Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортағасырлық философия (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.66 Кб
Скачать

Кесте 1.4.5 Ерте араб философиясының негізгі бағыттары (VII-iXғғ)

Мутакаллимдер мектебі

Мутазелиттер мектебі

(араб. ерекшеленгендер)

Суфизм

Радикалды исламның жақтаушылары діни догмаларды философия тұрғысынан негіздеді.

Аль-Ашари (ашариттер).

Ашариттердің ілімі бойынша

табиғат құдайдың ғажайып

туындысы.

Табиғат – байланыссыз және

Құдайдан жаратылған

атомдар мен олардың

қасиеттерінің жиынтығы.

Әлемде себеп-салдарлық

қатынас болмайды, өйткені

Жаратушы кез-келген денеге кез-келген пішін және кез-келген қозғалыс бере алады. Барлығы да құдайдың қалауында.

Ақыл ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды. Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, құранның пайда болуы және т.б. мәселелерді кеңінен талқылыады.

Құдай мен адамның өзара қатынасын түсіндіруде ежелгі грек логикасы мен философиясының пайымдау әдістерін қолданған. Теология бастамасы (калам), мұсылмандық құқық пен қатар ғылымның дербес саласы ретінде (фикх).

Әлем мен адамның жаратылысы жайлы, әлемнің алдын-ала анықталуы жайлы, құдайды антроморфтық тұрғыда елестету жайлы исламның дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқаттығын жоққа шығарды.

Рационализм, материализм.

Адамның әлемді тануға қабілеті /Хасан аль-Басри, Васил-ибн Ата/. Адам еркінің бостандығы мен моральдік жауапкершілігі.

Еркін ойлау идеясы. Білім мен әрекеттің бүтіндігі жайлы ілім.

Әлем атомдардан тұрады, олардың әрбіреуін Құдай басқарады.

Гностицизм мен неоплатонизм идеяларын қолдана отырып адамды әлемдік қызығушылықтардан безуден мистикалық интуициядағы құдайдың қабылдауына және онымен ақтық бірігуге әкелетін жолдар туралы ілімді дамытады.

Әл-Ғазали (1059-1111)

Ибн-әл Араби (1165-1240)

Суфизмнің ерекшеліктері

1. Кедейшілікті уағыздау

2. Қоршаған орта елесі

3. Тақуалық

4. Экстатикалық рәсімдер

5. Үнсіз мінажат (дұға)

6. Бір аллаға ғана сену

Суфизм – исламның жанды тәжірибесі.

Сызба 1.4.6 Әл-Фараби ғылымының классификациясы

Ғылым классификациясы туралы сөз

V Азаматтық ғылым - адам еркімен байланыстының барлығы. Жан туралы ілім. Этика. Саясат. Мемлекет туралы оқу. (қайырымды қала).

Сызба 1.4.7 Әл-Фарабидің онтологиялық жүйесі

Негізгі принциптері

І саты Бірінші. Мән. Біртұтас.

Ол – мәңгілік, ол өзінің өмір сүруі үшін ештеңені: себепті, бітімді, мақсатты, ұмтылысты т.с.с. кажет етпейді, өйткені оларды ол қажет етсе, онда ол бірінші себеп болмас еді. «Алғашқы Мәнге» оның мән-мағынасын көрсететін басқа ұғымдарды қолданады: «Ол барлығынан биік, барлығын білетін, Дана, Ақикат, Тірі, Өмір», - дейді. Бірінші Мән материялдық болмыс емес, формасы, анықтамасы жоқ. Сондықтан ойшыл оған «белсенді ақыл-ой» (активті интеллект) деген ат қояды.

«Бірінші Мәннен бүкіл Болмыс пайда болады. Өйткені ол өз-өзіне сыймай, тасып ағады (эманацияланды - ақылдың тасуы). Ал Болмыстың Дүниеге келуі - оны тудырған Бірінші Мәннің жойылуы деп түсіну қате», - дейді ұлы ойшыл.

ІІ саты Екінші мән

Әлемдік ақыл, өзінің материясы және оған тиесілі формасы, Жаны бар Аспандық сфера (жоғарғы)

ІІІ саты Үшінші мән - «Бірінші Аспанның» болмыс сферасы.

IV саты Төртінші мән – «Қозғалмайтын жұлдыздар» сферасы.

Ғаламшарлар: Сатурн – Юпитер – Марс – Күн – Шолпан – Меркурий – Ай.

Жан – сфера қозғалысының негізгі көзі, өзіне және алғашқы себепке жете алады.

Іскерлік ақыл (космостық ақыл)– Логос жер шарының ішкі заңдылығы. «Ай астындағы Болмыс», яғни біз өмір сүріп жаткан Дүние. Сонымен ол бірінші «Бірінші Мәннің» тудырған Болмысы болып шықты.