Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД МПД КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

2. Мақсаты:

- өзіндік жұмыс дағдысын дамыту және бекіту;

- соғып алу, буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету мен оның ерекшеліктерін оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты:

- соғып алу, буынның шығуы кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсете алуы;

- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;

- интерактивті оқу технологияларын ендіру;

-топ және топтар арасындағы қарым-қатынастарды дамыту;

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- соғып алу, буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық қызмет көрсету;

  • студент біліп келуге тиісті мәліметтер:

- соғып алу, буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету;

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: сұрастыру, рөлдік ойын, жұптасып жұмыс істеу, ауызша сұрақтар.

  • Студенттердің тәжирибелік сабағына дайындығын теориялық сұрақтар арқылы тексеру.

Сұрақтар:

1. Соғып алу дегеніміз не?

2. Соғып алудың қандай негізгі белгілері болады?

3. Буынның шығуы нені білдіреді?

4. Буын шығуының қандай негізгіә белгілері болады?

  • Рольдік ойын

Соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Соғып алу – ткандердің жабық зақымдалуы және органдардың структураларының бұзылмауы.Әдетте соғып алу қатты затпен ұрғаннан және құлағаннан болады.Ткандердің үстіңгі жақтары жиірек зақымдалады( тері, теріасты жасушалары, еттері және үстіңгі сүйектері)Әсіресе қатты соққыдан соғып алу кезіндегі сүйекке батырылған жұмсақ ткандер зақымдалады.

Сирақты соғып алған кезде, оның тері және теріасты жасушаларының сүйекке жабысқан жерінде терінің өлуі және одан арғы күшпен тартылуы пайда болады. Шала қорғалынған жұмсақ ткандер соғалған кезде сүйек асты қатпарланып ауырып ғана қоймай, сүйектер зақымдалады (жарылуы және сынуы).

Студенттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орынларымен аусады):

  • бірінші топ – соғып алушыларға(аяқты,қолды) ;

  • екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.

Екінші студенттер топтағы жаттығуды бастамай жатып бірінші топтағыларға соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек(өзіне және бір-біріне көмек)көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.

Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі (медициналық қорапшаны,суық компрессті,орамалды қолдану):

  1. Соғылған жерге мұздай зат қою:

Соғылған жердің көлеміне қарай кезкелген суық зат қойылады: тиын, суық суға салынып сығылған мата бөлігі.Мұндай компрессті жылыған сайын ауыстырып отыру қажет.Соғылған жерге тағы да пластикалық пакетке толтырылған су немесе муз қоюға болады. Қысқы уақытта соғылған жерге пластикалық пакетке салынған немесе матаға оралған қар және мұз қоюға болады.

  1. Соғылған жерге тығыз таңғыш қою.

  2. Зақымдалған жерге тыныштық беру.

  • Рөлдік ойын

Буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Буынның шығуы - оның функцияларының бұзылуына алып келетін, сүйектің буындарының дәл жалғануы. Көптеген жағдайларда буынның шығуы зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат болып табылады.Мойын омыртқаның шығуы кезінде ми шиыршығының қысылуының салдарынан дененің және аяқтың, қол еттерінің жансыздандырылуы, тыныс жолының және жүректің жұмыс істеуінің бузұлуына алып келуі мүмкін.Буын шығуының негізгі белгілері:қатты ауруы, буынның формасының өзгеруі, орнынан қозғала алмауы немесе жай қозғалуы.

Студенттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орындарымен аусады):

  • бірінші топ – буынын шығарғандар (иық буынын,шынтақ буынын,санның);

  • екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.

Екінші топтағы студенттер жаттығуды бастамай жатып бірінші топтағыларға соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек (өзіне және бір-біріне көмек) көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.

Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі(медициналық қорапшаны,суық компрессті,орамалды қолдану):

Алғашқы медициналық көмек көрсету:

  • иық шыққан кездегі:

- ауырғанды азайту, кез-келген ауыртпайтын дәрі беру( аналгин, кішкене ішімдік).

- иық шыққан қолды бүктіріп, орамалмен байлап мойынға асып қою.

- тез арада зардап шегушіні жарақаттар пунктіне жеткізу.

  • шынтақ сүйек шыққан кезде:

- қолды сол қалпында қалдырып қолда бар затпен – үлкен орамалмен, сүлгімен, киімнің бөлігімен айқындап қою.

- саусақ сйектері іскен кезде жоғары жағдай жасап,мұздай зат қою( пластикалық ыдысқа немесе жылытпаға мұз салу немесе мұздай су құю).

- ардап шегушіні тезарада жарақат бөліміне немесе кез-келген емдеу мекемесіне жеткізу.

  • санның шығуы кезінде:

- буын зақымдалған жерге мұздай зат қойып, зардап шегушіні арқасына жатқызу.

- киімнен жасалған жастықты астына қойып буынды қозғалтпау.

- кез-келген ауыртпайтын дәрі беру( аналгин, кішкене ішімдік).