Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Форм.оқыту стратегиялары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204.8 Кб
Скачать

Қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістері

Төменде көрсетілген стратегиялар, негізінен, сұрақтар жауабының «дұрыс жолы» болатын оқытуға көбірек қатысты. Мысалға:

  • математика, жаратылыстану пәндері, бухгалтерлік есеп немесе осы тәрізді есептеулер;

  • тыныс белгілері, грамматика, аудармалар немесе басқа да тілдік дағдылар;

  • мазмұнмен жұмыс: жалпы білім және кез келген пәннің жоспарындағы жалпы білім мен түсіну;

  • оларды практикалық дағдыларды оқытуға, ақиқатында көптеген дағдыларды оқытуға бейімдеуге болады;

  • оларды тұтынушының шағымын қарастыру сияқты, әлеуметтік қатынас дағдыларын оқытуға бейімдеуге болады.

Өзін-өзі бағалау және өзара бағалауға арналған негізгі ережелер:

Егер қалыптастырушы оқыту әдістерін тиімді пайдалану мақсаты қойылса, оқушылар осы әдістерді дұрыс икемдеп қолдана бастауы тиіс. Оқушылармен төменде берілген тармақтарды келісіп алыңыз.

Егер біз төмендегілермен келісетін болсақ, жақсы оқитын боламыз:

  • Егер сіздер қандай бір идеяны алғашқы реттен толық түсінбейтін болсаңыз және оқыту біршама уақыт алатын болса, онда тұрған ештеңе жоқ.

  • Егер жұмыс бағаланатын болса, сіздің мақсатыңыз басқа біреудің емес, өз рекордыңыздан асып түсу болсын. Дегенмен, мүмкіндігінше, жұмысқа баға беруден аулақ болу қажет.

  • Ең бастысы сіздің проблеманы және оның шешімін, не сұрақты және оның жауабын түсінгеніңіз:

  • сіздің мұны алғашқы реттен жасай алғаныңыз емес;

  • орынсыз қатеге байланысты сіздің мұны жасай алмауыңыз емес;

  • Қателіктер жасалуы мүмкін. Оқыту үдерісінде барлығымыз да қате жібереміз. Шын мәнісінде, бұл біздің оқуымыздың бір бөлігі. Егер біз қате жібермесек, бұл барынша жоғары қарқында жұмысты жеңіл істей алатындығымызды білдіреді.

  • Қате жіберу пайдалы, себебі бұл бізге нені жақсарту қажет екенін көрсетеді.

  • Оқу үшін түсінбегеніңді мойындаған және қателерді мойындаған жақсы, содан соң түсіндіруді сұрау керек.

  • Ешқашан, тіпті әзілдеп болса да, біреудің қатесіне күлуге болмайды.

  • Егер сіз келесі жолы қателерді болдырмаудың жолын табатын болсаңыз және шын мәнінде меңгеретін болсаңыз, қателер сіз үшін пайдалы болады.

Сіз айтарлықтай батылсыз ба? Онда оқушыларыңыз үшін тиісті көңіл-күй тудыру үшін жарты сағаттық жаттығу барысында олардан өз қателерін байқаған сайын «алақай» деп айтуды өтініңіз!

Қалыптастырушы оқыту әдістерін қай кезде пайдалану керек

Төмендегі стратегиялардың кейбіреуі өте қиын. Егер оқушылар үшін ол күрделі немесе оларды жалықтыратын болса, оларға бөлінген уақытты қысқарта аласыз, алайда оларды мүлдем алып тастамаңыз. Оларды пайдаланбай қалдыруға болмайды, өйткені олар өте тиімді.

Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, бірақ араласпаңыз. Бұл сізге ауыр тиетіндігіне қарамастан, сіз үшін құнды, сондай-ақ, оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылар сыныптастарымен сұрақтарды талқылауда, бірін-бірі бағалау немесе өзін-өзі бағалауда өте белсенді болмаса да, олармен жұмысты тоқтатпау керек. Бұл оларға осы мәселеге қатысты көбірек жаттығуға мүмкіндік береді. Алайда, сіз жалпы кемшіліктерді қарастыру және басты сәттерді атап өту үшін оны өткізгеннен кейін, оқушылардың өзін-өзі бағалауын және бірін-бірі бағалауын қайта қарастырып, түзету үшін түсіндіруді пайдалана аласыз.

Қалыптастырушы оқыту стратегиялары