- •Қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістері
- •Қалыптастырушы оқыту әдістерін қай кезде пайдалану керек
- •1. Жұптарда өзара бағалау
- •2. Топтардағы өзара бағалау
- •3. Оқушылардың түсіндірулері
- •4. Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
- •5. Өзін-өзі бағалау
- •Өзін-өзі бағалау топтың жұмысын шолу ретінде
- •Өзінің білімі мен біліктерін өздік бағалаудың артықшылықтары
- •7. Түсіндірме тапсырмалар
- •8. Түзетулерді орындау
- •9. Диагностикалық сұрақ
- •10. Шеберліктің қол жеткізілген деңгейінің тестісі
- •11 Оқушылардан сұрау алу және "таудың ұшар басына шығу"
- •12. Тұжырымдамалық картаны тексеру
7. Түсіндірме тапсырмалар
Мақсат – бұл дұрыс жауаптың алыну процедураларын жай ғана механикалық есте сақтау емес, математик болу екенін оқушылар білуге тиіс (немесе тіл маманы немесе т.с.с.). Бұл үшін олардың стратегияларды түсінуі, стратегияның қашан жұмыс істейтінін немесе жұмыс істемейтінін және неліктен екенін және көзделген мақсат үшін және одан әрі қандай бірнеше тәсілді басшылыққа алу керектігін білуі қажет. Математиктер және басқа мұғалімдер осындай дамуға ықпал ету үшін, «түсіндіру тапсырмаларын» ұсынуы мүмкін. Мысалы:
“Пифагор теоремасын қашан қолданылатындығын және қолданылмайтындығын анықтай отырып, өз сөздеріңмен түсіндіріп беріңіздер. Сондай-ақ оның үшбұрыштың белгісіз жағын табу үшін қалай пайдаланылатынын түсіндіріңіз”.
Осындай тапсырмалар оқушыларға тұжырымдамаларды түсінуге және оларды есте сақтуаға көмектеседі.
Жұптағы бірлескен жұмыс кезінде түсіндіру
Түсіндірме тапсырмалар жұп сабақтарда жазбаша үй жұмысы түрінде немесе ауызша жұмыс түрінде болуы мүмкін. Мысалы, жоғарыда берілген тапсырманы екі бөлікее бөлуге болады және оқушылар жұптары өз жартысын орындайды және бір-біріне түсіндіреді. Сосын олар ортақ күшпен бір-біріне түсіндіруді өзара бағалай және жалпы шешім ұсына алады.
Жұптағы бірлескен жұмыс кезіндегі түзететін түсіндірмелер
Жоғарыда сипатталған жұптағы бірлескен жұмыс кезінде шын мәнінде жасайтын түсіндіру үшін мұғалім оқушыларға өте қысқа «дұрыс» түсініктер береді және оқушылардан олардың түсіндірулерін қалай жақсартуға болатынын анықтауды өтінеді. Оқушылар тапсырманы алдымен өздері үшін орындайды, содан соң бір-біріне өз бетімен өзін-өзі жетілдірулерін тапқандарын түсіндіреді. Осыдан кейін ғана жұптар бір-бірінің жұмыстарынан жақсартулар таба алады. Сосын оқушылардан қателері мен олқылықтарын түсіндіру мақсатында келесі жұмысқа дайындалуларын өтінеді.
Келесі сабақтың басында жұптарда түсіндірудің сондай тапсырмасы шолу сияқты қайталанады, бірақ жақсару нәтижесін тексеру бір мезгілде болады. Оқушыларды жаттап алмауға үйрету керек, олар өз жауаптарын түсіндіруге және оларды өз сөздерімен беруге тиіс.
Жұптағы бірлескен жұмыс кезіндегі түсіндірудің артықшылықтары
‘Тапсырмаларды түсіндіру’ оқушылардың өз түсігінін түсіндірулерін және оны тексерулерін талап етеді. Сондай-ақ осындай түсінік негізінде жасалған түзету жұмысы орындалуы мүмкін. Түсіндірулер сияқты шешуші тармақтардағы шоғырлану, әдетте қысқа. Ол оқушылардың өз түсініктерін оны ұзақ уақыт жадында сақтау мақсатында жіктеуін талап етеді.
Жұптағы бірлескен жұмыс кезіндегі тапсырмалардың кейбір үлгілері
‘Сіз үшбұрыштың белгісіз жағын табу үшін нені пайдаланатынын қалай білесіз - синус немесе косинус? Түсіндіруге көмек беру үшін сызбанұсқаны бейнелеңіз, Сіздердің біреуіңіз синус, екіншіңіз косинусты аласыз’.
Сіз сөйлемде үтірді қай жерде, ал нүктені қай жерде пайдаланғаныңызды түсіндіріп беріңіз. Сіздердің біреуіңіз нүктені, екіншіңіз – үтірді қойған себептеріңізді түсіндіресіз’.
‘Терезенің жанында отырған адам сырқатты күту бойынша іс-шаралар жоспарын түсіндіреді, ал екіншісі күтім бойынша іс-шаралар жоспарын бағалаудың негізгі өлшемдерін түсіндіреді’.
