Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД МПД КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

№ 9 тақырып: Тұрғындарды инженерлік қорғау. Адамдарды қорғаныс ғимаратына жасыру және халықты көшіру.

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

Сағат саны: 2

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

Өңдеген: аға оқытушы Жақсылықкеліні Ұ.А.

1. Тақырыбы: Тұрғындарды инженерлік қорғау. Адамдарды қорғаныс ғимаратына жасыру және халықты көшіру.

2. Мақсаты:

- паналау ғимараттарын тағайындау мен оның қолданысын түсіндіру;

- паналау ғимараттарын пайдалануын және орналасу тәртібін білу;

- студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, алған білімін тереңдету;

- тақырыпқа студенттің қызығушылығын арттыру.

3. Оқыту мақсаты:

- ТЖ кезінде өзін-өзі қорғаудың әдіс-тәртібін үйрену;

- паналау ғимараттарының жіктелуін талдау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Студент біліп келуге тиісті мәліметтер:

- адамдарды қорғаныс ғимаратына жасыру;

- халықты көшіру;

- қорғаныс ғимаратының жіктелуі;

- панахана;

- паналау ғимаратының құрылысы. Ішін толтыру тәртібі;

- бейбіт уақытта қорғаныс құрылыстарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі;

  • Студент меңгеріп келуге тиісті дағдылар:

- әуе қауіптілігі кезіндегі халықтың іс-әрекеті;

- паналау ғимаратының ішін толтыру нормативі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: сұрақ-жауап, пікірталас, нормативтерді орындау.

  • Қысқаша теория

Халықты қорғау қағидасы – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгілеген ережелер.

05.07.1996ж. Қазақстан Республикасынын «Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туралы» Заңының 1-тарауының 3-бабында халықты, қоршаған орта мен ШО табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде қорғаудың негізгі қағидалары анықталған.

Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және қазіргі замаңғы заманауи соққы беруден қорғау, үш негізгі қорғау тәсілі кіретін, кешенді шараларды өткізумен іске асырылады:

  • қорғаныс ғимаратына адамдарды жасыру;

  • тұрғындарды көшіру және орналастыру;

  • халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету.

Адамдарды қорғаныс ғимаратына жасыру халықты соғыс кезінде заманауи соққы беру құралдарынан қорғаудың негізгі тәсілі болып табылады. қорғаныс ғимараттары – бұл панаханалар, радиацияға қарсы жасырыну (РҚЖ) және қарапайым панаханалар.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру жолымен халықты қорғауды қамтамасыз етудің ең маңызды шарттарының бірі, панаханалар мен РҚЖ-ны тұрақты дайындықта ұстау, сондай-ақ АҚ дабылы болғанда халықты оларға тезірек кіруге үйрету.

Сонымен қатар, ТЖ туындағанда панаханалар мен РҚЖ басқару пункті ретінде қолданылады.

Халықты көшіру әсіресе бейбіт уақытта болған ТЖ-ға, сондай-ақ соғыс уақытында қала тұрғындарын осы замаңғы соққы беру құралдарынан қорғауға тән.

Халықты жеке басын қорғау үшін қолданылатын құралдармен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары, радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалды құралдардың организмнің ішіне, теріге және киімге түсуінен, жұғуынан қорғауға арналған.

Олар келесілерге бөлінеді:

  • тыныс салу органдарын қорғау тәсілдері (ауаны сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы, (ПТМ-1) және мақта-дәке таңғышы);

  • теріні қорғау тәсілі (арнайы оқшаулап қорғайтын киім, тұрғындарды қорғайтын сүзгі және бейімделген киімі).

Жеке басын қорғау заттарын қолдану – халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.

Халықты қорғау республикамыздағы АҚ-ның басты міндеті, себебі адамдар – ең жоғарғы құндылық болып табылады, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ-ның алдын-алу мен әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.

Халықты инженерлік қорғау шаралары: бүкіл республика аумағында алдын ала; экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларының кешенінде жоспарланады және жүзеге асырылады; дифференциялау (панаханалар АҚ бойынша топтарға жататын қалалар мен аса маңызды объектілерде, радиациядан қорғайтын орындар қаланың сыртындағы (қауіпсіз) аймақта салынады) жүргізілуі тиіс; халық қорғаныс ғимаратын дұрыс пайдалануға дағдылануы қажет; халыққа хабарлау жүйесі ТЖ туындау қаупі мен туындауы кезінде АҚ дабылдары мен ақпараттарды беруге тұрақтары даярлықта болуы тиіс.

Қорғаныс ғимараттары – бұл инженерлік ғимарат, ол халықтың радиоактивтік, химиялық, бактериалдық және жарылғыш заттардан зақымдануын барынша азайтуға арналған.

Алған білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

  • Халықты қорғау қағидасы.

  • ТЖ кезінде қорғаудың негізгі қағидалары қай заңда, қай жылы анықталған?

  • Соққы беру құралдарынан қорғаудың негізгі тәсілі қайсы?

  • Қорғаныс ғимараттары дегеніміз не?

  • Халықты көшірудің басты мақсаты неде?

  • Жеке қорғаныс құралдарына не жатады?

  • Халықты инженерлік қорғау шаралары қалай жүргізіледі?

  • Қорғаныс ғимараттары қалай жіктеледі?

  • Панахана сиымдылығы бойынша қаншаға қалай бөлінеді?

  • Жылдам тұрғызылатын панаханалардың салыну уақыты мен жұмыс ережелері.

  • Қарапайым паналау ғимараттарының құрылымы қандай?

  • Паналау ғимараттары не үшін керек?

  • Паналау ғимаратының қауіпсіздігінің мағынасы неде?

  • Паналау ғимараты ішінде рұхсат етілмейтін әрекеттер.

  • Бейбіт уақытта қорғаныс құрлыстарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі қалай?

П АНАХАНА

Радиациядан қорғануға арналып құрылған жертөле

Қарапайым панахана

Материалды сапалы меңгеру үшін тәжірибелік жаттығулар өткіземіз:

Паналау ғимаратының ішін толтыру нормативі

Топ паналау ғимаратынан

30 метр қашықтықта тұр

3 минут

4 минут

5 минут

Оқытушы студенттер санына, паналау ғимаратына дейінгі қашықтыққа, есіктердің кіргізу мүмкіндігіне байланысты (баспалдақ алаңдарына және т.б.) норматив уақытын өзгерте алады.