Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД МПД КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

«Кіші топта жұмыс жасау»

Аумақтың радиоактивті зақымдануы мен бұзылу жерлері және ядролы зақымдану ошағының өртену аймақтары ақпаратпен алдын-ала дайындалған карточкаларын алып, студенттерді екі топқа бөліп және әрқайсысына бір-біреуден карточкаларды беру . Әр топқа өзінің карточкаларындағы ақпаратты оқып саралауына уақыт беру, содан кейін әр топ өз ақпаратымен келесі топпен алмасады. Студент өзінің әр топтасымен ақпарат алысып болмағанша, жаттығу жалғасады.

Жаттығудың мақсаты студент өзінің ақпаратымен басқа студентпен бөлісіп, одан басқа ақпарат алады. Жаттығу аяқталғаннан кейін, студенттер бір-бірінен алған білімдері туралы айтып беру тиіс.

Өткізу ережесі:

  1. Студент ақпаратты мұқият тындап, есте сақтауы тиіс.

  2. Алған ақпаратты дәл кеспе қағазда берілгендей, басқаға сол түрде жеткізүі тиіс.

  3. Бір мезгілде тек бір студентке ақпаратты айтып және содан ақ ақпарат алұға болады.

  4. Айтып жатқан студентті бөлуге болмайды.

  5. Уақыт тәртібін қатал сақтау қажет.

Карточка №1.

Аумақтың радиоактивті зақымдануы мен бұзылу жерлері

ٕІ, ІІ, ІІІ, ІV – сәйкесінше әлсіз, орташа, күшті және толық бұзылыстар, 1-радиоактивті зақымдану аумағы (А, Б, В, және Г- сәйкесінше әлсіз, күшті, қауіпті және аса қауіпті аумақтар) 2 – жел бағыты, R-ядролы жарылыс ошағының радиусы.

Толық бұзылу аумағы – 50кПа және одан да жоғары ауа соққы толқынының фронттағы артық қысымымен сипатталады. Бұл аумақта өндірістік тұрғын-үй ғимараттары жарылыс эпицентріне жақын орналасқан қорғаныс аймақтары да толығымен қирайды. Жаппай үйінділер пайда болады. Жарық сәулесінен өртенген конструкциялар қираған ғимараттарды басып, ауаға көп мөлшерде түтін шығарады.

Күшті бұзылу аумағы фронтта 50-ден 30 кПа дейінгі ауа соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аумақта өндіріс және тұрғын-үй ғимараттары толығымен қирайды. Қираған ғимараттар орнына жаппай және жергілікті үйінділер пайда болады. Жарық сәулесінен жаппай өртенулер туындайды.

Орташа бұзылу аумағы – фронтта 30-дан 20 кПа дейінгі ауа соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аумақта ғимараттар орташа бұзылысқа ұшырайды, ағаштан жасалған құрылыстар толығымен қирайды, бөлек орналасқан үйінділер мен жаппай өртену пайда болады.

Әлсіз қирау аумағы – фронтта 20-дан 10 кПа дейінгі ауа соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аумақта ғимараттар толығымен бұзылмайды, бөлек орналасқан өртенулер пайда болады. Адамдардың зақымдануы соққы толқынынан басқа, қосалқы әсерден (ғимараттардың ұшқан бөліктері, ағаштар және т.б.) болады.

Адамдар жарақаттануының деңгейі келген толқынның артық қысымына, адамның орналасуына және қорғаныс деңгейіне байланысты. Алған жарақаттар келесідей бөлінеді: әлсіз (∆Рф=0,2-0,4 кгс/см2), орташа (∆Рф=0,5 кгс/см2), және ауыр (∆Рф>0,5 кгс/см2). Егер қысымы 1кгс/см²- ден жоғары болса жарақаттар аса қауіпті және адам өліміне әкеледі.

Ядролы зақымдану ошағы күрделі өртену жағдайымен сипатталады.