Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көлік техникасының қолданбалы программалар негі...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

IV. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі.

Негізгі әдебиет

  1. Голицына О.Л., Попов И.И. Основы алгоритмизации и программирования. М.: Форум – 2008. - 432 с.

  2. Колдаев В.Д. Основы алгоритмизации и программирования. М.: , Инфра-М – 2006 - 416 с.

  3. Страуструп Б. Программирование: принципы и практика использования C++. М.: Вильямс, 2011. – 1248 с.

  4. Шилдт Г. C++: базовый курс. - М.: Вильямс, 2012. – 624 с.

  5. Васильев А. Самоучитель C++ с примерами и задачами. – М.: Наука и техника, 2012, - 480 с.

  6. Культин Н.Б. С/С++ в задачах и примерах. – СПб: БХВ-Петербург, 2009. – 368 с.

  7. Корухова Ю.С. Сборник задач и упражнений по языку С++. М.: ВМК МГУ, 2009. – 24 с

  8. Лафоре Р. Объектно-ориентированное программирование в С++. М.: Питер, 2003.

  9. Подбельский В.В. Язык СИ++. М.: Финансы и статистика», 2003.

Қосымша әдебиет

  1. Дейтель Х.М. Как программировать на C++. – М.: Бином, 2006. – 800 с.

  2. Крупник А.Б. Самоучитель С++. Название: Самоучитель С++ . СПб: итер, 2005. – 252 с.

  3. Шилдт Г. Искусство программирования на C++. СПб: БХВ-Петербург, 2005. - 496 с.

  4. Липпман С.Б., Лажойе Ж., Му Б.Э. Язык программирования C++. Вводный курс. М.: Вильямс, 2007. – 896 с.

  5. Саттер Г. Решение сложных задач на С++. - М.: Вильямс, 2002. – 400 с.

  6. Саттер Г. Новые сложные задачи на C++. - М.: Вильямс, 2005. – 272 с.

V. Зертханалық сабақтарды өткізу жоспары.

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

  1. Зертханалық жұмыстың теориялық бөлімімен танысыңыз.

  2. Қосымша мәліметтерді өз бетіңізбен табыңыз.

  3. Зертханалық жұмысты орындаңыз.

  4. Оқытушыға тапсыру үшін жұмыстың есебін дайындаңыз.

Зертханалық жұмыстың есебін дайындау талаптары:

  • Жұмыстың тақырыбы және мақсаты.

  • Есептелген және өлшенген деректердің кестесін толтыру керек.

  • Тиісті шамалардың тәуелділік графигін салу керек.

Жұмыстың нәтижесі бойынша қорытынды тұжырым жасау керек.

Зертханалық сабақтар, олардың аттары мен көлемі

Зертханалық жұмыстың атауы

Сағ саны

Тапсыру мерзімі

1

C++ тілінің жұмыс ортасы. Бағдарламаны өңдеу, аудару(компиляция), жинау және орындау.

2

1-3 аптада

2

Сызықтық және тармақталу алгоритмдерді программалау. Оқу және жазу функциялары. Тармақталу операторы.

2

2-4 аптада

3

Көп тармақты алгоритмдерді программалау. Таңдау операторы. Ағын класстары арқылы деректерді оқу және жазу.

2

3-5 аптада

4

Қайталану алгоритмдерін программалау. Қайталану операторлары. Бір өлшемді массивтерді анықтау, оқу және жазу.

2

4-6 аптада

5

Массивтерді өңдеу алгоритмдерін программалау. Көп өлшемді массивтер.

2

5-7 аптада

6

Нұсқау. Массивпен нұсқаудың байланысы.

2

6-7 аптада

7

Функцияны анықтау және қолдану. Функция кескіні. Статикалық шамалар. inline функциялар.

2

8-9 аптада

8

Функцияның айнымалы және мән түріндегі аргументтері. Нұсқау және сілтеу түріндегі аргументтер. Функцияны қайталап анықтау.

2

8-10 аптада

9

Ерекше жағдайларды программалау.

2

9-11 аптада

10

Класстарды қолданып программалау есептерін шығару. Класс конструкторлары мен деструкторы.

2

10-12 аптада

11

Бір және екі орынды амалдарды қайталап анықтау.

2

11-13 аптада

12

Туынды класстарды қолдану.

2

12-14 аптада

13

Файлдарды құру, оқу және жазу.

2

13-15 аптада

14

Виртуаль функциялар. Полиморфизм.

2

14-15 аптада

15

Абстракт класстар

2

15 аптада

1 тапсырма (зертханалық жұмыс)

тапсыру мерзімі: 2 апта, 5 балл

Тақырып: Әртүрлі типтерден, айнымалылардан, константалардан, құралған өрнектерді және Си тіліндегі әртүрлі операциялар мен стандартты функцияларды программалау. Басқарушы құрылымдарды қолдану арқылы програманы жасау.

Жұмыстың мақсаты: Си программалау тілінде қарапайым программаларды құру негіздерін алу. Түрлі есептерді шығаруда ІF-ELSE, Switch, Break нұсқауларын қолданудың негізін алу.

1. a,b,c,d нақты сандары берілген. Олардың қосындысын, айырмасы мен көбейтіндісін алу.

2. x және y нақты сандары берілген. Есептеу керек: .

3. Куб жағының ұзындығы берілген. Куб көлемін және жоғарғы жақ бетінің ауданын тап.

4. Екі нақты оң сан берілген. Олардың арифметикалық орташа мәні мен геометриялық орташа мәнін анықтау.

5. Екі нақты сан берілген. Арифметикалық орташа мәні мен олардың модульдерінің геометриялық орташа мәнін анықтау

6.Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері берілген. Оның гипотенузасы мен ауданын анықтау.

7. t1 температуралы V1 литрлі су t2 температуралы V2 литрлі сумен араласқан. Пайда болған заттың көлемі мен температурасын анықтау.

8. r радиусты шеңбер маңайындағы дұрыс n - бұрыштың периметрін анықтау.

9. R1, R2, R3 кедергілері параллель байланысқан. Байланыс кедергісін есептеу.

10. h биіктіктен жер бетіне тастың төмен түсу уақытын анықтау.

11. x, y, z берілген. a, b мәндерін есептеу керек егер:

а) , z + ); б)

в) , ;

г) , ; д) ; ж) ; .

12. Тең бүйірлі үшбұрыштың бір бүйірі берілген. Осы үшбұрыштың ауданын табу.

13. L ұзындықты маятниктің тербеліс периодын анықтау.

14. Бір-бірінен r қашықтықта жатқан m1 және m2 массалы денелер арасындағы F тартылыс күшін анықтау.

15. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен бір катеті берілген. Екінші катеті мен ішіне енгізілген шеңбер радиусын анықтау.

16. Шеңбер радиусы белгілі болғандағы осы шеңбермен шектелген шеңбер ауданын табу.

17. Ішкі радиусы - 20, ал сыртқы радиусы берілген r (r > 20) санына тең сақина ауданын табу.

18. Үшбұрыш өзінің бұрыштарының мәнімен және шеңбер радиусымен берілген. үшбұрыштың қабырғаларын табу.

19. Бір-біріне бірдей үдеумен жылжып келе жатқан екі дененің кездесу уақытын, егер олардың бастапқы жылдамдықтары, үдеулері мен ара қашықтығы белгілі болғанда анықтау.

20. Арифметикалық прогрессия мүшелерін табу : a, a +d,..., a+(n+1)d.

21. Негіздері a мен b болатын және a үлкен негізінде ( бұрышы бар тең бүйірлі трапецияның ауданын табу.

22. Үшбұрыш өзінің жақ ұзындықтарымен берілген. Табу керек:

a) биіктіктер ұзындығын; ә) медианалар ұзындығын;

б) биссектрисалар ұзындығын; в) үшбұрышты іштей және сырттай жанаған шеңбердің радиуысын.

23. x1, y1 және x2, y2 координаталарымен берілген нүктелердің ара-қашықтығын есепте.

24. Төбелер координаталарымен берілген үшбұрыштың:

а) периметрін; ә) ауданын табу.

25. x, y нақты сандары берілген.Алу:

а) max (x, y); ә) mіn ( x, y ); б) max ( x, y ), mіn (x,y).

2.6 x, y, z нақты сандары берілген. Алу:

а) max ( x, y, z ); ә) mіn ( x, y, z ), max ( x, y, z ).

27. x, y, z нақты сандары берілген. Есептеу:

а) max (x + y + z, xyz); ә) mіn((x + y+ z/2, xyz).

28. a, b, c нақты сандары берілген. a < b < c теңсіздіктердің орындалу - орындалмауын тексеру

29. a, b, c нақты сандары берілген. Егер a ( b ( c болса, олардың көбейтіндісін алу, кері жағдайда олардың абсолюттік мәндерін алу.

30. x, y нақты сандары берілген. z есептеу :

31. Екі нақты сан берілген. Егер біріншісі екіншісінен кіші не тең болса, онда оны нөлмен ауыстыру керек, әйтпесе екеуін де еш өзгертусіз қалдыру.

32. Екі нақты сан берілген. Егер біріншісі екіншісінен үлкен болса, онда оны экранға шығару керек, кері жағдайда екеуін де шығару.

33. Үш нақты сан берілген. Олардың (1,3) интервалына жататындарын таңдау.

34. x, y (x ( y) нақты сандары берілген. Екі санның кішісін олардың жарты қосындысымен, ал үлкенін екі еселенген көбейтіндісімен ауыстыру.

35. Үш нақты сан берілген. Олардың ішіндегі оң мәнділерін квадраттау.

36. x,y нақты сандары берілген. Егер олар теріс болса, олардың әрқайсысын олардың модулімен ауыстыру. Ал егер екеуінің біреуі ғана теріс болса, олардың әрқайсысын 0,5-ке өсіру. Егер екеуінің ешқайсы да теріс болмаса және [0.5, 2.0) аралыққа жатпаса, оларды 10 есеге азайту. қалған жағдайларда оларды еш өзгеріссіз қалдыру.

37. x,y,z нақты оң сандары берілген. x,y,z жақ ұзындықтарымен берілетін үшбұрыш бар екендігін білу. Егер үшбұрыш болса, онда оның сүйірбұрыш болып келетіндігін анықтау.

38. a, b, c ( a ( 0 ) нақты сандары берілген. Мына теңдеудің ax(+ bx(+c = 0 нақты шешімдері бар ма. Бар болса, оларды табу керек. Немесе, олардың жоқтығын растайтын мәлімдеме шығаруы қажет.

39. a нақты сан берілген. Есептеу керек f (a)-ны, егер:

а) ; б) ;

в) ; г) .

1 нег [91-115], 2 нег [23-133], [168-209], 3 нег [38-53], 5 қос [23-54], 7 қос [4-11]

Бақылау сұрақтары:

1. scanf функциясында бүтін типті сандарда енгізгенде форматтың қандай спецификаторын қолдану керек?

2 scanf функциясында жылжымалы нүктесі бар сандарды енгізгенде форматтың қандай спецификаторын қолдану керек?

3. printf функцииясында формат спецификаторының қандай типтерін білесіз? Оларды атаңыз.

4. Си тіліндегі if операторының форматы TurboPascal тіліндегі if оператор форматынан айырмашылығы қандай?

5. switch операторының форматын жазыңыз.

2 тапсырма (зертханалық жұмыс)