Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД МПД КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

№11тақырып: Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

Сағат саны: 2

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

Өңдеген: оқытушы Турманова Ж.О.

1. Тақырыбы: Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

2. Мақсаты:

- өзіндік жұмыс дағдысын дамыту және бекіту;

- жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету мен оның ерекшеліктерін оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты:

- жаралану кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсете алуы;

- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;

- интерактивті оқу технологияларын ендіру;

-топ және топтар арасындағы қарым-қатынастарды дамыту;

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

- студент біліп келуге тиісті мәліметтер

- жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: сұрау, рөлдік ойын, жұптасып жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау.

  • Студенттердің тәжирибелік сабағына дайындығын теориялық сұрақтар арқылы тексеру.

Сұрақтар:

  1. Асептика нені білдіреді?

  2. Таңғыштарды таңу тәртіптері?

  3. Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі?

  4. Алғашқы көмек кезінде не жасауға тиым салынады?

  • Рольдік ойын

Жарақат дегеніміз – тері жамылғысының, терең орналасқан тіндердің және органдардың зақымдануы. Жара тосын оқиға және жарақат кезінде зақымданудың көп бөлігін алады.Жарақат үстінгі және терең болады.

Жарақаттың белгілері болып табылады қан кету, ауруы және органдардың функциялары бұзылуы.

Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек(аяққа, қолға).

Студенттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орындарымен аусады):

  • бірінші топ – жарақат алғандар ;

  • екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.

Екінші топтағы студенттер жаттығуды бастамай тұрып бірінші топтағыларға жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек(өзіне және бір-біріне көмек)көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.

Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі(медициналық қорапшаны қолдану).

Жарақат (аяққа, қолға) кезіндегі алғашқы медициналық көмекті көрсетуде қажет етеді:

  1. Зардап шегушінің жалпы жағдайын анықтау, керек болған жағдайда ауыртпайтын дәрі беру.

  2. Зардап шегушінің қарап шығу және зақымданған жерін анықтау.

  3. Келесі жолдармен артериалды қан кетуді уақытша тоқтату керек: қатты қан кетіп жатқан жерден жоғарыға жгут салу, жарақаттан жоғарғы жерінде артерияны саусақпен басу немесе жарақат ішінде залалсыздандырылған дәке анжысымен басу.

  4. Жараның жанындағы жыртық киімдерді, ластарды, бөгде заттарды жою. Жараның үстіндегі бөгде заттарды және сүйек қалдықтарын жарадан алуға болмайды,

  5. Жараны қайта ластануды болдырмау, ол үшін жара жанындағы теріні дезинфекциялық ерітінділермен (йод, марганцовка, спирт, әтір, бензин ) 2-3 рет сүрту. Мұндай жараны тазалау шетінен сыртына қарай орындалады.

  6. Жарақат аймағын залалсыздандырылған таңғыш заттармен жабу. Таңғышты оң қолымен алып, оның ұшын сол қолмен ұстайды. Таңғышпен ораған кезде оның әрбір оралған бөлігін келесі орағанда жартысын жабу керек. Аяқ – қолды таңу оның жіңішке жағынан бастап және жуан жағына жалғасады. Бірінші қойылған таңғыш ауыртпау керек және қан айналымын бұзбауы тиіс. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде стерильді орамалдың орнын стерильді жастықшалар қолданады. Жараның бетіне жастықшалар ішкі бетіне жанынан орналасады.

  7. Зардап шегушіні тез арада зақымданған органға қауіп тигізбей емдеу мекемесіне жеткізу керек.

Алғашқы медициналық көмекті көрсеткен кезде болмайды:

  1. жараны спиртпен және йодпен өңдеуге болмайды, себебі жараны күйдіріп жіберуі мүмкін;

  2. жараға жабысып қалған киімді жұлып алуға болмайды;

  3. жараға май және мазьдерді жағуға болмайды;

  4. жараға мақта қоюға болмайды.