
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк __________Есептеу техникасы кафедрасының
- •5B071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені Астана
- •Силлабус
- •Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі
- •5. Пәннің сипаттамасы
- •6 Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7 Білімді бағалау
- •II. Оқу пәні бойынша глоссарий
- •III. Дәрістердің қысқаша конспектісі.
- •1.1. Программалау тілдері. Программалау тілдерінің жіктемесі.
- •1.2. Программалау технологиялары
- •2.1. Тілдің элементтері
- •2.3. Тұрақтылар
- •2.4. Глобалды және жергілікті айнымалылар
- •3.1. С тіліндегі енгізу-шығару құралдары
- •Istream - енгізу құралдары;
- •Iostream - енгізу-шығару құралдары.
- •3.3. С тілінде форматтап енгізу және шығару
- •4.2. Инкрементті және декрементті операторлар
- •4.3. Қатынас және логикалық операторлары
- •IV. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі.
- •V. Зертханалық сабақтарды өткізу жоспары.
- •Тапсыру мерзімі: 3 апта, 5 балл Тақырып: Есептерді шешу үшін қайталану нұсқауларын қолдану
- •Тапсыру мерзімі: 6 апта, 5 балл
- •Тапсыру мерзімі: 8 апта, 5 балл Тақырып: Символдық жолдар және жолдарға қолданылатын функциялар
- •Тапсыру мерзімі: 10 апта, 5 балл Тақырып: Си тіліндегі бірнеше функцияларды қолданып есептерді программалау. Си тіліндегі графикалық функцияларды қолданып, программаны құру.
- •Тапсыру мерзімі: 12 апта, 5 балл
- •Тапсыру мерзімі: 13 апта, 5 балл
- •Тапсыру мерзімі: 14 апта, 5 балл
- •VI. Еңбек көлемі есептелген білім алушының өздік жұмысының тапсырмалары.
- •VII. Аралық және қорытынды бақылау материалдары. Бірінші аралық бақылаудың сұрақтары
- •IX. Хрестоматия.
- •XI. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық материалдары.
2.3. Тұрақтылар
Программаның орындалу барысында мәні өзгермейтін шама – тұрақты деп аталады.
Бүтін тұрақты, мысалы, 1234, int типімен сипатталады. Long типті тұрақты l немесе L әрпімен аяқталады. Мысалы, 123456789L. Таңбасыз тұрақтылар u немесе U әрпімен аяқталады. Ал ul немесе UL-мен аяқталатын тұрақтылар типі - unsigned long екенін көрсетеді. Сонымен қатар, бүтін мән ондық форматта немесе басқа 8-дік немесе 16-лық форматта берілуі мүмкін. Егер тұрақты нөлден басталса, онда ол 8-дік форматта, егер 0х немесе 0Х болса, онда 16-лық форматта көрсетілген. Мысалы, ондық бүтін 31-ді 037 немесе 0Х1F түрінде жазуға болады. 8-дік және 16-лық тұрақтылардың жазылуы L және U әрпімен аяқталуы мүмкін. 41
Мысалы, 0XFUL тұрақтысы 15 мәніне және unsigned long типіне ие.
Жылжымалы нүктелі тұрақтылар. Егер тұрақты f немесе F әрпімен аяқталса, онда тип float, ал l немесе L болса, онда long double типті болғаны. Литерлік тұрақтылар. Литерлік тұрақтылар деп апострафқа алынған литер түрінде жазылған бүтінде айтамыз.
Мысалы, 'x'. Литерлік тұрақтының мәні ретінде литердің сандық коды алынады.
Мысалы, '0' литерлік тұрақты ASCII кодында 48 кодына сәйкес келеді. Бұның 0 мәніне ешқандай қатысы жоқ. Литерлік тұрақтылар көбінесе басқа литерлермен салыстыру үшін қолданғанымен, олар басқа бүтін типтер сияқты сандарға амалдар қолдануға қатыса алады.
Тұрақты өрнек - тек тұрақтылармен ғана өрнектелетін өрнек. Мұндай өрнектер компиляциялау барысында есептеледі, сондықтан оларды келген жерде қолдануға болады.
Мысалы:
#define SAN 368
char line[SAN +1];
Стрингтік тұрақты – нөл немесе қос тырнақшаға алынған литерлер. Мысалы, " Бұл жолдық тұрақты" немесе " " /* бос жол */ Тырнақшалар жолдарға кірмейді, ол тек оның шектеуі ретінде қолданылады. Жолдық тұрақтыларды компиляциялау барысында бір-біріне жалғауға болады. бөліктерге бөліп, оларды бөлек жолдарға жазуға мүмкіндік береді. Шын мәнінде жолдық тұрақты ол литерлер массиві. Strlen(s) функциясы s жолының ұзындығын есптейді. /* strlen: s жолының ұзындығын қайтаратын функция мазмұны */
int strlen(char s[ ] ) {
int i;
i=0;
while ( s[i]!='\0')
++i;
return i;
}
Жолдарға қолданылатын strlen және басқа функциялар <string.h> стандартты тақырыптық файлында сипатталған. ‘\о’ – null-литер стрингтің ішкі бейнеленуінде міндетті түрде соңына қойылады.
Ескерту: бір литерден тұратын литерлік тұрақты мен жол бірдей емес.
Саналымды тұрақты. Санау -ол бүтін тұрақтылар тізімі.
Мысалы,
Enumeration – ағылшын сөзі, «санау» деген сөзді білдіреді.
Enum boolean{ NO, YES};
Enum months { JAN = 1, FEB, MAR, APR, MAY, JUN, JUL,
AUG, SEP, OCT, NOV, DEC }; /* FEB 2, MAR 3 т.с.с. */
Әртүрлі саналымдарда атаулар әртүрлі болуы тиіс. Бір саналым ішінде мәндер қайталануы мүмкін. Enum құралы тұрақтыларға ыңғайлы аттау беруге мүмкіндік береді, #define препроцессоры директивасына қарағанда мұндағы тұрақтылар мәндері генерациялана береді.
2.4. Глобалды және жергілікті айнымалылар
Айнымалылар. Программаланың орындалу барысында мәні өзгеретін шамалар айнымалылар деп аталады. С/С++ тілінде кез келген айнымалы оны қолданғанға дейін анықталуы керек. Декларацияда айнымалылардың қасиеттері хабарланады. Ол типтің атынан және айнымалылар тізбегінен тұрады.
Мысалы,
int fahr,celsius;
int lower,upper,step;
Мұндағы int типі көрсетілген айнымалылардың мәні бүтін екенін білдіреді, ал, float бөлшек бөлігі бар мәндер.
Бақылау сұрақтары:
1. С/С++ тілдеріндегі лиетр түсінігі нені білдіреді?
2. Типтеріне жадыдан бөлінетін орын мөлшерін нақты атауға бола ма?
3. Идентификаторларды неше символға дейін қабылдайды?
4. Литерлік тұрақты мен стрингтік тұрақты айырмашылығы неде?
Әдебиеттер:[1-2], [5-10], [16-17].
Дәріс №3. ЕНГІЗУ-ШЫҒАРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Дәріс мақсаты: С/С++ тілдерінің енгізу-шығару мүмкіндіктерімен таныстыру. Жиі қолданылатын енгізу-шығару функцияларын меңгерту және негізгі параметрлеріне көңіл бөле отырып, қалған мүмкіндіктерін зерттеуге бағыттау. Кілттік сөздер: енгізу, шығару, енгізу-шығару форматы, функциялар, лектер, буферлік лектер, лектік класс, басқару символдары, формат спецификаторлары, флагтар.
Жоспары:
3.1. С тіліндегі енгізу-шығару құралдары
3.2. С++ тіліндегі енгізу-шығару құралдары
3.3. С тілінде форматтап енгізу және шығару
3.4. С++-тегі форматтау функциялары мен флагтар