
- •18 Аналогты-сандық түрлендіргіштер.
- •33 Арж өтпелі үрдісінің көрсету сапасы.
- •21 Басқару көлемін сандық бағалау қажет. «Ақпарат» түсінігі жайлы айтып беріңіз.
- •26 Басқару үрдісінің нақты уақыты. Мысалы, басқару үрдісінде компьютерді қолдану.(пластик үрдісі үшін)
- •32 Бір кірісті және бір шығысты сызықты реттегіш теңдеуін сипаттаңыз.
- •6 Датчиктердің динамикалық сипаттамасы.
- •34 Деңгейі бойынша және уақыт бойынша квантау сигналы.
- •9 «Жүйе күйіне» түсініктеме. Теңдеу күйі.
- •20 Жүйені моделдеу. Моделдеуге жалпы түсініктеме беріңіз.
- •38 Заттың саны және шығынды өлшеу. Шығын өлшеу әдісі.
- •27 Кинетикалық гомогенді химиялық реакцияның математикалық жазылуы.
- •13 Қазіргі технологиялық объектіні басқарудың құрылымы және классификациясы.
- •11 Қисық таралуы бойынша объекттiң динамикалық параметрлерiн анықтаңыз.
- •Объектінің динамикалық сипаттамасы бойынша әдістемелік жобамен реттегіш түрін таңдау.
- •Қисық таралуы бойынша объекттiң динамикалық параметрлерiн анықтаңыз.
- •16 Математикалық модельдің құрылымдық және параметрлік идентификациясы.
- •7 Объектінің динамикалық сипаттамасы бойынша әдістемелік жобамен реттегіш түрін таңдау.
- •15 Объектінің және басқару жүйесінің математикалық моделін айтып беріңіз. Модельді қалай тағайындаймыз.
- •12 Өлшеу қателіктерінің түрлері. Өлшеу құралының дәлдік класы дегеніміз не?
- •Өлшеу қателіктерінің түрлері. Өлшеу құралының дәлдік класы дегеніміз не?
- •39 Реттеудің типтік өтпелі үрдісі.
- •22 Санды-аналогты түрлендіргіш.
- •37 Статикалық және динамикалық жүйенің теңдігі. Басқаруды сызықтандыру.
- •28 Сызықты жүйенің артықшылықтары қандай? Суперпозициялы принциптері және аддитивті қасиеті.
- •29 Техникалық үрдіс және басқару жүйесі арасындағы интерфейс.
- •24 Технологиялық ақпараттарды түрлендіру. Сигналдардың түрлері және формасы.
- •36 Технологиялық үрдісті басқару.
- •30 Технологиялық үрдісті талдау әдістемесі басқару объектісі сияқты.
- •10 Түабж құрамы.
- •3 Түабж функциялары. Түабж функцияларына мысал келтіріңіз.
- •8 Түабж-де қолданылатын сигналдар түрі және формасы.
- •17 Түабж-дегі сигналдардың ұсынылған классификациясы.
- •25 Түабж-нің әртүрлілігінің біреуі сияқты супервизорлы басқару.
- •14 Түабж-нің техникалық қамтамасыздандыру құрамы.
- •2 Тізбектелген оқиғаны басқару. Температураны реттеудегі химиялық реактор, мысалы: бинарлы басқару сияқты.
- •31 Экспериментті-статисктикалық әдістің математикалық жазылуы.
38 Заттың саны және шығынды өлшеу. Шығын өлшеу әдісі.
Заттардың санын және шығынын өлшеу. Шығынды өлшеу тәсілдері. Шығынды өлшеу. Өнеркәсіпте шығынды есептеудің маңызы зор. Сапалы шығын датчиктеріне қажеттілік көп болғанымен бұл құрылғылардың нақтылықты анықтауы әлі де дамуды қажет етеді. Көлемді шығынды өлшеу. Көлемдік шығынды ағынның қозғалу жылдамдығы арқылы анықтауға болады. Бұл шамалардың байланысы құбыр қималарының геометриясы арқылы анықталады, мұнда өлшеу жүргізіледі, сондықтан да өзара байланыс есебі калибровкалық таблица арқылы орындалады. Көлемдік шығынды өлшеу үшін келесі принциптерді пайдалануымыз қажет: 1. қысым айырмашылықтары;2. турбинаның айналу жылдамдығы;3. сұйықта ультрадыбыстың таралуы;4. магниттік индукция;5. құрылу қарқындылығы.Шығын датчиктері қысым айырмашылықтарын өлшеуге арналған, ол Бернулли заңына сәйкес жұмыс істейді. Құбырөткізгіш ішінде қозғалатын сұйықтың көлемі барлық қималарда бірдей. Тіпті құбыр өткізгіште тарылу болса да бірыңғай болады, онда массалық және көлемдік шығын бірдей қалуы тиіс. Энергияны сақтау заңын қанағаттандыру үшін және қозғалыс санын қанағаттандыру үшін, тарылу орнында сұйықтың жылдамдығы мен статикалық қысымы құбырөткізгіштің басқа қималарында да айырмашылықтары болуы тиіс. Бернулли заңына сәйкес тарылу орнында сұйықтықтың қозғалысы арта түседі, ал қысым төмендейді. Қысым төмендеу шамасына қарай сұйықтықтың жылдамдығын есептеуге болады. Шығын -ға пропорционал болады; пропорционалдылық коэффициенті тарылу геометриясына байланысты болады. Өлшеу үшін ондағы мембрананың қысылуын пайдаланамыз, ол қысымның артуынан пайда болады. Егер мембрана дифференциалды трансформатормен магниттік жүрекше арқылы жалғасқан болса, онда шығыс кернеуі де қысым айырмашылықтарына пропорционал болады, яғни сұйықтық шығынына пропорционал деген сөз. (2.7,а -сурет).Тарылу орнында үйкеліс шығыны пайда болады, оны гидродинамикалық форма арқылы төмендетуге болады. Мұндай құрылғыға мысал ретінде Вентури құбырын алуға болады, (2.7,б -сурет), ол созылмалы және тарылатын сопелден тұрады.Шығынды айналу жиілігі арқылы өлшеуге болады, себебі ол айналу жылдамдығына пропоринал келеді. Бұл принцип көбіне шығын өлшеуіштерде қолданылады, яғни олар құбыр арқылы белгілі мөлшерлі сұйықтық өткен кезде импульс тудырады. Мұндай өлшегішті таза сұйықтар үшін қолдануға болады, себебі кез келген қатты бөлшектер турбинаның айналуына кедергі тудырады. Шығын көлемін өлшеудің қарапайым тәсілі ондағы сұйықта ультрадыбыстың таралу қасиетіне негізделген. Ультрадыбысты өлшеу нәтижесінде сұйықтың орташа жылдамдығын анықтауға болады, ол ультрадыбыс толқындарының таралу жылдамдығы арқылы анықталады. Ультрадыбыстық өлшеу екі пьезоэлектрлі түрлендіргіш көмегі арқылы орындалады, олар құбырдың екі жақтағы қабырғаларына түрлі қашықтықта қойылған, яғни бір-бірінен 10 мм қашықтықта орналасқан, олар сәулелендіру кезінде де, сонымен қатар көріну режимінде де жұмыс жасай береді.
27 Кинетикалық гомогенді химиялық реакцияның математикалық жазылуы.
Гомогенді химиялық реакциялардың кинетикасының математикалық сипаттамасы. Технологиялық үрдістердің ең күрделі саптарының бірі химиялық реакциялардың өтуі болып табылады. Реакцияның химия кинетикасын зерттеу үшін математикалық модельдеуді қолдану ең қолайлы жол. Химиялық кинетиканың негізгі түсінігі химиялық реакцияның жылдамдығы болып табылады. Ол реакциондық кеңістіктің бірлігінде уақыт бірлігіне реакцияланатын заттың мөлшері ретінде анықталады, яғни ,(3.1)
бұл жердегі V – реакциондық кеңістік, ол гомогендік реакцияда көлем болады, ал гетерогендық реакцияда – бет болады; – реакция жылдамдығы; t – уақыт.(3.1) теңдеуін екі шартты ұстанған жағдайда қолдануға болады:1) реакция тұрақты көлем жағдайыда болады;2) бұл көлемді жабық деп есептеуге болады. Егер жабық көлемдегі гомогендық реакция изохоралық түрде өтетін болса (V = const), (3.1) теңдеудегі тұрақты шаманы дифференциал белгісімен көрсетуге болады; = C екенін ескере отырып,бұл жердегі С – концентрация, мына формуланы шығарамыз . (3.2)«Плюс» белгісі реакция нәтижесінде заттың жиналатынын көрсетеді, ал «минус» – заттың шығындалатынын көрсетеді. Сол себептен химиялық реакциялардың жылдамдығын алғашқы заттар үшін «минус» таңбасымен, ал нәтижесіндегі алынатын заттар үшін – «плюс» таңбасымен алады.Әрекет етуші салмақ заңы бойынша, химиялық реакцияның жылдамдығы реакция жылдамдығы константасына және реакция ретіне тең дәрежелердегі реакцияланған заттардың концентрациясының көбейтідісіне пропорционал. Технологиялық үрдістерді зерттеу барысында реакция реті реагенттердің әрқайсысы бойынша оның стехиометриялық коэффициентімен түйісетін жағдайлары жиі кездеседі. Осы жұмыста дәл осындай реакциялар зерттеледі.Келесі түрдегі стехиометриялық теңдеу үшін
(3.3) кинетикалық теңдеулердің түрлері мынандай:
(3.4) (3.5) (3.6)
бұл жердегі А, В, С – компоненттердің белгілері, олар химиялық реакцияға қатысады; k1, k 2 – реакциялардың жылдамдықтарының тұрақтылары; CA ,СB, СC – А, В, С, заттарының концентрациялары, моль/м3.(3.4) – (3.6) дифференциалды теңдеулердің жүйесі берілген үрдістің математикалық сипаттамасы болып табылады. Оның ішіндегі уақытқа тәуелді сәйкес реагенттер концентрациялары ізделетін функциялар болып табылады.(3.4) теңдеуі алғашқы А өнімінің концентрациясының азаю жылдамдығы С-ға пропорционал екенін көрсетеді; (3.5) теңдеуі – аралық В өнімінің концентрациясының азаю жылдамдығы, бір жағынан алғашқы А өнімінің концентрациясынан тікелей тәуелді, ал басқа жағынан С концентрациясына пропорционалды төмендейді. (3.6) теңдеуі ақырғы С өнім концентрациясының жылдамдығының өсуі аралық өнім концентрациясына пропорционал екенін көрсетеді.