Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД МПД КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

1. №3 Тақырып: «Төтенше жағдайлар. Тж психологиялық аспектілер»

2. Мақсаты:

- өзіндік іріктелген, сұрыпталған материалды жетілдіру;

- бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайларды білу;

- ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамаларын білу;

- ТЖ жіктелуін және потенциальды қауіптілік бойынша экономикалық объектілерді білу;

- табиғи және техногенді ТЖ зақымдаушы факторлар көздерінің сипаттамасын білу;

- ТЖ даму фазаларын білу;

- стихиялық оқиғалардың жіктелуін білу;

- ТЖ психологиялық аспектілерін білу;

- психикалық үрдістерді және адамның психикалық жай-күйінің түрлерін білу;

- қысылтаяң жағдайдың әсеріне түскен адамдардың жүріп-тұру қозғалысын оқып үйрену;

- тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарында құзіретті

болу.

3. Тапсырма:

- тақырып бойынша ақпараттық материалдарды жинақтау және

жүйелеу;

- тақырып бойынша ақпараттық материалдарды іріктеп шолу;

- тақырып бойынша тезистер құрастыру;

- ТЖ бойынша бейне материал таңдау;

- орындалған жұмыс бойынша рефератталған баяндама дайындау.

Төтенше жағдайлар. ТЖ психологиялық аспектілер

- бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлар;

- ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары;

- ТЖ жіктелуін және потенциальды қауіптілік бойынша экономикалық объектілері;

- табиғи және техногенді ТЖ зақымдаушы факторлар көздерінің сипаттамасы;

- ТЖ даму фазалары;

- стихиялық оқиғалардың жіктелуі;

- ТЖ психологиялық аспектілері;

- психикалық үрдістерді және адамның психикалық жай-күйінің түрлері;

- қысылтаяң жағдайдың әсеріне түскен адамдардың жүріп-тұру қозғалысы;

- қысымды жоғарлататын жағымсыз факторлар;

- қысым түрлері;

- әсер ету уақыты бойынша психикалық жағдайлар.

4. Орындау түрі:

Реферат – А4 форматындағы, 14 TNR шрифтімен жазылған 10-12 беттен тұратын тақырыптың мазмұны немесе қысқаша баяндау. Құрылымы дәстүрлі: титул парағы, кіріспе, негізгі бөлім, тұжырымдар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат топтың талқылауына түсуі мүмкін.

Рефератстуденттердің өз тандауы бойынша (бір кредитке бір рефераттан) дайындалады. Реферат сұрақтың маңыздылығын толықтай ашып, барынша ақпаратты және өз қорытындысымен болуы тиіс. Реферат кемінде үш әдебиет көзін пайдалана отырып, ұқыпты, өз бетінше орындалады. Рефераттың тақырыбына сәйкес сызбалар, кестелер және суреттер келтіріледі. Рефератты қорғау барысында оқуға тыйым салынады. Қойылған сұрақтарға сенімді және қатесіз жауап береді.

Реферат құрылымы:

- мазмұны;

- кіріспе;

- бірнеше тарау (2 ден 5 дейін);

- қортынды;

- әдебиет тізімі (кітапханалық тізім).

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

- материалды жеткізудің толық болуы;

- қарастырылған сұрақтың маңыздылығы;

- материалды мұқият дайындау;

- өз ойын нақты, тұжырымды және анық жеткізе білу;

- ұсыныстардың және шешімдердің дәлелдігі;

- реферат құрылым талабының қатаң сақталуы;

- тапсырманы өткізу мерзімін сақтау.

Рефератты дайындау және қорғау

Бағалау белгілері

Баға

Өте жақсы:

А (95-100%);

А- (90-94%)

бағаға сәйкес.

Жақсы:

В+ (85-89%);

В (80-84%);

В- (75-79%)

бағаға сәйкес.

Қанағаттанар-лық:

С+ (70-74%);

С (65-69%);

С- (60-64%);

D+ (55-59%);

D (50-54%)

бағаға сәйкес.

Қанағаттанар-лықсыз:

F (0-49%)

бағаға сәйкес.

Рефераттың мазмұны тақырып пен қойылған міндеттерге сай болуы

Рефераттың мазмұны тақырып пен қойылған міндеттерге толығымен сай келеді.

Рефераттың мазмұны тақырып пен қойылған міндеттерге толығымен сай келеді.

Рефераттың мазмұны тақырып пен қойылған міндеттерге толық сай келмейді.

Рефераттың мазмұны тақырыпқа сәйкес емес.

Тақырыптың толықтығы және логикалық қисындылығының толық ашылуы

Тақырып толық ашылған, материал сауатты тілмен баяндалған, қисынды жүйелілікте бағдарламамен алдын ала ескерілгендей мамандандырылған терминология және тапсырма көлемінде символдық мәндер дәл қолданылған. Теориялық жайды растайтын жақсы сападағы көркемдеулерді келтірілген (графиктар, кестелер, схемалар ).

Тақырып толық ашылған, материал бағдарламамен алдын ала жоспарланғандай толық көлемде баяндалған, кисынды жүйелеуде кішкене қателіктер жіберілген, теориялық жайды растайтын жақсы сападағы көркемдеулерді келтірілген (графиктар, кестелер, схемалар).

Рефераттың тақырыбы жеткіліксіз ашылған, графикалары, схемалары және иллюстрациялары ақпараттандырылмаған, сапасыз жасалынған.

Тақырып ашылмаған,

графиктер мен иллюстрациялар тақырыпқа сәйкес емес немесе мүлдем жоқ.

Материалды жинақтау, қортынды жасай білу

Материал жинақталған, айқын және нақты қорытындыланған.

Материал жинақталған, дұрыс қорытынды жасалынған.

Бірікпеген материал ұсынылған, қорытындылары нақты емес және қателіктері бар.

Материал жинақталмаған және қорытындыланбаған.

Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу қабілеттілігі

Заманауи ақпарат көздерін жеткілікті дәрежеде қолданған, библиографиялық сілтемелері сауатты жасалынған.

Заманауи негізгі ақпарат көздері қолданылған.

Ақпарат қайнарларының ең аз саны қолданылған , пайдаланылған ақпарат көздерінің көпшілігі ескірген .

Ақпарат көздері келтірілмеген.

Реферат бойынша сұрақтарға жауап бере білуі

Студент тақырып материалдарын еркін игерген , барлық қойылған сұрақтарға негізді және дұрыс жауап береді.

Студент тақырып материалдарын жақсы игерген , қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Студент тақырып материалын нашар игерген, ең қарапайым сұрақтарға ғана жауап береді.

Студент тақырып материалын нашар игерген,

қойылған сұрақтарға жауап бермейді.

Рәсімдеу талаптарына сәйкестігі

Рефераттың дайындалуы көрсетілген талаптарға толық сай.

Рефераттың дайындалуы әскери кафедраның негізгі көрсетілген талаптарына сай.

Рефераттың дайындалуында

қойылған талаптарға сәйкестіксіздер байқалады.

Рефераттың дайындалуы

қойылған талаптарға сәйкес емес.

6. Тапсыру мерзімдері: СӨЖ қабылдау кестесіне сәйкес.