Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Форм.оқыту стратегиялары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204.8 Кб
Скачать

2. Топтардағы өзара бағалау

Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үдерісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.

Оқушыларға алдымен өз бетінше жалғыздан орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде).

Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:

Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?

«Үздік жауаптың» топтық идеясы.

Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?

О қушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.

3. Оқушылардың түсіндірулері

Оқушылар жауап үлгілерін түсіндіреді

СУРЕТ: Оқушылар жауап үлгілерін түсіндіреді.

Бұл – Каррол әзірлеген және зерттеген жоғарыда көрсетілген нұсқа. Ол қарапайым әдіске қарағанда, бірнеше кезеңді пайдаланғанына қарамастан, бұл әдістің оқушыларға дағдыларды тезірек үйренуге және азырақ қателер жасауға мүмкіндік беретінін байқады (тек қана 1 және 6 кезеңдер пайдаланылатын жағдайда).

  1. Мұғалім қалыпты тәсілмен тақтада «дауыстап ойланып» және түсіндіре отырып, «бұны қалай жасау керектігін» көрсетеді. Мысалы, белгісіз бұрышты анықтау үшін тангенстерді қалай пайдалану керек, дәйекшелерді қалай пайдалану керек, сценарийден ауруды күту бойынша жоспарды қалай құру керек және т.с.с..

  2. Оқушылар жұптары бойынша бөлінеді, өздерінің достарымен болуы міндетті емес.

  3. Мұғалім жауап үлгілері толық өңделген сұрақтардың екі тізбесін дайындайды. Әрбір тізбе мұғалім көрсеткен сұрақтармен өте ұқсас әртүрлі типтегі сұрақтардың белгілі бір санынан тұрады. Әр жұп сұрақтардың бір тізбесін алады. Әрбір оқушы келесі кезеңде бір сұрақтар тізбесімен жұмыс жасайды.

  4. Оқушылар өз бетінше келесі кезеңге дайындала отырып, бір-бірден жауап үлгілерін зерделейді (мысалы, 5 минут бойы)

  5. Әр оқушы өз серіктесіне не жасалғандығын және неліктен жасалғандығын, жұмыс әдістері мен стилінің неліктен дұрыс болып табылатындығын көрсете отырып, өз жауаптар үлгісінің тізбесін түсіндіреді.

  6. Содан соң оқушылар қалыпты тәсілмен өз бетінше тапсырмаларды орындау үшін жұмыс істейді.

Әдістің идеясы мынада - егер мұғалім 1-кезеңнен бірден 6-кезеңге өтіп кетсе, бұл көптеген оқушылар үшін өте қатты секіріс болатынын білдіреді. Бұл Блум таксономиясының (жіктеу) білім кезеңінен қолдануға тікелей өтуі болып табылады. Демек, нашар оқушылар әдісті түсінуге және қолдануға тырысады, ал бұл олар үшін өте күрделі болып табылады.

Нашар оқушылар мұғалімнің көрсеткенін түсінетіндігін, бірақ «оны өз бетінше орындай алмайтындықтарын» жиі айтады. Мұндай стратегия оқушыларға әдісті өз сөзімен айту арқылы зерделеуге көмектесетін «басқыштағы қосымша сатыны» білдіреді (Блум таксономиясының түсінуді бекітуі).

Егер оқушылар түсіндіруді пайдаланатын болса, шағын топтарда немесе бүкіл сынып үшін түсініктеме бере отырып, оларды ынталандыруға болады. «Джон, тақтадағы 8-сұрақтың шешімін түсіндіре аласың ба?»

Пилот және навигатор:

Мұндай жұмыс түрі компьютерде жұппен жұмыс жасайтын оқушылар үшін қолайлы, бірақ басқа жағдайларда да пайдаланылуы мүмкін. Оқушылар жұппен бөлінеді, оқушылардың біреуі штурман, ал екіншісі – пилот рөлін алады. «Штурман» «пилотқа» не жасайтындығын және неліктен жасау керектігін айтады. Мысалы, «тінтуір арқылы Файлға бас және басып шығаруды таңда».

Пилот команданы орындайды және қажет болған жағдайда оны штурман түзетеді. Штурман «басқару элементтерін өзіне алмауға» тиіс. Неғұрлым мықты оқушының штурман болғаны жақсы, алайда, рөлдерді алмастыру да пайдалы. Командаларды орындағаннан гөрі, дәл түсініктеме берген қиынырақ, сондықтан штурмандар пилоттарға қарағанда көбірек үйренеді.

Оқушылар шешуші мезеттерді түсіндіреді

Мұғалім сабақтың басында оқушыларға олардың сабақ соңында шешуші мезеттерді түсіндіруге тиіс екенін айтады. Алдын-ала қоюға болатын екі сұрақты мысалға келтіреміз:

«Пифагор теоремасы дегеніміз не және оны қай кезде қолдануға және қолданбауға болады?»

«Үшбұрыштың белгісіз жағын табу үшін теореманы қалай пайдалануға болады?»

Немесе

«Кромвельді кім және неліктен қолдады?»

«Кромвельдің қандай мақсаттары болды және біз олар туралы қайдан білеміз?»

Содан соң сабақ белгіленген екі шешуші мезетті оқыту мақсатында жалғасады. Түсіндіру сабақ соңында былай өткізіледі. Әдетте бұл бес минуттан он минутқа дейін уақыт алады.

  • Оқушылар жұпқа бөлінеді және мынадай тапсырма ұсынылады: «терезеге жақын отырғандар, бірінші сұраққа жауап беріңіздер»

  • Оқушылар бір минут ішінде бір-біріне не айтатыны туралы ойланады.

  • Олар бір-біріне шешуші мезеттерді түсіндіреді және тыңдаушы екі оқушы да әңгімесін аяқтаған соң ғана жауапты қалай жақсартуға болатынын айта алады.

  • Сосын мұғалім жауап үлгілерін ұсынып, жұптардан «нені аңғармадыңыздар немесе неден қателестіңіздер?» деп сұрайды. Осыдан соң жұптар алдымен өздерінің қателерін, содан соң бір-бірінің қателерін түзетіп талқылау жүргізеді.

  • Мұғалім оқушылардан келесі сабақтың басында қайтадан өзара түсіндіруге әзірленуді өтіне алады. Бұл тапсырманың міндеті алғашқы өзара түсінісу барысында анықталған әлсіз тұстарды бекіту болып табылады.

Оқушылардың немесе олардың мұғалімдерінің бұл әдісті механикалық жадыны жақсартатын «жаттап алу» тәсілдерінің бірі ретінде қарастыру қаупі бар. Дегенмен де, оның мақсаты шешуші мезеттер, материал құрылымы және оның мағынасының тиісті дәрежеде түсінікті болуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан шешуші мезеттердің неліктен шешуші болып табылатынына назар аударту және ақпарат құрылымының мәнін атап көрсету керек. Сондай-ақ, неліктен және «не» оқылатынына назар аудару қажет.

Аталған стратегияда оқушының жетістіктерін арттыратын «мүлтіксіз оқытудың» кейбір сапалары бар. Тереңдете оқыту туралы одан әрі ақпарат алу үшін Джеффри Пэттидің «Бүгінгі оқытуын» қараңыз.

Оқушылар өздерінің сұрақтарға берген жауаптарын түсіндіреді

Бұл әдіс жоғарыда айтылғанның ықшамдалған нұсқасы болып табылады. Ол оқушылардың сұрақтар мен жауаптарға ынталануы, сондай-ақ оқушылардың сұрақтарға толық тартылуы үшін қажетті «күту уақытын» ұсынатындықтан пайдалы.

  • Мұғалім «не жасалатынын» оқушылардың түсінуі үшін мынадай үдерісті түсіндіреді.

  • Мұғалім ойлануға жетелейтін арнайы сұрақ береді, не қағазда орындау үшін шағын тапсырма немесе осыған ұқсас нәрсе береді.

  • Оқушылар белгілі бір уақыт ішінде жалғыздан, өз бетінше жұмыс жасауға тиіс.

  • Оқушылар бір-біріне өз жауаптарын түсіндіреді. Серіктесі өзінің түсіндіруін аяқтаған кезде ғана, оның жауабын талдауға немесе түсінік беруге болады. Екі жауап та берілген кезде, оларды салыстыруға және талқылауға болады.

  • Мұғалім сұрақтың дұрыс жауабын береді және оқушылардан оны қаншалықты түсінгендерін талқылауды және өздерінде кездескен түсінбеушілікті оқып үйренуді өтінеді.

  • Қалау бойынша, оқыту үшін пайдалы және қызықты сұрақтарды немесе түсінбеушіліктерді және т.с.с. бүкіл сыныппен бірге талқылауға болады (жоғарыдағы негіз болатын ережелерді қараңыз).