- •Тақырыбы: Халықаралық құқықтың субьектілері, мемлекетті тану және мемлекеттің құқық мирасқорлығы
- •Тақырыбы: Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі
- •Тақырыбы: Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың қатынасы және бір – бірімен өзара әрекеттесуі
- •Тақырыбы: Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •Тақырыбы:Дипломатиялық құқық
- •Тақырыбы: Халықаралық қауіпсіздік құқығы
- •Тақырыбы: Аумақ және шекара
- •Тақырыбы: Құрлықішілік мемлекеттердің құқықтық мәртебесі
- •Тақырыбы: Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық
- •Тақырыбы: Халықаралық гуманитарлық құқық
- •Тақырыбы: Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі және қазіргі халықаралық құқықтың субьектісі ретінде дамуы
Тақырыбы: Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
Халықаралық құқықтың азаматтық мәселелері бойынша негізгі ережелері.
Мемлекеттің тұрғындары және оның құрамы. Түпкілікті, яғни жергілікті халықтың құқығы. Шетелде жүрген азаматтарды дипломатиялық қорғау.
Азаматтықты алу және одан айрылу тәсілдері. Тууы бойынша азаматтықты алу. Натурализация. Оптация. Трансферт. Ата-аналарының азаматтықты өзгертуіне байланысты балаларының азаматтығы мәселелері. Азаматтықтан айрылу. Азаматтықты қайта қалпына келтіру.
Қос азаматтық. Қос азаматтықты жою туралы Қазақстанның жасасқан шарттары. Азаматтық туралы Қазақстан – Ресей арасындағы шарттардың ерекшеліктері.
Азаматтығы жоқ тұлғалар. Азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайлары.
Азаматтық мәселелері жөніндегі халықаралық шарттар.
Қазақстан заңдарындағы азаматтық мәселелері.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылдың 20 желтоқсанындағы, 1995 жылғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңы.
Шетелдіктердің құқықтық режимінің ерекше түрлері: ұлттық режим.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы.
Адам құқықтары мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы. 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы. 1966 жылғы адам құқықтары туралы пактілер және адам құқықтары жөніндегі басқа да шарттар. Геноцид, апартеид және нәсілдік кемсітушілікпен халықаралық күрес. Геноцид, апартеид және нәсілдік кемсітушілікке тыйым салу, тоқтату және қысқарту туралы 1973 жылғы конвенциялар.
Әйелдер мен балалар құқықтарын ерекше қорғау. Әйелдердің саяси құқықтары жөніндегі 1953 жылғы Конвенция, Тұрмысқа шыққан әйелдердің азаматтығы туралы 1957 жылғы Конвенция, некелік жас, некенің тіркелуі және некеге тұруға келісім жөніндегі 1962 жылғы Конвенция, некелік жас, некенің тіркелуі және некеге тұруға келісім жөніндегі 1962 жылғы Конвенция, әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысанын жою туралы 1979 жылғы Конвенция, бала құқықтары туралы 1989 жылғы Конвенция.
Халықаралық Ұйымдар Конвенциясы. Зиян келтіретін жағдайда жұмыс істеу мәселелері. Әскери қақтығыстар кезінде адам құқықтарын қорғау.
Тәжірибелік сабақ №8.
Тақырыбы: Халықаралық экономикалық құқық
Халықаралық экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтың атқаратын рөлі. Халықаралық экономикалық құқық қазіргі экономикалық құқықтың саласы ретінде.
Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың институционалдық нысанының жүйесі. Біріккен Ұлттар Ұйымының органдары (Бас Ассамблея, ЭКОСОС, ЮНКТАД, ЮНИДО, ЮНИДРУА, аумақтық комиссия) мемлекеттің қызметі және халықаралық ұйымдардың әлемдік экономикалық мәселелерін шешуде үйлестіруші орталық ретінде. Халықаралық сауда құқығы бойынша Біріккен Ұлттар ұйымының Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ).
Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық мекемелер жүйесінің және органдарының қауымдастықтармен (ЕЭС, ЕОУС, ЕА, АСЕАН) және басқа да аумақтық және арнайы сипаттағы халықаралық экономикалық ұйымдармен байланысы.
Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері. Халықаралық шарт және әдет – ғұрып. Халықаралық экономикалық құқық нормаларын қалыптастыруда халықаралық конференциялар және халықаралық ұйымдар резолюцияларының атқаратын рөлі. 1974 жылғы жаңа экономикалық тәртіпті бекіту туралы декларация. 1975 жылғы ЮНИДО конференциясында қабылданған өнеркәсіптік дамыту және ынтымақтастық туралы Рим декларациясы. 1974 жылғы мемлекеттердің міндеттілігі және экономикалық құқық хартиясы. Қазақстанның сыртқы экономикалық заңдарының халықаралық конвенциялармен қатынасы.
Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаты. Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық мақсаттарының өмірде іске асырылуы. Мемлекеттің егемендігін сыйлаудан бастау ала отырыптең құқылық және өзара алмасулар, экономикалық дамуының деңгейі мен көлеміне, әлеуметтік – экономикалық жүйесіне еш қатыссыз және мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастыққа қолайлы жағдай жасасуға халықаралық – құқықтық құралдардың көмегімен халықаралық экономикалық қатынастарды қайта құруға, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі шаруашылық мәселелерін – энергетикалық, азық – түлік, транспорттық, шикізаттық, табиғатты қорғау және басқа да әселелерді бірігіпшешуді күшейтуге атсалысу.
Халықаралық экономикалық қатынастардың әр салаға таралуының және осы салаларда қазіргі халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының белгілі бір тәртіппен сақталуының маңызы.
Халықаралық экономикалық құқықтың негізін құрайтын жалпы танымал арнайы қағидалар: мемлекеттің егемендігінің оның табиғи ресурстарынан бөлінбейтіндігі қағидасы, елдермен сыртқы экономикалық байланыс жасайтын ұйымдардың нысандарын таңдау еркіндігі қағидасы, әділ экономикалық ынтымақтастық қағидасы, халықаралық экономикалық ынтымақтастық қағидасы, неғұрлым қолайлы жағдай жасау қағидасы, ұлттық режим қағидасы, өзара алмасулар қағидасы. Шектеулер қоймау қағидасы мен ең қолайлылық қағидасының арақатынасы.
Сауда шарттары, тауар айналымы туралы келісім, мемлекетаралық тауар келісімі, несиелік келісімдер, ғылыми – техникалық ынтымақтастық және техникалық көмек көрсету туралы келісім, халықаралық есептесулер туралы келісім.Халықаралық экономикалық қатынастарға Қазақстанның қатысуының құқықтық мәселелері.
