Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_shpor_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.37 Mб
Скачать

3.Ыстықтайқалыптау баспақтары. Қолданылуы, құрылымының ерекшеліктері, жұмысы..

ЫСТЫҚТАЙ КӨЛЕМДІК ҚАЛЫПТАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Соғылманың сыртпішін құруды ұсталық-қалыптау жабдықтарының әр алуан түрлерінде жүргізеді. Жабдықтардың осындай әр түрлігі қалыптық әбзелді жобалаудың белгілі бір ерекшелігі бар екендігіне себепші болады. Сонымен бірге әмбебапты жабдықта (тоқпақта, баспақта, көлденең соғу машиналарында (КСМ)) қалыптағанда, қалыптың кез келген негізгі типін қолданумен байланысты, ұқсас белгі де бар болады. Қалыптау қалыбымен байланысты ортақ белгілер мынандай:

1 Ашық қалыпта қалыптау; 2 Жабық қалыпта қалыптау; 3 Сығымдап қалыптау.

Қалыптың типі металл ағысының өзгешелігін, демек оның соңғы макроқұрылымын, яғни қалыпталған тетіктің ұзақ тұрақтылығы мен беріктігін анықтайды. Осыны, қалыптау әдісін техника-экономикалық жағынан таңдаған кезде назарға алу керек. Қалыптауды жоғарыда жазылған түрге бөлімдеу негізгі болып саналады.

Металды ыстық күйде қалыптау үшін оны белгілі жылысалқындыққа дейін қыздырып, пішіні жасалынатын тетікбөлшектің пішініндай етіп жасалған қалыпқа салып қысады. Нәтижесінде металға түсірілген күштің әсерінен металлдың түрі өзгеріп қалыптың ішкі қуыстарын толтырады да, түрі қалыптың ішкі кеңістігінің түріне сәйкес тетікбөлшек пайда болады. Металды ыстық күйде қалыптау процесі жабық және ашық қалыптарда жүргізіледі. Ашық қалыпта өңделінетін металл қалыптың екі бөлігінің қосылған жерінен сығылып сыртқа шығады, ал жабық қалыпта артық метал қалыптың ішкі қуысында қалады.

Қалып аспалы балғаға бекітілген жоғары және төске бекітілген төменгі бөліктерден түрады. Қалыптың төменгі бөлігіне қойылған сом темірді оның жоғарғы бөлігімен соққанда, сом темір қалыптың ішкі кеңістігі бойынша түрүзгеріп пішіні қалыптың кеңістігіне ұқсас тетікбөлшекке айналады, ал сом темірдің артық бөлігі қалыптың екі бөлігінің қосылған жерінен сығылып, сыртқа шығады. Тетікбөлшек сығылып шыққан сығындысы кескіш қалыптың жәрдемімен кесіліп тасталынады.

а) ашық қалыпта; б) жабық қалыпта;

11.1, б-суретте бейнеленген жабық қалыптың жоғары және төменгі бөліктерімен шектелген кеңістікте тетікбөлшек жасалады. Жабық қалыптарда өңделетін металдың көлемі қалып көлеміне тең болуы шарт, бұлай болмаған жағдайда қалып жабылмайды немесе жарамды тетікбөлшек шықпайды. Тетікбөлшекті қалып кеңістігінен апуды жеңілдету үшін оның бүйір беті көлбеу етіліп жасалады, ал қалыптау 60....120 процесінде қалып кеңістігіндегі ауа сыртқа шығу үшін каналдар жасалған.

Жабық және ашық қалыптардың металл өңдейтін салалары біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін. Бір салалы қалыптарда пішіні қарапайым, ал көп салалы қалыптарда пішіні күрделі тетікбөлшектер жасалады.

Көп салалы қалыптарда өңделетін күрделі формалы тетікбөлшектер, өңдеу дәлдігі біртіндеп арта түсетін, бірнеше қалыптарда өңделеді.

1.Конверторлы, мартен және электр пештерінде болат алу технологиясы. Технологиялық процестердің ерекшеліктері.

Болат өндірісі. Өндірістік мәні. Болат өнеркәсіптің басты материалы. Оның сұр шойыннан негізгі айырмашылығы құрамында көміртегі мен зиянды қоспалардың аз болуында. Сонымен, болат дегеніміз - құрамында 2%- ке дейін көміртегі, аз мөлшерде Sі, Mn, P және Cr, V, Tі сияқты легірлеуші элементтері бар күрделі қорытпа. Болат алу үшін негізгі материалдар ақ шойын мен болат сынықтары (скрап). Шойынды болатқа айналдыру - ондағы көміртегі қоспалардың мөлшерін ерітудің нәтижесінде (кезінде) тотықсыздандыру және газ бен шлакқа көшіру болып табылады. Шойын құрамында темір көп болғандықтан, болат еріту (қорыту) пешінде ол шойын мен оттегі әрекеттесуінің арқасында тотықтана бастайды.

Болат өндірудің мартен әдісі. Болат өндірудің мартен әдісі кеңінен таралған, осы әдіспен ТМД елдерікде болаттың 80%-тейі өндіріледі. 1864 жылы француз инженерлері әкелі-балалы Пьер және Эмиль Мартендер өндірістің жарақтылық қалдықтары мен шойынды қосып балқытып болат алу жолын ұсынды. Солардың құрметіне "Болат өндірудің мартен әдісі", "Мартен процесі", "Мартен пеші", "Мартен болаты" деген атаулар бар.

Мартен пешінің құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Газбен жұмыс істейтін мартен пешінің нобайы 8.2- суретте көрсетілген. Пештің жұмыстық немесе балқыту кеңістігі көлденең соғылған кең үңгірден тұрады да төменгі жағы астау құрамдас. Жұмыс кеңістігі оның күмбезі (I) мен ұлтаны (П), алдыңғы және артқы қабырғаларымен, бүркеншіктерімен (3) айнала қоршалған. Пештің алдыңғы жақ қабырғасында жапқышпен жабылатын шихта түсіруге, шойын құюға, процесті бақылауға және пробалар алуға арналған терезелер (2) бар. Артқы кабырғасында болатты ағызатын науа бар. Пештің табаны болат ағатын жағына қарай қия жасалады. Пеш бүркеншіктерінде газ (немесе мұнай) және ауа ететін, әрі жану өнімдерін шығаратын симетриялы орналасқан 4 және 5 каналдары бар. Газ бен ауаны қыздыратын 6 және 7 регенератор саптамалары, оның төменгі жағы газ бен ауа жүретін және жану өнімдерін шығаратын 8,9 каналдармен байланысқан. Жанатын газ бен ыстық ауа қызып тұрған 6,7 регенераторлар арқылы пешке барады. Газ жанған да шихта мен пештің маңдайшасын қатты қыздырып шихтаны ерітеді. Жылжымалы клапанды (10) мезгіл-мезгіл 30-40 минөт сайын ашып жабу нәтижесінде газ бен ауаның және жану өнімдерінің қозғалу бағытын өзгертіп тұрады. Ауа мен газ бірде оң жақтағы бүркеншікте келсе, енді бірде сол жақтан енеді. Пешке енетін ауа мен газдың жылысалқындығы 1100-І200°С шамасында болып, пешті қыздырғанда жылысалқындық 2000°С-қа жетеді.

8.2-сурет. Мартен пешінің құрылысы

Мартен пешінің жұмыстық кеңістігінде отын жанғанда оның түтіні бүркеншек, қож ұстауыш, регенератор саптамалары арқылы өтіп, оларды қыздырады. Онан соң түтін мұржа арқылы сыртқа шығады.

12-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]