Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД МПД КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Карточка №2.

Ядролы зақымдану ошағының өртену аймақтары

I- бөлек орналасқан өрт аймағы; II – жаппай өртену аймағы; III – үйіндідегі өртену аймағы; 1 – қирау аймағының шекарасы; 2 - өртену аймағының шекарасы (жарық импульсінің төменгі көрсеткіштері 100кг ядролы оқ-дәрі күшіне сәйкес келеді, ал жоғарғысы-100кг және одан да жоғары)

Ядролы зақымдану ошағында 3 негізгі өртену аймағы бөлінеді:

  • бөлек орналасқан өртену аймағы

  • жаппай өртену аймағы

  • өртенулер мен үйінділер аймағы

Бөлек орналасқан өртену аймағы бөлек тұрған ғимараттарда өртену болған ауданды қамтиды. Жарық импульсінің сипаттамасы келесідей:

  • сыртқы шекарада – 100-200 кДж/м²

  • ішкі шекарада – 400-600 кДж/м²

Ядролы зақымдану ошағының әлсіз бұзылу аймағын қамтиды және жарылыстан кейінгі 20мин ішінде пайда болған өртенулерді өшіру мүмкіндігі бар.

Жаппай өртену аймағы – бұл жарық сәулесінің әсерінен пайда болған өртену, ғимараттардың 50% қиратады және 1 . . . . 2 сағат ішінде осы ауданда орналасқан көптеген ғимараттарға таралатын территория. Бұл жағдайда жаппай өртену ғимараттардың 90% қамтиды. Жаппай өртену аймағы 400 . . . . . 600 кДж/м² жарық импульсімен сипатталады. Ол қатты бұзылулар аймағын барлық орташа бұзылу аймағының жартысын қамтиды. Жаппай өртену аймағына арнайы өрт сөндіру іс-шаралары жүргізілмей, АҚ және ТЖ өтуге мүмкін емес.

Өртену мен үйінділер аймағы – толық бұзылу аймағы мен қатты қирау аймағының жартысына таралады. Бұл аймақта қатты түтіндеу мен ұзақ уақытта өртенулер (бірнеше тәулікке дейін) толық жанбаған заттардан токсикалық немесе қоспалардың шығуы тән. Бұл жағдайда апатты құтқару жұмыстарына қатысып жүрген адамдардың улану қаупі бар. Адамдар өлімінің бір себебі түтін температурасының жоғарылауы. 600С дейін қыздырылған улы ауаның қоспасымен дем алу өлімге әкеледі.

6. Әдебиет:

1. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері және салауатты өмір салтын қалыптастыру» К. Е. Саудабеков Ш.-1999 ж.

2. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері және медицина апаты». Л.К. Фефилова М.-2005ж.

3. А.В.Куценко. «Әскери токсикология, радиобиология және медициналық қорғаныс». С-Петербург-2004ж.

4. Аманжолов Ж.К., Балабас Л.Х. Тіршілік қауіпсіздік негіздері- Астана, 2009ж.

5. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған құралы І кітап.

6. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы5 шілде 1996 ж.

7. Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы, Астана 3 сәіур 2002ж.

8. «Радиацилық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23 сәуір 1998 ж.

9. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Астана, 22 қараша 1996ж.

7. Бақылау

Бақылау сұрақтары:

1. Ядролық (радиациялы) зақымдану ошағын анықтау.

2. Соққы толқынын анықтау.

3. Ядролық жарылыстың жарық сәулесі дегеніміз не?

4. Адамдарға ену сәулесінің зақымдаушы әсері дегеніміз не?

5.Бұлт қозғалысы бойынша жарылыс болған аймақтағы радиоактивті жараланудың сызбасы.н келтіріңіз.

6. Ядролық зақымдану ошағының қандай өртену аймақтары болады?

Тесттер:

1. Жаппай-қырып жою қаруына ... қару жатады.

А) ядролық

В) кәдімгі

С) генетикалық

D) информациялық

E) климатикалық

2. Соққы толқынының пайда болу себебі:

А) шектен тыс қысым

В) жоғары температура

С) альфа, бета және гамма бөлшектерінің бөлінуі

D) ылғалды атмосфера

E) жердің беткі қабатының толқуы

3. Соққы толқынының әсері адамдарға ... тудырады.

А) түрлі ауырлықтағы жарақаттар

В) жұқпалы аурулар

С) жүйке жүйесі жұмысының бұзылуын

D) көру функциясының жоғалуын

E) есту функциясының жоғалуын

4. Ядролық жарылыстан пайда болатын жарық сәулесі ... алып келеді.

А) терінің күюіне

В) мидағы орталықтардың салдануына

С) шаштың түсуіне

D) жүйкелі-психикалық өзгерістерге

E) тұншығуға

5. Жаппай- қырып жою қаруын қолданған жағдайда халықты қорғау үшін қолданылады ….

А)паналау ғимараттары

В) демалу аймақтары

С) көліктер

D) үйлер

E) ағаштар

6. Жаппай- қырып жою қаруынан коллективті қорғану үшін ... қолданылады.

А) паналау ғимараттары

В) тұрғын үйлер

С) сайлар

D) ормандар

E) үй шатырлары