Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД МПД КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

6. Әдебиет

1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.

Оқу құралдың І және ІІ кітабын құрастыруына ТЖ мен АҚ республикалық курстарының қыжметкерлері мен мұғалімдері: Суровцев А. А., мельников Е. Н., Малеваный С. В., Медведева Н. М., Шарипханов С. Д., және Хурсанов С. К. Қатысты. Мемлекеттік тілге аударған: Жүнісбаев Н. Ә.

2.Гражданская оборона. Учебник под редакцией Шубина Е. П., Москва. 1997.

3.Белов С. В. Безопасность жизнедеятельности. Высшая школа, Москва. 1999.

4.Демиденко Г. П. и др. Справочник. Защита объектов народного хозяйства от оружия массового поражения. Киев. Высшая школа. 1989.

5.Дудин П. Г. и др. Безопасность жизнедеятельности. Таганрог. ТРТУ. 1993.

6.Рагимов Р. Р. и др. Безопасность жизнедеятельности. Ростов - на - Дону. РГУ. 2001.

7. Бақылау

Сұрақтар

1. Аяқты соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

2. Қолды соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

3. Иық буынын шығарып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

4.Шынтақ буынын шығарып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

№13 тақырып: Сынықтар кезіндегі кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

Сағат саны: 2

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

Өңдеген: оқытушы Турманова Ж.О.

1. Тақырыбы: Сынықтар кезіндегі кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

2. Мақсаты:

- өзіндік жұмыс дағдысын дамыту және бекіту;

- сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету мен оның ерекшеліктерін оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты:

- сынықтар кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсете алуы;

- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;

- интерактивті оқу технологияларын ендіру;

-топ және топтар арасындағы қарым-қатынастарды дамыту;

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық қызмет көрсетуді;

    • Студент біліп келуге тиісті мәліметтер

- сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: сұрастыру, рөлдік ойын, жұптасып жұмыс істеу, кеспе қағаздармен жұмыс.

  • Студенттердің тәжирибелік сабағына дайындығын теориялық сұрақтар арқылы тексеру.

Сұрақтар:

1.Сынықтар дегеніміз не?

2.Сынықтың түрлері қандай?

  • Рольдік ойын

Сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Сүйектің сынуы - бұл оның тұтастығының бұзылуы, ішінара (сүйектегі жарқын-шақ) немесе толық сынуы мүмкін. Сүйек сынған жердегі терінің зақымданған немесе зақымданбағандығына байланысты сүйектің сынуы ашық және жабық деп аталады.

  • Студенттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орынларымен аусады):

  • бірінші топ – сынық алғандар(иық сүйектерінің,шынтақ сүйегінің) ;

  • екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.

Екінші топтағы студенттер жаттығуды бастамай жатып бірінші топтағыларға соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек (өзіне және бір-біріне көмек)көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.

Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі(медициналық қорапшаны,суық компрессті,орамалды қолдану):

1. Ашық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:

  • келесі жолдармен артериалды қан кетуді уақытша тоқтату керек: қатты қан кетіп жатқан жерден жоғарыға жгут салу, жарақаттан жоғарғы жерінде артерияны саусақпен басу немесе жарақат ішінде залалсыздандырылған дәке анжысымен басу;

  • сынған жердегі жарақатқа стерильді таңғыш қою;

  • ауыртпайтын дәрі беру;

  • зақымданған қалыптағы жағдай бойынша иммобилизация жасау.

2. Жабық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:

  • иммобилизация жасау (сынған жерді қозғалтпау);

  • ауыртпайтын дәрі беру.

Алғашқы медициналық көмек көрсету:

    • иық сүйегі сынған кезде – шынтақ және бұғананың арасында орналасқан сүйек сынығы:

      1. Зақымдалған қолды қозғалтпау керек, бұл кезде ауырғаны азаяды және сынған сүйекті қоршаған ет-ткандерінің, қан жүретін тамырларының, жүйкелерінің асқынуы жойылады;

      2. Абайлап зақымдалған қолдан киімді шешу немесе киімді жырту;

      3. Сынған жерді қарап шығып және оның жабық сынық екеніне көз жеткізіп, иммобилизация жасап шинаны қою.

Иммобилизация дегеніміз – зақымдалған дененің бөлігін қозғалтпауын айтады.

Латын тілінен аударғанда «иммобилизация» сөзі «қозғалмау» деген мағынаны бідіреді. Иммобилизацияның екі түрі болады: транспорттық және емдік. Үшінші күні тек транспорттық қаралады.

ЕСКЕРТУ:

Қатты зембіл жоқ болған жағдайда зақымданушыны ішіне жатқызып, кеудесіне және сирағана жастық қойып тасымалдайды.

Көлік иммобилизациясын жүргізгенде мына тәртіптерді орындау қажет:

  1. Иммобилизация үшін пайдаланатын шиналар берік бекітілуге және сынған жерді өте жақсы көрсетуге тиіс.

  2. Иммобилизация кезінде аяқ-қолға физиологиялық жағдай жасау керек.

  3. Ашық сынық кезінде сүйек сынықтарын жөндемейді, таза таңғыш қойылады.

  4. Шинаны бірден жалаңаш қолға қоюға болмайды. Олардың үстіне алдын ала мақта, киім, сүлгі қойылуға тиіс.

  5. Сынық төңірегінде артық қозғалысты болдырмай сынықтың үстімен астындағы екі буынды бекем байлау керек

  6. Дұрыс жасалынған иммобилизация тез жазылуға және асқынудың болмауына алып келеді.

    • Шынтақ сүйегі сынған кезде – шынтақ пен саусақ сүйектері арасында орналасқан, ол шынтақ бутағының жанында байқалады. Сынықтың бұл түрі шынтақ буынындағы қан ұйуының асқынумен жүреді.Шынтақ буыны қан жүретін тамырлармен жақсы қамтамасыз етілгентіктен, сынған жағдайда тамырлардың жарылуы пайда болады, сонымен қатар сынық болған жердегі ткандердің ісінуімен асқынады:

1.Ісінген жерге мұздай зат қою.

2.Содан соң шынтақ буынына шина қою. Білек сүйегі сынған кезде шинаны саусақтарды қамти отыра иыққа жақындатып қояды, шынтақ пен кәрі жілік және білек буындарының қозғалмауын қадағалап, байламға іліп қояды.

Жарадан қан кету және ашық сынық болған жағдайда, қан кеткен жерге міндетті түрде тығыз таңғыш (бинттен, дәкеден, орамалдан) қойылады, қолда бар материалмен орап, кәдімгі әдіспен шина қойылады. Егер шина қолдағы бар заттардан қойылытын болса, онда оны қолданбай тұрып, жақсылап қарап шығу, артық лас заттардан тазалау, кез-келген материалмен орау және содан кейін ғана сынған жерге қойылуға тиіс.

С туденттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орынларымен аусады):

  • бірінші топ – сынық алғандар(сирақтың, сан сүйегінің) ;

  • екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.

Екінші топтағы студенттер жаттығуды бастамай жатып бірінші топтағыларға соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек(өзіне және бір-біріне көмек)көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.

Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі (медициналық қорапшаны,суық компрессті,орамалды қолдану):

1. Ашық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:

  • келесі жолдармен артериалды қан кетуді уақытша тоқтату керек: қатты қан кетіп жатқан жерден жоғарыға жгут салу, жарақаттан жоғарғы жерінде артерияны саусақпен басу немесе жарақат ішінде залалсыздандырылған дәке анжысымен басу;

  • сынған жердегі жарақатқа стерильді таңғыш қою;

  • ауыртпайтын дәрі беру;

  • зақымданған қалыптағы жағдай бойынша иммобилизация жасау.

2. Жабық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:

  • иммобилизация жасау (сынған жерді қозғалтпау);

  • ауыртпайтын дәрі беру.

  • Рөлдік ойын

    • Сирақ сүйегі сынған кезде – көбінесе үлкен сан жілігі немесе қос сан жілігі зақымдалады. Бұл сынықтар сирақ сүйегі қатты соққы алғаннан пайда болады. Сүйектің ығысуынсыз болған сынықтан зақымданушы аяғын баса алады және емін-еркін қозғалады. Алайда сирақ сүйектерінің ығысуы пайда болады және тізе буынының сіңірлері, сондай-ақ тізе тамырлары және жүйкелері зақымдалады. Тез арада аяқтың және буынның ісінуі ұлғаяды, қатты ауырыды, қозғалғыш функциялары бұзылады. Аяқты жанынан қараған кезде оның қысқаруы және формасының бұзылуы байқалады. Алғашқы көмек аурғанын қойдырту, зақымдалған жерге тыныштық беру болып табылады. Тез арада ісінуіне байланысты:

      • зақымданушыны тез жатқызу;

      • ісінген жерге мұздай зат қою;

      • сүйек сынықтарына иммобилизация жасау.

  • Сан сүйегі сынған кезде – жабық және ашық түрі болады.Сан сүйегі сынған кезде, нақты сынатын жерлері болады; бұл сан сүегінің басының жерлері, екі жамбас сүйегі және жамбас сүйегінің басы.Көбінесе олар жасы келген және қарттардың жасында байқалады. Негізгі белгілері – бұл ауыруы, аяқтардың қысқарылуы, аяқтардың жайсыз жағдайда болуы, патологиялық қозғалуы, сынған жердің ісінуі. Сан сүйегі сынған кезде алғашқы медициналық көрсету үшін кем дегенде екі адам болуға тиіс. Басқа да сынықтар кезіндегідей, шина қойылады, бірақ шина жеткілікті ұзын болуға тиіс. Сыртқы шина шаттан төмен қарай бүкіл аяққа қойылады, табаннан сәл жоғары болуға тиіс.