Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД МПД КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

№ 7 тақырып: «Өрт жағдайын бағалау»

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр

Мамандық: 5B11040 – Дәрігерлік емдеу ісі

Сағат саны: 2

2013ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама № __ «__» _______ 2013 ж.

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.

Өңдеген: оқытушы Сырманова З.К.

1. Тақырыбы: Өрт жағдайын бағалау.

2. Мақсаты:

-студенттерді елді – мекендегі және өнеркәсіптік объектідегі өрт жағдайын бағалаумен таныстыру;

-студенттерді АҚ ұйымдастыру және ТЖ шараларына қатысу кезіндегі азаматтық позиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу.

3.Оқыту мақсаты:

-елді – мекендегі өрттің таралу мүмкіндігін және оның болу ұзақтығын бағалауды білуді;

-қауіптілік төнген жағдайда төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі;

-оқытудың интерактивті технологияларын енгізуді;

-топта және топтар арасында арақатынасын дамыту.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

-елді – мекендегі және өнеркәсіптік объектідегі өрт;

-өрт жағдайын бағалау.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ақпаратпен жұмыс, топта жұмыс істеу, жағдайға байланысты тапсырманы орындау.

Ақпаратпен жұмыс Елді – мекендегі және өнеркәсіптік объектідегі өрт

Елді – мекендердегі өрт жағдайы құрылыс ошағының сипаттамасымен, ғимараттар мен имараттардың отқа төзімділігімен, объектінің өрт қауіптілігі санатына сүйене отырып анықталады.

Ғимараттар мен имараттардың отқа төзімділік дәрежесі өрт кезіндегі жоғары температуралардың әсер етуі кезіндегі олардың негізгі конструкцияларының тұрақтылығына байланысты.

Ғимараттар үшін отқа төзімділіктің бес дәрежесі тіркелген:

Ι дәреже – 2 сағаттан кем емес құлайтын элементтердің отқа төзімділік шегі (ҚЭОТШ);

ΙΙ дәреже – 1,5 сағаттан кем емес ҚЭОТШ;

ΙΙΙ дәреже – 45 минуттан кем емес ҚЭОТШ;

ΙV дәреже – 15 минуттан кем емес ҚЭОТШ;

V дәреже – ҚЭОТШбақыланбайды.

Өрт кезінде газ және электр желілерінің, соққы толқынының ΔРф = (30…40) кПа артық қысым шебіндегі Ι және ΙΙΙ дәрежелі отқа төзімді ғимараттардың және ΔРф = (20…30) кПа – ΙV және V дәрежелі отқа төзімді ғимараттардың зақымдалуы кезінде жарылыс болуы мүмкін.

Объектідегі өрт қауіптілік санаты өнеркәсіпте (1-кесте) қолданылатын (сақталатын, тасымалданатын, өңделетін және т.б.) заттар мен материалдардың жану, өрт – жарылыс қауіптілік сипатына сүйене бекітіледі.

1кесте

Өрт және өрт – жарылыс қауіптілігі бойынша қоймалардың сипаты

Қойма санаты

Қоймадағы бар (қолданылатын) заттар мен материалдардың сипаты

А

өрт жарылыс қауіпті

Жанғыш газдар, 28°С температурадан кем емес температурада жарылатын тез тұтанатын сұйықтықтардың үлкен мөлшерінен қоймадағы жарылыстың артық қысымы 5 кПа асуы нәтижесінде жарылыс қауіпті бу-ауа-газ қоспалары түзіледі. Сумен, ауадағы оттегімен немесе бір-бірімен әрекеттесуі кезінде жарылуы және жануы мүмкін заттар мен материалдардың көптігінен қоймадағы жарылыстың артық қысымы 5кПа асады.

Б

өрт жарылыс қауіпті

Жанғыш шаңдар немесе талшықтар, 28°С температурадан көп температурада жарылатын тез тұтанатын сұйықтықтар, жанғыш сұйықтықтардың көп мөлшерде болуынан қоймадағы жарылыстың артық қысымы 5 кПа жоғары болуы нәтижесінде жарылыс қауіпті шаң-ауалы немесе бу-ауалы қоспалары түзіледі.

В1–В4

өрт қауіпті

Жанатын және қиын жанатын сұйықтықтар, жанатын қатты және қиын жанатын заттар мен материалдар (соның ішінде шаңдар мен талшықтар), олар сақталатын немесе қолданылатын қоймалар А және Б санатына жатпайтын болған жағдайда ғана сумен, ауадағы оттегімен немесе бір-бірімен әрекеттесуі кезінде тек қана жанады.

Г

Жанбайтын заттар мен материалдар ыстық, қыздырылған немесе балқытылған кезде, оларды өңдеу кезінде жылу, ұшқын немесе жалын шығатын; жанғыш газдар, сұйықтар және қатты заттарды отын немесе жанармай ретінде пайдаға асыру кезіндегі заттар.

Д

Мұздай жағдайдағы жанбайтын заттар

Объектінің А және Б қоймаларындағы өрттер технологиялық жүйелер бұзылғанда және соққы толқынының ΔРф = (5…30) кПа артық қысым шебіндегі жарылыстар кезінде өрттер болуы мүмкін.

Объектінің құрылыс ошағының тығыздығы П, % келесі формула бойынша анықталады:

(1)

мұндағы Sғ – ғимараттардың алатын ауданы м2; Sр – объектінің алатын ауданы.

Құрылыс ошағының тығыздығы П, %, мен өрттің таралу мүмкіндігін Р, % байланыстыратын номограмма суретте көрсетілген.