Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_shpor_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.37 Mб
Скачать

3.Қосиінді баспақтар. Орындалу механизмдері. Технологиялық белгілері бойынша классификациясы.

Қосиінді машиналарда жұмыстық мәрім – сырғақ өндейтін құрал қалыпты – қозғалтады. Орындаушы механизмнің жетектегі буыны сырғақ, ал бастапқы, жетекші қосиін (кей жағдайларда жұдырықша) болып табылады.

Қосиіннің айналмалы қозғалысын сырғақтың қайтымды – ілгерілемелі қозғалысына өзгертетін, орындаушы механизм айналмалы немесе ілгерілемелі кинематикалық жұптармен байланысқан бірнеше буыннан тұрады.

Қосиінді баспақтарда жазық төртбуынды немесе аса күрделі көп буынды қосиінді – иінтіректі механизмдерді қолданады. Сырғақтың бір қайтымды – ілгерілемелі қозғалыс уақыты баспақтың жұмыс циклына сәйкес келеді. Сырғақтың жылдамдығы цикл ішінде, шеткі жағдайларда, екі рет нөлге теңеседі, соған байланысты қозғалыс кезінде инерция күштері туындайды.

Технологиялық талаптар сырғақтың осы немесе басқа орынауыстыру сипатын шарттайды, және соған байланысты қосиінді – иінтіректі механизмнің құрылымын таңдауды талап етеді. Сырғақ қозғалысының кинематикалық параметрлерін мақсатты түрде өзгерту орындаушы механизмі түйіндерінің өлшемдері мен құрылымын өзгерту арқылы жүргізіледі. Бұл кезде мынадай факторларды ескеру қажет: инерция күштерінің шамасын, ықшамдылығын, технологиялығын т.с.с. Қосиінді баспақтарда әртүрлі күрделі қосиінді – иінтіректі механизмдерді қолданады.Технологиялық талаптарға сай төрт тобын атауға болады (11.1 сурет).

Бірінші топқа төртбуынды механизмдер жатады, олар кинематикалық параметрлерге ерекше талаптар қойылмайтын кезде қолданылады. Механизмдердің артықшылығы – ықшамдылығы , қарапайымдылығы және т.б. Орталықты және дезаксиалды түрдегі қосиінді – сырғақты механизмдер көп қолданыс тапты. Қосиінді – күйектелі (қаңылтыр қайшылар) және кулисалы механизм (радиалды – жаншу машиналары, суықтай шегеру автоматтары, ыссықалыптау баспақтары) аз таралған.

Егер сырғақ жүрісінің аз ғана бөлігінде өте үлкен пайдалы кедергі жойылатын болса 2 топтағы механизмдерді қолдану рационалды болып келеді, бұл механизмдерде жүріс соңында жылдамдық аз және жетекші буынға аз момент қажет. Орынауыстыру жылдамдығының аз болуы мөлшерлеу, суықтай сығымдау, бедерлеу (чеканка) жағдайларын жақсартады, қалып шыдамдылығының артуына және жұмыс кезінде шуылдың төмендеуіне ықпал етеді. 1 және 2 механизмдерді бедерлеу мен суықтай сығындау баспақтарында қолданылады, 3 механизмді кескіш автоматтарда қолданады, 4 – баспақ автоматтарда қолданады.

11.1Сурет. Қосиінді баспақтардың орындаушы механизмдерінін сұлбалары.

Күрделі тетіктерді қалыптаған кезде және басқада операцияларда деформация, жүрістін үлкен бөлігі аралығында жүргізіледі және де белгілі бір кинематикалық шарттармен орындалуы тиіс. Өнімділікті арттыру үшін сырғақтың қайтымды жүрісінің жылдамдығы жұмыстық жүріс жылдамдығынан жоғары болуы керек. Қарапайым қосиінді–сырғақты механизмде сырғақтың тура және қайтымды жүрістердің уақыты бірдей болып келеді. Жүрістің жалпы ұзындығын ұлғайту және сырғақ жылдамдығының сипатын қажетінше өзгерту, қайтымды жүрістің уақытын қысқарту үшін топтарға біріктірілген күрделі механизмдерді қолданады.

III, 1 қосиінді-иінтіректі механизмді кермелеу және түзеу баспақтарында қолданады. 2 III, 2 механизм сырғақ жүрісінің үлкен ұзындығын (қосиіннің 3-4 дейінгі радиусы) және қайтымды жүрістің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін екі жетекші қосиінімен сипатталады. Бұл ерекшеліктер механизімнін терең қуыс бұйымдарды кермелеу үшін арнайы баспақтарда қолданылатындығын анықтады. III, 3 механизм III, 2 механизмдегі кинематикалық ерекшеліктермен сипатталады. Топсалы төрттүзілімді жетекті болып келетін түзілімнің қосиін айналысы біркелкі жүргізілмейді, соған байланысты сырғақтың кері қайту уақыты азаяды, ал түзу жүріс ұзақ уақыт жүргізіледі. Мұндай механизм кермелеу баспақтарында қолданылады.

III, 4 механизмді суықтай кермелеу үшін баспақ – автоматтарда қолданған. Бұл механизм III, 2 механизмге ұқсас болып келеді, бірақ қосиіннің орынына жұдырықшаны қолдану сырғақтың жылдамдық сипаттамсына әсер етеді.

IV топқа цикл ішінде орындаушы түзілімнің ұзақ уақытқа тоқтауымен сипатталатын механизмдер жатады. Бұл механизмдерді екі не үш әрекетті қаңылтыр қалыптау баспақтарында, және де бойлық соғу машиналарында қолданады.

Жұдырықшалы және жұдырықша – иінтіректі IV, 1 және IV, 2 механизмдерде әсер ететін күш аз болған кезде қолданады. Күш 1МН асатын болса алты түзілімді механизмді қолданады, ол сырғақтын бірқалыптылығын және ұзақ уақыт тұру қамтамасыз ете алмайды. Үлкен бірқалыптылықты және тұру ұзақтығын сегіз түзілімді IV, 4 және IV, 5 механизмдер қамтамасыз етеді. IV, 4 механизмде қосымша ілгерімді түзілім бар, ол механизм габариттерін арттырады.

Қосиінді баспақтың элементтері мен қолданылуы. Классификацияны кинематикалық белгілеріне қарай жүргізуге болады – орындаушы механизмнің кинематикалық тізбегінің құрылымына, жетек орналасуына, цикл ішінде жұмыс жасайтын және қажетті деформациялау процесін жүргізетін орындаушы механизм санына. Машиналарды технологиялық признактарына қарай классификациялау жалпымен қабылданған болып табылады (1.2 сурет), өйткені орындалатын технологиялық процестің ерекшелігі машинаның (баспақ) құрылымында қарастырады. Қалыптау үшін машиналардың үш тобын көрсету қажет – қаңылтыр, көлемді және ұнтақты масса. Қаңылтыр қалыптауға арналған баспақтар көлемді қалыптауға арналған баспақтармен салыстырғанда әмбебап, ал қалыптау кеңістігі және жүріс шамасы айтарлықтай үлкен болуы тиіс.

Көлемді қалыптау үшін деформациялау кедергісінің үлкен болуы және деформацияланатын дене мен қалыптардын өлшемдерінің кіші болуы шарт. Осыған байланысты мұнда қалыптау кеңістігінің жүрісі мен өлшемдері кіші. Ыссы қалыптау кезінде деформациялау процесі қысқа болуы қажет сондықтан да баспақтар жылдам жүрісті болуы тиіс. Қажетті дәлдікті және ең төменгі энергия шығынды қамтамасыз ету үшін көлемді қалыптау баспақтарының қатаңдығы жоғары болуы тиіс.

Баспақтардың әр тобынан екі топты бөлуге болады: жалпы қолданылатын баспақтар және автоматтар. Машиналардың классификациясы (1.2 сурет) типтік технологиялық процестерді орындау реті бойынша тұрғызылған.

Қазіргі кездегі баспақтың құрылымы күрделі: ондаған түзілімнен және бірнеше жүздеген тетіктерден тұрады.

Әр машинаның қарапайым түзілімдерімен бірге – қозғалтқыш, беріліс механизмдері және орындаушы механизмдермен бірге баспақты басқару, баптау, бақылау және күтуші адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, сондайақ баспақтың технологиялық мүмкіндігін арттыратын немесе басқада жауапты түзілімдердің тетіктерінің жұмысын жақсартатын қосалқы түзілімдер бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]