Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД МПД КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Тыңдаушылардың шабуылға дейінгі іс-әрекеті:

  • халыққа хабар беру үшін қолданылатын сигналдар түрімен танысу;

  • паналау ғимаратына баратын жақын жолдармен танысу;

  • тағам, су қорларын, медикаменттерді, құжаттарды, ақшаны дайындау;

  • жеке қорғаныс құралдарын, газқағарды, респираторды дайындау;

  • өрт сөндіру құралдарын дайындау.

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

«Әуе дабылы» сигналы кезінде

Сигналдан кейінгі іс-әрекет

«Әуе дабылы» сигналы берілген соң өзімен бірге жеке қорғаныс киімде-рін, медициналық қобдишаны, құжаттарды, ақшаны, су мен тағам қорларын алып паналау ғимаратына түсу керек.

Үйден шығар алдында терезелерді қараңғылап, есік терезені жауып, электр желілерін ажырату қажет.

Тез арада паналау ғимаратына жету керек.

Паналау ғимаратынан тек «Әуе дабылы» тоқтағаннан кейін шығу керек.

Үйге келген кезде үй қабырғаларының, шатырдың, есіктердің бүтіндігін тексеріп барын ішіне кіруге болады.

Үй ішіндегі электр желілерінің бүтіндігін тексеру керек.

Зақымданған адамдарға, құтқарушыларға көмек көрсету.

Өрт болып жатса өрт сөндірушілер келгенше өртті сөдіруді ұйымдастыру керек.

6. Әдебиет

  1. Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы, Астана 3 сәіур 2002ж.

  2. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Астана, 22 қараша 1996ж.

  3. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау бойыша нормативтік актілерінің жинағы / Н.Д. Спатаевтің, К.А. Абдабаеваның ред. – Қарағанды,- 356 б.

  4. Тіршілік қауіпсіздік негіздері А.С. Гинин., В.Н. Новиков. Москва-2002 ж. ФАИР-ПРЕСС, 2002 – 228 б.

  5. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері. Негізгі талаптар (ҚР ӨҚЕ 08-97), Алматы, 1999ж.

  6. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.

  7. «Өмір қауіпсіздігі негіздері» / Тайжанов С. – Алматы-2010 ж.

7. Бақылау:

Бақылау жұмысы:

1-нұсқа

  • Паналау ғимараттарының тағайындалуы және қауіпсіздігі.

  • Адамдар үйде болғанда «Әуе дабылы» сигналы кезінде ауыл және қала халқының іс-әрекеті.

  • Панахана бөлмесінің биіктігі қанша болу керек?

2-нұсқа

  • Паналау ғимараттарының ішіндегі тәртіпті сақтау негіздері.

  • «Әуе дабылы» сигналы кезінде көшеде немесе автотранспортта болған кездегі сіздің іс- әрекетіңіз.

  • Панахана бөлмесінің көлемі бір жасырынушыға қанша?

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

№10 тақырып: Әуе қауіптілігі кезіндегі халықтың іс-әрекеті. Жарамсыз газқағарды пайдалану тәртібі.

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

Сағат саны: 2

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

Өңдеген: аға оқытушы Жақсылықкеліні Ұ.А.

1. Тақырыбы:. Әуе қауіптілігі кезіндегі халықтың іс-әрекеті. Жарамсыз газқағарды пайдалану тәртібі.