Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көлік техникасының қолданбалы программалар негі...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

Тапсыру мерзімі: 12 апта, 5 балл

Тақырып: Мәліметтер структурасын өңдеу есептерін программалау

Жұмыстың мақсаты: мәліметтер структурасымен жұмыс жасап машықтану.

1. Студенттердің фамилиясы, аты, тобының аты және нөмірі берілген.

а) Бір фамилиялы студенттер тізімін шығару, егер ондайлар бар болса.

ә) Бір топта бір фамилиялы студенттер бар ма?

б) КИС мамандығы студенттерінің тізімін шығару.

2. Кітапхана оқырмандары туралы мәліметтер фамилиялардан, аттарынан, оқырман адрестерінен, кітап атынан және бағаларынан тұрады.

а) Бірдей кітап алған оқырмандарды шығару.

ә) Бағасы 200 теңгеден асатын кітапты және оны алған оқырмандарды табу керек.

3. Автобустар туралы мәліметтер маршрут нөмірінен, автобус маркасынан, борт нөмірден және жүргізушілер фамилияларынан тұрады.

а) Бір маршруттың жүргізушілерінің фамилияларын шығару керек.

ә) Бір маркалы автобус (икарус, лиаз, лаз) жүргізушілер фамилиялары мен маршрут нөмірін шығару.

б) Экраннан енгізілген борт нөмірін, фамилияларын, маршрут нөмірін шығар.

4. Талапкерлер мәліметтері мыналардан тұрады: фамилиялар, аты, ұлты, адресі, туған жылы, аттестатының орташа балынан тұрады.

а) 1981 жылғы талапкерлер мәліметтерін тап.

ә) Ең үлкен және ең кіші талапкерлер туралы мәліметтер.

б) Орыс ұлтты талапкерлер туралы мәліметтер.

в) Орташа балы 4.4 асатын талапкерлер.

5. Бір аптадағы валюта биржасындағы аукцион қорытындысы шықты. Мәліметтер мынандай элементтерден тұрады: апта күндерінен, банк атауынан, валютаны курспен сатып алушылардан.

а) Саудадағы орташа курс.

ә) АҚШ долларын минимальды курс бойынша сатып алған.

б) Валютаны көп сатып алған күнді анықта.

6. Ақша айырбастау бекетінің мәліметтері элементтерін, бекет атауы, сатып алу курсы, сату курсы, адресі мен телефоны құрайды.

а) Сатып алу курсын ең жоғарғы курсын белгілеген бекет адресі мен телефоны.

ә) Сатудың ең төменгі курсын белгілеген бекеттің адресі, телефоны, атауын тап.

б) Бірдей сатып алу курсын белгілеген бекеттерді тап.

в) Бірдей сату курсын белгілеген бекеттер телефонын, адрестерін, атауын тап.

8. Ойыншық дүкеніне тауарлар: кубиктер, қонжықтар, қуыршақтар, машиналар және доптар түсті. Мәліметтер элементтері аттарымен, түсімен, шығарған фирма және бағасымен сипатталады.

а) Бағасы 250 теңгеден асатын ойыншықтарды.

ә) қызыл түсті ойыншықтар мәліметтері.

б) 100 теңгеден асатын қуыршақтар тізімін.

в) Жасыл түсті кубиктер мен машиналар тізімін шығарыңдар.

9.Жаңа театр кезеңі басталды. Мәліметтерде атаулар, спектакль, жанр, автор, спектакль режиссері, күні мен уақыты құрайды.

а) Жанр комедия болатын таңертеңгілік спектакльдерді шығару.

ә) Бір автордың спектакль тізімдерін.

б) Бір аптаның афишасын.

в) Жанр бойынша реттелген бір айдың спектакль тізімдерін тап.

10. Видеожазатын студияның кассеталары фильм атынан, негізгі кейіпкер, кассетаның ұзақтығы (уақыты), кассета бағасы және атауымен сипатталады.

а) Актер А. Шварцнеггер қатысуымен болған фильмдерді.

ә) Ұзақтығы үш сағат және бағасы 350 теңге тұратын кассеталарды.

б) "SONY" фирмасының кассеталарына жазылған фильм тізімін тап.

2 нег [406-436], 1 нег [247-251], 3 нег [108-128], 8 қос [13-16].

Бақылау сұрақтары:

1. Символдық қатарды баяндауда қандай қате бар?

int main(void) {

char name[] = {‘F’, ‘e’, ‘s’, ‘s’};

}

2. Келесі программа нені шығарады?

#include<stdio.h>

int main(void) {

char note[] = “See you at the snak bar.”;

char *ptr;

ptr = note;

puts(ptr);

note[7] = ‘\0’;

puts(note);

puts(++ptr);

return 0;

3. Келесі программа нені шығарады?

#include<stdio.h>

#include<string.h>

int main(void) {

char food[] = “Yummy”;

char *ptr;

ptr = food + strlen (food);

while (--ptr >= food)

puts(ptr);

return 0;

}

4. Екі қатарды салыстыратын функцияны атаңыз.

5. Қатарларды көшіретін функцияны атаңыз.

7 тапсырма (зертханалық жұмыс)