таңда кәсіпорында есептілікті автоматтандыру процесі белсенді даму үстінде болғандықтан, бухгалтерлерде де бухгалтерлік бағдарламалар және осылармен жұмысты ұйымдастыру жөнінде көптеген сұрақтар туындайды. Сондықтанда бухгалтерлік ақпараттық жүйелерінің дамуын бақылау және бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша сұрақты ашу қажет. Бухгалтерлік есепті автоматтандыру кәсіпорындағы автоматтандырылған жүйенің құрылуын талап етеді. Бұл жерде маңызды болып: ұйым қалай жұмыс жасайды және оның ұйымдастырылуы, басқарушылық құрылым және кәсіпорындағы негізгі бизнес процестер нені көрсететіндігі табылады. Бұл сұрақтар анықталғаннан кейін бухгалтерлік есепті кешенді автоматтандыру бағдарламаларының бірі таңдалады.
Қазақстан нарығында шағын кәсіпорындағы есепті автоматтандыруға мүмкіндік беретін дербес компьютердің орташа бағасы 500-700 АҚШ долларын құрайды, яғни көптеген шағын бизнес кәсіпорындары үшін бухгалтерлік есепті компьютерлендіруді қол жетімді етеді. Компьютерлендіру барлық есеп деңгейіне мүмкіндік береді:
Бастапқы ақпараттарды жинау және тіркеу (дайын өнім есебі, қоймадағы шикізат және материалдар, жұмыс уақыты және қызметкерлердің келмеуі); шаруашылық операциялардың есеп тіркелімдерін жүргізу; кәсіпорынның есеп айырысулар есебін ұйымдастыру, өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі (жұмыс,қызмет көрсетулер);
Есептілік нысандарын есепке алу және шығару (қағаз түрінде).
Есептің компьютерлік жүйелері кәсіпорынның қаржылық жағдайының әр түрлк аспектілері бойынша ақпараттарды жедел қалыптастыруға мүмкіндік береді, яғни басшылыққа кәсіпорында басқару бойынша ағымдағы шешімдерді қабылдау үшін қажетті басқармаға. Мұндай ақпарттарға, жекелеп алғанда қатысты: есеп айырысу және валюталық шоттың жағдайы, дебиторлық және кредиторлық берешек; несиелік сызықтың жағдайы және т.с.с. Алдағы салық төлемдерін тиімді жопарлау, жекелеген көрсеткіштер бойынша бастапқы экономикалық талдау және барлық есептілік ақпараттарының толық өңделуін қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті кешенді автоматтандыру ұйымның ақпараттық мүмкіншіліктерін көтереді.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есепті компьтерлік жүйелер арқылы жүргізу, ең маңызды ресурстарының бірі- ұйымның шаруашылық қызметін тереңдетілген талдау, жоспарлау және болжамдау үшін қажет шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін уақытты үнемдеу.
Бухгалтерлік есепте ақпараттық жүйелерді қолдану қажеттілігі
Қазіргі кезде барлық ұйымдар бухгалтерлік есепті ақпараттық жүйелер көмегімен жүргізіледі. Компьютерлермен енгізілумен бухгалтердің жұмысын жеңілдетіп және қаржылық мекемелердің талаптарына сәйкес келетін арнайы көптеген коммерциялық бағдарламалар пайда болды. Қандай да бір кәсіпорында бухгалтерлік есеп автоматтандырылуы ондағы бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді құруды көздейді.
Тез әрекет ететін операциялық жүйелердің пайда болуы қатты магниттік дискідегі ішкі жадымен оперативтік көлемінің үлкендігіне, бухгалтерлік есеп итіркелімдермен бастапқы құжаттардың құрылу функциялары бейімделген ақпаратты кірістіру, шығарудың ішкі құралдарының үлкен таңдаулы бухгалтерлік мәселелерді ұйымдастырудың машина өңдеу сұрақтарына жаңаша келуге мүмкіндік береді.
Бұл байланыста бір бағдарламаның жұмыс режимін қолданатын бухгалтерлік мәселелерді орталықтандырылған өңдеуі бухгалтерлік жұмыс орнында орналастырылған децентрализацияға ауыстырылады. ЭВМ қарастырылған бұл шағын және орта кәсіпорында бухгалтерлік есептің қосымша тіркелім есептемелерді құруға арналған компьютерлерді қолдануға мүмкіншілік береді., сондай-ақ үлкен деңгейдегі жекелеген есептік мәселелерді шешеді.
Бухгалтерлік есептің компьютерлену тарихы екі топқа бөлінеді:
механикалық және автоматтандырылған.
Бірінші этапқа электронды механикалық перфорациялық машиналарды қолдану сондай-ақ машина шоттық станцияларды үлкен кәсіпорындарда қолдану тән.
Есеп ақпараттарын өңдеу типьік бағдарламалар базасындағы шот жүргізу жүйесінің таблица перфокаратасының көмегімен орналастырылған.
Автоматтандырылған жүйеге (70 ж.басы) көшуге байланысты 2 кезең, экономикалық сферадағы мәселелерді шешуге бейімделген ЭВМ пайда болумен сипатталады. Сонымен қатар автоматтандырылған кезең өзінің дамуында бірнеше кезеңдерді қамтиды. Машинаның қолдануымен арақатынасы формасына, сондай-ақ ЭВМ жұмыс режиміне қатысты.
Есеп мәліметтерін өңдеудің бағдарламалық қамсыздандыру тарихын сипаттай келе, біздің елімізді қосқанда кеңестік кезеңге дейінгі бухгалтерлік бағдарламаның нарықтық дамуын 3 деңгейге бөлуге болады.
1 деңгей- 80 жылдардың басы, дербес компьютер ағымы «бағдарламалық жасандылар» деп аталатын үлкен ЭВМ бағдарламалар қатарын сипаттайды.
1-тақырып. "1С: Бухгалтерия" пакеті жұмысының жалпы кағидалары мен кұрылымы, арналымы
Жоспар:
1."1С Бухгалтерия" пакетінің құрылымы, арналымы. "1С Бухгалтерия" программасының негізгі ерекшеліктері.
2. Программаны шақыру. Программадан шығу. Экран түрлері: жол аты, меню жолы, пиктограммалар сызғышы, ақпаратгық жол, терезенің жұмыс кеңістігі.
3. Менюді қолдану: салынған меню; менюдегі шартты белгілер; жүйелік меню. Терезелермен жұмыс: терезенің аты; терезенің орны жөне көлемінің өзгеруі; айналдырма сызғыштарды қолдану; терезелер арасындағы қайта қосулар; терезені жабу.
Негізгі ұғымдар: автоматтандыру, колданбалы программалар, ақпараттық жүйелер,меню, ақпаратгық жол, жүмыс кеңістігі.
Иллюстрациялық материал: слайд, схема
«1 С КӘСІПОРЫН» әмбебап бухгалтерлік бағдарламалар жүйесі болып табылады, ол жеке кәсіпорындарда әр түрлі қызметтерде жай және күрделі есептерде қолданылады. Бұл жүйе негізгі үш компоненттен тұрады. Олар «жүйелі есеп» (оперативті), «бухгалтерлік есеп», «есептесу». «Бухгалтерлік есеп» компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін сипаттайды. Бұл компонент план шоттарды кірістіруге, операцияларды енгізуге және бухгалтерлік есептерді жүргізуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік операцияларды енгізгенде және құжаттарды автоматты түрде есепке алғанда қаражаттар айналымы жүзеге асады. Барлық проводкалар құрылымы біркелкі болады және ақпараттар базасында сақталады. Дегенмен, бухгалтерияда екі жақты жазу әдісі қолданылады. Әр проводка екі бөлімнен тұрады. Дебет және кредит. Бұл ережеден көретініміз-баланстан тыс шоттар. Бұл жағдайда проводкалар бір ғана бөліктен тұрады.
«Жүйелі есеп» компоненті – нақты уақытта шаруашылық операцияларды басқарумен сипатталады. Бұл компоненттің негізі болып қалдық пен айналым, есеп жүйесін реттеу болып табылады. Қаражаттар айналымы есепте екі әдіспен жүзеге асады. Ол кіріс және шығыс. Бұл барлық қаражаттарды есепке алғанда қолдану қажет. Бұл компонентте бухгалтерлік есептегі сияқты емес құжаттарды біркелкі тәртіппен есепке алады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде құжаттар біркелкі хронологиялық тәртіппен есепке алынып отырады.
Құжатта міндетті түрде уақыт, күні белгіленеді. Құжатта артқы күнмен есепке алу түзету белгілі бір ережелермен жүзеге асырылады. «Жүйелі есеп» кез-келген күрделі есептерін және олардың құрылымдарын талдай алады. Сондықтанда жүйелі есептің бухгалтерлік есептен айырмашылығы «қара жәшік» болып табылады. Бұл дегеніміз мысалы қолданушы (менеджер сатушы) кәсіпорынның есебінде егжей-тегжей маңызды есептерін біліп жатпайды. Ол жүйеге құжаттарды енгізеді есептерді алады. Бірақ құжаттарды талдау механизмі жабық болып табылады.
«Есептесу» компоненті – арнайы алгоритмдермен алдағы уақыттағы есептерді жүзеге асырады. Бұл компоненттің негізгі журнал есептері болып табылады. Осы журналдарда алдағы уақыттың мәліметтері сақталады. Осы анықтамалар есепке алынған объектінің түрін анықтайды. Журналдағы сызықтар бір объектінің есебін кез-келген уақыттағы ақпараттарды сипаттайды, бір күннен бір жылға дейінгі. Бір ақпарат әр түрлі есептерде қолданылуы мүмкін, сол кезде оларды бірнеше журналдарда толтырады. Журнал есептерінің саны еш нәрсемен шектелмейді және ол шешілетін тапсырма санымен анықталады. Әр журналға өз алгоритмі сәйкес келуі керек. Әр түрлі алгоритмді сипаттау үшін есеп түсінігі берілген. Есеп айырысуының топтарының мысал- « аударылған табыс салығы», «орта еңбекақыға кіретін есепайырысу» және т.с.с
2-тақырып. Шоттарды, субконто және басқа да параметрлерді жөндеу
Жоспар:
1.Синтетикалық есеп.
2.Шот жоспары. Шоттар жоспарын түзету: шоттар және субшоттар кодтарының ұзындығы; жаңа шоттарды немесе субшоттарды енгізу; субшоттарды немесе шоттарды жою; шоттар тізімдерін түзету.
3.Аналитикалық есеп: көпдеңгейлі тізімдер; сандық есеп; субконто параметрлері.
4.Субконто түрлерінің тізімдері: субконто түрлері тізімдерінің форматы; субконто түрлерінің тізімдерін қарау; субконто түрлерінің тізімдерін түзету; субконто түрлерінің тізімдерін қолдану.
Негізгі ұғымдар: автоматтандыру, колданбалы программалар, ақпараттық жүйелер, көпдеңгейлі тізімдер, субконто параметрлері
Иллюстрациялық материал: слайд, схема
Конфигурацияныны бастапқы құруда, әдістемесін анықтауда план шот қолданылады. Типтік конференция программасында 1С Бухгалтерияда жұмыс план шоты ХҚЕС-на байланысты қолданылады.
План шоттар Операциялар, План шоттар немесе Құрал-саймандар тақтасындағы Команда бухгалтериясы менюі арқылы ашылады. Анықталған шоттар мен субшоттар, құжаттармен, 1С Бухгалтерия программасында план шотында кейбір қосымша субшоттар енгізіледі. Мысалы: шот ОО- қалдық кіргізу үшін.
Әр шотта пиктограмма «Т» әріпі түрінде жасалады. Берілген шоттарды есептеу бөлігінде субшоттар сары түсті программамен көрстілген, көк түрі қалған басқаларын көрсетеді.
Шот жоспары – бұл бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жұмысты басьамас бұрын 1С Бухгалтерия программасында шоттардың қай жүйесі тұрғанын көру керек. Қажет болған жағдайда бұл шоттар жүйесі кәсіпкердің қажеттіліктеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Шоттар жоспарының көрінісі және өзгерістерді операция меню басты пунктен таңдайды. Экранға бухгалтерлік есептің план шоты шығады. План шот 4 графа тізімде беріледі. Код, шоттың кодына сәйкес план шоттар қызмет етеді. Субшот, Суб шоттың коды, шоттың негізінде оң графасы бос болады. Субконтоның түрі -> аналитикалық есеп жүргізілген болса, берілген шотқа байланысты -> объекті атының түріне аналитикалық есеп жүргізіледі. Шоттар мен субшоттың кодына тізімдер жинақталған.
Өшіру, көру, өзгерту және жаңа жазба енгізубасқа да тізімдерде жүргізіледі.Шоттардағы және субшоттардағы клавикациямомері енгізілгенде тез ізделеді.Осыдан соң енгізілген номер терезенің астында көрсетіледі, ал курсор код графасына ауысады.Жаңа шот енгізілгенде шоттың тізімінде ол рет-ретімен орналасады.шоттармен субшоттарды енгізуде ең алдымен шот коды жолы шығады.Бос шоттың коды мен және шоттың аты көрсетіледы.Сосын сол шоттың коды және субшоттың кодының аты шығады. «субконто түрі» графасын өзгерткеннен кейін Enter пермесін басқанда екранға аналитикалық шоттың объект түрінің тізімдері шығады.Осы тізімнен «4» пернесін басқанда керек субконтоның түрі тандалады және Enter басамыз.Субконто түрінің тізімдері екі графадан турады: субконто номері және өз аты.Егер тізімде керекті субконто түрі болмаса, Insert пернесын басамыз және субконто түрінің керекті аты шығады.
Шотта субшоттың болуына байланысты шотқа субконто тізімдеріне барлық немесе әр субшоттқа жеке тізімдер енгізіледі.Бірінші жағдайда шоттың атының жолында
Аналитикалық есепті ұйымдастыру
1С Бухгалтерия программасын қолданушыға жеңіл аналитикалық есеп жүйесін енгізуге, ақша қаражаттар қозғалысы және қолма-қол ақша құралдары туралы ақпараттары шоттар арқылы ғана емес және басқа да жағдайда алуға болады. Субконто түрі топ- топқа бөлінеді. Программа субконтоның 2 түрін қолданады.
- Анықтамалар. Мағынасын қатысушы береді және өзгертуге болады.
- Конфигуратор режимінде тізімді өзгертуге болады.
Субконтоның мағынасын көру үшін, шотқа тіркелген шоттың батырмасын басасыз. Егер шотта субконтоның бірнеше түрлері есептелсе, онда оның керек түрін таңдау керек. Субконто аналитикалық есеп үшін керек. Ең соңында шотта сомма жинақталады. Ал аналитикалық есеп субконтода сол соммаларды анализдейді. Субконтода ақша соммалары туралы ақпаратты атрибуттан көруге болады. Субконто санының құрылымына жету үшін контекстік менюде шот жоспарын таңдау керек. Сонымен субконто ақша сомасына қосымша ақпарат енгізуге көмектеседі. Ақша сомасы кезінде проводка субконтоны көрсетеді. Аналитикалық есеп объект санының шексіздігіне дейін жеткізеді: тауарға, материалға, кәсіпорынға, қызметкерлерге, негізгі құралдар және т.б.
3-такырып. Операциялар журналы
Жоспар:
1.Операциялар журналының арналымы.
2. Құжаттар және шоттар корреспонденциялары. Операциялар журналының форматы. Операциялар журналын қарау және басу. Шоттар корреспонденцияларын реттеу. Операциялар журналындағы жедел іздеу.
3.Операциялар журналын түзету
4.Операцияларды қарау интервалы. Операциялар журналының параметрлерін орнату. Шот корреспонденцияларының түзулігін (дұрыстығын) тексеру.
Негізгі ұғымдар: автоматтандыру, колданбалы программалар, операциялар журналдары ,шоттар корреспонденцисы,дебет,коедит
Иллюстрациялық материал: слайд, схемалар
Шаруашылық операцияларын 1С:Бухгалтерия программасында тіркеу үшін Операциялар журналы қолданылады. Операциялар журналы 1С: Бухгалтерия 7.7 типтік құрылымында қолдан кірістірілген барлық операцияларды және де операцияларды құрастыратын құжаттарды иемденеді.
Операциялар журналына кірістірілген құжаттарды түзетуге болады.
Операциялар журналын әртүрлі тәсілдермен ашуға болады:
-Операцияларды таңдау/ Операциялар журналы;
-Бухгалтерия тақтасындағы Операциялар журналы батырмасын басу.
Операциялар журналында әрбір шаруашылық операциясы туралы ақпараттар сақталады, бірақ мерзімі көрнекілік аралығына түскен операциялар ғана көрінеді. Үнсіз көрнекілік аралығы – ағымдағы тоқсан, бірақ бұл құрылымды өзгертуге болады.
Бухгалтерия үшін маңызды мәліметтер шаруашылық операциялар журналына кірістірілген бухгалтерлік жазбалар болып табылады. Кірістірілген бухгалтерлік жазбалардың негізінде программа автоматты түрде балансты және басқа бухгалтерлік есептемелерді құрастырады. Бас мәзірдің Операциялар пунктінің Операциялар журналы командасын таңдаған кезде экранға Операциялар журналы шығарылады.
Журнал 6 жолақтан тұратын тізім түрінде шығарылады.
Мерзім – шаруашылық операциясының жасалған мерзімін көрсететеді.
Дебет – дебедтік жазбаның шотын және субшотының кодын көрсетеді.
Кредит – кредиттік жазбаның шотын және субшотының кодын көрсетеді.
Сомасы – жазбаның сомасын көрсетеді.
N – аталған жазба кірістірілген жұмыс орнының нөмірін көрсетеді. Бұл жолақ операцияларды ауыстырған немесе өшірген уақытта қолданылады.
Қысқаша мазмұны – операцияның және жазбаның мазмұнын көрсетеді.
Оның сол жақ бөлігінде операцияны толық сипаттайтын мәтінді, ал оң жақ бөлігінде операцияны толық суреттейтін мәтінді, ал оң жақ бөлігінде жазбаны толық суреттейтін мәтінді көрсету ұсынылады.
Экранның жоғарғы бөлігінде (2-5 жолдар) субконтоға сәйкес келетін ағымдағы бухгалтерлік жазбаның дебеттік және кредиттік шоттарының атаулары көрініс табады. Операциялар журналы қарапайым тізім болып табылады және онымен жұмыс жасау принципі басқа тізімдермен жұмыс істеген сияқты. Операциялар журналынан шығу Esc батырмасын басқаннан кейін орындалады.
Бухгалтерлік жазбаларды кірістіру (Ins) бағандар бойынша жүйелі түрде бағаннан бағанға ауысып Enter пернесін басқаннан кейін орындалады. N бағаны жұмыс орнының нөмірін белгілегеннен кейін «Параметрлерді орнатуда» автоматты түрде толтырылады.
Бухгалтерлік жазбаларды кірістіру кезінде мыналарды негізге алу керек:
- мерзімі операцияның аралық көрнекілігінде болуы керек (F7 пернесін басқаннан кейін беріледі);
- жазбаның дебеттік және кредиттік шоттарын кірістірген кезде оларды шоттар тізімінен таңдауға болады. Ол үшін Enter пернесін басқаннан кейін F3 пернесін басу керек. Экранға шоттар тізімі шығарылады, одан курсорды басқару батырмаларымен керектісі таңдалып және Enter пернесі басылады;
- егер шот бойынша аналитикалық есеп жүргізілсе, онда шоттың коды кірістірілгеннен кейін программа тізімнен сәйкес субконтоны таңдауды ұсынады. Егер тізімде керекті субконто болмаса, онда оны кірістіруге болады (Ins).
4-тақырып. Типтік операциялар
Жоспар:
1. Типтік операциялардың тізімі. Типтік операцияларды енгізу
2.Шот корреспонденциясының сомаларын есептеу формулалары: формулалардың форматы; функциялар; шартты оператор.
3.Алғашқы құжаттардың нысандары
Негізгі ұғымдар: автоматтандыру, колданбалы программалар, типтік операциялар, проводкалар
Иллюстрациялық материал: слайд, схема
Типтік операциялар проводкаларды оңай енгізу үшін арналған. Олардың көмегімен стандартты немесе үнемі қолданылатын операцияларды енгізуді автоматтандыруға болады және керекті бастапқы құэаттарды басуға мүмкіндік береді.
Операциялар журналына типтік операцияларды енгізгенде операция мазмұны мен ортақ мерзім бар бір немесе бірнеше проводкалар сияды. Проводкалар сомасы атвоматты түрде немесе типтік операцияны енгізгенде есептеледі. Бұл программа типтік операциялар тізімін түзетуге және толықтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бастапқы құжат форматын түзетуге де болады.
Типтік операциялармен жұмыс жасау екі этаптан тұрады:
Бірінші - типтік операцияларды құрастыру (және басты құжатты)
Екінші - типтік опеарцияларды қолдану арқылы журнал операцияларына проводкаларды енгізу (және басты құжаттарды басу).
Бағдарлама ке-келген көлемдік операцияларда қолдануға мүмкіндік береді. Типтік операцияларды көруге және түзету үшін бағдарлама типтік операциялар тізімін шығарады, Бұл тізім керекті типтік операцияны таңдауға мүмкіндік береді. Ctrl + Enter және Ctrl + F9 батырмаларын басқанда журнал операциялар пунктінен басты мәзір операцияларды көруге болады. Тізім үш колонкадан тұрады:
Операциялар – типтік операциялар аты, типтік мазмұны журнал операциялардың текстіні қысқаша мазмұны
Шығатын файлда – басты құжат түрімен файл аты, типтік операцияны енгізу кезінде басуға мүмкіндік береді.
Типтік операцияларды енгізу
Журнал операциясына типтіп операцияларды енгізу үшін Ctrl + Enter батырмасын басу керек. Экранға типтік операциялар тізімі шығады. Курсорды ауыстыру батырмасы көмегімен қажетті типтік операция таңдалады және Enter батырмасы басылады. Экранға осы типтік операцияларға қатысты жазбалар шығады. Күнді, соманы және операцияның тектстік мазмұнын енгізу қажет (операцияар журналына аударылады). Осы программаның жазбасына күн және операция мазмұны енгізіледі. Берілмеген реквизиттерді толтырамыз:
- жазба үшін, бірінші коэффициенті 0-ге тең жазба сомасы сұралады;
- аналитикалық есеп жүргізілетін шоттар бойынша жазбалар үшін, экранға сәйкесінше субконто тізімі шығады. Курсор көмегімен аналитикалық есептің керекті объектісін таңдау керек және Enter батырмасын басу керек.
- ‘#’ белгісі бар жазбалар үшін бастапқы құжат нөмерін енгізу керек, ол типтік операция енгізгеннен кейін көрінуі мүмкін.
Барлық реквизиттер енгізілгеннен кейін экранға мәзір шығады:
1) операцияны жазу: барлық жазбалар операциялар журналына аударылады ( 0 сомасымен жазбалар енгізіледі);
2) корректировканы жалғастыру: тізімге қайтарылым көрсетіледі.
Топтастырылған проводка. Кез-келген реквизиттерді өзгертуге және сол менюға келуге болады. (Esc).
3) жазусыз шығу: Журнал операция, проводкалар кірмейді;
4) құжат баспасы: типтік операцияда қажетті бастапқы құжат формасы болса, онда құжатты баспадан шығаруға болады.
5) бастапқы құжаттың формасын өзгерту және көру.
Егер «Журнал операция» режимінде Ctrl+F9 басса, онда программа бірқалыпты жұмыс жасай береді, Ctrl+ENTER басқандай, бірақ күні, сомасы және мазмұны автоматты түрде сол проводкаға сәйкес толтырылады, Ctrl+F9 батырмасы орнатылған жерде.
5-тақырып. Құжаттар және есеп айырысулар
Жоспар:
1. Құжаттар мен есеп айырысулар туралы негізгі мәліметтер. Құжаттар және есеп айырысуларды енгізу. Құжаттарды қолдану. Мысалы: төлем тапсырмасын басу.
2.Операциялар журналындағы құжаттарды қарау және іздеу. Құжаттарды түзету, көшіру және жою
3.Алғашқы құжаттар және шығу құжаттарының нысандарын редакторлау. Құжаттардың шоттар корреспонденцияларын (есеп айырысу) сипаттайтын файлдар. Шығу құжаттар нысанындағы және шоттар корреспонденциясы генерациялары файлдарындағы макроатаулар. Құжаттың көп жолды бөлігін өндеуге арналған командалар. Құжаттардың автоматты түрде қайта есептелуі.
Негізгі ұғымдар: автоматтандыру, колданбалы программалар, типтік операциялар, есеп айырысулар
Иллюстрациялық материал: слайд, схема
Бухгалтерлік құжаттар мүмкіндік береді:
- орындалған шаруашылық операциялар туралы ақпараттарды кірістіруге;
- бастапқы есеп құжаттарының жазылунысанын құрастыруға;
- құжатқа кірістірілген ақпараттардың негізінде алдын-ала бейнеленген алгоритмдерге қажетті бухгалтерлік жазбалардың жазылуын автоматты түрде құруға.
Жаңа құжатты кірістіру үшін;
- Құжаттар мәзірінен құжатты таңдаңыз, немесе Әрекет мәзірінен (Құжатты кірістіру) немесе Құжатты кірістіру батырмасын басыңыз.
- Құжаттың экрандық нысанын толтырыңыз.
- Құжатты кірістіруді аяқтаңыз.
- Егер құжат ақпараттар базасына өзгертулер кірістірсе, онда программа құжатты шығарайын ба? деген сұрақ қояды. Дұрыс жауап берген жағдайда өзгертулер кірістіріледі, яғни құжат өткізілген болады.
Құжатты ашу тәсілдері:
- құжатты белгілеп және ENTER басу;
- құжат жолағында екі рет шерту;
- Әрекет командасын таңдау /Құжат/ Құжатты ашу немесе терезенің құрал-жабдықтар тақтасынан батырманы басу. Құжатты ашу.
Құжаттың реквизиттерін түзеті жалпы ережеге сәйкес жүргізіледі. Егер өткізілген құжат жөнделсе, онда оның мерзімін өзгертуге болмайды.
Құжаттың мерзімін өзгерту үшін міндетті түрде құжатты өткізілмеген қылдырып - Әрекет мәзірінен, Құжат командасын/ Өткізілмеген жасау. Осы операция орындалғаннан кейін, құжаттағы барлық бухгалтерлік жазбалар өшіріледі, ал құжаттың белгісіндегі бухгалтерлік жазба туралы белгілеу жоғалып кетеді.
Өткізілгендігі туралы белгіні бухгалтерлік жазбасы жоқ құжат та иемдене алады. Осылайша ақпараттық базаға немесе мәліметке өзгертулер енгізген, және де есеп беруді құрастыруда ескерілетін құжаттар белгіленеді.
- Өткізілмеген құжатты өткізу үшін, оны ашып қайта өткізу керек – бухгалтерлік жазбалар қайта қалпына келтіріледі.
Құжаттың бухгалтерлік жазбалары түзетілмейді, сондықтан құжатпен құрылған бухгалтерлік жазбалар сізге келмесе, онда құжатты сақтап, өткізбей қажетті бухгалтерлік жазбалары бар операцияны қолдан кірістіруге болады.
Құжаттар экономикалық көзқараспен қарағанда маңызы бар және кәсіпорында болып жатқан оқиғалар жөніндегі негізгі ақпараттарды сақтауға арналған. Құжаттардың көмегімен есептік шоттағы төлемдер, кассадағы операциялар, кадрлық орын ауыстырулар, қойма бойынша қозғалыстар, және тағы да басқа оқиғалар көрініс табады. Құжаттардың масылы ретінде «Үстемелер», «Кіріс кассалық ордерлер» және т.б. сол сияқты «Төлем тапсырмалары», «Шығыс үстемелер» тағы басқалар.
6-тақырып. Стандарттық және еркін нысандағы есеп берулер
Жоспар:
1.Шығыс құжаттарының түрлері: операция журналынан таңдалымдарды алу; синтетикалық есеп бойынша қорытындыны алу; аналитикалық есеп бойынша мәліметтер алу.
2. Стандарттық есеп берулерді қалыптастыру: есеп берулерді жөндеу; қалыптастырудың жалпы параметрлері.
3. Стандарттық есеп берулерді басу: есеп берудің басу параметрлері; жоғарғы және төменгі колонтитулы; қысу (тығыздау) режимі. Операциялар журналы бойынша есеп беру
3. Субконто бойынша, берілген мерзім бойынша шотты талдау. Шоттың карточкасы. Субконто карточкасы.
4. Еркін нысандағы есеп берулердің негізгі мүмкіндіктері.
Негізгі ұғымдар: автоматтандыру, колданбалы программалар, субконто, субконто карточкасы, стандарттық есеп
Иллюстрациялық материал: слайд, схема
Қаржылық қорытынды есеп тұрғысынан қарағанда бухгалтерлік есеп категорияларында активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, табыстар, шығындар, бөлінбеген табыс, түскен түсім ақшалар, төлемдер тағы басқа өз мүліктері мен қаражаттарын қосқандығы жөнінде құқысы бар заңды тұлғалардың корпоративтік талаптары мен ынталары қаралған. Яғни қаржылық қорытынды есеп жасаған кезде әрбір жекелеген қатысушылардың мүддесі қаралып, бұлардың қойған талабы қанағаттандырылып отырады.
Қаржылық қорытынды есеп қалыптастыру төмендегі өзара байланысқан баланстық жинақтаулардан тұрады.
1) Ұйымдар активі = меншікті капитал + міндеттемелер теңдеуі әрқашанда бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп жүйесінде міндетті түрде сақталады.
2) Табыстар = жұмсалған ресурстар сомасы + еңбекақы шығындары + міндеттемелер жөніндегі пайыздар + салық төлеу шығындары + бөлінбеген табыс теңдігі сақталады.
3) Бөлінбеген табыс = дивиденттер + мақсаттық қорлар құру резерві + бөлінбей қалған табыс сабақтастығы сақталуы керек.
4) Операциялық қызметтен түскен ақша түсімі + инвестициялық қызметтен түскен ақша + қаржылық қызметтен түскен ақша = міндеттемелерді төлеу + бюджет сыртындағы қорларға төлеу + еңбеккерлер алдындағы міндеттемелерді төлеу + меншік иелері алдындағы міндеттемелерді төлеу + өтеушілік дәрежесінің өсімін төлеу.
Қаржылық қорытынды есеп жасау процесі баланстық теңдеудің сабақтастық принципін барынша қамтамасыз ету үшін қалыптасады. Жоғарыда келтірілген төрт сабақтастық байланыс негізінде ұйым қызметі барысына ынталылық білдіруші әрбір топтардың субъектілердің мүліктік және қаржылық жағдайын сипаттауға болады. Қаржылық қорытынды есепке тән меншікті капитал ұғымы меншік иесінің, басқа да қатысушылардың, құрылтайшылардың, бастапқы кезеңдегі қалыптастырған капиталының базасын құрайды. Сондай-ақ қаржылық қорытынды есепке тән міндеттемелер ұғымы әріптестердің, мемлекеттің, жеке адамдардың берген, табыс келтіруге арналған қаржы көздерін көрсетеді. Ұйымдар меншігіндегі активтер ұғымы экономикалық айналысқа түскен және ұйымдар қызметіне қатыстырылған, бақыланатын барлық активтік сомалар жиынтығынан тұрады. Қаржылық қорытындының құрамы мен құрамдас бөлігі бірімен-бірі тығыз байланыста болады. Сондықтан қаржылық қорытындының кейбір элементтері орын алған операциялар мен оқиғаларды бірнеше бағытта сипаттап зерделеу үшін қажет. Мысалға, табыстар мен шығындар жөніндегі қорытындыны бухгалтерлік баланссыз және қаржылық өзгеріс жөніндегі қорытынды есепсіз шығаруға болмайды.
Қаржылық қорытынды есеп жасаудың құрамы мен құрылымы қосымша және басқа да ақпараттар жасаумен толықтырылуы мүмкін. Қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушылар талабын қанағаттандыру мақсатында бухгалтерлік баланстың жекелеген баптары және табыстар мен шығындар т.б. жөніндегі ақпараттарды жіктеп талдау үшін қосымша кестелер мен үлгілер жасауға да болады. Қаржылық қорытынды есеп жүйесіне ұйымдар қызметінің нәтижесіне әсер етуші тәуекелшілік пен белгісіздіктерді ашып көрсетуші және де қосымша келтірілген ресурстар мен міндеттемелер жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ балансқа жазылмаған, айталық пайдалы қазба байлық жөніндегі мәліметтер енгізілуі мүмкін.
7- тақырып. Сервистік мүмкіндіктер және макротілі
Жоспар:
1.Жалпы параметрлерді орнату. Стандарттық есеп берудегі параметрлерді орнату. Есеп беруді басудың параметрлерін орнату.
2.Құжаттар және есеп беру нысандары. Тақырыптық нысандардың құрылымы: командалар; түсінік берулер; шығу кұжатын қалыптастыру.
3. Еркін нысандардың құрылымы: объектілер, секцияларды бөлушілер, шығу құжаттарын қалыптастыру; мәтіндік нысанды қосу.
4.Макроатаулар, көрсеткіштер, константтар.
Негізгі ұғымдар: автоматтандыру, колданбалы программала, есеп беру нысандары, сұраныстар механизмі, құрылған тақырыптық редактор
Иллюстрациялық материал: слайд, схема
Күнтізбе
Ұйымның немесе кәсіпорынның жұмыс графигі үшін, әр деңгейдегі қызметкерлердің жұмыс уақыты үшін күнтізбе қызмет етеді.
1С: Кәсіпорын жүйесінің қолданушылық астарында бас меню командаларының және құжаттар, анықтамылықтар, журналдар сияқты мәліметтер нақты обьектілермен жұмысқа бағытталған құралдар тақтасының ұқсастық түсініктері жатыр.Ереже бойынша қолданушылық интерфейсі қолданушылардың нақты категориялары үшін құрылады.|Интерфейс құрудың мақсаты-қолданушыларға, олардың міндеттеріне сәйкес, қажетті ақпараттарға жылдам енуді қамтамасыз етеді.
1С: Кәсіпорын жүйесінің құқық жиынтығы астында жүйеде жасалатын ақпараттармен жұмысты қолданушылар уәкілділігі анықтамасы түсіндіріледі.
1С: Кәсіпорын жүйесінің метаданны обьектілерінің көпшілігі шолу арқылы көрініс табады.Ең жақсы жағдайларда шаруашылық көрініс келесідей бөліктерден тұрады:
• Экрандық диалог, метаданных обьектісінде сақталатын ақпараттарды редакциялау және енгізу үшін қолданылады;
• Метаданных обьектісінің нысаны, есеп айырысу және кіруді бақылау мақсатында диалогқа енгізілген ақпараттарды қайта жөндей алады.
• Метаданных обьектісінің нысаны(басылған нысан бірнеше болуы мүмкін)
• Нысан модулі-1С: Кәсіпорын жүйесі тілінде құрылған бағдарлама.Ереже бойынша нысан модулі баспа түрінде алгоритмді құрайды.
• 1С: Кәсіпорын жүйесінің конфигурациялану және әкімшілендіру техникалық қаражаты.
Құралған программалық тіл
Құрылған тілдің қажеттілігі құрылу жүйесінің концепциясымен анықталады.Құрылған тілдің синтаксисі (байланысы) жоғары деңгейдің тілдер стандарттарына жауап береді.
Тіл заттық бағдарлық болып табылады.Ол жүйенің конфигурациямен анықталатын заттық облыс мәліметтерінің мамандандырылған түрін қолдайды.Тілде мәліметтердің мұндай түрімен жұмыс обьектілік техниканы қолданумен ұйымдастырылады.Тіл әртүрлі, жіктелімдегі қолданушыларға бағдарланған.Негізінде оны қате болу мүмкіндіктерін азайтатын байланыстық конструкцияның қатаң бақылау және мәләметтердің жұмсақ үлгісі ерекшеленеді.
Жүйе өзінде кофигурациялаудың шаруашылық және тілдік әдістерін үйлестіретіндіктен, жүйедегі құрылған тілді қолдану оқиғалық тәуелділік бағдар алады.Яғни тілдік модульдер конфигурация процесінде құрылатын бөлек алгоритімдерді қайта өңдеу үшін нақты орындарда қолданылады.Мысалы: жаңа құжаттарды енгізу кезінде құжаттар үшін реквизиттерді автоматты толтырылу алгоритімдерін сипаттауға болады.Берілген процедура қажетті сәтте жүйемен шақырылатын болады.
Сұраныстар механизмі
Жүйеде қиын құрылымдардың еркін есептілігін алу үшін сұраныстың заттық-бағдарлық механизмі қарастырылған.Берілген тәсіл жеткілікті қиын сұраныстарды жай салыстырмалы сипаттауға мүмкіндік беретін жүйенің ақпараттық базасы шартты-өзгермелі құрылымына сүйенеді.
Құрылған тақырыптық редактор
Құрылған жәшіктегі бағдарлдамалық модулін жүйемен құру үшін және құжаттарды тақырыптық түрде редакциялау үшін қолданылады.Құрылған тілдің синтаксистік түспен ерекшелеу мүмкіндігін редактордың ерекшелігі болып табылады.
Диалогтің құрылған редакторы
Ақпараттарды редакциялау және енгізу нысанының еркін құрылуы үшін қолданылады.Жүйеде заттық ақпаратты қарастыру және енгізу үшін қолданылатын көптеген терезелерді рәсімдеуге мүмкіндік береді.